Слайд 1Екі өрнектің қосындысының және айырмасының кубы
Мұғалім:Айтбаева Айнұр Есенғалиқызы
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Қысқаша көбейту формулаларын есептер шығаруда қолдануды үйретуге
оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және
іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлауын, математикалық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың бір - біріне көмектесу адамгершілігін, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Слайд 3Сабақтың типі: Білім, білік және дағдыны тексеру сабағы және қайталау
сабағы.
Сабақтың түрі: Практикалық және топтық сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Практикалық әдіс, түсіндіру,
сұрақ – жауап, Блум таксономиясы
Сабақтың көрнекілігі: презентация, маркер, үлестірмелер, сызбалар (қысқаша көбейту формулалары), бағалау парағы
Слайд 4Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, оқушыларды 3
топқа бөлу, бағалау парақтарын тарату
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Бағалау парағында сабақта
орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады. Сабақ соңында осы ұпай бойынша бағаланатын болады.
Слайд 6№463 Ықшамдаңдар және нәтижесін есептеңдер:
Слайд 7Формуланы білемізбе?
1. (а + b)²= а²+2аb+b²
2. а² - b² =
(а - b) (а+b)
3. а³- b³ = (а - b)
(а²+аb+b²)
4. (а - b)³= а³- 3а²b+3аb²- b³
5. (а - b)²= а²- 2аb+b²
6. а³ + b³ = (а+b) (а²- аb+b²)
7. (а + b)³= а³+3а²b+3аb²+b³
Слайд 9
Анықтамалық ақпарат: Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19
1623 жыл — Тамыздың 19 1662 жыл) - XVII -
ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының авторы. Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында Паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады.
Слайд 10Қолдану кезеңі. “Жұптық жұмыс ”. Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып есептер
шығарамыз. Әр топтан екі оқушыдан шығып, есепті тақтада орындайды. Бір
оқушы тақтада есепті жазады, екіншісі қандай формула арқылы шығарылғанын түсіндіреді.
Слайд 11 Сергіту сәті. Оқушыларға сан айтылады. Егер ол сан қандай
да бір санның квадраты болса, оң қолдарыңды, кубы болса сол
қолдарыңды, бір уақытта квадраты да кубы да болса екі қолдарыңды көтеріңдер.
Слайд 12Талдау кезеңі. Оқулықпен жұмыс №454- Ітоп-1, ІІтоп-2, ІІІ топ-3, №458
І топ-1,ІІ топ-2 №470 ІІІ топ-1. Алдымен есеп топта шығарылып,
талқыланады. Есеп жауабына қарай топтар бірін - бірі бағалайды.
Слайд 13№458
1)a3+3ab(a-b)+b3=(a+b)3
2) a3-3ab(a-b)-b3=(a-b)3
№470
(a+b)2-4ab=(a-b)2
Слайд 14.
Тест жұмысы (7 минут). Жекелеп жұмыс жасау
1. Көпмүше түрінде жаз. (5х-4)(5х+4)
А)
25х-16, В) 25х2-16, С) 16-25х2, Д) 25х2-4
2. Көбейтінді түрінде жаз.
81d2-64c2
A) (9d-8c)(9d+8c), B) (8c-9d)(8c+9d), C) 8c2-80c+46d2, D) (9d+8c)(-9d-8c)
3. Екі мүшенің квадратын көпмүше түрінде жаз. (х+9)2
А) (х+9)(х-9), В) х2-18х+81, С) х2+18х+81, Д) х2-81-18х
4. Үшмүшені екімүшенің квадраты түрінде жаз. в2+2в+1
А) (в-1)(в+1), В) (в-1)2, С) в2-12, Д) (в+1)2
5. Көпмүше түрінде жаз. (m+n)3
A) m3+3m2n+3mn2+n3, B) (m+n)(m-n), C) m2+2mn+n3, D) m3-3m2n+3m2n-n3
6. Көпмүшені екімүшенің кубы түрінде жазыңдар. x3+3x2+3x+1
A) (x+1)3, B) (x-1)3, C) x3-1, D) x2-3xy+y2
7. Көбейткішке жіктеңдер. b3+125
A) (b+5)(b2-5b+25), B) (b-5) (b2+5b+25),
C) (-5-b)(b2-5b+25), D) (5+b)(-b2-5b-25)
8. Екімүшенің квадраты түрінде жаз. а2-14а+49
А) (7+а)2, В) (а-7)(а+7), С) (а-7)2, Д) а2-72
9. Екімүшенің кубы түрінде жаз. у3-3у2+3у-1
А) (у-1)3, В) (у+1)3, С) у3-1, Д) у2+3ху-3х2у+1
Слайд 15Жауаптары
1. в
2. а
3. с
4. д
5. а
6. а
7. а
8. с
9. а
Слайд 16Бағалау. Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, мұғалімге
оқушы дәптерлерін жинап береді. Бағалау кестесіне сәйкес оқушылар бағаланады.
Слайд 17Үй жұмысы: Қысқаша көбейту формулалары мен ережелерді жаттау.
№467, №471 есептер
Слайд 18Сабақтан алған әсерім
Қай аралда тұрақтадыңыз