Сабақ беру үдерісіндегі
кері байланыстың
маңыздылығы және түрлері
Презентация на тему Презентация на тему Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері из раздела Педагогика . Доклад-презентацию можно скачать по ссылке внизу страницы. Эта презентация для класса содержит 22 слайдов. Для просмотра воспользуйтесь удобным проигрывателем, если материал оказался полезным для Вас - поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций TheSlide.ru в закладки!
Кері байланыс – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі.
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат:
Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.
Кері байланыс...
Оқуды оқыту жағдайына
қарай түрі мен мазмұнын
әдісі мен тәсілін
бейімдейді, тиімді оқытады.
Үйреншікті оқыту
түрін өзгертпейді,
оқытуда бір ғана әдіспен
оқыту түрін пайдаланады.
Кері байланысты мұғалім
Кері байланыссыз мұғалім
Кері байланыс
Бақылау, түйінді
Сауалнама, сұрақ-жауап, кесте, сурет
Эмоциялық күйді,
іс-әрекетті, материалды, мазмұны
Жазбаша, ауызша
Жеке, топтық
Кері байланыстың әдіс-тәсілдер
«Табыс
сатысы»
«Таңдау»
“Синквейн”
“Аяқталмаған
сөйлемдер”
«Плюс, минус,
қызықты»
Көңіл-күй мен
эмоциялық жағдайды
анықтауға арналған
«Ауа райы»,
«Бағдаршам»
«Алма ағашы»
«Бір сөзбен»
Сабақтағы
іс - әрекетке
Оқу
материалының мазмұны
Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған
«Ауа райы»
«Бағдаршам»
«Алма ағашы» Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады. *Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН,
2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН,
3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі.
1. Маған сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
Оқу материалы мазмұнының кері байланысы
“Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс – әрекетін анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің
арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді.
“Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді
«Плюс, минус, қызықты» Эдвард де Боно (1968 ж)
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады
Сәттілік баспалдағы
Өркениеттіліктің басты міндеті –
адамды ойлау білуге үйрету . Эдисон
«5 саусақ» әдісі
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық
Балан үйрек – маған түсініксіз болды
Ортан терек – маған жеткілікті болмады
Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім
Кішкене бөбек – менің ұсынысым
Көңілсіз,
қызықсыз болды
Сұрақтарым бар
Сабақта берілген
тапсырмаларды
орындадым
Тақырыпты
түсіндім
Көңілді,
қызықты болды
Жаңа мағлұматтар
білдім
Кері байланыс
Көңіл-күйді салу
Оқушылар көңіл-күйді қарындаш,маркер,фломастер, акварель бояумен салады. Олардың суреті смайлик, жапырақ, гүл, өсімдік, жануар, геометриялық фигуралар, күн, немесе бұлт түрінде болуы мүмкін.
Суреттерді топ ішінде шеңбер бойынша жіберіп, толықтыруға болады. Оны автор тарапынан топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа түсіндіріледі. Суреттерді талқылаудан кейін қабырғаға іліп қойған орынды.
Суреттерде қолданылған түстер бойынша оқушылардың көңіл-күйі мен өздерін қалай сезінгендіктерін анықтауға болады. Макс Лютердің түстерге берген мінездемесін қолдануды ұсынады.
Қанық қызыл, алқызыл түс – агрессия, ашу, толқығанды білдіреді;
Жұмсақ қызыл түс (раушан, апельсин түсті) – қуаныш пен шаттықты білдіреді;
Көк түс – мұңлы, бәсең көңіл-күй, шаршау, дем алғысы келетінді меңзейді;
Жасыл түс – белсенділік, сонымен бірге бұл түсті тым көп қолданса, баланың қорғансыздығын көрсетеді, оның қорғаныш іздейтіндігін білдіреді;
Сары түс – сабырлық түсі (қуаныш түсі) алайда бұл түске тым көп көңіл бөлу баланың бәсең бола бастағанын көрсетеді;
Күлгін түс – алаңдаушылықты білдіреді, көңіл-күйі түсіңкі;
Бозғылт түс – бала өз мүмкіншіліктерін ашпайды, оны бір нәрсе шектейді, қобалжуды тоқтады;
Қара түс – көңілі пәс, бәрін де жоққа шығару, жұмыс жасауға құлықсыз, өзін аса бағалайды, немесе жақтырмайды деп ойлайды;
Қоңыр түс – бәсең, алаңдаушылық пен өзіне-өзі сенбеушілікті көрсетеді.
Көңіл-күйді салу
«Кемпірқосақ»
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерді желімдейді. Олар ең төменгі күлгін түстен ең жоғары орналасқан қызыл түске стикерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
«Күн көзі»
Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалады.
«Шеңбердегі доп»
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады
(немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады).
Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть