Слайд 1Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Тақырып: Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері.
Слайд 2Жоспар:
1.1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні, мақсаты және міндеттері.
1.2. Төтенше жағдайлар
жөнінде түсінік.
1.3. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Слайд 3Дәріс мақсаты:
Болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау
жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру.
Слайд 4Дәріс міндеттері:
«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінің ғылыми жүйедегі орнын анықтау.
ТЖ түрлерімен
танысу, сипаттама беру.
Қауіпті және зиянды факторларды қарастыру.
ТЖ және курстың негізгі
терминдерге сипаттама беру.
Слайд 5Тіршілік қауіпсіздік негіздері пәннің
мақсаты -
қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті
көтеру, адамның ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау.
Слайд 6Тіршілік қауіпсіздік негіздері курсының мақсатына төмендегі мәселелер кіреді:
• қауіп-қатерді тани білу,
оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың зиянының шамасын, қатер
болу мүмкіндігін және т.б.;
• болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;
• қауіп- қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасау.
Слайд 7ТҚН—адамдарды, олардың өмір сүретін ортасынан туатын қауіпті және зиянды факторларынан
қорғау, денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан
қамтитын білім саласы.
Қауіп— адамдардың іс-әрекеті негізінде табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қаупін бұзатын, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен зиян келтіретін процесс, құбылыс, объект, субъект.
Қауіпсіздік– жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Слайд 8Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
«ТҚН» ғылым жүйесінде орны
Слайд 9Қауіп-қатер түрлерін топтастыру:
шыққан тегі бойынша: табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық, биологиялық;
әсер
ету әдістері бойынша: физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық, жүйкефизиологиялық;
жинақталған орны бойынша: литосфералық,
атмосфералық;
зардап, зияны бойынша: әлеуметтік, экологиялық,техникалық т.б;
байқалу саласы бойынша: өндірістік ,тұрмыстық, спорттық, жол көліктік т.б
салдары бойынша: ауру табу, жарақат алу, әлсіреу,өрт т.б;
әрекет сипаты бойынша: сырбырлығы,белсенділігі т.б;
уақыты бойынша: соқпалы,кумулятивті т.б.
Слайд 11Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Қоршаған ортаның негативті факторлар
Слайд 12ТҚН - қоршаған ортада адамның өзара жайлылық пен қауіпсіздігі туралы
ғылым
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Өндірістік орта
Тұрмыстық орта
Авариялық орта
әсер ету
басқару
Әсер ету
басқару
Физикалық
шу,
инфрадыбыс,
электр, діріл ,
жарықтандыру,
микроклимат,
радиация,
зиянды заттар,
ультрадыбыстар және басқалар.
Химикалық
ренішті,
канцерогенді,
мутагендік Биологиялық
бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар.
Психо-физиологиялық
физикалық және жүйке –психикалық
әсер ету
басқару
Слайд 15Қауіпсіздік
- бұл іс-әрекет кезінде қауіптердің болмайтындығы айқын болған жағдай.
Ол
үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Слайд 17Қауіп қатерлер дәрежесiне қарай жіктеледі:
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
адам
қызметінің саласына байланысты;
қатерлі ресурстарға байланысты
адам қызметінің қатысына байланысты;
ықтималдығына байланысты;
салдарына байланысты;
Слайд 18Техносфера – адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажет сінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың
техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігі.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Слайд 19Тіршілік ортасы – табиғи ортаның, елді мекендердің және тұрғын ортаның
адамға әсер етуі, табиғи, табиғи антропогендік және әлеуметтік-экономикалық факторлар кешені.
Слайд 20
Тәуекел -
R = W *Y
мұнда:
W - жағдайы
басталған жиілігі, 1 жыл;
Y - залал қаупі ,теңге.
Мысал келтір?
Қоршаған ортаға
теріс факторлар
Слайд 22Техносфераның және биосфераның өзара іс-қимылы
Адам жене техносфера
Слайд 23Қалалық тіршілік ортасы
Дүние жүзі халқының урбандалу деңгейі
Адам және техносфера
Судың ластануы
Топырақтың
химиялық ластануы
Қалалық тіршілік ортаның ластануы
Ауаның аэрозольдермен ластануы
«Жарық ашаршылығының» дамуы
Инфекциялық
аурулардың таралуы
Слайд 24Төтенше жағдай
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе
парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік
апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады.
Слайд 25Төтенше жағдай
- адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы
мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан
келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай;
Слайд 26Төтенше жағдай аймағы
- төтенше жағдай туындаған белгiлi бiр аумақ. Табиғи
және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтiрген нұқсанның
көлемiне қарай объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаhандық болып бөлiнедi;
Слайд 27Төтенше жағдайларды жою
- төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргiзiлетiн және
адамдардың өмiрiн сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемiн
азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрi таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстар;
Слайд 28Төтенше жағдайлардың алдын алу
- алдын ала жүргiзiлетiн және төтенше жағдайлардың
пайда болу қатерiн мүмкiн болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiн
сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерiн кемiтуге бағытталған шаралар кешенi.