Слайд 1«Әдепті елдің баласы ең алдымен сәлем берер» дегендей алдымен
амандасу
Слайд 3 Балалар біздер компьютер деген не, ол қалай пайда болған
екен сол жөнінде шолып кетсек.
Алғашында компьютерлер өте үлкен болған екен.
Үлкендігі сондай осы бөлмеміздей болыпты. Сондықтан ғалым ағаларымыз жұмыстарын жеңілдету үшін осындай кішкентай компьютерлер ойлап тапқан екен. Компьютерлер адамзат баласының теңдесі жоқ көмекшісі болып табылады екен.
Слайд 4
Балалар біздер компьютерді барлығымыз білеміз, солай ма?
- Балалар үйлеріңде
компьютер барма?
- Сендерге компьютер ұнай ма?
- Компьютермен жұмыс жасағыларың келе
ме?
- Олай болса балалар компьютердің құрылысымен таныстырып өтейін.
(Компьютердің құрылысымен таныстырып өту).
(Осы жерде есік қағылады).
Слайд 6Балалар, бізге біреу қонаққа келген сияқты. Қане бұл кім болды
екен?
(Осы кезде сиқыршы келеді).
Слайд 7 Сиқыршы: - Сәлеметсіздер ме, балалар. Қандай әдемі балалар.
Балалар менің ғажайып қобдишамның ішінде суреттер бар. Соларды біле алмай
келген жайым бар және балалар қауіпсіздік ережелерін білмей тұрған жайым бар. Егерде маған айтып берсеңдер, мен сендерге осы ғажайып қобдишамды сыйға тартамын.
Слайд 10 Компьютер кабинетіне келгенде тоқтарды, розеткаларды ұстауға
болмайды;
• Компьютерде су киіммен, су қолмен отыруға болмайды;
• Компьютер жанына
сумка, кітап, дәптер қоюға болмайды;
• Пернетақтаға артық заттар қоюға болмайды;
• Компьютер кабинетінде жүгіруге, секіруге, төбелесуге болмайды;
• Компьютерді мұғалімнің рұқсатынсыз қосуға болмайды;
Слайд 11 Сиқыршы: - Не деген ақылды, білімді
балалар. Мен сендер арқылы білмейтін суреттерімнің не екенін және қауіпсіздік
ережелерін де үйрендім. Рахмет сендерге балалар. Мен сендерге осы ғажайып қобдишамды сыйға тартамын. Енді мен жүрейін. Сау болыңдар, балалар.
Слайд 12 Балалар енді сіздер қандай сурет салғыларыңыз келеді?
Нені армандайсыңдар? Сол армандарыңды компьютерге салып көрсетіңдерші. Кімнің қандай арманы
бар екен?
(балалар сурет салады).
Дайын кітапханадан сурет алу арқылы.
Слайд 15Ненің суреті жасырылған?
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫН
Слайд 31Болашақта компьютерді жақсы меңгерген маман болыңыздар!