Слайд 1«Дән» балабақшасы
Баяндама
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптасуындағы
отбасының рөлі»
Педкеңес №3
Дайындаған: «Бөбек» сауықтандыру тобының тәрбиешісі Шулембаева Ж.С.
Қаңтар
2017-2018
оқу жылы
Слайд 2Денені шымырландырудың,
ерік-қайратты шыңдаудың,
ақылды алғырландырудың,
ойды салмақтандырудың жолын
білсең, сен-тәрбиешісің.
Ш.Летурно
Слайд 3
ОТБАСЫ
БАЛА
БАЛАБАҚША
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ОТБАСЫНДА ЖӘНЕ
БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНАДЫ
Слайд 7Сауықтыру міндеттері:
1. Бала ағзасын шынықтыру арқылы, сыртқы ортаның зиянды әсерлеріне
қарсы тұра алу қабілеттіктерін жетілдіру. Табиғаттың табиғи күштерін, ауаны, суды,
күн қызуын дұрыс пайдалану арқылы бала денесі шынығады. Оның әр түрлі суық тию арқылы болатын тұмау, жөтелу, тамақ ауруларына қарсылық күштері көбейеді.
Слайд 82. Қозғалыс тірек аппараттарын нығайту және дұрыс мүсінді қалыптастыру. Қозғалыс
белсенділігі көлеміне әсер ететін жалпақ табан болмауы үшін, табан және
сирақ бұлшық еттеріне арналған жаттығуларға көңіл бөлу. Бала денесі үйлесімді дамуы үшін денесінің екі жағындағы бұлшық еттерге бірдей мөлшерде жаттығулар беру. Күнделікті өмірде аз жұмыс істейтін бұлшық еттер топтарына көбірек жаттығулар беру. Жас кезінен балаға дұрыс мүсін туралы мағлұмат беру қажет. Еңкіштік, бір иықтың екіншісінен биіктігі, омыртқаның қисаюы және т.б. мүсін қисаюларын дұрыстаудың ең бір әрекетті амалы дене жаттығулары екені олардың әрқашанда ойларында болу керек.
Слайд 93. Вегетативтік мүшелердің қызмет мүмкіншіліктерін жоғарылату. Баланың белсенді қозғалыстары жүрек-қан
тамыры және тыныс алу жүйелерінің, тамақ қорыту, дене температурасын реттеу
жүйелерінің, ағзадағы зат алмасу үрдістерінің қызметтерін жақсартады. Зәр шығару органдарында зәр шықпай қалу үрдістерін болдырмайды.
Слайд 104. Жылдамдық, үйлесімділік, төзімділік секілді дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Мектепке
дейінгі жастарда дене мүмкіншіліктерінің бірін ғана және дамытуға арнайы көңіл
бөлуге болмайды. Қозғалыстарды әр түрлі етіп құрастыру, амалдарын ауыстыру, әр түрлі бағыттау арқылы дене қасиеттерін кешенді, үйлесімді дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.
Слайд 11Салауатты өмір салты – өмір тіршілігі. Балалардың денсаулығы бір қатар
факторлардың әсерлеріне тікелей байланысты болады, олардың ең маңыздысы – өмір
салты.
Слайд 12Farm animals.
Жануарлар фермасы
Балалардың салауатты өмір салтын құрайтын қозғаушы күштерге мыналар
жатады:
• еңбек және демалыс тәртібін дұрыс қолдану,
• қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру,
•
тазалық сақтау,
• шынығу талаптарын орындау,
• зиянды әдеттерден сақтандыру,
• оқушылардың өз ара қарым - қатынастарды қалыптастыру,
• ағзаның психофизикалық жағдайын, есепке алу
Слайд 13Farm animals.
Жануарлар фермасы
Сонымен қорыта айтқанда, «Салауатты өмір салты» нақты өмір
жағдайында денсаулықты сақтап нығайтуда баланың әлеуметтік, кәсіптік және биологиялық функцияларын
толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тіршілік әрекеті. Дене тәрбиесі сабағы тек қана жаттығуларды орындау емес, сонымен қатар, балалардың еңбек сүйгіштікке, қажырлыққа, төзімділікке, батылдыққа, жігерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейтін пән.
Дене шынықтыру – спорттық жаттығулар ғана емес, жеке тұлғаның маңызды адамгершілік белгісі, балаларды тәрбиелеуге және «Салауатты өмір салтын» сақтауға, оларды естен шығармауға жетелеу.
Слайд 14«Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың жаны сау» - деп
ата - бабамыз айтқандай, дендеріңізге саулық тілеймін.