білуі керек. Бірақ мектеп жасындағы балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып,
алмастырып, шатастырып айту жиі кездеседі. Әсіресе жиі бұзылатын дыбыстар: с,з,ш,ж,р,л,н,ң дыбыстары. «Есейгесін өзі түзеледі»-деп көбіне ата-аналар ондай ақаулықтарға көңіл бөлмейді. Дыбыс айтуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу,дағдыларының ,мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгіріміне көп әсерін тигізеді. Ондай балалар ұялшақ келеді, көп сөйлемеуге тырысады, сабақта енжарлық танытады, сөйтіп баланың мінез-құлқы өзгереді. Ондай балаларға міндетті түрде көмек көрсету қажет.Тұқымқуалаушылықтан, әр түрлі ішкі және сыртқы себептерден болған, жылдар бойы қалыптасып, дағдыға айналған тіл кемістіктерін түзету – бұл өте күрделі, әрі ұзақ мерзімді процесс.