Разделы презентаций


Ж ара қаты бар пациенттерге үй жағдайында күтім көрсету презентация, доклад

Содержание

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Жарақаты бар пациенттерге үй

жағдайында күтім көрсету

Қызылорда медицина колледжі
Мейірбике ісі қолданбалы бакалавриат

Орындағандар : Айтқожаева Аида
Әбіләшімова Майра
Ерсінова Арайлым
Қали Махат

Жарақаты бар пациенттерге       үй жағдайында күтім көрсету

Слайд 2Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден

аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ

ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың     сынуы мен

Слайд 3Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр

жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының

бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс

Слайд 4Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз.
Кесiлген

жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т.б). Мұндай жараның жиегi тегiс,

тiк және қан қатты ағады. Бұл жарада ауру дәрежесi басқа жарақат түрлерiне қарағанда азырақ.
Шапқылағанда, балтамен кесiп алғанда кесiлген жараға ұқсас бұдан терең, тiптi кейде жарақат сүйекке дейiн жетуi мүмкiн.

Атылған жара оқ, снаряд жарықшағы түсуiнен т.б жара ол оқ және жарық винтовка мен пистолет оғының әсерiнен болса, екiншiсi жарықшақты жара – артиллериялық снаряд, мина, қол гранаты, авиабомба жарықшағы әсерiнен болады.
Жаралар, ату құралдарын қолданудан пайда болса олар мыжылған, шаншылған, езiлген де болуы мүмкiн. Атылған жаралар ұлпаны қатты зақымдайды. Жарықшақ пен оқ кейде сүйекке өтiп, оны бөлiп жiберуi мүмкiн, ал сүйек (жарық) жарықшақтары жұмсақ ұлпаны зақымдайды.

Тiстелген жара адам мен жануарлардың тiстеуiнен пайда болады. Тiстелген жараға ауыз қуысынан инфекция түсу мүмкiндiгi жоғары.Ол көбiнесе iрiңдеп, баяу жазылады.

Шаншылған, тесiлген жара шаншылатындай заттардан: ине, шеге, пышақ, үшкiр темiр т.б зақымданудан пайда болатын жара.
Терiде аз ғана жара тесiгi болады, бiрақ ұлпаға тереңiрек еңiп зақымдайды, кейде iшкi органдар да зақымдалуы мүмкiн. Сыртқы қан кету болар болмас қана.

Соғылған жара сыртқы түрiне қарағанда мыжылған жараға ұқсас. Соғылған жара таспен (күштi ұрғанда) және дөрекi заттармен күштi ұрғанда, көмiлiп қалғанда, күштi толқындар әсерiнен болады.
Егер соғылған және мыжылған жара көлемi қан көлемдi ұлпаларды зақымдаса, олар езiлген жара деп аталады. Соғылған, мыжылған, езiлген жараларда инфекция түсу, даму мүмкiндiгi жоғары.

Мыжылған жара снарядтың жарықшағынан зақымдалуынан және адам жүрiп бара жатқан транспорттың астына түсуiнен т.б. болады. Мұндай жараның жиегi тегiс емес, оның айналасындағы ұлпалар күштi зақымдалады. Қан кету өте көп болмайды,бiрақ ауырсыну әр уақытта жоғары.

Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз.Кесiлген жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т.б). Мұндай

Слайд 5Қан ағуларының түрлері
Қызыл қан тамырларынан қан ағу. Бұл қан ағудың

ең қауіпті түрі. Үлкен қызыл қан тамырларының зақымдануында бірнеше минуттан

кейін адам өліп кетуі мүмкін. Белгілері – ашық қызыл түрдегі қан шүмектеп, шапшып ағады. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтайды.

Паренхиматоздық қан ағу. Бұндай қан ағу ішкі мүшелердің: бауырдың, талақтың, өкпенің, бүйректің барлық тамырларының (артерия, көк тамыр, капиллярлар) зақымданғанда байқалады. Бұл қан ағу өте қауіпті, себебі паренхиматозды мүшелер дәнекер тірегі (строма) тамырлар қабырғасын ұстап тұру себебінен олардың қысылмауы, сондай-ақ паренхиматоздық мүшеде антикоагулянттық заттардың болуына байланысты, тромбо болмау нәтижесінде өз-өзінен тоқтауға мүмкіншілік болмайды.

Капилярлық қан ағу. Жараның барлық беті қанайды. Қан түрі бойынша артериялық және көк тамыры қандарының арасындағы орталық жағдайда болады. Қан ағуы қауіпті, мысалы, гемофилияда, сепсисте, өйткені бұнда қан ұюының бәсеңдеуі байқалады. Әдетте капилярлық қан ағулар өз-өзінен тоқтап қалады.

Көк тамырдан қан кету. Қызыл қан тамырынан ағудан көк тамырдан қан ағудың ерекшелігі, бұнда қан бір қалыпта, бәсең ағады, түрі қара қошқыл. Тамырдың орталық бөлімін қысқанда қан ағуы тоқтамайды. Үлкен көк тамырларының, әсіресе, мойын, кеудк аймағы зақымданғанда ауаның тамырға сорылып кіруінен ауа эмболиясы салдарынан өлім – жітім болады. Ауа «тығыны» жүректің оң жақ бөлімдерін немесе өкпе қызыл қан тамырын тығындайды. Бұл қан қозғалысының кенеттен бұзылуына әкеледі.

Қан ағуларының түрлері Қызыл қан тамырларынан қан ағу. Бұл қан ағудың ең қауіпті түрі. Үлкен қызыл қан

Слайд 6Қан ағуды тоқтату
Жәрдем көрсету шараларына және медицина қызметкерлерінің мамандығына байланысты,

қан ағуды тоқтату уақытша және біржолата

тоқтату болып бөлінеді. Әдетте қан ағуды уақытша тоқтатуды науқасты ауруханаға жіберердің алдында, жарақат алған жерде орта медицина қызметкері іске асырады. Қан ағуды біржолата тоқтатуды аурухана жағдайында және операция жасау жолымен істеледі.

Қан ағуды тоқтату Жәрдем көрсету шараларына және медицина қызметкерлерінің мамандығына байланысты, қан ағуды тоқтату уақытша және

Слайд 7Таңғышпен қысып байлау. Қысып таңғыш салу және аяқ қолдардың көтеріңкі

жағдайлары көк тамырлардан және кішкене қызыл тамырлардын қан ағуды уақытша

тоқтатудың жақсы әдісі болып есептеледі. Жараға зарарсыздандырылған мәрліні бірнеше қабаттап, оның үстіне зарарсыздандырылған мақта салынады, ол мәрлімен бірге аяқ-қолдарды орап бинттеу арқылы бекітіледі.

Аяқ-қолдардың буынынан бүгілуі. Тақым артериясының, шынтақтың бүгілуінде иық артериясының, шат иілісіндегі сан артериясының жарақаттануда пайда болатын қан ағу, кейде аяқ-қолдарды осы жағдайда қатты иіп бекіту немесе оларды керу арқылы тоқтатылуы мүмкін.

Таңғышпен қысып байлау. Қысып таңғыш салу және аяқ қолдардың көтеріңкі жағдайлары көк тамырлардан және кішкене қызыл тамырлардын

Слайд 8Жараның қуысын тығындау (тампонада). Бұл үшін тампон алынады және корнцангпен

бүкіл жара қуысын тығыз етіп тығындайды. Әдетте бұл тереңдегі жараларда

қолданылады.

Жара ішіндегі тамырды қысу. Бұнда залалсыздандырылған резеңке қолғап киіледі немесе қол спирт, йодпен тазаланады және жараға кіргізілген сұқ саусақпен қанның ағымы сезіліп, тамыр қысылады.

Жараның қуысын тығындау (тампонада). Бұл үшін тампон алынады және корнцангпен бүкіл жара қуысын тығыз етіп тығындайды. Әдетте

Слайд 9Ширақты (жгутты) салу

Бұл әдіс әсіресе қызыл қан тамырының қан ағуын

тоқтатуда негізгі әдіс болып есептеледі. Қызыл қан тамырынан қан аққанда

жгут жарадан жақынрақ салыналы. Ширақты салудың алдында оның орамдарының арасында тері қысылып қалмауы үшін қол-аяқтар орамал немесе бинтпен оралады. Ширақ тартылады және аяқ-қолдар айландырылып оралады. Бұндай ширақ орамдарының бірінің үстінен бірін бастырмай қатар жатуын бақылау қажет. Ширақтың ұштары бекітіледі. Ширақ орамдарының біреуінің астында ширақ салынған уақыты көрсетілген қағаз қыстырылады. Бұнан басқа арнаулы емдеу мекемесіне жіберілетін хатта ширақтың уақыты көрсетіледі. «Қызыл қан тамырлық» ширақ дұрыс салынса аяқ-қол ширақтан төменіректе бозарады. Ширақ салынған жерден төменде тамыр соғысы білінбейді, қан ағуы тоқтайды. Ширақ қатты тартылмаса, аяқ-қол көгере бастайды, тамыр соғуы жоғалмайды, қан ағуы күшейеді. Қатты қысылып тартылса, жүйке талшықтарының жарақаттануының салдарынан аяқ-қолдардың салдануы мүмкін. «Қызыл қан тамырлық» ширақ аяқ-қолдарда 1,5-2 сағаттан көпке қойылмайды. Егер ұзақ уақытқа қойылса, аяқ-қолдардың жансыздануы мүмкін. Егер осы уақыт арасында операция жасалынбаса, және ширақ қайтадан керегінше жоғары немесе төменірек қойылады.

Ширақты (жгутты) салуБұл әдіс әсіресе қызыл қан тамырының қан ағуын тоқтатуда негізгі әдіс болып есептеледі. Қызыл қан

Слайд 10ТАҢҒЫШТАР(ДИСМУРГИЯ)
Десмургия дегеніміз — таңғыш байлау және қолдану турады

ілім. Таңғыш- адам денесіне емдік мақсатта таңылған материал. Таңғыштар адамның

жарасын, сынықты т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Әрбір медицина қызметкері таңудың түрлерін білуі керек, кез келген уақытта, кез келген жерде, жағдайда дереу көмек көрсетіп, қан тоқтатып, жараны байлау үшін таңғышты қолдана білуі тиіс.

ТАҢҒЫШТАР(ДИСМУРГИЯ)Десмургия дегеніміз — таңғыш   байлау және қолдану турады ілім. Таңғыш- адам денесіне емдік мақсатта таңылған

Слайд 11Қолдану мақсатына қарай:
Қорғайтын таңғыш болады- ол жараны инфекция түсуден қорғайды.


Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің бір жеріне қысым

жасайды.
Қозғалтпайтын таңғыш- иммобилизациялайтын- сынықты не шыққан буынды қозғалтпай науқасты тасымалдау, емдеу кезінде пайдаланады.
Ауа жібермейтін – окклюзиялық таңғыш- плевра қуысы жарақаттанған кезде салынады.
Коррекциялайтын-түзейтін таңғыш- дененің дұрыс емес біткен жерлерін түзейді, мыс, гипс жаға мойны қисық болып туған балаға салынады.
Тартатын, созатын таңғыш- сынықты емдеуде қолданылады.

Қолдану мақсатына қарай:Қорғайтын таңғыш болады- ол жараны инфекция түсуден қорғайды. Қысатын таңғыш – қан тоқтату үшін дененің

Слайд 12Таңғыш ретінде
БИНТ
МАҚТА
Эластик бинт
Материал ретінде

ГИПС
АҒАШ
ТЕМІР

Таңғыш ретінде БИНТМАҚТАЭластик бинтМатериал ретіндеГИПСАҒАШТЕМІР

Слайд 13Шина
Шина оқиға болған жерде санылады.
Әуелі жарасы таңылып, содан кейін

шина салынуы керек.
Шина зақымдалған тұстағы көрші 3 буынды, кем

дегенде 2 буынды бекітуі тиіс.
Тоқпан жілік сынғанда және ортан жілік сынғанда міндетті түрде көрші 3 буын бекітіледі.
Науқасты өте ақырын тасымалдау керек.

ШинаШина оқиға болған жерде санылады. Әуелі жарасы таңылып, содан кейін шина салынуы керек. Шина зақымдалған тұстағы көрші

Слайд 14Гипс таңғыш
Тез қататын, емдеуге қолданылатын таңғыш. Гипс ұнтағы

мен бинттен жасалынады.
Гипс- сұр түсті сульфат кальций ұнтағы, сумен араластырған

кезде тез қатады. Оны гипс таңу кабинетінде дайындап таңады. Гипс таңғыш түрлері:
1.бітеу,
2 алмалы-салмалы (лонгета). 3. «етік».
4 «жаға».
5. «корсет».
6 «коксит».
7. «кроватка».
8. «тутор» және т.б.



Гипс таңғыш Тез қататын, емдеуге қолданылатын таңғыш. Гипс ұнтағы   мен бинттен жасалынады.Гипс- сұр түсті сульфат

Слайд 15Гипс таңғышы салынатын бөлік физиологиялық ұтымды жағдайға

келтіріліп, 2 көрші буын бекітіліп, шошайған

сүйек тұстарына бір уыс мақта салынады. Тері мен гисп бинті арасына гипс күйігінен сақтау үшін бір қабат мата төсейді. Бір сағат бойы гипс салынған адамды қадағалап, таңғыш қыспай ма, еті көгеріп, ісіп, ауырмай ма, соны сұрап тұру керек.

Гипс таңғышы салынатын бөлік физиологиялық ұтымды жағдайға        келтіріліп, 2 көрші

Слайд 16Күйік
Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты

ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның

әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
КүйікКүйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар,    электр тогы

Слайд 17Күйік түрлері
Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)[өңдеу]
Күйіктен кеп

зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік

шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз.

Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)[өңдеу]
Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Егер вазелиніңіз жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай майларды жағушы болмаңыз.

Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік)
Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз.

Күйік түрлеріКүлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)[өңдеу]Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету

Слайд 18Күйік шалғандағы халық емі
Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс

майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді,

жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.
Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.
Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.
Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады.
Зәрмен. Күйікке сол адамның зәрі де жақсы жәрдемдеседі. Бинтті жаңа шыққан зәрге батырып, күйген жерге таңады. Кеуіп кетпеуін қадағалайды.
Жұмыртқамен. Терінің күйген, ауырған аймақтарына шикі жұмыртқаны жағады. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сары уызы да пайдаланыла береді. Жұмыртқаны теріге кеппей жатып, үсті-үстіне жағады. Бұл емді ауру сезімі басылғанша жалғастырып, ауырған жерді жайлап жуады.
Күйік шалғандағы халық еміКүнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс  майы мен 20 грамм ара балауызын

Слайд 19Жарақат күтімі

Ескі таңуды шешу
Жарақатқа жасалынатын манипуляциялар
Жарақаттан бөлінген бөліндіден теріні қорғау
Жаңа

таңғыш салу
Таңғышты фиксациялау


Жарақат күтіміЕскі таңуды шешуЖарақатқа жасалынатын манипуляцияларЖарақаттан бөлінген бөліндіден теріні қорғауЖаңа таңғыш салуТаңғышты фиксациялау

Слайд 20Гипс алынып тасталғаннан кейінгі күтім


Гипс алынып тасталғаннан кейін ең алдымен,

гипс алынған жерді жылы сусабынмен немесе гельмен жууып алған дұрыс.

Лас сумен бірге тері бөліктері де түсуі мүмкін, себебі тері узақ уақыт гипс астында тұрып өлуі мүмкін.
Тері қалпына келуі үшін кремдерді пайдалануға болады.
Процедурадан кейін теріні құрғата сүртіп, артынан қоректендіргіш майлы крем жағуға болады
Гипс алынғаннан кейін физикалық дене шынықтырумен айналысуға кеңес беріледі
Дәрігер нұсқаулығы бойынша емдік процедуралар қабылдауға болады(электрофорез, магнитотерапия)


Гипс алынып тасталғаннан кейінгі күтімГипс алынып тасталғаннан кейін ең алдымен, гипс алынған жерді жылы сусабынмен немесе гельмен

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика