Разделы презентаций


Тақырып 3. Тұтынушылар әрекетінің теориясы

Содержание

Тұтынушы дегеніміз – бұл соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес жанұя (үй

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырып 3. Тұтынушылар әрекетінің теориясы.

Тақырып 3. Тұтынушылар әрекетінің теориясы.

Слайд 2Тұтынушы дегеніміз – бұл соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген

экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен

шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес жанұя (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.

Микроэкономикалық теорияда тауарлар мен қызметтерге әрдайым сұраныс білдіруші – ол тұтынушы.

Тұтынушы дегеніміз – бұл соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын).

Слайд 3жекелеген тұтынушылардың белгілі бір игіліктің жиынын таңдауына әсер ететін негізгі

факторларының бірі.
Тұтынушының талғамы

жекелеген тұтынушылардың белгілі бір игіліктің жиынын таңдауына әсер ететін негізгі факторларының бірі. Тұтынушының талғамы

Слайд 4Тұтынушы таңдауындағы игілік
біз тұтынушыға белгілі бір қанағаттанушылық дәрежесін әкелетін тұтынудың

кез келген объектісін айтамыз.
Әдетте, ереже бойынша игіліктер белгілі бір

жиынтықпен тұтынылады.

Игіліктер жиынтығы дегеніміз – белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бір мөлшерде тұтынылатын нақты игіліктер түрінің жиынтығы.

Тұтынушы таңдауындағы игілік біз тұтынушыға белгілі бір қанағаттанушылық дәрежесін әкелетін тұтынудың кез келген объектісін айтамыз. Әдетте, ереже

Слайд 5Әрбір тұтынушының алдында мынадай үш сұрақ тұрады:
Осы үш проблема

– пайдалылық, баға, табыс – тұтынушы тәртібі теориясының негізін құрайды.

Әрбір тұтынушының алдында мынадай үш сұрақ тұрады:  Осы үш проблема – пайдалылық, баға, табыс – тұтынушы

Слайд 6Экономикалық игіліктің пайдалылығы

Экономикалық игіліктің пайдалылығы

Слайд 7Госсеннің бірінші және екінші заңдары
пайдалылықтың төмендеу принципін алғаш рет неміс

экономисі және математигі Герман Госсен 1854 жылы ашқан.
Бірақ сол

уақытта бұл теорияға ешкім көңіл аудармады.
Содан кейін 1878 жылы ғана бұл ғалым өлгеннен кейін оның «Адамдық қарым-қатынас заңдарының дамуы» атты еңбегінің бір данасы табылып 1889 жылы және 1927 жылы қайта өңделіп жарыққа шығады.
Г. Госсеннің бұл еңбегінің нәтижелері негізінде австриялық мектептің экономистері ғылымға Госсеннің бірінші және екінші заңдары деген ұғымдарды енгізді.
Госсеннің бірінші заңы: игіліктің тұтыну мөлшерінің саны өскен сайын оның әрбір қосымша пайдалылығының төмендей беруі. Австриялық экономистердің өз жұмыстарының нәтижесінде Госсеннің бірінші заңы шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деген атқа ие болды.
Госсеннің екінші заңы оның мәні мынада: барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген жиынтық игілікті тұтынудан максимум пайдалылықты алады.


Госсеннің бірінші және екінші заңдарыпайдалылықтың төмендеу принципін алғаш рет неміс экономисі және математигі Герман Госсен 1854 жылы

Слайд 8Пайдалылық функциясы.
Пайдалылық функциясы дегеніміз тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынуға жұмсаған

ақшалай табысының әрбір бірлігінің (доллар, марка, фунт и т.б.) шекті

пайдалылығының бірдей дәрежеде көрінуі.
Пайдалылық функциясы – игіліктің көлемінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының төмендеуін көрсететін функция: MU = d(TU)/dQ

Австриялық мектептің өкілдері К. Менгер, Е. Бем-Баверк, Ф. Визер белгілі бір игіліктің әр қосымша тұтынылу мөлшерінің пайдалылығы үшін келесідей заңдылықты айқындады

Пайдалылық функциясы.Пайдалылық функциясы дегеніміз тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынуға жұмсаған ақшалай табысының әрбір бірлігінің (доллар, марка, фунт

Слайд 918-ші ғасырда А. Смит су мен алмаздың арасындағы оғаштықтың (парадокс)

бар екенін анықтады.
«Адамға ең қажетті игілік – судың құны неге

арзан, ал адамға қажеті шамалы – алмаздың құны неге қымбат?»
Судың жалпы пайдалылығы жоғары, ал шекті пайдалылығы – төмен; ал алмаздікі – керісінше, оның жалпы пайдалылығы төмен, ал шекті пайдалылығы – жоғары.
Ал бұл жерде осы игіліктердің бағалары жалпы пайдалылықпен анықталмайды, шекті пайдалылықпен анықталады.

