Слайд 1
Құмсай орта мектебінің психологі:
Н.А.Тлеубаева
Слайд 3Мақсаты:
- Баланың ақыл ойын дамыту;
Ойлау қабілетін жетілдіру;
Өзіндік іскерлік қасиеттерін
қалыптастыру;
Заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу.
Слайд 4Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту.
Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы
өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.
Даму барысы:
1. Зердесін дамыту.
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту.
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту.
5. Танымдық үрдісін дамыту.
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту.
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту .
Слайд 5
Атақты педагог Сухомлинский;
“Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани
дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.Ол балаға рухани лаззат беріп, қанат
бітірген, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық”.
Слайд 6Мектепке дейінгі жастағы бала нені білуі тиіс?
Бала тыңдай білуі керек.
Нені болады, ал нені болмайтындығын үнемі есіне салып
отыруы керек.
Балаңыз сіздің талаптарыңызды тыңдап, бағынуы, ол талаптарыңыз оның өмірлік ұстанымына айналуы үшін, бала алдымен сіздің талаптарыңыздың мәнін түсіну қажет. Осыған сәйкес қарапайым түсініктеме беру керек. Балаға «ыстық пешті ұстама» деп айту жеткіліксіз, ең дұрысы: «пештің жанына жақындама, ол өте ыстық, күйіп қалуың мүмкін» деп айтқан жөн болар.
2. Ақыл-ойының даярлығы.
Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс.
Слайд 7 3.Биологиялық кемелденуі.
Баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.)
нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен
бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
4. Қажетті күн тәртібін таңдау және оны әдетке айналдыруға тырысу керек.
Бала күні бойы не істеу қажеттігін, әр нәрсенің өз уақыты бар екендігін біліп отырса, ол өзіне қызықты ойынды қоя тұрып, ұйықтау немесе түскі асын ішу қажеттілігін жеңіл қабылдайды. Бала уақытпен санасуға үйренеді, ол егерде дастархан басында тым ұзақ отырмаса, ойын алаңына да үлгеретіндігін түсінеді.
Слайд 85. Байланыстыра сөйлей білу.
Сөзді тыңдап және оны
түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп және өзін
қызықтырған сұрақтарды сұрай білу.
Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт беру керек: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді.
6. Шығармашылық тілі дамыған.
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтып, өз пікірін еркін айту.
Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға, құрдастарымен қарым-қатынасын байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі (ойын, еңбек, компьютер, тамақтану, серуендеу кезінде, бассейнде, спорт залындағы) жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру. Балалардың үлкендермен бірлесіп әртүрлі жұмыс түрлерін: мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, ойын, би, т.б. жасауына жағдай жасау.
Слайд 97. Бейнелі ойлау
Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары
туралы да ойлайды.
8.Таным әрекетінің бірі - қабылдау.
Бала жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.
Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.
Слайд 109. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі.
Балаға
«күндіз не істедің?», «не көрдің?», «не байқадың?»,- деген сұрақтарды жиі
қойыңыз. Сөйлемейтін бала басқаның да сөзін ұқпайтынын есте ұстаңыз. Бала сөйлеп тұрып та өзін тыңдай білуді үйренуі керек.
Слайд 11«Орнын тап».
Тапсырма: Адасқан кішкентай пішіндерді сәйкес ойықтарға салу.
Күтілетін нәтиже.
Түсті , пішінді ажыратады. Сәйкестікті табуға дағдыланады.
Слайд 12Ұсыныс: Тәрбиешілерге:
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру балаларды жалықтырары сөзсіз.
Мектепке дейінгі
жастағы балалар үшін белгілі бір қалыптылық қажет. Сондықтанда тәрбиеші әр
уақытта қалыптасқан тәртіпті ұстануы керек. Мысалы, алдымен үстел үстіндегі ойындар, одан соң қозғалмалы ойындар, оның соңы ертегі оқу сияқты.
Әрі баланың уақыты ересектерге қарағанда мүлде басқа ағымда: бала 10 минут жалықтыратын іспен айналысқанда, бірнеше сағаттар өткендей сезімде болады.Баланың жасына байланысты болуы керек, әр жылға бір минуттан, үш жасар балаға 3-минут, 5-жасар балаға-5 минут
Тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
Баланың әрбір жақсы әрекеті үшін мадақтап отырыңыз, тіпті өзін жақсы ұстауға талпынғанының өзіне жылы сөзіңізді аямаңыз.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог -тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі.
Слайд 13Ұсыныс: Ата-аналарға:
Балаңызға қажетті күн тәртібін таңдау және оны әдетке айналдыруға
тырысыңыз.
Балаңызға жақын болуға, уақыттың басым бөлігін бірге өткізуге ұмтылыңыз.
Бала ғой, бала деп- елемей жүріп, кішкентайыңыздың көңіліне кірбелең түсіріп алмаңыз.
Балаңыздың жеке тұлға екендігін, оның өз әлемі, өз қалаулары бар екендігін ұмытпаңыз. Ал ол әлемнің есігін тек ғана түсінушілік пен сабырлық кілті арқылы ашуға болады.
Тіл алғаның үшін сыйлық беремін деп сөз бермеңіз. Бұның соңы қандай болатындығы белгілі ғой....
Әкесінің, әжесінің әрекетін балаңыздың көзінше жақындарыңызбен әңгіме қылмаңыз. Олардың бала тәрбиесі әдісімен келіспесеңіз де, баланың көзінде оны сөз қылмаңыз.
Слайд 14Бала тәрбиесінде қолдануға жатпайтын амалдар:
- Агрессияға агрессиямен жауап беруге
болмайды. Егерде бала сізді ұруға, тістеп алуға немесе шымшып алуға
тырысса, сіз тіпті ауырсынып қалғаныңыздың көрсетуге тырысу әрекетімен оның жасағанын қайталауға тырыспаңыз. Баланы ұрудың да тиімділігі аз. Бұл амал баланы шындық әруақытта күштінің жағында деген ойға жетелейді.
- Жүзеге асыра алмайтын байбаламды қолданбаңыз. Мысалы сіз балаңызға «мен енді сенімен ешқашан сөйлеспеймін». «сені жақсы көрмеймін» деп айтпаңыз. Өзіңізде баланың кінәлілік сезімін пайдаңызға қолданбаңыз.
- Бұрынғы реніштері мен әрекеттерін қайта-қайта есіне сала бермеңіз. «жазаланды-кешірдік-ұмытылды» деген қағиданы ұстаныңыз.
- Кемсітуге болмайды, мысалы «боқмұрын құсап жылай бересің» дегендей, мазақ қылу әрекеттері жеке тұлғаны, жеке басын қадірлеу қасиетін жояды.
- Баланы жазалау міндетін бір адамға атап айтсақ, әкесіне жүктеуге болмайды, мысалы қазір әкең келеді, сол саған көрсетеді» деп – басқа адамның есебінен өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетуге тырысуға болмайды.
Слайд 15Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!