Разделы презентаций


Мектепке дейінгі білім беру ?йымдарында ?олданылатын педагогикалы? технологиялар

Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.  

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
МКҚК «Назерке» мектепке дейінгі ұйымы
Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім

беру ұйымдарында қолданылатын педагогикалық технологиялар
Әдіскер: А.М. Коштиева
Долинный ауылы, 2015 жыл

МКҚК «Назерке» мектепке дейінгі ұйымы  Тақырыбы: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылатын педагогикалық технологияларӘдіскер: А.М. КоштиеваДолинный

Слайд 2 Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық

педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен

тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.  
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру- басты мәселенің бірі.Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсек те болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен.

Қазіргі кезеңде білім ғылым  саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі

Слайд 3 Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек

ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай

жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: - ынтымақтастық педагогикасы - білім беруді ізгілендіру - ойын арқылы оқыту - проблемалық оқыту - модульдік оқыту - тірек сигналдары арқылы оқыту - дамыта оқыту - түсіндіре басқарып оза оқыту - өздігінен оқыту - сын тұрғысынан ойлауды дамыту - оқытудың компьютерлік технологиясы - бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту - денсаулықты сақтау технологиясы т.б.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына,

Слайд 4 Денсаулықты сақтау технологиясы : бұл бала мен

педагог, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер қарым-қатынасының үрдісі кезінде

жүзеге асырылатын тәрбиелеу-шынықтырудың, коррекциялық, профилактикалық әрекеттердің тұтас жүйесі.
Денсаулықты сақтау технологиясының мақсаты : мектепке дейінгі жастағы балаға денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салты бойынша керекті білімділік, біліктіліктерді қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету. 
Денсаулықты сақтау технологиясы : бұл бала мен педагог, бала мен ата-ана, бала мен дәрігер

Слайд 5 Проблемалық оқыту технологиясы: баланы өз бетімен ізденуге

үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру,

оқу материалына  баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері  арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

?

Проблемалық оқыту технологиясы: баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни,

Слайд 6 Өздігінен даму технологиясы: бұл баланы жан-жақты дамыту,

дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау әрекетінің бірігуі.мұнда оқыту

бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады.М.Монтесори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
Өздігінен даму технологиясы: бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен  ойлау

Слайд 7 Модульдік оқыту технологиясы: оқытудың

тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақстқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті

ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.
Модульдік оқыту технологиясы: оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақстқа жетуді

Слайд 8             Ынтымақтастық педагогикасы:
педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас

педагогикасына көшуі.Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:

тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.Бұл технологияның негізгі мақсаты баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
               Ынтымақтастық педагогикасы: педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі.Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен

Слайд 9 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы: білім, білік,

дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне

қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.
ТРИЗ технологиясы: авторы - Генрих Саулович Альшуллер өнертапқыш, жазушы-фантаст . 
Берілген технологияның бағыттары: шығармашылық әрекетке үйрету, шығармашылық қиялдың әдіс-айлаларымен таныстыру, өнертапқыштық есептерді шығаруға үйрету. Концептуалды жағдайлары: білім – шығармашылық көкейкөзділіктің негізі, құралы; шығармашылық қасиеттер баршаға тән; кез-келген әрекетке үйренуге болатындай, шығармашылыққа да баршаға үйренуге болады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы: білім, білік, дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті

Слайд 10 Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік,

дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық

механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі

Слайд 11 «Тәй-тәй» технологиясы: ол дұрыс

тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына  бағытталған. Ол

баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, жанұяның балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мәдени құндылықтарды көрсетуге және дамытуға бағытталады. Мемлекетті демократияландыру бағытында берілген технология тиімді технологиялардың бірі болып табылады. Белсенділік орталықтарындағы тәрбиешінің рөлі.  Материалдар мен құралдар арнайы ұйымдастырылған жерлерде қойылады. Олар балалардың оқу мен ойнауға қызығушылығын оятады. Топта келесі орталықтар орналастырылады: сюжетті-рөлдік, құрылыс, әдебиет, өнер, манипуляциялық (әрекет ету), құм мен су, ғылым. Орталықтарда балалар қолдана алатын көптеген материалдар орналасады. Баланың танымдылық әрекетін оятатындай материалдар тәрбиешімен өте ұқыпты таңдалуы керек. Бірнеше бала қолдана алатындай материал болуы шарт және де олар үнемі ауыстырылып отырылуы қажет. Орталық жұмысын ұйымдастыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады.
«Тәй-тәй» технологиясы: ол дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық және эмоционалдық

Слайд 12
Сюжетті-рөлдік орталығы : Бұл орталықта тәрбиеші негізгі рөл

ойнайды. Ол балалардың қиялын оятады. Орталыққа келесідей орталықтар енгізілуі мүмкін:

үй жануарларын бағу, моделдеу. Ойын кезінде тәрбиеші балаларды бағыттауы керек, бірақ ойынға өзі араласпауы шарт. Құрылыс орталығы: бұл орталық балардың назарын өзіне қарататындай ұйымдастырылғаны жөн. Материал көлемі бала жасына байланысты. Оны қосу, азайту, ауыстыру керек. Тәрбиеші балалар әрекетін бақылап, оларды мақтауы керек, мәселелерін шешуге итермелейтін сұрақтар қойып, керекті материалдарды қосуы керек. Ойыншық құрылыстарға жазбалар дайындап, келесі күнге дейін құрастырғандарын бұзбай сақтауға рұқсат беруі қажет. Көркем әдебиет орталығы: тәрбиеші балалардың қызығушылықтарын, ұнайтын әрекеттерін, сүйікті ертегілерін айқындап, көрнекі ұйымдастырылған, жастарына сай келетін әдебиеттерді дайындау керек.  Тәрбиеші әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуі қажет. Балалар әңгімелерін тыңдап, лайықты кітаптарды таңдауға көмектеседі. Сонымен қоса бала дамуы жөніндегі жазбалар жасайды.  Өнер орталығы: тәрбиеші бұл орталықта түрлі материалдарды қолдану арқылы сурет салудың алуан әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық машықтарын, түсті, формаларды сезінулерін дамытады. Түрлі материалдарды араластыруға мүмкіндік береді.  Ғылым орталығы: балалар зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталығы. Тәрбиеші түрлі материалдармен қамтамасыз етеді.
Сюжетті-рөлдік орталығы : Бұл орталықта тәрбиеші негізгі рөл ойнайды. Ол балалардың қиялын оятады. Орталыққа келесідей

Слайд 13Педагогикалық технологияларды саралай келе, келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі

өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы

біліммен қаруландыруға ғана бағытталмай, сонымен қоса олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда негізгі басымдық – бала мен тәрбиешінің тұлғалы-бағытталған әрекеті болып табылады. Баланың жеке-даралығын түсіну, қабылдау, қызығушылықтарын ескеру, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, эмоционалдық игіліктерін сақтау – міне, осылардың барлығы қазіргі кездегі тәрбиешінің басты міндеттері. Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға тқойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
 
Педагогикалық технологияларды саралай келе, келесідей тұжырым жасауға болады. Оқу үрдісі өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика