Слайд 1
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елі сүйген,
Елін сүйген -Елбасы
Слайд 2 Білім беру саласының басты міндеті білім беруді дамыту жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын
кеңейту.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 3
Мақсаты:
Оқушыларды қоғам және мемлекет қайраткері Н.Ә.Назарбаевтің өмірін таныстыра отырып,
оның
өмір жолының кейінгі ұрпаққа
үлгі-өнеге екенін ұғындыру.
Ұжымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреттері.
Дәйек сөздер. Кітаптар.
Н. Назарбаевтың балалық шағы
ІІ.Назарбаевтың отбасы
ІІІ. Кемел кезеңдері
IV. Атақ дәрежесі
V. Ой қозғау (топпен жұмыс)
VI. Елбасы хоббиі
VII.Дәйексөздер
VIII.Ассоциация
ХІ.Қорытынды
Х.Қонақтарға сөз беру.
Слайд 5
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде
Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында
көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.
Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Слайд 6
Анасы Әлжан Назарбаева
Әкесі Әбіш Назарбаев
Анасымен туған үйдің ауласында
Н.Назарбаев
досымен бірге
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі –
Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы- Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Слайд 8
Жасөспірім шағы
Нұрсұлтан тек өз
сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.
Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын.
Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.
Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін.
Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген».
Слайд 9Жас табиғаттанушылар Шамалғанда, 1957 ж
Днепродзержинскіде оқуда, 1958 ж
Н.Назарбаев.
1960 ж.
Қаскелең ауылындағы Абай атындағы Қазақ орта мектебінің
21-інші
түлектері, 1957-58 ж
Слайд 10Жылдар өткен соң. Н.Назарбаев зайыбы
С.Назарбаевамен бірге, 2006 ж.
Н.Назарбаев
қыздары Дариға, Динара және Әлиямен
Жылдар өткен соң. Н.Назарбаев зайыбы
С.Назарбаевамен
Н.Назарбаев немерелерімен, 1992 ж.
Өміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы
өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болды.
Ол 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналды.
Бұл зор жауапкершілік жүктеген еді, оның ауыртпалығын көп ұзамай-ақ толық сезінді. Тек партиялық жұмыстармен ғана емес, өндіріспен, өнім шығару жоспарымен, жөндеу және құрылыс мәселелерімен, кәсіпорынды жабдықтаумен, көптеген адамның тұрмыстық, баспаналық, мәдени және отбасылық істерімен де айналысуға тура келді.
Ол комбинаттағы кемшіліктерді жасырмады, қайта олармен күресті. Нәтижесінде комбинаттағы істер оңға баса бастады, Теміртаудың өзінің де құрылысы дамып, абаттана, жақсара түсті.
Слайд 12
Атақтар мен наградалар
Мемлекет басшысының қызметінің көлемі кең және көп
қырлы, тек саясат және мемлекеттік басқару салаларымен ғана шектеліп қалмайды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясының Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы болып табылады. Бұл оның республиканың осы маңызды қоғамдық институттарын қалыптастырудағы және нығайтудағы орасан тарихи рөлінің заңды көрінісіне айналды.
Лауазымдық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
Слайд 13
V.Ойқозғау (топпен жұмыс)
1-топ”Болашақ”
1.Нұрсұлтан Назарбаевтың жарық көрген қандай кітаптарын білесің?
2-топ.”Барыс”
1. Нұрсұлтан
Назарбаевтың жүрек жарды авторлық әндерін ата?
Слайд 16
Д ә й е к с ө з д е
р
...жалғыз жер байлығына сеніп қалуға болмайды. Ең алдымен, ел байлығына
сену керек.
Ел байлығы деген не? Ол — білім, ол — жаңа технология, ол — осы заманғы инфрақұрылым, ол — бәрінен бұрын отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм.
Ақынның, шешеннің данагөй сөзі халық үшін қашанда қастерлі,
қашанда қасиетті.
Ұлыстың ұлы күні — көңілде кірбің қалмай қауышатын,
түсіністікпен табысатын күн.
Адам мен оның өмір сүру құқығы, бостандығы — қоғам дамуының
басты басымдығы.
Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болуы мүмкін емес.
Слайд 18
Қорытынды:
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық-асқақ мәнде де,
тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын-соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат-мақсатын айқындап берді.
Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік-экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда.