Слайд 1
Заңғар жалпы орта білім беру мектебі
МЕН-өз Отанымның Патриотымын
Бастауыш сынып мұғалімі: Бердиярова А.Г
22018 жыл
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
1. Отанды сүюге, туған жеріне,
еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,
болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.
2.Оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру;
- Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу.
Слайд 3Сабақтың түрі: пікірталас,сұхбат,ой қозғау,талдау,зерттеу..
Сабақтың көрнекілігі:«Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір
тағдыр» плакаттары;
«Менің Отаным – Қазақстан», «Мен – Қазақстан азаматымын», «ҚР Конституциясы»;шарлар, гүлдер,
интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекеттік рәміздерді көрсету.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.
Слайд 4Міндеттері:
1.Оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру
және арттыру;
2.Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;
3.Білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында
жеткен жетістіктері мен табыстары туралы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін кеңейту;
Слайд 5Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық
сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап
өткен болатын.
Қазақстанның патриоты дегеніміз:
1. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы.
3. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.
4. Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы
Слайд 6 Қымбатты балалар, мен сендерді алғашқы оқу күнімен,
Білім күнімен құттықтаймын. Сендерге жаңа жаңалықтар, жаңа білім, жаңа табыстар
мен жетістіктер тілеймін. Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын! Сәт-сапар! Міне, жазғы демалыс та аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - бұл барлығымызға ортақ ұлттық мүдделер. «Бір халық» – бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Мұның барлығы – Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін біртұтас қоғам керек деген сөз. Қазақстан тәуелсыздік алған жылдарда Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ұлттық жетістіктің үздік үлгісі бола алды. Бұл – барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі.
Слайд 7– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді:
БІЗ – Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз
бен жетістігіміз осыда. Біз өз Еліміздің Патриотымыз.
Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізейік.
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)
2. Ұлттық валюта (Теңге)
3. Ақындар жарысы (Айтыс)
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)
5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)
6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)
7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)
8. Ұлттық сусын Қымыз) т.б.
Слайд 8
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек Елбасы ғана емес,
ол-білгір саясаткер!
Ол-қоғам қайраткері
Ол-нағыз патриот
Ол-дарынды адам!
Біздің президент еліміздің болашағын
жастармен байланыстырады.
Слайд 9
Біз-қашаннан ер,қаһарман халықпыз
Біз-тарихта теңдесі жоқ алыппыз
Біз-күштіміз күштілердің
бәрінен
Біз-сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз!
Слайд 13ХХІ ғасыр- Қазақстанның
«Алтын ғасыры» боларына сенеміз.
Слайд 14Мәңгілік Ел –бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің орталығы
Слайд 15
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат еш нәрсе
жоқ.
Мен де Қазақстанымды адал, сәби бала жүрегіммен мақтан етемін.
Мен
- қазақтың патриоты, мен болам,
Мен - мен қазақстандықпын, менікі бұл - жер, далам.
Мен - қазақтың патриоты, мен болам,
Сенімменен қарап отыр ел маған.
Слайд 16Оқушылармен сұхбат
- Сіз өзіңізді патриотпын деп айта аласыз ба?
- Мен
әрине, өзімді патриотпын деп санаймын. Әрбір қазақпын деген азамат, ол
өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын.
Слайд 17Патриоттық ұғымды қазіргі уақытта қалай ұғынасыз?
Ж: -Қазіргі уақытта
патриоттық деген, меніңше, бірінші орында елге, Отанға,туған жерге, тілге деген
құрметтен басталады. Мен Патриотпын деген жастар -ұлтымызды,мәңгілік жерімізді, ана тілімізді, Ұлы Дала Елін қорғай біледі .
Слайд 18 “ПАТРИОТ”
мектептің үйірмесі
Біз –Үлкен ел, -Үлкен Отбасымыз
Мәңгілік ел –бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият
Слайд 19Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етеміз.
Мәңгілік ел
–бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
Мен Қазақстандықпын
Слайд 20
Біз – патриотпыз!
Біз-тәуелсіздік тірегіміз!