18-ші ғасырда А. Смит су мен алмаздың арасындағы оғаштықтың (парадокс) бар екенін анықтады. «Адамға ең қажетті игілік

Слайд 10 Пайдалылықты өлшеу туралы дау экономистерді екіге бөлді:
Кардиналистер
Кардиналистер шекті пайдалылыққа абсолютті

өлшемді іздеумен айналысты.
Пайдалылықты көбінде ақшалай бағалауды пайдаланды.
Ординалистер
Ординалистер салыстырмалы,

товарлар комбинациясын таңдауды ұсынды.
Ол үшін талғаусыздық қисығын, талғаусыздық картасын, айырбастаудың шекті нормасын, бюджет сызығын пайдалануды ұсынды.
 Пайдалылықты өлшеу туралы дау экономистерді екіге бөлді:КардиналистерКардиналистер шекті пайдалылыққа абсолютті өлшемді іздеумен айналысты. Пайдалылықты көбінде ақшалай бағалауды

Слайд 11ТҰТЫНУШЫ ТАҢДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПОСТУЛАТТАРЫ (КАРДИНАЛИСТІК ТЕОРИЯ).
Тұтынушы таңдауының қазіргі заманғы

теориясы мынадай тұжырымдарға негізделеді:
тұтынушының ақшалай табысы әрқашанда шектеулі;
бағалар

тұтынылатын игіліктердің көлеміне байланысты емес;
барлық тұтынушылар өздері тұтынатын барлық өнімдерінің шекті пайдалылығын жақсы түсінеді;
тұтынушылар өздерінің жалпы пайдалылықтарын максималдауға ұмтылады.

Тұтынушы таңдауының теориясы келесі қағидаларға (постулаттар) сүйенеді:

Тұтыну түрлерінің алуан түрлілігі. Әрбір тұтынушы көптеген жекелеген игіліктердің түрлерін тұтынуды қалайды.
Тойымсыздық. Тұтынушы кез-келген тауар мен қызметтің үлкен көлемін тұтынуға ұмтылады. Барлық экономикалық игіліктердің шекті пайдалылығы әрқашанда оң мәнге ие.
Транзитивтілік. Тұтынушы таңдауының теориясы тұтынушы талғамдарының белгілі бір үйлесімділігіне негізделеді.
Субституция. Тұтынушы А игілігінің белгілі бір мөлшерін тұтынудан бас тартады, егер оған А игілігінің орнын басатын – субститут В игілігі көбірек ұсынылса.
Шекті пайдалылықтың төмендеу принципі. Кез-келген игіліктің шекті пайдалылығы оның тұтынылу мөлшеріне тікелей байланысты.

ТҰТЫНУШЫ ТАҢДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПОСТУЛАТТАРЫ (КАРДИНАЛИСТІК ТЕОРИЯ). Тұтынушы таңдауының қазіргі заманғы теориясы мынадай тұжырымдарға негізделеді: тұтынушының ақшалай табысы

Слайд 12Тұтынушының

Тұтынушының

Слайд 14Талғамсыздық қисығы
бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық

игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтығын көрсететін қисық.
ал екі экономикалық игіліктің

кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары – талғамсыздық қисықтарының картасы деп аталады.
талғамсыздық қисықтарының картасы тұтынушының ұнамдылықтарын көрсетеді және оның әртүрлі игіліктердің кез-келген екі комбинациясына қатынасын анықтауға мүмкіндік береді
















бұл қисықтың авторы, ағылшын экономисі Фрэнсис Исидор Эджуорт (1845-1926)

Талғамсыздық қисығы бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтығын көрсететін қисық. ал

Слайд 15Талғамсыздық қисықтарының мынадай қасиеттері бар:
тауарлар кеңістігіндегі кез-келген нүкте арқылы талғамсыздық

қисығын жүргізуге болады;
талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды, егер олар бір бірімен

қиылысатын болса, онда сол нүктеде қиылысқан екі қисық бірдей пайдалылықты көрсетеді, сондықтанда бұл біздің анықтамамызға қайшы болып келеді;
талғамсыздық қисықтарында орналасқан тауар жиынтықтары неғұрлым координат басынан жоғары орналасса, онда ол соғұрлым көп ұнамдылық немесе пайдалылық әкеледі;
талғамсыздық қисықтары теріс бағытты болып келеді. Бұл қисықтардың бойымен жылжи отырып біз бір игіліктің мөлшерінен оны екіншісіне ауыстыра отырып бас тартамыз, олардың жалпы пайдалылықтары өзгермейді;
талғамсыздық қисықтары дөңес болып келеді.

Талғамсыздық қисықтарының мынадай қасиеттері бар: тауарлар кеңістігіндегі кез-келген нүкте арқылы талғамсыздық қисығын жүргізуге болады;талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды,

Слайд 16Талғамсыздық қисығы
Талғамсыздық қисықтарының картасы

Талғамсыздық қисығыТалғамсыздық қисықтарының картасы

Слайд 17Талғамсыздық қисықтары
тұтынушының ұнамдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді;
бірақ бұл жерде

екі маңызды ұғым: тауарлардың бағасы мен тұтынушылардың табыстары есепке алынбайды;

тек бір игіліктің екіншісіне алмастырылу мүмкіндіктерін ғана көрсетеді;
бірақ бұл қисықтар тұтынушының қандай нақты тауарлар жиынтығы аса тиімді деп санайтынын көрсетпейді;
бұл ақпаратты бізге бюджет шектеулілігі (бағалар мен шығындар сызығы) анықтайды.

Бюджет сызығы

Бюджет шектеулілігі дегеніміз – бұл тұтынушының дәл қазіргі уақытта берілген табыс деңгейінде және белгілі бір бағамен сатып ала алатын игіліктерінің барлық нұсқаларының жиынтығы.
бюджет шектеулілігі қолда бар нақты ақшаға қанша тұтыну тауарларын сатып алуға болатындығын және жалпы жұмсалатын шығынның табысқа тең болу керектігін көрсетеді.
тұтынушының табысы азайса бюджет сызығы параллельді түрде солға, ал табыс көбейсе сызық параллельді түрде оңға жылжиды.
Бюджет сызығы дегеніміз – бұл берілген табыс мөлшерінің игіліктер жиынтығын толық сатып алу кезіндегі сол игіліктер жиынын көрсететін нүктелерді қосатын түзу сызық.

Талғамсыздық қисықтары тұтынушының ұнамдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді; бірақ бұл жерде екі маңызды ұғым: тауарлардың бағасы мен тұтынушылардың

Слайд 18Бюджет шектеулілігі
Егер I – тұтынушының табысы,

Px- X тауарының бағасы,

Py – У тауарының бағасы болса, онда X және Y тауарлары сатып алынған игіліктер санын құрайды, онда бюджет шектеулілігінің теңдеуін мынадай формуламен жазуға болады:
I = Px X + PY Y немесе Y = I/Py – Px /Py  X
мұндағы – Px/Py – бюджет сызығының бұрыштық коэффициенті, бұл сызықтың абсцисса осіне көлбеулігін өлшейді.
X = 0 болғанда, У = I/Py , яғни тұтынушының барлық табысы У игілігіне жұмсалады. Оның мөлшерін табысты осы игіліктің бағасына бөлу арқылы есептейміз. Y = 0 болғанда, X = I/Px, яғни біз тұтынушы сатып алатын Х игілігінің мөлшерінің анықтаймыз

Бюджет шектеулілігіЕгер I – тұтынушының табысы,        Px- X тауарының бағасы,

Слайд 19Тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (оптимумы)
Талғамсыздық қисықтарының бюджет сызығымен жанасу нүктесін біз

тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (оптимумы) деп атаймыз.
Бұл нүктеде тұтынушы өзінің

қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Тұтынушының тепе-теңдігі

Тұтынушының тепе-теңдігі дегеніміз – бұл тұтынушы өзінің жалпы пайдалылығын және әл-ауқаттылығын максималдай алатын нүктесі немесе шектеулі табысын толық жұмсаудан алатын қанағаттанушылық деңгейі.


Тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (оптимумы)Талғамсыздық қисықтарының бюджет сызығымен жанасу нүктесін біз тұтынушының тепе-теңдік жағдайы (оптимумы) деп атаймыз. Бұл

Слайд 20НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика