жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы,
бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере,шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді
Сен кімге баласың?
Сен кімге немересің?
Сен кімге шөбересің?
Сен кімге шөпшексің?
Жеті ата кім:
Жеті ата – үйге келген жеті қонақ
Жеті ата – өзіңнің бұрынғы ата -бабаң