Слайд 2 Жүректің ишемиялық ауруы
Жүректің ишемиялық
ауруы — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем
болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректің тәждік (коронарлық) артерияларының ауруы деп те аталады. Бұл сырқаттың әлеуметтік мәнін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1965 жылы оны "дербес" ауру деп таныды. Бүгінгі таңда ишемиялық ауру әсіресе экономикасы өркендеген елдерде кең таралған, тіпті оны эпидемиялы аурулар тобына жатқызбақ ой бар. Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен қазаға ұшыратуымен қауіпті. Ол жүрек-тамыр сырқаттарынан болатын өлім-жітімнің 2/3-ін қамтиды. Бұл ауруға жасы 40—65-тер шамасындағы ер адамдар жиірек шалдығады.
Слайд 3Ишемиялық аурудың, атеросклероздың және гипертония ауруының патогенездік факторлары ортақ. Олардың
ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидемия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің
артық массасы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылды диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.
Слайд 4Жүректің ишемиялық ауруының алдын алу
ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап халық денсаулығына
төнген қауіптердің бірі - жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының көбейе ,әрі
«жасара» түсуі. Бұл сырқаттар бүгінгі ересектер арасындағы науқастанудың, мүгедектіктің және өлім- жітімнің негізгі себепшісі болып отыр.
Дегенмен, жүрек-тамыр ауруларының алдын алуға болады. Алдын-алудың жаппай шараларын қолдану нәтижесінде АҚШ,Австрия ,Жапония ,Канада сияқты елдерде бұл аурудан болатын өлім-жітім кеміген . Мұндай жұмыстардың жетістігі тек дәрігерлерге ғана емес ,сонымен бірге халықтың өзіне де ,яғни олардың салауатты өмір салтын ұстана біліуіне де байланысты .
Слайд 5Жүректің ишемиялық ауруларына :
1) Жүрек стенокардиясы және оның түрлері .
2)Жүрек
қан тамырларының жедел жетімсіздігі .
3)Қан тамырлары қызметінің созылмалы жетімсіздігі .
4)Миокард
инфарктісі .
Слайд 65)Рефлекторлы стенокардия аурулары жатады
Бұл ауруға шалдыққанда негізінен жүрек тұсы қатты
шаншып ауыратындықтан сырқат адам дәрігерге келуге мәжбүр болады .Кейбір адамдар
жүректің ишемиялық ауруы кезіндегі алғашқы ұстамадан –ақ ,тіпті дәрігердің жәрдеміне үлгерместен ,кенеттен өліп кетеді .Стенокардия кезінде ауру көбінесе кеуденің сол жағына , жүректің тұсына беріледі , кейде ауру жұтқыншаққа ,асқазан тұсында пайда болады . Аурудың алғашқы белгілері : ауру тіпті әдеттегіден әрі кеткен кезде (қан жүретін артериялары 75 % және одан да көпке тартылғанда) білінеді .Жүректің стенокардия ауруы екі түрлі болады,
Слайд 71)Күш түсу стенокардиясы.
2)Тыныштық стенокардиясы .
Миокард инфаркті - бұл жүрек ишемиясы
ауруының үшінші түрі ,бұл диагноз оның клиникасына электрокардиограммалық өзгерістерге және
қан құрамындағы ферменттердің белсенділігіне қарап қойылады .
Жүрек ишемиясы ауруын тудыратын факторларды біліп ,одан сақ болған жөн .Шылым шегу ---өте зиянды әдет .Шылым шегуді тоқтату миокард инфарктісіне ұшырау қаупін 20-50%-ға кемітеді . .Шылым шегу ,денедегі май алмасу процесінің бұзылуы ,артериялық қан қысымының жоғарылауы,қант диабеті және т.б .жайттер жүректің ишемиялық ауруының дамуына әсер ететін негізгі факторлар болып саналады .Адамның шектен тыс семіруі ,аз қозғалуы ,эмоциялық стрестер де қосымша үлес қосады .Кейде бір мезгілде қауіпті факторлардың бірнешеуі қосылса жүректің ишемиялық ауруының туындау қаупі жоғарылай түседі .
Слайд 8Салмақтың - артуы ағзада ең алдымен май алмасу процесінің бұзылуы
,денеде майдың жиналып қалуы деген сөз .Семіздік ауруы кезінде жүрек
біріншіден,ағзадағы барлық клеткаларға қанды толық жеткізу үшін нормадан тыс жұмыс істейді .Соның салдарынан бұлшық еттеріне артық күш түседі де ол ісінеді ,сөйтіп жүрек гипертрофиясы пайда болады .
Дене салмағын азайту және гиперлипидемияны болдырмау үшін қажетті ем-дом шараларын ұстану науқастар арасыдағы өлім-жітімді азайтуға (25%) , ЫҚПА Л ЕТЕДІ .
Ем-домдық шаралары ойдағыдай болу үшін мыналарды жүзеге асыру керек :
Слайд 9А)қаныққан майларды қолдануды азайту
Ә)өсімдік майын көбірек қолдану қажет .
Б)өсімдік клеткаларын
қабылдауды жас көкөністер мен жеміс-жидектер есебінен күніне 50гр-ға дейін арттырған
жөн .
Жүректің ишемиялық ауруының қауіпті факторлары бар адамдар аурудың алдын-алу жөніндегі дәрігерлік кеңестерді орындап ,жыл сайын денсаулығын түзету үшін емханаға барып ,тексеріліп отырғаны абзал . Қорыта айтқанда ,денсаулыққа зияны көп аталған факторлардан сақтану әрбір адамның өз қолында . « Жаны саудың ---тәні сау » ДЕГЕН ҚАҒИДАНЫ ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ .