Слайд 1Теміржанова Анель 11 “A’’ класс
Слайд 2 Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың
асыл арманы болған. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті
Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің авторлар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан.
Слайд 4Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін
ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы
адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап,жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген,кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін;халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, жатқызуға болады.
Слайд 6Бүгінгі Қазақстанның барлық жетістіктері ел ынтымағының, түрлі этностардың ауызбіршілікте болуының
нәтижесі екені анық. Ел бірлігін нығайту мемлекеттің саяси басымдықтарының бірі
болғандықтан, бұл бағытта қолға алынған шаралар өзінің ауқымдылығымен ерекшеленуде. Осы орайда Елбасы бастамасымен, жұртшылықтың қолдауымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Еліміздегі барлық этностардың басын біріктіріп отырған бұл институттың қызметіне бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттері қызығушылық білдіруде.
Слайд 8Қорыта айтқанда, тәуелсіздікке тәу еткен халқымыз өз Отаны – Қазақстанның
өркендеу кезеңіне куә болуда. Ендеше 2050 жылға дейін әлемнің ең
дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен Отанымыздың қарышты қадамына сәттілік тілегеннен өзге ниеті жоқ халқымыздың аспаны ашық, тірлігі баянды, мерейі үстем болсың!