дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңде өскелең ұрпақтың білім деңгейі
қазіргі заман талабына сай болуы баршаның мақсаты болып отыр.Қазақстанның қазіргі даму кезеңгі білім беру сапасын жаңалау және әлімдік сұранысқа лайықтау қажіттігін анықтап беріп отыр.
Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытта пәндерді игеруі математикадан басталады. Математиканы дұрыс игермеген оқушы осы бағыттағы қай салаға да маман болып барса да шеберлігі шыңына жетуі қиынға соғады. Сондықтан ғылымның негізі болып табылатын математика пәнін оқушы сапалы түрде игеру тиіс.
А.Постниковтың «Мен адамның математикаға қабілеті жоқ дегенге сенбеймін» - деген тұжырымдамасын негіз ретінде алсақ, онда әрбір балада математикаға қабілеті бар деген ойға келеміз. Яғни сол қабілетті оятып, әрі қарай дамытып осы салада жетістіктерге жеткізу мұғалімге байланысты екені белгілі болады.
«Білім негізі бастауыштан қаланады» - деген ұғым біздер үшін қағидаға айналды. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушыларына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім алуына зор ықпал етеді.
Қазіргі заман оқушысына білім алуына не кедергі етеді? Білімге деген қызығушылықтың жоқтығы десем қателеспеймін. Өйткені оқушыға заман талабына сай жан-жақтан, қоршаған ортадан алаңдататын көптеген қызықты, қол жетімді «объектілер» көп, олар теледидар, компьютер, қалта телефоны, интернет желісі. Осындай ортадан оқушының назарын білімге тарту оңайға түспейтіндігі белгілі.
Оқушыларды қалай математикаға қызықтыру керек?
Оларды математика сабағын асығыспен күту үшін не істеу керек?
Оқушылардың өздерінің еңбектеріне жауапкершілікпен қарауды қалай қалыптастыру керек?
Менің оқыту жүйем, алдымен менің оқушыларым бап күш жігерімен менімен бірге сабақта жұмыс істеулеріне бағытталған.
Мұғалімнің шеберлігінің кілті:
Оның сабақ технологиясын меңгеруі, әдеттемелік тәсілдерді тиімді қолдана білуі болып табылады. Осындай тиімді де, нәтижелі әдістердің бірі- дидактикалық ойындар деп есептеймін.
«Бір сарынды және бір бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан мұғалім оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану крек» - дейді К.У.Ушинский.
Ал, орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «Ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңі өмірге қабілеті байқалады» -деген.
Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді.
Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін адамға қиыл мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды дидактикалық ойындар дейді.
Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері:
Дидактикалықь ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабілдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
Мен қазіргі матаматиканың сабағының тиімділігін арттыру мақсатында негізгі ақпараттық мүмкіндіктерді; әр сабаққа ойын элементтерін қолданамын.
Қазіргі уақытта оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, дамыту барысында түрлі әдістемелік әдістерқолданылады. Ойын элементтерін пайдалана оқыту әдісі математиканы оқытуда жиі қолданады. Бұл әдіс оқушылардың жеке шығармашылықпен жұмыс жасауына және ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Оқу тәрбие үрдісіндегі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу білім беру мазмұнымен тығыз байланысты. Оқушының нақты қабілетін анықтап беруге және оның қандай деңгейде белімі бар екенін нақты көрсетіп береді, қызығушылығын арттырады.
Бұл баяндама бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарын дидактикалық ойын арқылы жүргізуді қарастырамын.
Сабақ- әрбір мұғалімнің ізденісінің нәтижесі сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсегнділіктерін арттырады. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушылардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады.
Математикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. “Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты” – деп В.Ф.Сухомлинский айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады.
Мақсаты:
- Математика сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру .
Міндеттері:
Математика сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
Математика бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау.
Оқушылардың иеориялық білімін жүйелеуге және практикалық қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
Өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бар адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
Оқышылардың пәнге деген қызығушылығының деңгейін сезінуге, оны игеруде өз мүмкіндігін болашаққа бағалай білуіне көмек көрсету;
Оқушылардың қызығушылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
Егер математика сабағында:
Ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
Уақытты тиімді пайдаланса;
Тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе.
Онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.