Слайд 2
«Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы дайындалады...
Сабақ—бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы, ақыл-ойының өлшемі, дүниетанымы
мен сана-сезімінің көрсеткіші». В.А. Сухомлинский
Мұғалімнің жан-жақты әрі мұқият дайындығы
Мақсаттар мен міндеттердің нақтылығы
Сабақ тегін дұрыс таңдауы
Оқытудың түрлері мен әдістерін дұрыс орайластыруы. Жаңадан жаңаны таба білуі.
Мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі
Оқытудың әр түрлі құралдарын қолдануы
Уақытты ұтымды пайдалану
Оқушылардың белсенді жұмысы
Шығармашылық
Деңгейлік және жеке жұмыстар
Сабақтағы жағымды ахуал
Табысқа жеткізетін жағдаяттар
Алуан түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Сабақтың сапалы болуына қажетті талаптар:
Слайд 3Сабақ - күрделі үдеріс болып саналады. Сондықтан ол әр түрлі
белгілеріне қарай бірнеше тектерге бөлінеді. Бұған қазіргі таңдағы сабақтардың алуан
түрлілігі куә.Теория мен іс жүзінде мынадай сабақ тектеріне аса үлкен мән беріледі:
Негізгі дидактикалық мақсатына қарай сабақ тектері:
1- жаңа материалды меңгерту сабағы;
2- меңгерілген жаңа білімді бекіту сабағы;
3- білім, білік, дағдыны пайдалану сабағы;
4- білімді жүйелеу мен жинақтау сабағы;
5- білім, білік, дағдыны тексеру және түзету сабағы;
6- аралас немесе құранды сабақ
Слайд 4
Педагогикалық әдебиеттерде сабақ тектерінің алуан түрі көрсетілген. Ғалымдардың зерттеуі
бойынша, сабақтарды олардың негізгі дидактикалық мақсаттарына сай топтастыру қажет. Сабақтың
негізгі дидактикалық мақсаттарын негізге ала отырып, сабақтардың мынадай тектерін көрсетуге болады:
Жаңаны меңгеру сабағы;
Қайталау немесе бекіту сабағы;
Білімді кешенді қолдану сабағы;
Жинақтау,қорытындылау сабағы;
Бақылау сабағы;
Құрамды сабақ (аралас).
Слайд 5 Мақсаты: жаңа білімді меңгерту және білімді бекітудің алғашқы сатысы. Жаңа
тақырып бойынша оқушылардың түсінігі, қабылдауы, ережелер мен заңдылықтар туралы нақты
түсініктердің болуы.
Мұндай сабақтарға кіріспе сабақтар жатады. Жаңа тарау не бөлім басталғанда осы сабақ түрін қолданады.
Сондай-ақ, мұндай сабақты күрделі де көлемді тақырыпты өтерде қолданады.
Жаңа материалды меңгеру сабағы
Слайд 72. Білімді бекіту (қайталау) сабағы
(повторения )знаний
Мақсаты: алған
білімдерін білік, дағдыға айналдыру .Оқушылардың теориялық материалды, ережелерді, алгоритмдерді меңгеру
Бұл
сабақтың негізі - тақырып бойынша әр түрлі нұсқадағы тапсырмалар-ды орындауда болады, яғни алған білімдерін білік, дағдыға айналдыру жаттығулары жүргізіледі. Мұндай сабақтарды жүргізу үшін практикалық жұмыс қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде физика, химия, география, биология және информатика сабақтарында осы текті қолдану өте тиімді деп жазылған.
Мұндай сабақта ойын түрлерін, жарыс түрлерін өткізуге болады. Деңгейлік тапсырмалар және жеке жұмыстар жүргізуге өте қолайлы. Оқытудың жеке, жұптық, топтық, ұжымдық түрлерін ұйымдастыру да жақсы нәтиже береді.
Слайд 8Қайталау сабағының құрылымы:
сабақты ұйымдастыру;
сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының қойылуы;
тірек білімдерін
еске түсіру, негізгі түсініктерді қайталауға бағытталған үй тапсырмасын тексеру. Өткен
сабақта үйге берілетін тапсырма осы сабақта не сұрайтындығыңа сай болуы керек.
қайталаудың қорытындысын шығару, сабақтағы оқу жұмысының нәтижесін тексеру.
үйге тапсырма беру.
Слайд 103. Білім, білік, дағдыны пайдалану сабағы
Мақсаты:білімді кешенді түрде, өздігінше
пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.
Алған білім, білік,
дағдыларын өмірде өздігінше және шығармашылықпен қолдана білуге үйрету, теория мен практикалық білімдерін ұштастыру, оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу.
Практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, семинар және т.б.
Слайд 11Ұйымдастыру кезеңі.
Білімді шығармашылықпен қолдануға негіз болатындай оқушылардың алған ББД шыңдау;
Білімді жүйелеу және жинақтау.
ББД кешенді пайдалана білу үлгісін меңгеру.
Дағды
қалыптастыруға ықпал ететін жаттығу жұмыстары
а) үлгісі көрсетілген жаттығулар;
б) ереже бойынша жаттығулар;
в) мұғалім тапсырған жаттығулар
Шығармашылық жаттығулар.
Білім, білік, дағдыны бақылау және өзін-өзі бақылау.
Сабақты қорыту және үй тапсырмасын хабарлау.
Слайд 12сабақты ұйымдастыру (оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау);
өткен сабақ бойынша білімдерін, үй
тапсырмасын тексеру;
сабақ тақырыбын, мақсат-міндеттерін хабарлау;
білік, дағды қалыптастыруға бағытталған жаңа тақырыпты
меңгерту;
алғашқы білік, дағдыны қалыптастыру, бекіту және оны қалыпты жағдайда қолдану;
білім, білік, дағдыны мазмұны өзгертілген жаттығуларда қолдану;
білім мен білікті шығармашылық жұмыста қолдану;
дағдыны жетілдіру жаттығулары;
үй тапсырмасы;
оқушылар білімін бағалай отырып, сабақты қорыту.
Білім, білік, дағдыны пайдалану сабағының құрылымы:
Слайд 144. Білімді жүйелеу және жинақтау сабағы
Мақсаты: Білімді жүйелеу. Оқушылардың алған
білімдерін қалыптасқан жүйеге келтіру.
Бұл сабақтар негізгі екі дидактикалық міндеттерді
шешуге бағытталған:
а) оқушылардың тақырып бойынша алған териялық білімінің мен танымдық іс-әрекетінің деңгейін бақылау;
б) қайталау, олқылықтарды түзеу, оқу материалын тереңірек түсіну.
Слайд 15Білімді жүйелеу сабағының құрылымы:
ұйымдастыру кезеңі;
меңгерілген тақырыптың мәні мен маңызы туралы
мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау;
білім, білік,
дағдыны жинақтап, жүйелеуге бағытталған жеке және ұжымдық, ауызша және жазбаша түрдегі тапсырмаларды орындау;
атқарылған жұмыстарды тексеру, қажет болған жағдайда, түзету;
меңгерілген тақырып бойынша қорытынды ой қалыптастыру;
сабақ нәтижесін бағалау;
қорытындысын шығару;
үйге тапсырма (әрдайым емес).
Слайд 175.Білімді бақылау, бағалау және түзету сабағы
Мақсаты: білім, білік, дағдының деңгейін
анықтау.
Меңгерілген тақырып бойынша білімнің сапалылығы мен беріктігін,
қалыптасқан білік, дағдының деңгейін тексеріп, білім, білік-дағдыдағы олқылықтарды тауып, оларды түзету жолдарын анықтау.
Сабақ түрлері : бақылау жұмыстары, сынақ, білім байқауы.
Слайд 18
Білімді тексеру сабағының құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі. Бұл сабақта тыныштық сақтау және
іскерлік жағдаят туғызу аса қажет. Балалар бақылау және тексеру жұмыстарынан
қорықпауы, артық қобалжымауы керек. Өйткені мұғалім оларға материалды одан әрі меңгерте түсуді көздейді.
Сабақтың міндеттерін хабарлау. Мұғалім оқушыларға нені тексеретіндігін немесе бақылайтындығын хабарлайды. Қажетті ережелерді еске түсіріп, атқаратын жұмыста қолдануын тапсырады. Атқарған жұмыстарын өздері де жақсы тексеріп шығулары керектігін еске түсіреді;
Бақылау не тексеру жұмысының мазмұны (есептер, жаттығулар,тест тапсырмалары,диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап беру т.б.). Тапсырмалар күрделілігі мен көлемі бойынша бағдарламаға сай және оқушылар орындай алатындай болуы қажет.
Слайд 19
Мұндай сабақтар тақырыптың, тараудың немесе бөлімнің соңында өткізіледі. Оның атқаратын
қызметі көп : бақылаушы, оқытушы, тәрбиелеуші, т.б.
Білімді тексеру сабақтарын түрліше
ұйымдастыруға болады (ойын, жарыс түрінде т.б.), бұл сабақтарда мұғалім жеке жұмысты да, топтық жұмысты да кеңінен қолдана алады.
Сабақтың қорытындысын шығару. Мұғалім жақсы орындалған жұмыстарды таңдап алып, басқа оқушылардың жұмысында жіберілген қателерге талдау жасайды және қатемен жұмысты ұйымдастырады (бірақ бұған 1 сабақ жіберіледі, қатемен жұмыс);
Жіберілген қателер мен олқылықтарды анықтау, сондай-ақ оларды түзету жолдарын анықтау, білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Слайд 216.Құрамды(аралас) сабақ
Бұл сабақта бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі:
өткенді
қайталау;
үй тапсырмасын тексеру;
жаңа білімді
меңгеру және білім бекіту;
Слайд 23Дәстүрлі емес сабақтар
Дәстүрлі емес сабақ – қалыптасқан құрылымы жоқ,
импровизациялық сабақ. Мұндай сабақтардың әдістемесі де, өткізілу түрі де әдеттегідей
емес.Сондықтан да олар оқушыларға өте ұнайды. Дәстүрлі емес сабақтарды барлық мұғалімдер жүргізуі керек, бірақ ылғи емес.
Себебі
Дәстүрлі емес сабақтарды қолданудың зиянды жақтары да бар:
Қалыптасқан білім, біліктің сапасы өспейді, оқушының дамуын тежейді; білімдік маңызы мардымсыз материалдармен жұмыс жасалынады.
Слайд 24 Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері
(негізгі дидактикалық мақсаттар бойынша)
Слайд 25 Дәстүрлі емес сабақтарды өткізуге ұсыныстар :
Мұндай сабақтарды ,көбінесе, тақырып,
тарау, бөлім аяқталғанда, білім, білік, дағдыны жүйелеу мен жинақтау барысында
қолданады.
Дәстүрлі емес сабақтарға үлкен де жауапты үш бірыңғай мақсаттары нақтыланған дайындық керек.
Дәстүрлі емес сабақтарды өткізерде сол сынып оқушыларының дайындық деңгейі мен мүмкіншіліктері ескерілуі тиіс.
4. Мұндай сабақтарда әріптестердің көмегіне жүгініп, интеграциялық сабақ қып өткізсе болады.
5. «Балалармен бірге және балалар үшін» деген ұстаныммен әрі мейірімділікке, шығармашылыққа қуанышқа баулу жұмыстары жасалыну қажет.
Слайд 26Дәстүрлі емес сабақтар
Іскерлік ойындар сабағы
Пресс-конференция сабағы
Жарыс сабақтар
КТЖ түріндегі сабақтар
Театрланған сабақтар
Консультация сабақтары
Компьютерлік сабақтар
Топтық жұмысқа құрылған сабақтар
Оқушылардың бірін-бірі оқыту сабақтары
Шығармашылық сабақтар
Аукцион-сабақтар
Оқушылар жүргізетін сабақтар
Сынақ-сабақтар
Шығармашылық есеп сабақтары
Формула-сабақтар
Слайд 2716. Сайыс-сабақтар
17. Жинақтау сабақтары
18. Қиял-сабақтар
19. Ойын-сабақтар
20. Сот сабақтар
21. Ақиқатты іздеу
сабағы
22. Дәріс сабақтар
23. Концерт сабақтар
24. Диалог сабақтар
25. Рөлдік ойындар сабағы
26.
Конференция сабақтар
27. Семинар сабақтар
28. Интеграциялық сабақтар
29. Пәнаралық сабақтар
30. Саяхат сабағы
31. “Ғажайып әлем” ойын-сабақтары