Слайд 2Құрметті ата-аналар!
Әлемге әйгілі шығыс ғұлама
Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ:
«Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас
жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Слайд 3
“Тек ата-ана мен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер
балаларға үлкен, адамдық бақытты беруі мүмкін”
В.А. Сухомлинский
Слайд 4Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай
жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл
бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынып, ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттауы қажет.
Слайд 5Құрметтіата-ана!
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.
Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға
да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.
Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу – үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген дана сөз бар.
Слайд 6Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке
де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете
білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында әке-шешенің үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.
Слайд 8Ата – аналарға кеңес.
Егер:
Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
Баланы мақтап отырса ол өз қадірі үшін оқиды.
Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.
Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
Бала кекшілідікте өссе, ол қатыгез болып өседі.
Бала түсінікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Егер сіз балаңызды жақсы көргігіңзікелсе...
Бірінші кеңес.
Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала өзіне де не керек екенмін деген сезімде болуы, басқаларды құрметтеуді ұғыну жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
Слайд 9Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз.
Екінші кеңес.
Баланың ырқына жүре бермеңіз. Балан
не талап қойса, соған елпілдеп, айтқанын да айтпағанын да алып
бере беруге болмайды.. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет қайсысының қажет емес екендігін айтып, түсінідіріп қою қажет.
Слайд 16Бала төмен баға алып келгендегі ата-ананың әрекеті
Ата-ана
Қолыңнан еш нәрсе
келмейді
Ақылсыз
Неге
оқымайсың?
Енді еш жерге бармайсың
Ұятқа қалдырасың
Слайд 17Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі
Бала
Мақтау керек
Сену керек
Көмектесу керек
Мұғаліммен тығыз
байланыста болу
керек
Слайд 18Тәрбие
Рухани
Иманды
Талғамды
Білімді
Әділетті
Мәдениетті
Ата-ана болам десеңіз...
Слайд 19Баланың ден
саулығын,
тазалығын
Баланың
икемділігін,
бейімділігін
Ата-ана құқығын
Бала тәрбиелеудегі
әдіс-тәсілдерді
Баланың
қарым-қатынас
ортасын
Ата-ана міндетін
Мектеп ережесін
Бала құқығын
Ата-ана білуі керек
Слайд 21Ата-ана меңгеру керек
Халықтық педагогиканы, салт-дәстүрлерді меңгеру керек
Шешендік өнерді меңгеру керек
Бұқаралық-ақпараттық
құралдар мен жұмыс істеуді меңгеру керек
Интернет желісіні және компьютерді меңгеру
керек
Шетел тілдерін меңгеру керек
ХХІ ғасыр ата-анасы қандай болу керек?
1.Білімді,мәдениетті.
2.Өз құқығын білетін.
3.Педагогикалық-психологиялық сауатты.
4.Ата-аналық жауапкершілігін білетін.
5.Ата-аналық міндетін білетін.
6.Мектептен тығыз қарым-қатынаста болу.
7.Материалдық жағдайын қамтамасыз ететін,рухани дамыған .
8.Саяси сауатты.