Разделы презентаций


"?й, осы математика". Сыныптан тыс ж?мыс. 8 сынып

Содержание

8 сынып оқушыларыӘркім орындайтын кезек санын таңдап алу51234678

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1“Әй, осы математика . . .”
сайысы

“Әй, осы математика . . .”сайысы

Слайд 28 сынып оқушылары
Әркім орындайтын кезек
санын таңдап алу
5
1
2
3
4
6
7
8

8 сынып оқушыларыӘркім орындайтын кезек санын таңдап алу51234678

Слайд 3Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа,
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста-

деп

«Әй, осы математика»
атты сайысымызды бастаймыз.

Сайысқа қатысушылар:
№1-Бекболатова Жарқынай №2 Жанат Ғасыр
№3-Асқарбекова Ұлжан №4- Мысырова Диана
№5- Абилов Айдын №6–Орақов Нұрсултан
№7-Нұртөлеуов Жанат №8- Жунусбекова Зухра


Бүгінгі күн сайыстаЕшкімнен сен қалыспа,Білімі кімнің көп болса,Сол озады сайыста- деп

Слайд 43
4
5
2
1
7

345217

Слайд 5Әділ қазылар алқасын сайлап алу
Б.Н.Байтемирова химия пәні

мұғалімі
Ж.А.Жунусова математика пәні мұғалімі
А.С.Сатимова

физика пәні мұғалімі

Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әділ қазылар алқасын сайлап алуБ.Н.Байтемирова    химия пәні мұғалімі Ж.А.Жунусова

Слайд 62030- дың біз барысымыз.
Болашаққа бастайды әр ісіміз
Егемен елімізді

көркейтетін,
білім шыңына шығу парызымыз.
Н. Ә. Назарбаев.
Семинар ұраны:

2030- дың біз барысымыз. Болашаққа бастайды әр ісіміз Егемен елімізді көркейтетін, білім шыңына шығу парызымыз.Н. Ә. Назарбаев.

Слайд 7 Өту жоспары:

Математиктер жайлы әңгімелер
Логикалық есептер
Мақал-мәтелдер сайысы
Есепке кім жүйрік?
Кім көп

біледі?
Қорытынды


Слайд 81.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)



2.Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек.
(М.В.Ломоносов)



3.Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон

)
1.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

Слайд 9
Математиктер жайлы әңгімелер


Оқушылар математиктер жайлы
дайындаған әңгімелерін айтады

Математиктер жайлы әңгімелер Оқушылар математиктер жайлы дайындаған әңгімелерін айтады

Слайд 10Логикалық есептер
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз

жеңістерге бастаймыз.

Логикалық есептерҚиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймызҚиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Слайд 11
ӘРКІМ
ӨЗІНЕ СӘЙКЕС
НӨМІРДЕГІ ЕСЕПТІ
ШЫҒАРАДЫ


6. Түйе, бота маң басқан
Төрт

аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы

екі қой
Бәрін бірге санап қой.
17

7. Көл тоғанды қырға бар
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде
Отыр екен он жерде
Санап берші тырналар
Қанша болды ол жерде?
20

1т темір
ауыр ма, әлде
1000 кг мақта
ауыр ма?
Бірдей

5. Квадрат үстелді
айнала төрт адам отыра
алады (әр жағына бір-бірден).
Мектепте дәл осындай 7 үстелді
жалғап бір қатарға қойып,
ұзын үстел құрды. Осы
үстелді айнала қанша
адам отыра алады? 16

4. Сандар қатарын-
дағы келесі санды тап?
20,21, 23, 24, 26, 27, …
29


7 жұмыртқаның
бағасы 7 теңге болса,
100 жұмыртқаның
бағасы неше теңге?
100

3. 4 827 105
санындағы үш цифрды
ең кіші сан шығатындай
етіп сыз. Сонда қандай
сан шықты? 2 105

8.Әлібектің түстері қызыл, көк және жасыл доптары бар. Қызыл доп көк доптан үлкен, көк доп жасыл доптан үлкен.Ең үлкен доптың түсі? қызыл

ӘРКІМ ӨЗІНЕ СӘЙКЕС НӨМІРДЕГІ ЕСЕПТІ ШЫҒАРАДЫ6. Түйе, бота маң басқанТөрт аяғын тең басқан.Шұнақ құлақ бес ешкіҚос лақпен

Слайд 12Мақал- мәтелдер сайысы
Ал, балалар, балалар
Мақал –мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік

Мақал- мәтелдер сайысыАл, балалар, балаларМақал –мәтел айтайық.Қиындыққа қайыспайАсулардан өтейік

Слайд 136. 30 тістен шыққан сөз,

30 рулы елге тарайды.
7. Білгенің бір

9,
білмегенің 99.

