Разделы презентаций


Қыс мезгілінің

Содержание

№ 1 Қар үстіндегі іздерді бақылау. Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу.Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қыс мезгілінің
КАРТОТЕКАСЫ

Қыс мезгілінің  КАРТОТЕКАСЫ

Слайд 2№ 1 Қар үстіндегі іздерді бақылау.
Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың,

құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып,

толықтыра түсу.
Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді?
Көркем сөз:
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,
Үсті – басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
                                                                  (Абай)
 
Еңбек: құс тар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу.
Мақсаты: қыстаған құстарға, хайуанаттарға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Ақ қоян»
Мақсаты: балаларды ептілікке баулу.
Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру.
Мақал:
Жемберсең құсқа қыста, сауабы тиер оның жазда.

№ 1 Қар үстіндегі іздерді бақылау. Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды

Слайд 3№ 2 Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.
Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының

қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен таныстыру, сонымен бірге балаларды байқағыштыққа

тәрбиелеу.
Балаларға қар ұлпасын қағып алып, зейін қойып, анықтауғаұсыну. Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.
Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.
Көркем сөз:
Жазда көлге мұз қатты,
Табанымды мұздатты.
Мұз ойылып кетті тез,
Күліп едік, біз қатты.
Қимылды ойын «Ортаға түспек»
Мақсаты: тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету.
Еңбек: қар атжалдарын жасауға балаларды үйрету.
Жеке жұмыс: шаңғыда жүре білуге машықтану.
Мәтел:
Қар көп болса, астық көп болады.
Жұмбақ:
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады.

№ 2 Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.  Мақсаты: балаларды қар ұшқындарының қалай пайда болатынын, олардың құрлысымен

Слайд 4№ 3 Қар жауып тұрған құбылысты бақылау.
Мақсаты: қардың жауып тұрғанын

бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл

болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады,- қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады.
Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну.
Көркем сөз:
Тазалашы мұз болған,
Есік алды тайғанақ жата берсін.
Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,
Шыға беріп жалтақтай,
Ұшып түсті қалпақтай.
Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.
Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.
Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.
Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.
Жұмбақ: Құм сиақты ұсақ болғанымен,
жер бетін жауып үлгереді.    (қар)
                                                                                         
 

№ 3 Қар жауып тұрған құбылысты бақылау. Мақсаты: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру,

Слайд 5№ 4 қырауды бақылау.
Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету.

Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау

түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.
Көркем сөз.
Тазартып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
Қимылды ойын: «Суыққойлар»
Мақсаты: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу.
Еңбек: бір біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету.
Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз бу су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы)
Жорамал:
Ағашқа қырау түссе, аяз болады.
Тұман болса, күн жылынады.
Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды.
Жұмбақ:
Қанат сияқты ақ,
Ұлпа боп жерде жатады.

№ 4 қырауды бақылау. Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа

Слайд 6№ 5 Мұз сүңгісін бақылау.
 
Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік

беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге

үйрету.
Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.
Сұрақтар:
Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?
Ол қандай? Сәбіз сияқты
Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?
Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?
Олар қайдан пайда болады?
Осыдан қандай қортынды жасауға болады?
Көркем сөз:
Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,
Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,
Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,
Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.
                                      Мұзафар Әлімбаев
Қимылды ойын: «»Үйсіз қалған қоян
Мақсаты: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру.
 
№ 5 Мұз сүңгісін бақылау.  Мақсаты: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға

Слайд 7№ 6 Қайың ағашын бақылау.      (Қиялдау)
Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.
Балаларды

табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.
Тапсырма: ағаш туралы суреттер бойынша шығармашылық әңгіме құрастыру.

Әр балаға суреттер таратылады.
Көркем сөз
Ағаштар тұр жүдеп,
Жапырақ сәні енеді.
Соғады жел үдеп,
Қыстың кеп сәлемі. 
Еңбек: қайың ағашының түбіне қар жинау.
Мақсаты: балаларға ағаштың түбін қармен жабудың сырын, пайдасын түсіндіру.
Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»
Жеке жұмыс: «Жұмбақты шеш» сюжетті ойын ойнату.
Жұмбақ:  
Жазда жатсаң көлеңкесінеалады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады.
                                                          Ағаш
 
№ 6 Қайың ағашын бақылау.      (Қиялдау) Мақсаты: қайың ағашының қысқы көркін бақылау.Балаларды табиғаттың қорғаушысы болуға тәрбиелеу.Тапсырма: ағаш туралы суреттер

Слайд 8№ 7 Терезедегі өрнектерді бақылау.
Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру.

Терезедегі өрнектерді бақылау.
Тапсырма: трафареттің көмегңмен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері»

атты ұжымдық жұмыс жасау.
Көркем сөз:
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалды артта қыр қалып.
Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»
Мақсаты: оңды – солды жалтырап жүгіруге жаттығу.
Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету.
Мақсаты: күрекпен қарды ойып, үй салуды, бекет тұрғызуды үйрету.
Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету.
Жорамал: қыз аязды болса – жаз ыстық болады.
Жұмбақ:
Отта жанбайды
Суда батпайды.        ( Мұз)
 

№ 7 Терезедегі өрнектерді бақылау. Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектерді бақылау.Тапсырма: трафареттің көмегңмен «Аяз атаның

Слайд 9№ 8 Желді бақылау.
 
Мақсаты: желдің бағытын қапалық арқылы анықтау.
Сұрақтар:
1.   Желдің бағытын, күшін

қалай біліп, анықтауға болады?
- үй мұржаларынан шыққан түтіннен
- қағаздың ұзыншалау

кішкентай кескінділерінен т.б. жорамалдарынан анықтап білуге болады.
2. Қыста жел қандай болады?
Көркем сөз
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр.
Қимылды ойын: «Әткеншек»
Мақсаты: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру.
Еңбек: алаңшаны көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою.Мақсаты: суды қатырып, мұз қалпына келтіру, заттың алғашқы күйінен екінші күйге көшіру.
Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру.
Жорамал: қарғалар мен шауқарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына отырса – күн желді болады.
 

№ 8 Желді бақылау.  Мақсаты: желдің бағытын қапалық арқылы анықтау.Сұрақтар:1.   Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады?- үй мұржаларынан

Слайд 10№ 9  Аула сыпырушы еңбегімен танысу
 Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбег,

оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Балғындардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Тапсырма

«Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.
Көркем сөз
Қолынамкиіп қолғапт,
Ауланы ағай сыпырды.
Тазалап қарды мұздарды,
Бәрімізге ол жол ашты.
  Еңбек: аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпруға көмектесу.
Мақсаты: ересек адамдарға қолдан келгенше көмек беруге деген балалардың ынтасын қолдап, еңбекке баулу.
Қимылды ойын: «Сауыққойлар» (қысқы спорт ойындары.)
Жеке жұмыс: «Кім алысқа секіреді?» Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
Жаңылтпаштар:
Қаңтар айы болды, күн суытты
Қалың қар жауды, боран соқты.
Жапалақтап ақ жауды
 

№ 9  Аула сыпырушы еңбегімен танысу  Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбег, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Балғындардың

Слайд 11№10 Алаңдағы ағаштарды бақылау  

Мақсаты: балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап,

білімін толықтыру.
Тапсырма: «Таңғажайып ағаштарды безендіреміз» тақырыбына сурет салу.
Ағаштарды сыртқы түсінен,

түрінен, бұтақтарынан қалай орналасуынан танып, айыруға үйрету.
Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.
 
Сұрақтар:
1.   Жапырақсыз ағаштарды қалай атаймыз?
2.   Жапырақтар неге күзде түсіп қалады?
3.   Ағаштар бір біріне немен ұқсас?
4.   Ордың айырмашылығы қандай?
 
Дидактикалық ойын: «Сөзбен суреттеп айт» ағаштың түрін таны.
Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр»
Мақсаты: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру.
Еңбек: ағаштардың түбін қармен жабу.
Мақсаты: қар ағаштың түбін аяздан қорғайтынын балаларға түсіндіру. Балаларды табиғатқа қамқоршы болуына тәрбиелеу.
Жеке  жұмыс: шаңғымен жаттығулар жасау: екі аяқпен кезек-кезек оңға, солға.
 
   

№10 Алаңдағы ағаштарды бақылау   Мақсаты: балалардың ағаштарды қыс кезінде қалпын анықтап, білімін толықтыру.Тапсырма: «Таңғажайып ағаштарды безендіреміз»

Слайд 12№ 11 Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау.
 
Мақсаты: адам еңбегін жеңілдететін

машинамен таныстыруды жалғастырып, қоршаған орта білімдерін толықтыру.
Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін

қалай жеңлдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.
Сұрақтар:
1.   Бұл машинаның аты  қалай?
2.   Ол не істейді?
3.   Ол қарды қалай жинайды?
4.   Балалар сендер адам еңбегін жеңілдететін тағы қандай машиналарды білесіңдер?
Көркем сөз:
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол поездың.
Қатар-қатар тұратың
Поезды біз құрайық.
 
Қимылды ойын:       «Аңшы мен коян»
Мақсаты:нысаңаға  затты лақтырып тигізу, жугіру,өрмелеп жоғары шыға білу.
Еңбек:гүлзарға,ыдысқа түрлі-түсті мұзды қатырып қою.
Мақсаты:балалардың эстетикалық танымдарын арттыру.Айналаны әсем етіп көріктендіру.
Жеке жұмыс: шанғы тебе білуге үйрету.Шанғы жолымен сырғанай отырып жүру.
Жорамал:Қыс қарлы болса-Жаз жаңбырлы болады.
 
 

№ 11 Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау.  Мақсаты: адам еңбегін жеңілдететін машинамен таныстыруды жалғастырып, қоршаған орта білімдерін

Слайд 13№12 Саябаққа саяхат.
Мақсаты: қыстың (нышаны) белгілері туралы балалардың білімін анықтап,

толықтыра түсу.Балалардың сөз құрамында:қыс,қар, мұз, аяз,қар қырш-қырш еттеді,жалтырайды,жылтылдайды басқа қысқа

байланысты сөздер қолдану.Балаларды табиғаттың қамқоршысы,жанашыры етіп тәрбиелеу.
Тапсырма: «Қыс кемпірдің бқзықтығы» атты тақырыпта шағын әнгііме қүрастыру,қыстың жағымды,жағымсыз құбылыстары туралы.
 
Көркм сөз:
Ақ қар жауды,
Енді аппақ жер өңі
Қардаң таулар
Көлеңкесін көреді.
 
Қимылды ойын: «Біз көңілді баламыз»
Мақсаты: тез жүгіруге,жүгірген баланы тез ұстап алуға  жатықтыру.
 
Жеке жұмыс:жүгіріп келіп қарды алысқа лақтыруға жатықтыру.
Кім бәрінен алысқа лақтырса-сол жеңімпаз.
 
Жұмбақтар:                                    Мәтел:
 Қанаты жоқ ұшады,                      Қыстағы қар,жаздағы жаңбыр-
Аяғы жоқ желеді,                            Жерге жауған нұр.
Аузы жоқ ұлиды.
                     (боран)

№12 Саябаққа саяхат. Мақсаты: қыстың (нышаны) белгілері туралы балалардың білімін анықтап, толықтыра түсу.Балалардың сөз құрамында:қыс,қар, мұз, аяз,қар

Слайд 14№ 13 Күн көзін бақылау.
 

Мақсаты: күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы,

ортасы,аяғымен ) байланыстырып, балаларға барынша мол түсінік беру.Күн қысқарады-желтоқсанның 22-сі

ең қысқа күн  болып есептеледі. Күннің көзі «ұясынан» сәл ғана көтеріліп, біраздан соң кешкі ұясына  барып  қонды.
Күн қысқа әрі суық .Көлеңке ұзарды.
 
Көркем сөз:
Батар күннің атар таңы бар.
Қимылды ойын: «Жұп болып эстафета ойының жүргіжу»
Мақсаты: шанамен сырғанақ тебу.Балаларды эстафета бір-біріне беруге үйрету.Жолдасы үшін жанашыр,жақсы жолдас болуға  тәрбиелеу.
 
Еңбек: Аққала жасау.
 
Мақсаты: қармен жұмыс істеуге үйрету.
Жеке жұмыс: өз қиялдарымен әнгіме-салаттарды құрату.
 
Жұмбақ;                                                             Мақал:
Таңмен көзін ашады,                                        Мезгіл жетсе,
Әлемге нұрын шашады.                                   Мұз да ерір.
 
   

№ 13 Күн көзін бақылау.  Мақсаты: күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы, ортасы,аяғымен ) байланыстырып, балаларға барынша мол

Слайд 15№ 14 Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.  
Мақсаты:  Балаларға ауа райының 

жағдайын байқап, белгілеуді  ұсыну. Қатты желге  назар аудару. Қатты жел

әсіресе  ақпан айында  жиі болады,
ұйтқыған  боран мен бұрқасын борандарда қар бір жердең бір жерге жөңікіліп жүреді.
 
Көркем сөз:
Қыстсың кенже баласы ақпанбысың,
Аспан астың ораған ақ ьқармысың.
Алай-түлей бораның, язында,
Әппағым-ау аз –аздан шақтармысың?!
 
Қимылды ойын: «Үшінші артық»
Мақсаты:Шапшандыққа баулу.
 
Еңбек:Ауланы қардан тазалау.
Мақсаты: күректі пайдалана білуге үйрету.
 
Қимылды ойын: Денені тік ұстап, жатығуларды дұрыс білу.
 
Жаңылпаштар:
Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ....
Қыс қыспаса, қыс па? Құс ұшпаса, құс па?
 

№ 14 Ауа райының жайсыз жағдайын бақылау.   Мақсаты:  Балаларға ауа райының  жағдайын байқап, белгілеуді  ұсыну. Қатты

Слайд 16№ 15 Саябаққа саяхат.
 
Мақсаты: балалардың қыс жөніндегі түсініктерін  толықтыра түсу.
Туған

табиғатқа деген балалардың сүіспеншілігін қалыптастырып,арттыру, оның ғажап сұлуғын балаларға сүйсіндіру.
Сұрақтар:
1.Қазір

жылдың қай мезгілі?
2.Жердің беті қандай?
3.Күн көзінің нұры қандай?
4.Жылуы қандай, жылыта ма?
5.Сендер аязды сезінесіндер ме?
6.Бұрынан таныс ағаштардың, құстардың атын еске алып, олар туралы сұхбат жүргізу.Саябақты аралап,оның гүлденгенін сүйсіне білу.
Көркем сөз:
Күн мейрімін төгеді,
Жазаламай ешкімді
Сәулесімен өбеді, кәрі еменді, өскінді,
Жаз құшағы шуақты, күн анамыз сияқты.
Қимылды ойын: «Суық аяз»
Мақсаты: тез жүгіруге жүгірген баланы ұстап алуға жаттықтыру.
Жеке жұмыс: алға қойылған тосқауылдардан екі аяқпен бірдей секіріп, өте білу. (айналадағы жатқан заттарды да пайдалануға болады)
 

№ 15 Саябаққа саяхат.  Мақсаты: балалардың қыс жөніндегі түсініктерін  толықтыра түсу.Туған табиғатқа деген балалардың сүіспеншілігін қалыптастырып,арттыру, оның

Слайд 17№ 16 Қыстың негізгі белгілерін бақылау.

 Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата

білуге үйрету..
Көркем сөз:
 
Аппақ, аппақ ақшақар
Бірін ұстап алайын...
Ұстадым!
Жоқ, ақша қар,
Қайдан іздеп

табайын?
                                     (Жақан Смаков)
Қимылды ойын: «Аяз»
Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.
Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.
Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.
Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.
Жорамал:
Түтін будақтап шықса, аяз болады.
 

№ 16 Қыстың негізгі белгілерін бақылау. Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..Көркем сөз: Аппақ, аппақ ақшақарБірін ұстап алайын...Ұстадым!Жоқ,

Слайд 18№ 17 Қала көшелерін бақылау
 
Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы,

жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап,

толықтыру.
Сұрақтар:
Көшедегі үйлер қандай?
Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?
Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?
 
Көркем сөз:
Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,
Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.
Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.
Қимылды ойын: «Жанады жанбайды» ойыны.
Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.
Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.
Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.
Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.
 
Жұмбақтар:
 
Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді,
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңдайға!» - дейді
                                                      (Бағдаршам)
 

№ 17 Қала көшелерін бақылау  Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген

Слайд 19№ 18 Өзен, көл, су тоғандарына саяхат

Мақсаты:   Балаларды өзен, көл,

су тоғандарының қыстағы өзгерістерімен таныстыру. Мұздың қасиетімен, қалпымен жете таныстыру.

Мұз қауіпсіздігіне арналған ережелермен таныстыру?
Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.
Сұрақтар:
1.   Өзендегі суға не болды?
2.   Су неге қатты?
3.   Өзеннен нені көруге болады?
4.   Қай кезде мұздың үстімен жүріп, коньки тебуге болады?
Көркем сөз:
Тез қарасын батырды,
Қар жаңбырлы сиқыр бұлт.
Жел көк мұзды қатырды,
Жердің бетін типыл ғып.
Балалардың берген жауабын қорытындылау: Мұздың жұқа кезінде оның үстімен жүгіруге, коньки тебуге болмайтынын балаларға айту.
Қимылды ойын: «Шортан мен табан балықтар»
Мақсаты: тез жүгіруге, жүгірген баланы тез ұстап алуға жаттықтыру, айналаны бағдарлай білуге үйрету.
Жеке жұмыс: денеңді тепе тең ұстап, мұз үстімен сырғанай білу.
Жұмбақтар
Отқа жанбайды,
Суға батпайды.       (мұз)
 
  

№ 18 Өзен, көл, су тоғандарына саяхатМақсаты:   Балаларды өзен, көл, су тоғандарының қыстағы өзгерістерімен таныстыру. Мұздың қасиетімен,

Слайд 20№ 19       Қардың қасиетін бақылау  
Мақсаты қар туралы балалардың білімдерін толықтыру,

ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып жылтырайды. 
Көркем сөз:
Аққала
Аула сырты баққа

да,
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Ойлаймыз біз шаттана.
 
Қимылды ойын: «ұстап ал»
Мақсаты: белгі берілісімен бірден іске кірісіп, жаттықтыру.
Еңбек: қарды күреу.
Жеке жұмыс: қарды жұмырлап, қатты қысу.
 
Жұмбақтар:
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
 
Мақал:
Сыртта «тау» болып жатса,
Үйде су болып тұрады.
 
Далада қар болса,
Қамбада астық болады.

№ 19       Қардың қасиетін бақылау   Мақсаты қар туралы балалардың білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына

Слайд 21№ 20 Құстарды бақылау
Мақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау.

Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай

жүретіндерін анықтау.
Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.
Көркем сөз:
Мың торғай қамаса қораға,
Бір торғай тұрмайды...
Бір торғай тұрмайтын қораға
Мың торғай тұрмайды.
Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»
 

№ 20 Құстарды бақылауМақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін,

Слайд 22№21  Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.
 
Мақсаты: ауа райын бақылау.

Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.
1.   Сық па, жылы

ма?
2.   Күн желді ме, жоқ па?
3.   Балалар қалай киінген?
4.   Ауа райының жайы қалай анықталады?
5.   Күн шуақты ма, әлде бұлыңғыр ма?
6.   Қар жауып тұр ма?
7.   Жуырда қар жауып, өттіме ме?
Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.
Тапсырма: бұлттың суретін салу.
Көркем сөз
Далада қандай тамаша,
Ақ мамыққа оранған.
Ақ дастархан жапқандай,
Көз тоймайды қарасаң.
 
Қимылды ойын: «Арқан тарту!»
Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.
Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.
Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: алдағы тосқауылдан өтерде: жүгіру, еңбектеп жүгіруге, секіруге жаттықтыру.
 
 
№21  Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.  Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін

Слайд 23№22 Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.
 
Мақсаты: өткен күндердегі дей

ауа райын бақылау. Ағаштарды анықтап зерттеу. Күзде олар қандай болғанын

еске түсіру. Қандай өзгеріс бар? Бір ағашты анықтап, суретін салып, оны күнтізбеге сақтау.
Балалар бала бақшада тәрбиешінің көмегімен ауа райының жағдайын күнтізбеге белгілеу.
Тапсырма: «Ашық аспан» тақырыпта сурет салу. Қағаз түстерінің бояуын түстеп, бір бояудың үстіне екінші бояуды жаға отырып, түсін келтіруге үйрету.
Көркем сөз:
Бүрсең қағып жапырақтар,
Көше кезіп көшіп жатыр.
Тыныш қалған атыраптар,
Аппақ қарға тосып жатыр.
Қимылды ойындар: «Соқыр теке».
Мақсаты: шеңберде тез жүгіруге жаттықтыру, ептілікке үйрету, ойынның сөздерін дұрыс айтқызып жаттату.
Еңбек: қатқан мұз жолын тазалап, су құйып ретке келтіру.
Мақсаты: алаңшада тазалық, тәртіп сақтап, судың мұзға айналғанын көріп, қызықтау...
Жеке жұмыс: «Кім алысқа лақтырады?». Қар түйіршіктерін алысқа лақтыруға жаттықтыру.
Жорамалдар:
1.   Қыс аязды болса – жаз ыстық болады.
2.   Қыста қар мол болса – жазда жаңбыр мол болады.
3.   Ағашқа қырау тұрса – күн жылы болады.
 

№22 Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.  Мақсаты: өткен күндердегі дей ауа райын бақылау. Ағаштарды анықтап зерттеу.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика