Слайд 1 Сабақтың тақырыбы:
Септіктер хандығы
Сабақтың тақырыбы: Азық
-түлік дүкенінде.
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту.
Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту.
Дамытушылық: Ауызекі
сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Тілге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Слайд 3- Бүгін қазақ тілі сабағында септіктерді қайталаймыз, әр оқушы өз
білімінің дәрежесін көрсетуі тиіс.
- Қазір осы септіктер туралы ертегіні тыңдап
көріңдер.
Слайд 4 -Ерте – ерте ертеде Септік деген хан тұрады
екен. Оның жеті ұлы бар екен.
Барлығы осы сарайда тұрады. Әр
ұлының өз қызметі бар. Септік ханның әр ұлына берген мұрасы бар екен.
-Септік хан мынадай жарлықтарын жіберіпті. Ханның жарлықтарын дұрыс шапшаң орындаған оқушыға ханның сыйлық бағасы бар екен.
1 - Жарлығы: Ұлдарымның атын атап, ретімен қойыңдар дейді.
2 - Жарлығы: Ұлдарымның қызметін табыңдар (сұрақтарын тауып қою).
3 - Жарлығы: Олардың мұраларын атаңдар. (жалғауларын тауып қою).
Слайд 5 -Балалар, қазақ халқында жеті саны қасиетті сан.
Жеті санына
байланысты көптеген ұғымдар бар. Мысалы 7 ғаламат - 7 чудес
света, 7 қазына - 7 богатств, 7 ата – 7 колен родословной, «Наурыз көже»де жеті тағамнан жасалады. Кемпірқосақтың да жеті түсі бар, апта күндері. Қазақ тілінде де жеті септік, 7 ұяң дауыссыз, 7 үнді дауыссыз бар.
Ендеше, келесі біздің тапсырмамыз да осы санмен байланысты.
Септіктер хандығында Наурыз мейрамына дайындалып жатыр, сондықтан хан осындай тапсырма беріпті. Наурыз көже қандай жеті тағамдардан жасалады екенін, айтып беріңізші дейді.
Слайд 7Көбелектерді өз гүлдеріне қондыр
Слайд 8- Келесі ханның тапсырмасын орындайық
септік атауларын ретімен жина, ретімен қой,
сұрақтарын жаз, жалғауларын тап.
Слайд 9Сергіту сәті
Біздер тату боламыз,
Гүл – гүл жайнап барамыз
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп
қаламыз!
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір
Бір, екі, үш,
төрт
Жоғары қолды соғамыз.
Слайд 10мақал – мәтелдер сайысы
Қазақ халқында мақал –
мәтелдер өте көп. Олардың тапқырлығы сан алуан түрлі. Бүгін біз
білім мен өнер тақырыбына берілген мақал – мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын ауызша айтайық.
(Не?) Оқу – білім бұлағы,
(Не?) Білім - өмір шырағы.
(Кімнің?) Білімдінің – алды жарық,
(Кімнің?) Білімсіздің – күні кәріп.
(Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,
(Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.
(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.
Оқу (немен?) инемен құдық қазғандай.
Слайд 11«Адасқан септіктер»
Дұрыс өз орнына орналастыру керек:
Ілік септік, Табыс
септік, Көмектес септік , Атау септік , Барыс септік, Жатыс
септік, Шығыс септік.
Слайд 12«Адасқан жалғаулар»
Мен төртінші сынып….. оқимын. Мен сыныпта досым….. отырамын. Біз
сабақ…. кейін бірге ойнаймыз. Мектеп…. бірге барамыз, мектеп….. бірге қайтамыз.
Мен сабақ…. жақсы оқимын.
Адасқан жалғаулар: -мен, -та, -тан, -тен, -ке, -ты.
Слайд 13Сөйлемдерді толықтырып жаз. /Көмектес септігі/
1.Мен бүгін (с бабушкой)
дүкенге бардым. 2.Сен кеше ( с братом) стадионға бардың. 3.Күзде
мен (с Маратом) лагерьге бардым. 4.Айжан (с Дашей) кітапханаға келді. 5.Бауыржан жазда (на самолете) Алматыға барды. 6.Әкем(на поезде) Астанаға кетті.
Слайд 14тест сұрақтары:
1. «Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
Б) Атау септік С) Барыс септік
А) Ілік
септік Д) Жатыс септік
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
С) Оқушы А) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда
3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) –ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-кі. Қ) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
В) –ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден
4.Барыс септігінің сұрағын белгіле
Ы) кімге? неге?қайда? С) кімге? кімді?нені?
В)кімдерге? Кімді?нені? Д) кіммен? немен?
5. Көмектес септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде Т)мектеппен
В) далаға Д)ауылдан
Слайд 15тест сұрақтары:
1. «Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
Б) Атау септік С) Барыс септік
А) Ілік
септік Д) Жатыс септік
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
С) Оқушы А) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда
3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) –ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-кі. Қ) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
В) –ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден
4.Барыс септігінің сұрағын белгіле
Ы) кімге? неге?қайда? С) кімге? кімді?нені?
В)кімдерге? Кімді?нені? Д) кіммен? немен?
5. Көмектес септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде Т) мектеппен
В) далаға Д) ауылдан
Слайд 16Үй жұмысы. Қ.Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін жаттау.
Атау септік кім? не? десе,
Атың менен затыңды ата.
Кімнің? ненің?
- деп анықтап,
Ілік септік іліп алар.
Кімді? нені? керек етсең,
Табыс сұрап жүріп табар.
Кімге? неге? қайда? барсаң,
Барыс септік біліп
Кімде? неде? қайда? десең,
Жатыс септік сонда жатар.
Шығыс септік кімнен? неден?
Қайдан шықтың соны айтар.
Кіммен? немен? керек болса,
Көмектес көмек беріп қайтар.
Слайд 17Қорытынды сұрақтар
1. Қазақ тілінде неше септік
бар?
2. Септіктерді ата
Балалар, жарайсыңдар!
Сендерге Септік хан көп
рақметін айтты.
Сау болыңдар!