3. 2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.





4. 1 кісі қазған құдықтан,
1000 кісі су ішеді.




7 рет өлшеп,
1 рет кес.

Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.

Төртбұрыштың орнына сан қойып, мақалды оқы

Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.

Әркім өзінің нөміріне сәйкес мақалды орындайды

7. 1 тал кессең.
10 тал ек.

6.  30   тістен шыққан сөз,   30   рулы елге тарайды.7.

Слайд 14Есепке кім жүйрік?
сайысы
Берілген есептерді
барлығы орындайды
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де

- есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз

ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Есепке кім жүйрік?сайысыБерілген есептерді барлығы орындайдыӨмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.Есепсіз

Слайд 152. 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын

барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын

және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең? 3 210 – 1 023= 2 187

* 2 *
2 7
3 6 * 8
* * * *
* * * * *

524 · 27 = 14 148

х

1. Жұлдызшаның орына сан қойып, көбейтуді орында:

+

3

Әрбір сақинадағы сандардың қосындысы 55-ке тең болса, А қаншаға тең? 10

2.  0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы

Слайд 163. Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй

қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының

еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? 1500

жеті шал келе жатты, әрқайсысының жеті таяғы бар, әр таяқта жеті бұтақ бар, әр бұтақта жеті дорба бар, әр дорбада жеті қорап бар, әр қорапта жеті самса бар. Барлық самса қанша? 151 949

3.  Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен

Слайд 171. 3 әртүрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті.

Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды.
Олар қандай сандар

болғаны? 1+2+3=1х2х3=6

2. Студент кешкі сағат 10-да
ұйықтауға жатар алдында, шырылдайтын сағатын келесі күні сағат 12-де оянатындай етіп қойды. Сағаты шырылдап оятқанша ол неше сағат ұйықтайды? 2 сағат

3. Адамның қолында 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? 50

4. Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20 жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды?
Ит 20 жыл, түйе 30 жыл

5. Дүкенде 16кг, 17кг, 40кг –дық қораптарға кәмпиттер салынған.Қораптарды ашпай- ақ Аяз Ата балаларға 50кг кәмпит сатып алуына бола ма?
16кг+17кг+17кг= 50кг

7. Бір сан ойладық, сол санды 2 есе арттырып, шыққан нәтижені 3 – ке бөлгенде, 80 санын алдық. Ойланған санды тап 120

8. 12 сақинаның біреуі өзге сақиналардан жеңіл. Кір тастары жоқ табақшалы таразымен бір рет қана өлшеп, массалары бірдей 4 сақинаны қалай табуға болады? 4 4 4

6.Бір-бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы ерекшелігін тауып, қатар жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта.
9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...? 10

1. 3 әртүрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды.

Слайд 18“Кім көп біледі?” сайысы
Әр оқушыға 7 сұрақтан қойылады. Оған кім

тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі
Білімнің ұшқырлығын танытып

сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап , зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
“Кім көп біледі?” сайысыӘр оқушыға 7 сұрақтан қойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі

Слайд 19№1 оқушы
Санауда қолданылатын сандар?

Натурал
2. 8 санының квадраты неге

тең? 64
у=√x функциясының графигі қай ширекте? І ширек
4.Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы?
360º
5. D<0болғанда квадрат теңдеудің неше түбірі бар? 0
6. 1/2- ге кері сан? 2
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? 50жыл

№1 оқушыСанауда қолданылатын сандар?            Натурал2. 8

Слайд 20№2 оқушы
1. Неше цифр бар?

он
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? 1
3. D>0 болғанда квадрат теңдеудің неше түбірі бар? 2
4. Барлық қабырғалары тең параллелограмм? ромб
5. Төртбұрыштың неше диагоналы бар? 2
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? 0-ге
7. 12 санының квадраты? 144


№2 оқушы1. Неше цифр бар?

