Слайд 1Сабақтың тақырыбы :
Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Слайд 3Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Оқыту әдіс-тәсілдері:
сұрақ-жауап, миға шабуыл, топпен жұмыс
Көрнекілігі:
Компьютер, проектор, слайд, тақта
Слайд 4Қолданылатын пед.технология: Дамыта оқыту технологиясы /ДСОТ/
Компьютерлік оқыту технологиясы /КОТ/
АКТ-ны қолдану
Өзін-өзі
бағалауға немесе өзара бағалауға үйрету
Оқушы білуі қажет: Символдық шамаларға берілген
есептерге программа жазуды.
Оқушы меңгеру керек: Символдық мәліметтермен амалдар орындап, есептерді шығару, программа жазу
Слайд 6І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне
сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау.
Оқушыларды түгендеп,
журналға белгілеу.
Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау. Шаттық шеңберін құрып әр оқушы бір гүлден ұстап бір-біріне жылы лебіздерін айтып, қолдарындағы гүлдерін ұсынады.
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.
Слайд 7- Оқушыларды топ ережесімен таныстыру;
- Бағалау критерийлерімен таныстырып, тақтаға іліп
қоямын.
- Осы тұста топ ережесіне бағынбаған топтың жанына барып, жетон
тастап отыратынымды ескертемін; /НЕГЕ? НЕ ҮШІН НАҚТЫЛАУ КЕРЕК
- Оқушылардың көңіл - күйлерін бақылау
Слайд 8
Топ ережесін нақтылау
1. Топ басшысы ұйымдастырушы және логикасы дамыған
болу
2. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін»
3. «Білекті бірді жығады,
білімді мыңды жығады»
4. «Бірлігіміз мықты болса алынбайтын қамал жоқ»
5. «Бір құмалақ бір қарын майды бұзбасын»
6. «Қарсыласыңды силай біл»
7. «Өзіңе деген сенімің мықты болсын»
8. «Әрқашанда біргеміз, берік болсын іргеміз»
Оқушы әрекеті
Мұғаліммен амандасады;
Шаттық шеңберін құрып, жылы лебіздерін айтады;
Топ ережесімен келіскен - келіспегендіктерін айтады;
Бағалау критерийлерін көріп, танысқаннан кейін өз - өздерін реттей бастайды;
Топ ережесіне бағынуға тырысады;
Слайд 10ІІ Үй тапсырмасын тексеру
/тестпен жұмыс/
1. Бірөлшемді бүтін сандардан тұратын массивті
Var қызметші сөзінде сипатталуы
Integer
Real
array[1..n] of real
array[1..n] of integer
String
2. Берілген жиым
неше элементтен тұрады?
5
14
9
45
54
3. Мына жазбалардың қайсысы дұрыс?
massiv array[1..N] of vector;
massiv array[1..N] of real;
massiv array[1..N] of;
massiv array[1N] of integer;
massiv array[1..N] real.
4. Жиым дегеніміз не-.....
бір атаумен белгіленіп біріктірілеген біртекті элементтер жиымы.
бір атаумен біріктірілмеген біртекті элементтер жиымы
әртүрлі программалау тілінде жиымдарды жазу ережесі
мәліметтерді ұйымдастырудың кестелік тәсілі
Слайд 11
5. Берілген жиым элементтерінің типі қандай?
Var B: array[1..7] of char;
Бүтін
Файлдық
Нақты
Логикалық
Символдық
6. Төмендегі массив элементтерінің сипаттамасының қайсысы дұрыс емес?
Var A: array[1..20]
of real;
Type Mas=array[‘A’…’D’]; of real; Var A: Mas
Var a: array[integer] of char;
Var MM: array[false..true] of char;
Type SS=array[‘-20…0] of integer; Var Mas:SS
7. Төмендегі типтердің қайсысы жиым элементтерінің типі бола алмайды?
бүтін
файлдық
нақты
символдық
мәтінді
Слайд 12
ІІІ. Жаңа сабақ
Екі топқа тақырыпты бөліп беріп, 1-топқа стандартты функциялар,
ал 2-топқа стандартты процедураларды оқып, екі топ бір-біріне әрбір функциялар
мен процедуралардың жазылуы мен атқаратын қызметін түсіндіреді. Мұғалім толықтырып, мысалдар көрсетеді.
Слайд 13
Символдық типтегі мәлімет үшін төмендегідей стандартты функциялар анықталған:
chr(x) - byte
типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді.
ord(ch) – с симиволын оның byte
типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді.
pred(ch)- ch –тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді.
succ (ch) – ch –тан кейінгі кодына сәйкес символды береді.
upcase(ch)- кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады, басқа символдарға әсер етпейді.
Слайд 14
Символдық типтегі мәлімет үшін төмендегідей стандартты функциялар анықталған:
Text -
мәтіндік тип, файл аттарын белгілеуде қолданылады.
LENGTH (x) – мәтін ұзындығын
анықтайтын операциясы.
Length (‘ABCD’) = 4. Length (‘a f 5 1’) = 7.
Copy (St, Poz,N) – St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады. St – тіркестік айнымалы, Poz, N – бүтін сандар.
Concat(s1, s2,…,sn) – жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді.
Delete(S,Poz,N) – S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.
Insert(S1,S2,Poz) – S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.
Str(I,S) – I санын сиволдар тіркесіне ауыстырады да, нәтижені S мәні ретінде жазады. I атауынан кейін шығару пішімін ( I:2) көрсетуге болады.
Val(S,I,god) – S сөз тіркесі ретінде берілген сандық мәнді бүтін немесе нақты санға ауыстырады да, нәтижені I айнымалысының мәні ретінде жазады.
Слайд 15
Мысалы: ағылшынның алфавитін экранға шығарып беретін программа құралық.
Program kodtar; {программаның
тақырыбы}
Var c: char; {с символдық айнымалыны сипаттау}
Begin {программаның басы}
For
c:=’a’ to ‘z’ do {параметрлі цикл операторы}
Write(c); {цикл денесі: с айнымалысын баспаға шығ.}
End. {соңы}
Мұның нәтижесінде дисплей экранында abcd….z символдары көрінеді. Ал алфавитті кері тәртіпте бейнелеу қажет болса, онда FOR операторының алғашқы жолын басқаша мынадай түрде жазу керек.
For c:=’z’ downto ‘a’ do
Слайд 16
Мысал: Берілген сөзде қанша «а» әрібі бар екенін анықтайтын программа
жазыңыз.
program a_sanau;
uses crt;
var i,n,k: integer;
s: string;
begin
write('tanbalar tizbegin
engiz, ');
read(s);
n:=length(s); k:=0;
for i:=1 to n do
if (s[i]='а') or (s[i]='a') then k:=k+1;
writeln('sozdegi kichi "a"-lar sany - ',k);
end.
Слайд 17Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар орындау.
Практикалық бөлім.
Тапсырма №1. Кез келген сөзді
енгізгенде, сол сөзді кері ретпен шығаратын программа құр.
Program E1;
var x,d,a:string;
i,k:integer;
Begin
Writeln(‘soz
engiz’);
Readln(x);
for i:=length(x) downto 1 do
write( copy(x,i,1));
Readln
end.
Слайд 18
Тапсырма №2
Есептің программасының әр жолын бөлек қиып, араластырып оқушыларға
беремін. Олар берілген есептің программасын дұрыс құрастырып, есептің шартын айтуы
тиіс. Сарапшылар дұрыстығын тексеріп, қате жері болса ескертіп айтады.
Слайд 19
1-топ. Енгізілген сөздегі барлық «а» әріптерін «о» -ға ауыстыру программасын
құру.
Program e2;
uses crt;
var s:string;
procedure changechar(var s:string);
var n:byte; begin
n:=0;
while pos (‘a’,s)>0
do begin n:=n+1; S[pos('a',s)]:=’o'; end;
end;
begin
writeln;
write(‘s=’);
readln(s);
changechar(s);
writeln(‘ а-ны о-га ауыстыргандагы нәтиже: ‘,s);
readln
end.
Слайд 20
2-топ. “ку”, “шка”, “юшон”, “пила” сөздерінен: “кукушка кукушонку купила
капюшон” сөйлемін құрастыратын алгоритм жазу және оның ұзындығын анықтау керек.
Program e2;
const a='ку'; b='шка'; c='юшон'; d='пила';
var t: string [100];
l: integer;
begin
t:=a+a+b+' '+a+a+copy(c,2,3)+a+' '+a+d+' '+copy(b,2,2)+copy(d,1,1)+c;
l:=length(t);
writeln(' t:=', t);
writeln(' l:=', l);
end.
Слайд 22
Тапсырма №4
Берілген есептің қатесін тауып компьютерге көшіру.
Кез келген сөз
тіркесі теріліп, оның соңында Enter пернесі басылған. Енгізілген символдардың санын
және сол сөздерде Т әрпінің неше рет кездесетінін есептейтін программа құру керек.
Program e4;
uses crt;
var b:char; n,k:real;
Begin k:=1; n:=0; readln;
writeln(‘matin engizinder:’);
while not eoln do
Begin read(b);
n:=n+1;
if b:=’t’ then k:=k+2;
End, writeln;
writeln(‘matindegi simboldardin sani n=’,n:3);
writeln(‘matindegi t arpinin sani k=’,k:3);end.
Слайд 23
V. Жаңа материалды меңгерту
Кім жылдам?
Слайд 24
VІ. Сабақты қорытындылау.
Білімді бағалау.
VIІ. Үй
тапсырмасы
Берілген сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайтын программа құрастырып келу.
кітапхана сөзінен: ана, кітап, танк, апа, хан сөздерін құрастырып, сөздің ұзындығын көрсететін программа құру.
Тақырыпты оқу.
Слайд 25
Сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!