Слайд 1ТӨЛДІ ҚАЛАЙ ШАҚЫРАДЫ?
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР.
Сабақтың тақырыбы:
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін кеңейту,сөздегі дауыссыз дыбыстарды табуды
үйрену,өлеңдерді дұрыс түсініп оқуға төселдіру.
Ой - өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды,тапқырлықты,шығармашылықты дамыту.
Төрт
түлікті сүюге,оларды күтуге тәрбиелеу.
Слайд 3Сабақтың көрнекілігі:Төрт түлік суреттері,төрт түліктің пірлері,Ә.Тәжібаевтың портреті,тірек – сызбалар.
Сабақтың түрі:Жаңа
сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері:Топтық,ассоциялық аймақ құру,кубизм әдісі,ой – шақыру.
Пәнаралық байланыс:Дүниетану,музыка
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақ
4.Бекіту
5.Бағалау
6.Үйге тапсырма
Слайд 4Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
“Өзімізді өзіміз тексерейік”
3.Жаңа сабақ
3.1.“Білгенге маржан”
3.2.“Ойлан тап”
ойыны(Дәптермен жұмыс)
Сергіту сәті
3.3.Кім зерек?
(Кубизм әдісі,сәйкестендіру әдісі)
4.Сабақты бекіту
“Не оқып білдік?”
5.Бағалау
6.Үйге тапсырма
Слайд 51.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу,олардың назарын сабаққа аудару,сыныпты екі топқа бөлеміз
(І топ
“ДАУЫСТЫ”,ІІ топ “ДАУЫССЫЗ”)
Психологиялық жаттығу
Әрбір адам – туысым,досым,жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену,ұғу,ұлағат
Әрбір
сөзің – шындық,бірлік,адамдық
Әрбір ісің – тілек,бірлік,адалдық
2.Үй тапсырмасы
“Өзімізді өзіміз тексерейік”
Ой шақыру:
Қазақ альфавитінде неше әріп бар?
Неше дыбыс және таңба бар?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстарды ата?
Дауысты дыбыстарды ата?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
16 – жаттығу,дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазып шығу.
А.ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э
“БІЛІМ” деген сөзге дыбыстық талдау жасаймыз.
Слайд 63.Жаңа сабақ:
Бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып,дауыстылардан ажырата білуге үйренеміз.
Дауыссыз дыбыс
әріптері:
Б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у)
Өкпеден шыққан ауаның дыбыстау мүшелері әсерінен кедергіге ұшырап,шығуынан жасалатын дыбыстарды
дауыссыз дыбыс деп айтамыз.Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар.
Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе – сордан (сортаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы – желден (желден жүйрік), сиыр – судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой – пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкң – тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылыпты-мыс.
Текті мал – киелі де. Халық аңызында төрт түлікті көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін жебеп-жебелейтін қамқоршы пірлер бар. Олар: түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата (Жылқышы ата), сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шекшек (Сексек) ата.
Слайд 7
Көрнекілікпен жұмыс.Мал аталарымен таныстырамын.
17 – жаттығу.
Қой атасы – ШОПАН ата
Жылқы
атасы – ҚАМБАР ата.
Ешкі иесі – СЕКСЕК ата
Түйе атасы –
ОЙСЫЛ қара,
Сиыр иесі – ЗЕҢГІ баба.
Қамбар ата,Зеңгі баба,Ойсыл қара,Шопан ата,Сексек ата сөздерін жазғызып,дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.
І топ оқиды,ІІ топ сызады.
18 – жаттығу.Топпен жұмыс. “Құлыншағым” өлеңін оқушыларға оқыту.
ҚҰЛЫНШАҒЫМ
Құлыншағым – құндызым
Құлдырайды,шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
(Ә.Тәжібаев)
Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп,әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.
І топ оқиды,ІІ топ сызады.
Слайд 9ЗЕҢГІ баба
ҚАМБАР ата
СЕКСЕК ата
ШОПАН ата
ОЙСЫЛ қара
Слайд 10Сергіту сәті.
“ДЕМАЛЫС”
Өлеңін жазған: Н.Әлімқұлов
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Оқулықпен жұмыс.
(Мұғалім
өлеңді оқып,мазмұнын түсіндіреді.)
Төлді қалай шақырады?
Кезектестіріп оқушыларға оқытқызу.
Сұрақ – жауап әдісі.
1.Төлдерді
қалай шақырады?
2.Төлдер туралы өздерің не білесіңдер?
“Кім зерек”
1.Қозыны қалай шақырады?(Пұшайт - пұшайт)
2.Лақты қалай шақырады?(Шөре – шөре)
3.Құлынды қалай шақырады?(Құрау - құрау)
4.Бұзауды қалай шақырады?(Аухау - аухау)
5.Ботаны қалай шақырады?(Көс – көс)
6.Төрт түліктің иелерін ата?
Слайд 134.Сабақты бекіту
“Не оқып білдік?”
І топ.
Мына сөздердің қайсысы артық?
(Түйе,ешкі,ит,мысық,сиыр,жылқы,қой)
Қалған жануарларды
бір сөзбен қалай атауға болады?
(Төрт түлік)
ІІ топ.
Мына сөздердің қайсысы артық?
(Лақ,қозы,түлкішек,құлын,бота,бұзау,аю)
Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?
(Төрт түліктің төлдері)
Слайд 145.Сабақты бағалау
Топпен жасаған жұмыстарына,жауаптарына қарай бағалаймын
6.Үйге тапсырма
19 – жаттығу.Дауыссыз дыбыстарды
жаттау.
“Төлді қалай шақырады?” өлеңін мәнерлеп оқу.