Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
«Жаным толған жақсылық»
Слайд 2Құндылық:
Жан тыныштығы
Қасиеттер: өмірдің қас – қағым сәтін бағалау;
Қуанышты
кездерін қадірлеу;
Кез келген
жағдаятты дұрыс қабылдай білу.
Слайд 3Балалардың «жақсылық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Жақсылық пен махаббаттың
адам
өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Жақсылық жасай білу іскерліктерін
дамыту;
Қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Мақсаты:
Слайд 4ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға
болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Слайд 5Үй тапсырмасын тексеру
«Жан Ана» әңгімесінің мазмұнын сұрау
Слайд 6
«Жаны тыныш адам бақыт сарайында өмір сүреді»
Ыбырай Алтынсарин
Слайд 7Әңгімелесу
Жан тыныштығы дегенді қалай түсінесіңіз?
Сіздің ойыңызша жан тыныштығының пайдасы
қандай?
Жан тыныштығына қалай қол жеткіземіз?
Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай
түсінесіз?
Адамның жан тыныштығын бақыт деп айтуға болады ма?
Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдеріңіздер?
Слайд 8
«Жақсылық пен жамандық» ертегісі
Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау
үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты.Адам бір іс жасарда
Жақсылық «істе» десе,Жамандық «істеме»деп сыбырлайды екен.Сөйтіп,адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
-Адам, ана балыққа көмектесіп жібер,-десе, Жамандық:
-Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма,- дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутендеп, көмек сұрғандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.
Слайд 9 Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп
бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене
ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
-Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді,-дейді.
Слайд 10 Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп
шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы
болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
-Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе?- деп налыған екен.
Слайд 11
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.
Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып
алып:
-Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді.
Слайд 12Ойланайық, пікірлесейік!
Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады?
«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа
ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Қарлығаш пен дәуіт
Бір қарлығаш ұя салып,
балапандарын асырап жүреді. Күндердің күнінде жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...
Арыстан мен тышқан Ұйықтапты бір арыстан айдалада,
Тыныштық
алу үшін сай-панада.
Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан жүр сейіл құрып,ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып,
Арыстан өлтіруге айналыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
Слайд 15Болайықшы осындай
Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат
болады,
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай.
2.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы:
Ұқыпты осындай,
Болайықшы досым – ай.
Слайд 16“Ұйқасын тап” дидактикалық ойыны
Бес асыл іс
Көрейік енді санап,
Біріншісі ...
Бәріндағы
жеңбек,
Екіншісі ...
Тапқыр болсаң, келе ғой,
Үшіншісі ...
Табасың бәрін санап-ақ,
Төртіншісі ...
Кетседағы ақылың
Бесінші
ет ...
Керекті сөздер: рақым, қанағат, талап, терең ой, еңбек.
қанағат
еңбек
терең ой
талап
рақым
Слайд 17Күн тәртібін рет-ретімен орналастыр
Слайд 19Мейірімділік
Адамгершілік
Инабаттылық
Қайырымдылық
Білімділік
Сыпайылық
Кішіпейілділік
Ұқыптылық
Қамқорлық
Жауапкершілік
Еңбекқорлық
Сүйіспеншілік
Сабырлылық
Шыдамдылық
Ақылдылық
Тәрбиелілік