Слайд 2Қазіргі кезде ең тез дамып келе жатқан телекоммуникалық жүйелердің бірі.
Алғашқыда дүниежүзінде осы байланыс түрін қолданылатын абоненттер саны 85 млн
болған, 2001 жылғы санақ бойынша 200-210 млн абонент бар.
Ұялы байланыстың негізгі элементтеріне базалық станция (БС) және мобильді радиотелефон (МРТ) кіреді. БС-лар МРТ-мен радиобайланысты қолдайды, сол себепті БС мен МРТ УВЧ диапазонындағы электромагнитті сәулеленудің көзі болып табылады. Ұялы радиобайланыс жүйесінің ерекшелігі жұмыс істеуге бөлінетін радиожиілікті спектр жүйесін өте тиімді қолдану болып табылады. Ал ол өз кезегінде абоненттер санын көбейтуге мүмкіндік береді. Жүйе жұмысында территорияны радиусы 0,5-10км соттарға бөлуге болады.
Слайд 3Радиалды және радиалды-аймақтық байланыстарды, максималды алыс қашықтыққа жетуі, таратқыш қуатына,
қабылдағыштың сезімталдығына, шудың дәрежесіне тәуелді және станциялардағы антенналардың арасындағы тікелей
көру қажеттілігімен шектеледі. Мұндай жүйелердің таратқышы максималды қажетті алыс қашықтықта байланыспен қамтамасыз ету үшін үлкен қуатқа ие болады. Бөлінген жиіліктер жолағында жұмыс істейтін таратқыштар саны шектелген, себебі көрші арналар арасындағы жиіліктерінің айырмашылығы 12,5кГц болады.
70-жылдары абоненттер санын және байланыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін, байланысты ұйымдастырудың жаңа принципі ұсынылды. Қызмет көрсетілетін территорияны соттар немесе ұяшықтар деп аталатын бөліктерге бөлу.
Слайд 4Қызмет көрсету территориясын ұяшықтарға бөлудің екі әдісі бар:
Байланыс жүйелерінде сигналдардың
таралуының статикалық сипаттамаларын өлшеуге негізделген;
Арнайы районға сигналды тарату параметрлерін есептеу.
Слайд 51-ші әдісті қолданғанда барлық қызмет көрсетілетін аймақ бірдей формалы аймақтарға
бөлінеді және өзара әсер ету шарты орындалатын шектерде, статикалық радиофизика
заңының көмегімен рұқсат етілетін өлшемдері анықталады.
Территорияны соттарға бөлуде ең тиімді 3 геометриялық фигуралар: үшбұрыш, квадрат және алтыбұрыш. Ең ыңғайлы фигура алтыбұрыш, себебі егер шеңбер диаграммалы бағытталған антеннаны оның ортасына орналастырса, онда соттың барлық бөліктеріне байланысты ұйымдастыруға болады.
1-ші әдісті қолданғандағы ұқсас бір арналар қолданылатын аймақтар арасындағы интервал өзара бөгеулерге қажетті деңгейден жоғары болады. Бұл жағдайда 2-ші әдісті қолданған жөн. Онда базалық станциялардың минималды санын анықтау үшін керек болатын параметрлер есептелінеді.
Слайд 6Бөгеулік дәрежесін төмендетудің ең тиімді әдістерінің бірі, тар бағытталған диаграммалары
бар секторлық антенналарды қолдану. Мұндай бағытталған антенналарда сигнал бір бағытта
таратылады, ал сәулелену дәрежесі қарама-қарсы бағытта минимум мәнге жеткізіледі. Соттарды секторларға бөлу, соттардағы жиілікті қайта қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жиілікті қайта қолдану әр базалық станцияның 3 секторлық антенналарды қолдануға негізделген
Жиіліктер жолағын ең тиімді қолдану үлгісін АҚШ-тың Motorola компаниясы ұсынды. Motorola екі базалық станциялар қатысатын жиіліктерді қолдану амалдарын қолданған. Бұл әдісті қолданғанда 4 ұяшықтан тұратын кластерлер шегінде жиіліктер екі рет қолданылады
Слайд 7Әр сот базалық станция деп аталатын көпарналы таратқышпен қызмет көрсетіледі.
Ол, қарапайым телефон желісі сымының ролін радиотолқындар атқаратын, ұялы телефонмен
және қозғалмалы байланыстың коммутация орталығы арасындағы байланысты ұйымдастырады. Базалық станциялардың арналар саны 8-ге бөлінеді, мысалы 8, 16, 32. Бір арна басқарушы (Control channell) болып табылады. Кей жағдайларда ол шақыру арнасы (Calling Channell) деп аталады. Бұл арнада қозғалмалы абонент жүйесін шақырғанда тікелей байланыс ұйымдастырылады, ал сөйлесу бос арна табылғанда ауысу орындалады. Бұл процесстер тез болады, сол себепті ол абонентке білінбейді.
Слайд 8Таратқыш антенналардың екі типі бар:
Көлденең жазықтықта бағытталған шеңбер диаграммалы
Бағытталған
Ұялы байланыс
жүйесін құрудың технологиялық қажеттіліктеріне байланысты вертикальды жазықтықта бағытталған антенналар негізгі
сәулелену, тар сәуледе болатыгдай жасалған. Ол әрқашан да БС антенналары орналасқан ғимараттан бағытталады
Слайд 9Ұялы телефонның шағылуы адам организміне кері әсер ететін болғандықтан, МРТ-ның
иелеріне мынадай шарттарды ұстануға кеңес беріледі:
— қажет болмаған жағдайда ұялы
телефонды қолданбаңыз;
— 3-4 минуттан астам үздіксіз сөйлеспеңіз;
— МРТ-ны балалардың қолдануына жол бермеңіз;
— Сатып аларда төменгі қуатты сәулеленуі бар ұялы телефонды алыңыз;
— Автокөлікте МРТ-ны қатты сөйлегіш жүйесінің байланысымен hands-free бірге қолданыңыз.
Слайд 10Қорытынды:
Қорыта келгенде, қазіргі заманда ұялы байланыспен қолданылатындар өте көп,
және де қазіргі кезде әлем бойынша ең көп қолданылатын үш
ең негізгі ұялы байланыс жүйесі белгілі десек болады. Олар:
1) GSM, еуропалық жүйе;
2) ADC(D-AMPS), солтүстікамерикалық жүйе;
3) JDC, жапондық жүйе;