Слайд 21№3 оқушы
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?


диаметр
2. Тангенстің 60º - ғы мәні? 1
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан нөл
4. D=0 болғанда квадрат теңдеудің неше түбірі бар? 1
5. 15 санының квадраты? 225
6. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама – қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең. Бұл теорема қалай аталады? Виет теоремасы
7. Трапецияның орта сызығы неге тең?
Табандарының қосындысының жартысына
№3 оқушы1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді?

Слайд 22№4 оқушы
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?

нөл
2. Косинустың 30º-тағы мәні?

√3/2
3. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? радиус
4. | - 10 | мен 1 қайсысы үлкен? | - 10|
5. Барлық рационал сандар мен иррационал сандар жиыны қандай сандар жиынын құрайды? нақты сандар
6. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш? трапеция
7. Ең үлкен уақыт өлшемі? ғасыр
№4 оқушы1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?   нөл2. Косинустың 30º-тағы мәні?

Слайд 23№5 оқушы
1. Кеңістіктегі фигуралар қасиетін зерттейтін геометрия бөлімі

планиметрия
2. Координаталар жүйесін енгізген ғалым Р. Декарт
3. Вертикаль бұрыштар қандай болады? тең
4. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180º
5. Жазықтықтағы бір-бірімен қиылыспайтын түзулер
параллель
6. Санның бір дәрежесі неге тең? санның өзіне тең
7. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан қабырғасы катет
№5 оқушы1. Кеңістіктегі фигуралар қасиетін зерттейтін геометрия бөлімі

Слайд 24№6 оқушы
1. Кез келген санның нөл дәрежесі

1
2. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем теорема
3. Бұрышты қақ бөлетін сәуле биссектриса
4. Тұстас бұрыштардың қосындысы 180º
5. Екі қабырғасы тең үшбұрыш? тең бүйірлі үшбұрыш
6. π санының жуық мәні неге тең? 3,14
Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер
перпендикуляр

№6 оқушы1. Кез келген санның нөл дәрежесі

Слайд 25№7 оқушы
1. Геометрия терминінің мағанасы грек сөзі жер өлшеу
2.

Сыбайлас бұрыштардың қосындысы

180 º
3. Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неше градустан? 60º
4. Квадрат функцияның графигі парабола
5. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем аксиома
6. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы гипотенуза
7. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш?
тең қабырғалы үшбұрыш

№7 оқушы1. Геометрия терминінің мағанасы  грек сөзі жер өлшеу2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы

Слайд 26

8 – оқушы

Бір тәулікте неше сағат бар?

24
9 санының квадраты неге тең? 81
Бүйір қабырғалары тең үшбұрыш
Тең бүйірлі үшбұрыш
4. Диагональдары тең тіктөртбұрыш шаршы
5. √121= ? 11
6. sin²х+cos²х= ? 1
7. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
360°



8 – оқушыБір тәулікте неше сағат бар?

Слайд 27“Әй, осы математика”
сайысының қорытындысы

“Әй, осы математика”сайысының қорытындысы

Слайд 28Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын

анықтап,
Мадақтап, мақтау қағазын тапсырады.

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалдыАл, қазір әділқазылар сөз алады.Сайысымыздың жеңімпазын анықтап,Мадақтап, мақтау қағазын тапсырады.

Слайд 29Қатысқандарыңызға рахмет!

Қатысқандарыңызға рахмет!

Слайд 30Адилханова
Лаура
Токтаровна

математика
пәні мұғалімі

Адилханова ЛаураТоктаровнаматематика пәні мұғалімі

Слайд 31Қазақ математиктері
Садуақас Хасенұлы Боқаев
1907 – 1942
Орта Азия математигі
Омар

Хайям
(1048 – 1131)

Әлімхан

Ермеков
1881 – 1970
Қазақ математиктеріСадуақас Хасенұлы Боқаев 1907 – 1942Орта Азия математигіОмар Хайям    (1048 – 1131)

Слайд 32Омар Хайям (1048 – 1131)

Омар

Хайям – ең әуелі, сырға толы, парасатты пайымдаулар мен ойға

негізделген рубаяттардың авторы. Рубаят Шығыс ақындары арасында мол таралған өлең формасы. Омар Хайямнан бізге 300-га тарта осындай рубаяттар қалды.
Омар Хайям бірнеше философиялық трактаттар жазған ғұлама. Ол Аристотель, Фараби, Ибн-Синаның көзқарастарын қабыл алып, дамытушы.
1074 жылы Омар Хайям сельджук сұлтаны Жәлелиддин Мәлік шахтың сарайына шақыртылды. Сұлтанның өзі, әсіресе, оның прогресшіл уәзірі Низам әл-Мүлік Омар Хайямның білгірлігін жоғары бағалап, оны Исфағандағы обсерваторияның басына қояды. Омар Хайям мұнда Мәлік немесе Жәлелиддин эрасы деп аталатын календарьдың жобасын дайындайды.
Омар Хайям «Алтын мен күмістен тұратын заттардағы алтын, күмістің мөлшерін анықтау өнері жөнінде» физикалық трактат жаған.
Омар Хайямның ғылыми еңбектерінің салмақты жағы оның математикалық жетістіктерінде жатыр. Ол алгебра жөнінде «Алгебра және әлмукабала мәселелерін дәлелдеу туралы» көлемді трактат жазады. Оның концепциясы бойынша: алгебра және әлмукабала өнері – ғылми өнер. Мұның мәні – белгісіз бола тұра басқа бір белгілі нәрсеге байланыстырып анықталатын абсолют сан немесе кескінді, алгебралық есептеулер, теңдеу құру арқыл шешіледі.

Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик – Омар ибн-Ибрагим әл-Хайями (1048-1130) Хорасанның басты қалаларының бірі болған Нишапурдан шыққан. Алайда, ол өмірінің түрлі кезеңдерінде Орта Азия мен Иранның, Самарқанд, Мерв (қазіргі Мары), Исфаған, Рей мен басқа қалаларында тұрып, қызмет жасайды.

Омар Хайям    (1048 – 1131)  Омар Хайям – ең әуелі, сырға толы, парасатты

Слайд 33 Омар Хайямның ғылыми еңбектерінің салмақты жағы оның математикалық

жетістіктерінде жатыр. Ол алгебра жөнінде «Алгебра және әлмукабала мәселелерін дәлелдеу

туралы» көлемді трактат жазады. Оның концепциясы бойынша: алгебра және әлмукабала өнері – ғылми өнер. Мұның мәні – белгісіз бола тұра басқа бір белгілі нәрсеге байланыстырып анықталатын абсолют сан немесе кескінді, алгебралық есептеулер, теңдеу құру арқыл шешіледі.
Егер Хорезми бірінші және екінші дәрежелі (квадрат) теңдеулерді бес түрге келтірген болса, Омар Хайям оларға үшінші дәрежелі (куб) теңдеулер түрін қосып, барлығы 25 түрлі теңдеуді қарастырдады.
Омар Хайямның математика тарихында көрнекті роль атқарған тағы бір трактаты – «Евклид кітабындағы қиын аксиомаларға (постулаттарға) түсініктеме» деп аталады. Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, бұл еңбекті ол ескі гректерден қалған математикалық мұраларды түсігдіру, зерттеу негізінде жазған.
Омар Хайямнның шығармалары төмендегілер:
Арифметика мәселелері.
«Әл-Жебр» мен әл-мұқабала есептерінің дәлелдемелері туралы. (1961 жылы орыс тілінде жарияланған);
Евклид кітабындағы қиын постулаттарға т.сіндірмелер;
Даналық таразысы. (1961 жылы орыс тіліне аударылған);
Болмыс туралы. (Философиялық кітап 1917 жылы Каирде араб тілінде басылған. 1961 жылы орыс тіліне аударылған);
Дүниенің болуының жалпылығы туралы. (Философия мәселелері жөнінде. 1961 жылы орыс тіліне аударылған);
Омар Хайямның өлеңдері. (Әлденеше рет басылған. Көптеген халықтардың тілдеріне аударылған).
Омар Хайямның ғылыми еңбектерінің салмақты жағы оның математикалық жетістіктерінде жатыр. Ол алгебра жөнінде «Алгебра және

Слайд 34Садуақас Хасенұлы Боқаев 1907 – 1942)
Боқаев С.Х. (1907-1942) –

математика саласы бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш , алғашқы ғылым кандидаттарының

бірі, қазақстандағы жоғары математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық
университеті мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің физика-математика факультетінің негізін қалаушылардың бірі.

С.Боқаев 1907 жылы 17 наурызда Семей облысы, Абай ауданы, Көкбай ауылында дүниеге келген. Сауатын Зайсанда ашады. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнініен бастап інісі Тайыр Жомарбаевтың (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және драматург) пен Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне берді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлеміндегі математиканы жақсы игеріп, олар оны Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөліміне оқуға жіберген.
Садуақас Хасенұлы Боқаев 1907 – 1942) Боқаев С.Х. (1907-1942) – математика саласы бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш ,

Слайд 35 Осы институтта сабақ берген К.И.Торопов қабілетін байқап, институт директоры

Қ.Тоқыбаевтың алдында С.Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Ол

Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөлімін, 1928 ж І – Мәскеу мемлекеттік университетінің астрономия-математика бөлімін бітірген.
Ғылыми педагогикалық қызметі: КазПИ де ассисент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор міндетін атқарушы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары:
1. Кез-келген аралықта жинақталатын қатардың қосындысы болатын функцияның құрылымдық қасиеттері;
2. Арнайы функциялар және олардың жалпы жағдайлардағы ерекше нүктелері;
3. Жалпы түрдегі кейбір анықталмаған интегралдарды интегралдау әдістері;
4. Конформдық бейнелеулер және олардың механикада қолданылуы.
ҚазПИ-де онымен қызметтес болған қазақтың көрнекті математикатерінің бірі С.А.Аяпбергенов айтқандай: «Сәдуақас Боқаев орта бойлы, кең маңдайлы, жанары өткір, батыл және ширақ мінезді, тартымды бет пішінімен ерекшеленетін адам еді. Ол көтеріңкі дауыспен айтатын, жағымпаздық пен жалқаулықты суқаны сүймейтін, бүкіл болмысымен тынымсыз еңбек етуге барлық уақытын өзі сүйетін іске арнаған азамат болатын». Міне, қазақ математикасының жарық жұлдызы Сәдуақас Боқаевты біз осылай танимыз.

Садуақас Хасенұлы Боқаев (1907 – 1942)

Осы институтта сабақ берген К.И.Торопов қабілетін байқап, институт директоры Қ.Тоқыбаевтың алдында С.Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы

Слайд 36Қазақтың тұңғыш профессор математигі


Әлімхан Ермеков қазақтың математика саласындағы тұңғыш профессоры,

қазақ тіліндегі тұңғыш жарық көрген «Жоғарғы математика курсы» оқулығының иесі,

қарапайым құмға аунап өскен қазақтың баласы. Ол 1891 жылы Семей облысының Қарқаралы уезі, Темірші болысында туған.
Әлімханның арғы атасы Ермек Байтасов Құнанбайдың төсекте басы, төскейде малы қосылған туыстас елдің азаматы. Өз әкесі Әбеу Әмірхан, Әлімхан, Әлихан атты үш ұл тәрбиелеген, көзі ашық, көкірегі ояу жан болыпты.
Әлімханның алғырлығы мен зеректігін ақылды әке ерте бастан-ақ таныған. Бастауыш сыныпты үздік бітірген баласын әкесі Семей гимназиясына түсірді. Осында оқыған жылдары оны саяси сенімсіз деп стипендиядан қақса да, ара-арасында ауқаттылардың баласын ақылы оқытып, оқуын алтын медальмен бтірді. Бұл кезде ардақты әкесі 1911 жылы 54 жасында дүниеден өткен еді.
Ол кезде ережеге сай гимназияна алтын медальмен бітірген түлек Санкт-Петербург Политехникалық институтына қабылданатын. Қаржы қол байласа да, қисынын тапқан Әлімхан Томск Технологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады.
Небір алмағайып заманды бастан өткерген Әлімхан аталарың көптеген жылдар бойы жоспарлау комитетінде, тағы да басқа жауапты қызметтерді істей жүріп, Қазақстанда алғашқы жоғарғы оқу орындарын ашып, қазақтың баласына білім беремін деген арманын орындау барысында, ұстаздық жұмысқа ауысты. Жоғары техникалық білімі бар ол әуелі Ташкентте педагогикалық институтта дәріс береді. Алматы политехникалық институның іргетасын қаласты. Ол мал дәрігерлік, политехникалық институттарда, Қазақ мемлекеттік университеттерінде жоғарғы математика және теориялық механика кафедрасының меңгерушісі, жалпы техникалық факультеттің деканы болып қызмет істеді. 1935 жылы ол математика профессоры атанды. Ол Қазақ ССР-ы оқу-ағарту халық комиссариатының тапсырмасымен математика терминологиясын жасады. Жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ тілінде математика оқулығын жазды. Бұл қазақ тіліндегі тұңғыш математика оқулығы еді. Ертеректе Ленинмен дауласып жүріп, Каспий теңізінің солтүстігіндегі жағалауды Астрахань губерниясының меншігінен алып, Қазақстанға қосқан Әлімхан Ермеков қазақ баласының математика саласының қыр-сырын үйренуге осылай еңбек етті. Ол 1970 жылы 22-маусымда Қарағанды қаласында қайтыс болды. Оның ісі жалғасын тауып жатыр.
Қазақтың тұңғыш профессор математигіӘлімхан Ермеков қазақтың математика саласындағы тұңғыш профессоры, қазақ тіліндегі тұңғыш жарық көрген «Жоғарғы математика

Слайд 37Сақыш Ескендірқызы Шәкілікова
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының

мектеп және мектепке дейінгі білім институтының жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытудың мазмұнымен

әдістері лабораториясының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сақыш Ескендірқызы Шәкілікованың есімі бүкіл республикаға танымал.
Оны орта мектептің геометрия курсына арналған оқулық, оқу-әдістемелік құралдар және жарияланған көптеген ғылыми-әдістемелік еғбектері, симпозиум, конференция, семинарлар мен лекцияларға белсенді қатысу арқылы мұғалімдкр, әдіскерлер, оқушылыр мен студенттер өте жақсы біледі.
Шәкілікова С.Е. 1932 жылы 16-тамызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. Оның болашақ мамандық таңдауына әсер еткен әкесі – республикаға танымал, еңбек сіңірген мұғалім Шәкіліков Ескендір Зұлқарнайұлы.
Шәкілікова С.Е. 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, осы жоғары оқу орнында «Математика әдістемесі» кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді. 1959-1973 жылдары Алматы қаласындағы №72 мектепте математика мұғалімі, мектеп директоры қызметін атқарады.
1997 жылы Шәкілікова С.Е. «Базалық мектепте математикадан оқу-әдістемелік кешендердің дидактикалық негіздерін құру» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.
1995 жылы Шәкілікова С.Е. доцент, 2001 жылы профессор ғылыми атағына ие болды.
1992-1997 жылдары Абай атындағы АлМУ-ң доценті бола жүріп, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім проблеммалары институтының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
1992 жылдан Шәкілікова С.Е. «Қазақ тілінде оқытатын мектептерде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру», «Орта мектепте білім беру тұжырымдамасын жүзеге асырудың теориялық, эксперименттік-педагогикалық жағдайы», «Математиканы оқытудың негізгі мазмұнын, әдістер мен тәсілдерін жетілдіруді айқындайтын қағидалар жүйесі», «Математикадан ОӘК-ге қойылатын талаптар жүйесін дайындау» тақырыптарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Зерттеудің нәтижесінде «Ықтималдықтар теориясының және математикалық стаистиканың тұжырымдық негіздері», «Математикадан 5-11 сыныптарға арналған бағдарлама», «Геометриядан 7,9 сыныптарға арналған оқулық» және оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралдар, «Математика пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандарты», «ҚР Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы» және т.б. еңбектері жарық көрді.
Сақыш Ескендірқызы Шәкілікова   Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының мектеп және мектепке дейінгі білім институтының жаратылыстану-математикалық

Слайд 38Мұны білген жөн
Евклид
Бастауыш геометрияның ең алғашқы авторы гректің алғашқы математигі

Евклид өзінен бұрынғы ғасырлар бойы жиналған деректерді бір кітапқа сыйғызып,

«Негіздер» деген атпен оқулық жазған. Тарихшылардың айтуынша, Евклид өте адал, шыншыл, кіші пейілді адам болған, ғылымға мейілінше берілген, ғылым жолын қатты ұстаған ғалым болған. Патшаның геометриямен айналысқысы келген сұрағына, «Геометрияда патшаларға арналған жеңіл жол жоқ» - деген екен.
Мұны білген жөнЕвклидБастауыш геометрияның ең алғашқы авторы гректің алғашқы математигі Евклид өзінен бұрынғы ғасырлар бойы жиналған деректерді

Слайд 39Пифагор Самосский.
Пифагор (б.э.д. 580-500 ж) Самостық Пифагордың атағы

тек математиктерге ғана емес, мектепте оқыған жастардың бәріне әйгілі. Оның

тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең деген теоремасы көпшілікке әйгілі.
Ол – 1, 2, 3, 4 – сандарын: от, жер, су және ауа деген. Бұл сандардың қосындысы – 10 – бұл барлық тіршілікті бейнелейді деген екен. Ол сандарды жұп және тақ, жай және құрама сандарға бөліп, музыканың математикалық теориясын ашты.
Пифагор Самосский.  Пифагор (б.э.д. 580-500 ж) Самостық Пифагордың атағы тек математиктерге ғана емес, мектепте оқыған жастардың

Слайд 40 1540 жылы Фонтене ле-Конт қаласында

дүниеге келген. Франсуа Виет математика мен астрономия проблемаларына көп үлес

қосқан. Өзінің бос уақыттарын осы ғылымға арналған. Ол Архиметтің және Диофанттың, Карданоның, Бомбелли, Стевина және басқалардың еңбектерін терең оқыды. Ол теңдеуді әріппен белгілеуді енгізді. Виет теоремасын тест түрінде берілген квадрат теңдеулерді шешкенде уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Франсуа Виет

1540 жылы Фонтене ле-Конт қаласында дүниеге келген. Франсуа Виет математика мен астрономия

Слайд 41Рене Декарт
1596-1650
Францияның оңтүстігінде кедейленіп қалған зиялы отбасында туған. 8 жасында

әкесі колледжге оқуға жібереді. Колледж біткен соң өмірін табиғат сырларын

ұғуға арнауды жоспарлайды. 22 жасында өз еркімен армия қатарына кіреді. Әскери қызыметтен кейін философиямен, ғылыммен айналысады.
Жас ғалымның атағы тез тарай бастайды. Ол тыныштықтың қажеттігін ойлайды. Декарт Голландияға келеді. Мұнда ол 20 жыл үздіксіз жұмыс істейді. Оның күндік кестесі былай болған: таңертең ойын жинақтау және математикалық есептерді шешу, одан кейін анатомия, оптика, медицина, ботаникадан тәжірибелер жасау болған. Декарт Европаның атақты ғалымдарымен хат жазысып отырған.
Рене Декарт1596-1650Францияның оңтүстігінде кедейленіп қалған зиялы отбасында туған. 8 жасында әкесі колледжге оқуға жібереді. Колледж біткен соң

Слайд 42Декарттық координаттар жүйесі
2
4
Декарттың негізгі жетістігі нүктенің
орнын анықтауға арналған
координаттар жүйесі. Кез

келген
нүктені екі санмен анықтауға болатының
көрсетті. Мысалы А(2;4)
Декарт “Геометрия” кітабында
аналитикалық

геометрия мен алгебраның
негізін жазды. Математикаға қазір де
пайдаланып жүрген кейбір белгілеулерді
енгізген. Мсыалы: а² , а³ . . . дәрежелерді,
х,у,z деп белгісіздерді белгілеу т.б.

Декарт еңбектері математиканың дамуына көп әсері болған.
Жазықтықтағы координаттар жүйесін енгізу және фигураларды олардың теңдеулерімен беру көптеген геометриялық есептерді геометриялық фигуралардың теңдеулерін зерттеуге ұштастыруға мүмкіндік беретінін байқады. “Геометрия” және “Әдіс туралы байымдау” атты кітаптарында жаңа әдісті жан-жақты баяндап берген.

Декарттық координаттар жүйесі24Декарттың негізгі жетістігі нүктеніңорнын анықтауға арналғанкоординаттар жүйесі. Кез келген нүктені екі санмен анықтауға болатыныңкөрсетті. Мысалы

Слайд 43Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)
Әбу Әли ибн-Синаның аты-жөні Әбу

Әли Құсайн ибн-Абдолла ибн-Сина. Ол 980 жылы Бұқар қаласының маңындағы

Афшана қыстағында тәжіктің отбасында дүниеге келген. Бұл тұста Бұқар Орта Азиядағы аса ірі мәдени орталықтардың бірі болатын. Әбу Әлиді бес жасында Бұқардағы мектепке оқуға береді. Әбу Әли он жасында құранды түгел жатқа айтатын болады, грамматика, стилистика, поэтика сияқты пәндерді меңгереді. Осыдан кейін бүкіл Бұқарға белгілі философ Натилиден логика, философия, математика, заң ғылымдары бойынша дәріс (сабақ) алады. Геометрияны Евклид бойынша, ал астрономияны Птоломей бойынша өздігінен оқып-үйренуге кіріседі.
Ол, әсіресе, медицинамен қатты әуестенеді. Ежелгі гректің ұлы дәрігерлері Гиппократ, Гален, Шығыс медицина білгірлерінің еңбектерін оқуға үлкен зейін қояды. Сонымен Әбу Әли 18 жасқа жетпей-ақ білгін, зерделі оқымысты атанады.
Он сегіз жасында Әбу Әли Аристотельдің данышпандық мұраларын игеруге кіріседі.
Хорезмнің саяси жағдайы, Махмұд Ғазнауидің озбырлықтары Әбу Әлиді Хорезмнен де кетуге мәжбүр етеді. Тарихшылардың айтуынша, Әбу Әли өзінің ғылыми-философиялық трактаттарының басым көпшілігін осы кезеңде жазған. Олар – «Медицина негіздері», «Сауығу кітабы» т.б.
Әбу Әли ибн-Сина (Авиценна)  Әбу Әли ибн-Синаның аты-жөні Әбу Әли Құсайн ибн-Абдолла ибн-Сина. Ол 980 жылы

Слайд 44 «Сауығу кітабында»философиялық системасы мен ғылым салалары баяндалады. Бұл

энциклопедиялық еңбектің 8 бөлігі жаратылыстану мәселелеріне аранлған. Мұнда сол кездегі

физика, химия, биология, геология және басқа ғылымдар баяндалады. Кітаптың 5 бөлімі математикалық ғылымдарға арналған. Мұнда арифметика, геометрия, астрономия, музыка және басқа да дәл ғылымдар жөнінде толық мағлұмат беріледі. Сонан кейін логика, философия, этика, саясат және т.б. мәселелер сөз болады. Әбу Әли ғылымның барлық тауарларын ой таразысына, парасат – білім сарабына сала келіп, бүкіл ғылымды дербес үш салаға бөледі: бірінші – төменгі ғылым, бұған жаратылыстану ғылымдары жатады, екінші – орта ғылым, бұған математикалық ғылымдар жатады, үшінші – жоғары немесе бірінші ғылым, бұған метафизика, теология жатады.
Әбу Әли Шығыста ақын, жазушы, лингвист ретінде кеңінен мағлұм. Ол парсы тілінде көптеген рубаяттар қалдырған. Әбу Әли өлеңмен медициналық дастан жазған.
Әбу Әли 1037 жылы 57 жасында Хамаданда қайтыс болады. Тарихшылардың айтуынша, ол өлер шағында өзіне ем қонбайтынын біліп, дәрі-дәрмек ішуден бас тартқан, өлімге қарсы әрекет жасамаған, дүние-мүлкін кедей-кепшіктерге үлестіріп берген. Жан тапсырар сәтте: «Біз өлерде барлық біліп кететініміз – өткен өмірде ештеңе білмегендігіміз ғана», - деген екен
«Сауығу кітабында»философиялық системасы мен ғылым салалары баяндалады. Бұл энциклопедиялық еңбектің 8 бөлігі жаратылыстану мәселелеріне аранлған.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика