Слайд 2Дүниеге келгені: 1881
Қайтыс болғаны: 1944
Мансабы:тары өсіру шебері
Слайд 3 Алдағы жылы тары дақылын өсіруде дүниежүзілік рекорд
жасаумен әлемге әйгілі болған атақты дихан Шығанақ Берсеевтің
туғанына 125 жыл толады. Кезінде есімі елдің аузынан түспеген осы адам социализмнің қиыр - шиыры мен түсініп болмайтын кейінгі өзгерістерде тасада қалып, жұртының жадынан кетіп барады. Мұны өкінбей айта алмайсын. Осымен байланысты республикалық «Жас Алаш» газеті 2005 жылғы 15 қаңтар күнгі санында (№4) журналист Баян Сәрсенбинаның «Шырғалаңға түскен Шығанақ», «Егемен Қазақстан » 18 қаңтар күнгі санында журналист Бердібай Кемалдың «Ақ тарының атасын ұмытқалы көп болды» деген материалдарын жариялап, ақ тарының атасын есте қалдыруды жаңғырту керектігі жөнінде орынды мәселе көтерді.
Слайд 4Шығанақ Берсеев жазған кітап
Слайд 5Сірә, елдік мәні бар естеліктер жалқыға емес, жалпыға бірдей қымбат
көрінуі үшін ол елеулі әлеуметтік, саяси сипатқа ие болып, ұлт
пен отандық тарихтан маңызды орын алуы тиіс. Шығанақ Берсеевтің бұл талаптарға толық жауап беретіндігіне оны білетіндер күмән келтіре алмас деп ойлаймын. Әрине, ұмытпау деген әйгілі диханның есімі күнде ауыздан түспесін, төбеде желбіреп тұратын тулар мен жалауларға айналуы керек деген сөз емес. Есте сақтаудың да сақтауы бар, мәселе — сол қиын-қыстау шақтарда жұрты үшін жан аямай, естілік пен табандылықтың, адамгершілік пен келісті кісіліктің, ақыл мен парасаттың ерекше үлгісін көрсеткен Шығанақ мысалды ұдайы еске алып жүрердей сақталатын белгілердің түрлері мен мәнінде және соларды тәлім, тағылым үшін ұрпақтан ұрпаққа жалғап, жеткізуде. Мұндай тұлғалардың өмірі елдің жасампаз тарихы болып өрілетін болғандықтан, оларды ұмыту — өткенді, өткендегі кімнің кім, ненің не екенін танудың сабақтарын зердеден кетіру болып табылады. Кейінде қалғанның бүгін мен ертеңге керегі де, керек емесі де әрине, көп. Керек еместеріне сірә да сөз жоқ, олар кезінде тіршіліктің әлдеқандай қажеттеріне жарады, жарамады да, уақыттың ұзын көшінде, қысқа ғұмыр кешумен, ере алмай қалды да қойды
Слайд 7Шығанақ секілді тұлғалар ерекше жаратылыс ретінде ұдайы алаулап бүгін де,
ертең де — барлық заманда да адамға, адамзатқа қасыретке қарай
адаспаудың жолын жарқыратып тұратын құбылыс. Соның өзінде оны түп атасы Телғара әулеті тегінен бөліп алып қарауға болмайды. Шығанақтың Шығанақ болуына себеп, алдымен әрине оның өзінің туа бітті таланты екенінде дау жоқ, алайда, оның негізінде өскен ұясы халқының қадырлы салты мен ұлағатты жол-жораларының мықтап қалыптасқан ошағы болғандығы назар аудартады. Ол — сол қасиетті көргенін ұшқанда іле білген адам. Уақыт көп нәрсені өзгертеді, өзгертуде көп нәрсе жоғалады да. Өзгерістің заңы солай. Сол өзгерістерде өкіндіретіні — бұрын білмеген, көрмеген жаңаның пайда болуы емес, өзгермеуге, жоғалмауға тиіс құндылықтардың бәсі төмендеуі. Бұл — әркімнің де отбасының мейірімі, тума-туыстық, ағайындықтан ауыл-аймаққа, одан тұтас елге жалғасқан ықылас құндылығы. Адам Құдай бола алмайды, адамның күші, ақыл-ойының қуаты әп-сәтте Хиросиманы тып-типыл етуде немесе Марсты зерттеуде емес, отбасындағы берекеде екенін түсінбейінше, Шпенглер дұрыс айтқандай, тек Батыстың ғана емес, енді бүкіл адамзаттың адами күні сөнетін болады. Шығанақ болса, мейрімді ұяда туып, Жаратқан сүйсінетіндей адам болып өмір сүрудің үлгісін көрсеткен сирек тұлғалардың бірі.
Слайд 9Шығанақ нақ осы кезде өмір сүріп, еңбек етті, нақ осы
кезде айдай әлемге өзінің, аулының, қазақ халқының, КСРО мемлекетінің даңқын
шығарды. Оның бүкіл өмірбаяны осы оқиғалармен сабақтас, тіндес өрбітілмейінше шынайы Шығанақты әрине тану жоқ. Өкінішке қарай, осы аттас романда бұлар мүлдем көрінбейді, оны коммунистік идеология сірә да айтқызбады. Сөйтіп жүргенде, уақыт шіркін жүйрік, кем дегенде екі ұрпақ алмасып, бәрі де ұмытылуға айналып барады.
Слайд 10Шығанақтың рекорды: коммунистік құрылымның идеологиясы құлаққа сіңірген тек биік көрсеткіш
емес, бізге белгілі болса Шығанақ осымен ғана белгілі еді, оның
негізгі рекорды — кеше ғана тек құлқыны үшін тышқан аулау, адам аулаудан шыққан қалың жұртына дән егіп, күнелтудің тегеурінді сабағын беруінде. Бүгінгі тоқ жұрттың оны түсінуі әрине оңай емес