Слайд 1ТАҚЫРЫП 2
Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
Слайд 2Мемлекеттің қызметтері
– қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері
мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән
формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары.
Слайд 31. Мемлекеттің қызметтерінің қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөлінеді:
Таптық
қайшылықтарды реттеу қызметі
Жалпы қоғамды реттеп-басқару қызметі.
Слайд 42. Мемлекеттердің көпшілігінде қызметті бағыты бойынша:
ішкі
сыртқы деп бөледі
Слайд 73. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша:
тұрақты – мемлекет дамуының барлық
кезеңдерінде жүзеге асырылатын тұрақты қызметтері;
уақытша – мемлекеттің алдына қойылған
белгілі бір міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылатын қызметтер.
Слайд 8Мемлекеттік қызметтерді іске асыру тәсілдері:
1) Құқық шығармашылық – жаңа
норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау.
2) Құқықты іске асыру –
бұл істі орындау мемлекеттің үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік актілер қабылдайды.
3) Құқықты қорғау – бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, ІІМ, ҰҚК, т.б. олардың қызметтерінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, азаматтық, қылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.
Слайд 10Мемлекеттің нысаны
– мемлекеттің басқару нысанын, мемлекеттің құрылыс нысанын, мемлекеттік құқықтық
режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың жиынтық түрі.
Слайд 11Мемлекет нысаны оны ұйымдастыру жағынан алып қарағанда түрлі аспектілерде көрінеді:
1) бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың
белгіленген тәртібі;
2) мемлекеттің аумақтық құрылысын жасау тәсілі, яғни орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі;
3) мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары.
Слайд 12Мемлекет нысанының
элементтері
Мемлекетті басқару
нысаны
Мемлекеттің құрылым
нысаны
Мемлекеттік саяси
тәртіп нысаны
Слайд 13Мемлекеттің басқару нысаны
– мемлекеттік жоғары биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарын
құрудың тәртібін және олардың азаматтармен болатын өзара қатынастарын сипаттайтын мемлекет
нысанының элементі.
Қазір мемлекетті басқарудың
екі нысаны: монархия және республика болып бөлінетін болды.
Слайд 14Монархия
– мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы
болады және атадан балаға мұра ретінде беріледі. Монарх ешкімнің алдында
жауапты болмайды. Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.
Слайд 16Республика
Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы
органдарға тиесілі болып келеді.
Бұл органдар белгілі бір мерзімге ғана
сайланады және олар сайлаушылар алдында жауапты болады.
Слайд 17Республиканың негізгі түрлері :
Президенттік
Парламенттік, сондай-ақ
Парламенттік-Президенттік аралас республикалар
да кездеседі
(мысалы, Қырғызстан Республикасы, Португалия, онда Үкіметті Президент пен
Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрайды).
Слайд 18Мемлекеттік құрылым нысаны
мемлекеттің ішкі құрылысын, оның саяси және жер
аймағындағы өзіндік бөлінісін сипаттайтын, мемлекеттің бүкіл органдарының өзінің құрамдас бөлігіндегі
органдармен белгілі бір өзара қатынастарын қамтамасыз ететін мемлекет нысанының элементі.
Слайд 19Мемлекет құрылымына байланысты барлық мемлекеттер
біртұтас (унитарлы)
күрделі болып екіге
бөлінеді.
Слайд 20Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды.
Унитарлық мемлекет
– тұтас орталықтандырылған мемлекет, олар әдетте тек әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді,
оларға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді.
Мұндай мемлекетте тек бір ғана Конституция, заң шығаратын орган, жоғары басқару органы, бір азаматтық, бірыңғай салық жүйесі, сот жүйесі болады (Қазақстан).
Слайд 21Күрделі мемлекет – мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белігілі бір дәрежеде
дербестігі болады.
Оларға
империя,
конфедерация,
федерация,
достастық
бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.
Слайд 22Империя – күш жұмсаудың нәтижесінде құрылған мем. оның құрамдық бөліктері
жоғары билік орындарына тәуелді болып келеді. Олардың ерекшелігі, олардың құрамдық
бөліктерінде ешқашан да бірыңғай мем/к-құқықтық мәртебе болған емес. Мысалы, Рим, Британия империялары.
Слайд 23Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына
жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрған одағы.
Конфедерация түрлері олардың құрылу мақсаттарына байланысты болады: саяси, экономикалық, әскери, т.б. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-1787 жж. әскери одақ, ТМД. Олардың сот, басқару жүйесі бұрынғыдай дербес өз қызметтерін жалғастыра береді.
Слайд 24Федерация – құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі мемлекет.
Олардың белгілі бір шамада егемендігі болады. Федерациялық одақ жекелену қағидатына
негізделеді.
Федерацияда жоғары федералдық органдар және федералдық заң қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің (бөліктерінің) жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа өмір сүреді. Қосарланған азаматтық болады. Олар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін.
Слайд 25Достастық – белгілі бір дәрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен
сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрдегі бірлестігі. Мұндай бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары)
экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мәдениет, дін салаларына қатысты болып келеді. Мысалы, Еуропа Одағы. Оның мүшелері толығымен дербес, егеменді болады.
Слайд 26Мемлекеттер бірлестігі – қоғамның мемлекеттік болып ұйымдасуының өтпелі кезеңдеріне тән
нысан. Мемлекеттер бірлестігін құрудың негізінде әдетте, мемлекетаралық келісім-шарт жатады, оның
өзі көп жағдайда бірлестікке кірген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды нығайта түседі.
Слайд 27Мемлекеттік құқықтық (саяси) режим
Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет
билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режим – саяси билікті
және азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен қатар өзара әрекетте болатын нормалар мен идеялардың, осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен әрекеттердің жиынтығы.
Слайд 28Саяси режим түрлері:
демократиялық
формалды-демократиялық,
шынайы-демократиялық,
либералды-демократиялық;
антидемократиялық
авторитарлық,
тоталитарлық,
фашистік режимдер.