Слайд 1Абай Құнанбаев
1845-1904
Балгина Б.К.
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Слайд 2Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.
Әжесі Зере сүйікті немересін
Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында шын
аты аталмай, Абай атанып кетеді.
Слайд 3Абайдың әкесі - Құнанбай. Құнанбай Өскенбайұлы 1802 жылы өмірге келеді.
Ол халық арасында өте беделді, абыройлы, әділ би болған. Ол
81 жыл ғұмыр кешкен. Құнанбай ел ішінде қажы атанған.
Семей өңірінде Құнанбай қажының мешіті орналасқан.
Слайд 4Абайдың әжесі - Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, бойына
ізгілік шуағын сепкен, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.
Анасы
Ұлжан – ұстамды, мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.
Слайд 5Зере әже көңілі кең, жүрегі нәзік адам болған. Абай әжесін
қатты жақсы көреді. Күндіз де, түнде де ертегі айтқызады.
Абай әжесімен бірге:
“Е-е.. Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен?”– деп бастап, әңгіме сұраған тілегін осылайша бастайтын.
Слайд 6Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты.Абай кез келген істің
мәнін бейбіт түрде шешті.
Слайд 7
Абай он екі жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі.
Онда 3 жыл оқиды. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс
мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.
Слайд 8Абай орыс әдебиетімен Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады.
Әсіресе Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларын сүйіп оқыған.
Абай Құнабаев
Н. Долгополов досымен бірге.
Слайд 9Пушкиннің “Евгений Онегин”қазақ
тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты”
атты
ән шығарды.
Слайд 10
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгердердің маржан
мұраларынан сусындап, әншілік-күйшілік өнерді ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар
болған.
Абай күйлері: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.
Абай әндері: “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”, “Қор болды жаным”.
Слайд 11Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған.
Балаларға арналған өлеңдері “Адам
болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жазғытұрым”, “Күз”, “Қыс” т.б
Слайд 13
Сұрақтар:
1 Абай Құнанбайұлы қай жылдары өмір сүрген?
2.Әжесінің есімі кім?
3. Абай
неше жасынан өлең жазған?
4. Абайдың әкесі кім?
5.Қандай шығармаларымен таныстыңдар?
Слайд 14Қорытындылау
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Абай
әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың айтқан пікірімен аяқтағым келеді.
1.Өлеңді жаттау (2 шумақ)
2. Өлеңнің тақырыбын, идеясын анықтау