Слайд 1
Қара сабынды ұлттық
технологиямен алу
Слайд 2 Алабота - арамшөп емес
Алабота тұқымдасына бүкіл жер
шарына тараған бір жылдық немесе көп жылдық сортаң топыраққа төзімді
өсімдіктер жатады. Сабақтарының түрлеріне қарай ағаш (сексеуіл); бұта (баялыш); жартылай бұта(изен, итсигек); шөптесін (алабота) болып бөлінеді.
Қазақстанда бұлардың 47 туысы, 218 түрі бар. Бұлардың көпшілігінің сабағы бұтақты болып келеді, жапырақтары кезектесіп, немесе қарам-қарса орналасады. Гүлдері түссіз, ұсақ гүлшоғырына жиналып, масақ құрайды. Жемісі – жаңғақша. Тұқымының сақиналы немесе оралма ұрығы болады.
Алабота – бұл кәдімгі арамшөп, жол жегінде, егістіктерде кездеседі. Алабота тік сабақты, жапырақтары өте жиі тармақталған сабаққа кезектесіп, кейбіреулерінде қарама-қарсы орналасады, жапырақтарының пішіні әр түрлі, Жапырақ бетінде ақшыл дақтары болады. Алабота – бір үйлі, дара жынысты гүлді өсімдік. Көріксіз майда гүлдері шоқ-шоқ болып топтанып масақ тәрізді гүл шоғырын құрайды. Гүлсерігі – бес тармақты, жеміс қабы- үлпекті. Аталығы – 5, аналығы – 1. Тұқымы тығыз қабықты бозғыл қара түсті, жылтыр болып келеді. Бозғылт тұқымдары ерте, түсі қарасы кеш піседі. Оны халық медицинасында және бояу дайндауда пайдаланады.
Слайд 5
Жаз айлары алабота жиналды. Алабота кепкенде өзінің алғашқы салмағын жоғалтатындықтан
қураған алабота жиналды.Күнде жатқан алаботаны қалың қылмай, аз-аздан қою керек.
Себебі тығыз орналасқан алабота шіріп, я көгеріп кетуі мүмкін.Алабота мөлшеріне және жиналған уақытына қарай екі жеті не одан да көп уақыт кебуі мүмкін.
Слайд 9 Кепкен алаботадан сақар алу үшін оны өртеу керек.
Ескеретін жағдай, алабота өртенгенде өткір, жарамсыз иіс шығарады,түтіндеп тез жанады.Кепкен
алаботаның тікенегі қатайып қолға кіреді.Өртенгеннен кейін алабота тағы да өзінің салмағын жоғалтады. Ақшыл күл шықты. Отқа қазан қойып суға қосып қайнатамыз. Су қоюланып күл бетінде қалқи бастайды пайда болған тұнбадан күлді сүзіп алып тастаймыз
Слайд 10
Алаботаны өртеу сәті
Алаботаны жаққанда аз-аздан сеуіп жағамыз
Слайд 11 Алабота суығанда күлдің түсі
ағарады
Слайд 12Емдік қасиетіде бар тері күйгенде, қышыма, қотырға пайдаланады. Ал түрлі
су сабынның әсеріне көнбейтін сіздің бас теріңізге бұл таптырмайтын дәрі-дәрмек
болмақ, себебі ол жұмсақ және антицептик рөлін атқарады
Слайд 13 Сабынға қосылатын заттар табиғи таза шикізат болғандықтан ол тері
ауруларын туғызбайды
Экзема
Слайд 14Алабота құрамына аналитикалық талдау жасау
Слайд 16Алабота күлінің құрамына аналитикалық талдау жасау
Слайд 18
Қазанға 900г тоң май салып, қатты қыздыру, қайнаған
майдың үстіне 250 г сақар салып, отты жайлап қана жағып
қазандағы затты қайнатады(от көп жағылса сабын жалындап күйіп кетеді). Сабын үйіріліп, біріккен кезде қазан құрғақ тегіс жерге түсіріліп, суытылды. Сақар сабынға айналады ,енді оны тегіс жерге түсіріп суығанын күтеді де, сабынды жылы күйінде төртбұрышты қалыпқа келтіреді. Нәтижесінде 750г қара сабын алынады.
Слайд 19Сабын алудың реакция теңдеуі
K2CO3+HOH=2KOH+H2CO3
сабын алу
CH2 - COO –
R1
CH2 - OH
│ │
CH - COO – R2 +3KOH CH - OH + 3R -COOK
│ │ сабын
CH2 - COO – R3 CH2 - OH
май глицерин
Слайд 20Күл мен май қоспасын
отта қайнату
Слайд 23
Дайын сабынды , сақарды матаға салып,
Түйіп, кептіріп қою
Қорытынды
1)Қолдан жасалған ұлттық қара сабын экологиялық таза өнім
2)Тазартудан
бөлек ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді
3)Қолдан жасалған қара сабынның сыртқы пішіні де тартымды.Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты, әрі ерекше.
4)Қолдан жасалған қара сабын жас балаларға, жасы үлкен кісілерге ерекше сыйлық болып табылады.
5)Сабын қолдан жасау барсында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі.