Слайд 2Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат
алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы агзалық және бейагзалық қосылыстардан
тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (белок), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.
Слайд 3Органикалық заттар
Органикалық қосылыстар тірі организмжасушасының 20-30%- ын құрайды. Оларға биологиялық полимерлер — нәруыздар, нуклеин қышқылдары және
кемірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар — дәрумендер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б.
жатады. Жануарлардың, өсімдіктердің және микроағзалардың органикалық құрамы жағынан айырмашылықтары бар. Мысалы: өсімдіктер жасушасында күрделі көмірсу — полисахарид, жануарларда — нәруыз бен майлар, ал микроағзаларда нәруыздар басым болады. Осылай бола тұрса да, өр түрлі жасушаларда осы органикалық заттар тобы өзара ұксас қызмет атқарады.
Слайд 4Құрылымдық қызметі. Ақуыздар клетканың және оның органеллаларының мембраналарының құрамына енеді.
ДНҚ-мен қосылған ақуыз хромосомалар денесін, ал РНҚ-мен қосылған ақуыз рибосомалар
денесін түзеді.
Тасымалдаушы қызметі. Ақуыздар оттегін тасымалдайды, сондай-ақ адамдар мен жануарлар денесінде гормондарды тасымалдайды (оны қан ақуызы – гемоглобин атқарады).
Қозғаушы қызметі. Клетканың барлық қозғалыс реакциялары ерекше жиырылғыш ақуыздардың көмегімен жүреді. Олар бұлшық еттің жиырылуын, қарапайымдылардың талшықтары мен кірпікшелерінің қозғалуын, клетканың бөлінуі кезінде хромосомалардың жылжуын, өсімдіктердің қимылдарын қамтамасыз етеді.
Қорғаныш қызметі. Көптеген ақуыздар ағзаны зиянды әсер етулерден қорғайтын бүркеніш ролін атқарады. Мысалы, мүйізді құрылымдар – түк, тырнақ, тұяқ, мүйіз механикалық қорғаныш түрлеріне жатады. Ағзаға бөтен ақуыздар – антигендерді енгізген жағдайда қан клеткаларында ақуызды зат – антидене бөлінеді де, антигенді қауіпсіздендіріп, ағзада иммунологиялық қорғаныш қызметін атқарады.
Энергетикалық қызметі. Ақуыздар энергия көзі бола алады. Ақуыз көміртегінің диоксиді, су және азотты заттарға дейін ыдырау кезінде клетканың көптеген тіршілік үрдістеріне қажетті энергия бөліп шығарады.
Слайд 6Көмірсулардың қызметі
энергетикалық қызметі. Көмірсулар – тірі клеткалар үшін энергия көзі.
Олардың тотығулары кезінде клетканың тіршілігіне аса қажетті химиялық энергия бөліп
шығарады;
құрылыс қызметі. Көмірсулар өсімдік клеткаларының қабырғаларын түзіп, құрылысшы қызметін атқарады. Күрделі көмірсулар ақуыздар (гликопротеиндер) және майлармен (гликолипидтер) қосылып және клетка қабықшасының құрамына кіреді;
қор жинау қызметі. Қордағы қоректік заттар, мысалы, гликоген мен крахмал – көмірсулар.
Слайд 8майлар
Липидтер – май және май тәрізді заттар, міндетті компонент болғандықтан, барлық
клеткаларда болады. Майлар молекуласы глицерин мен май қышқылдарынан түзіледі. Май
тәрізді заттар – липоидтер – май қышқылдарының эфирлері мен спирттерден түзіледі де оларға холестерин, кейбір гормондар, лецитин жатады. Май қышқылдары – липидтерге олардың маңызды биологиялық суда ерігіш қасиетін береді де, липидтер клеткалардың биологиялық мембраналарында маңызды роль атқарады. Мембраналардың ортаңғы липидті қабаты клеткадан клеткаға судың бос өтуіне кедергі жасайды. Майлар – энергия көздері. Тері астындағы май маңызды жылу изоляциялық роль атқарады.
Слайд 9Бейорганикалық заттар
Су органикалық және бейорганикалық заттарды жақсы ерітеді. Судың еріткіш касиеттері
оның молекулалық құрылымының ерекшеліктерін де айқындайды. Суда бейорганикалық заттардан —
тұздар, кышқылдар, сілтілер, ал органикалық заттардан — аминдер, көмірсулар, нәруыздар жақсы ериді. Жасушадағы химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген сұйықтық түрінде болады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың өнімдері, тек еріген түрінде болуы тиіс
Сусыз тіршілік жоқ. Жасуша массасының көп бөлігін су кұрайды. Адамның эмбриондары мен ми жаеушаларынын 80%-ы су. Адам организміндегі 20% суды жоғалтса, өліп қалуы мүмкін. Сүйек ұлпасының жасушасында 20 % су, бұлшықет жасушасында 76 % су болады
Слайд 10Тұздар
Сумен бірге тұздар да жасушаның бейорганикалық заттарына жатады. Жасушаның тіршілік процестері үшін
тұздардың құрамына енетін кальций,натрий, калий, магний, және фосфат иондарының маңызы зор. Жасушаның қалыпты қызмет атқаруы
және жасуша ішінде үнемі реакция жүруі үпгін де иондардың маңызы ерекше. Бейорганикалық заттар жасушада, тек еріген күйінде емес, сондай-ақ қатты заттар күйінде де кездеседі. Атап айтқанда, сүйек ұлпасының катты әрі беріктігі кальций фосфатының, ал былқылдақ денелілер бақалшықтарының беріктігі онда кальцийкарбонатының болуына байланысты. Кальций иондары биологиялық процестердін реттелуіне және канның ұюына да қатысады.
Na+, К+ иондары жасуша мембранасына әр түрлі заттардың енуіне және жүйке талшықтарының тітіркеністерді өткізуіне көмектеседі. Фосфатиондары нуклеин қышқылын тұзуге қатысады және энергетикалық процестерді, қозғалыс қызметін жүзеге асыруға ат салысады.