Разделы презентаций


Тәрбие сағаты"Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы"

Содержание

Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Отанды сүюге, құриеттеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тәрбие сағатының
тақырыбы:
“Тәуелсіздік-
елімнің ерлік жолы.”

Тәрбие сағатының тақырыбы:“Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы.”

Слайд 2Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне

қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын көрерменге

жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Отанды сүюге, құриеттеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке,ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:  Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, нақыл сөздер, слайд, желтоқсан құрбандарының суреттері.


Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен

Слайд 3Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Туымызды бізге ешкім бермеді. Ел тізгінің

қолына алу

жолында, Қыршын кетті талай қазақ
ерлері.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,  Туымызды бізге ешкім бермеді.  Ел тізгінің қолына алу

Слайд 41986 жылы жастар
не себепті
көтеріліске шықты?

1986 жылы жастар не себептікөтеріліске шықты?

Слайд 6 Жастардың шеруге шығуы.

Жастардың шеруге шығуы.

Слайд 7Жастардың шеруге шығуы.

Жастардың шеруге шығуы.

Слайд 9Бейбіт күнде бұғанасы бекімесе
де тәуелсіздік үшін құрбан болғандар.

Бейбіт күнде бұғанасы бекімесе де тәуелсіздік үшін құрбан болғандар.

Слайд 10Желтоқсан құрбандарын еске алуы монументі.

Желтоқсан құрбандарын еске алуы монументі.

Слайд 11Желтоқсан құрбандарын еске алуы монументі.

Желтоқсан құрбандарын еске алуы монументі.

Слайд 12 Желтоқсан құрбандарын еске алуы.

Желтоқсан құрбандарын еске алуы.

Слайд 13Төрт жыл кешіккен шындық. Мұхтар Шаханов Қан жоса боп итке таланған

жастарды батыл корғап, қолдаған, «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген жаладан құтқарған

қазақтың ұлы ақыны, ұлт перзенті Мұхтар Шахановтың енбегі ерен. Осы қасіреттің ауқымы мен тереңдігі халықтан жасырылды. Бірақ шындық қаншалықты ащы болсада, оған сай келер емші жоқ. 4 жыл бойы шындықтың бетін ашуға талай қиындықты басынан кешіп, коммунистік партияның қылышынан қан тамып тұрғанда батылдығымен желтоқсандықтарды дүние жүзі көлемінде ақтап шыққан ағамыз Мұхтар Шаханов еді. «Төрт жыл кешіккен шындық» өлеңінде. Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қолдауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жанған алауы! Өздеріндей өр намысты жас өркені бар елдің, Ешқандай еңкеюге тиісті емес жалауы!
Төрт жыл кешіккен шындық. Мұхтар Шаханов  Қан жоса боп итке таланған жастарды батыл корғап, қолдаған, «ұлтшыл»,

Слайд 14Қайрат
Рысқұлбеков
Ляззат
Асанова
Сәбира
Мұхамбеджанова

ҚайратРысқұлбековЛяззатАсановаСәбира Мұхамбеджанова

Слайд 161991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

Слайд 171992 жыл.Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды.Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан

ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубакіров

ғарышқа ұшты.
1993жыл. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясықабылданды.15 қараша .Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі айналымға енді.
1994 жыл.Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.30 маусым ұшқыш Талғат Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылды.
1995 жыл 30 тамыз.Референдумда ұсынылған жаңа Ата Заң бір ауыздан қабылданды.
1992 жыл.Қазақстан Бірікке Ұлттар Ұйымына мүше болды.Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.Қазақтың тұңғыш

Слайд 181996 жыл.Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1996 жыл.Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

Слайд 191997 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.Білім

заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды.
1998 жыл.Халық бірлігі мен

Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.Ел астанасы Ақмолаға көшірілді.
1999 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000жыл . Мәдениетті қолдау жылы.Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
2001 жыл.Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл. Қазақстандағы Ресей жылы.
2002 жыл.Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдар.Ауыл жылдары.
1997 жыл.Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы және қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.Білім заңы қабылданды. Тіл туралы заң қабылданды. 1998

Слайд 202006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл.Желтоқсанға 20 жыл.7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
2007

жыл.Қазақ тілін қолдау жылы.
2008жыл.Халық санағы болды.Астанаға 10 жыл.
2009

жыл.Қазақстанның Украинадағы жылы.
2010 жыл.Астана қаласында Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық ұйымының саммиті.
2011 жыл.7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында болып өтті. 30 қаңтар 2011 жылы Қазақстанда VІІ Қысқы Азия ойындары болып өтті. 27 мемлекеттен спортшылар мен делегация қатысты. Қазақстан 70 медаль иеленді. 32 алтын, 17 қола, 21 күміс.
2006жыл.Тәуелсіздікке 15 жыл.Желтоқсанға 20 жыл.7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды. 2007 жыл.Қазақ тілін қолдау жылы. 2008жыл.Халық санағы болды.Астанаға

Слайд 21Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын, Туды міне, ел аңсаған азат күн! Елдің

туын биік ұстар әрқашан, Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,  Туды міне, ел аңсаған азат күн!  Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Слайд 23Қайрат Рысқұлбеков! 1986 жылғы Желтоқсан қаһарманы ол. Арыстан жүректі арыс

әуелі ату жазасына кесілді. Кейін шет мемлекеттердің наразылығынан сескеніп, Кеңес

соты ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айырумен алмастырды. Сөйтсек, бұл тоталитарлық жүйенің сырт көзді алдарқатқан сайқал саясаты екен. Ақыры олар жарты жылға жеткізбей, Семей түрмесінде қанішер қарақшының арам қолымен Қайраттай есіл ерді өлтіріп тынды. “Сотталған Қайрат Рысқұлбеков түрме камерасында өзін өзі өлтірді” деген мәлімдеме таратты. Неткен аярлық, неткен қитұрқылық! Сол қайсар Қайрат Алма­ты­ның түрмесінде тергеліп, жалғыз кісілік камерада отырған шағында есебін тауып, түрмедегі қазақтың қыздары мен әйелдеріне бір жапырақ қағазға жас жүрегін жарып шыққан сәлем хат беріп жіберген екен! Бұл жағдай қалай болды? Оның абақтыдан жолдаған аманат хаты бүгінгі күнге қалай жетті? Енді осы сауалдарға жауап берелік. Сол желтоқсан оқиғасы­ның жүздеген жазықсыз құрбандарының бірі болып алматылық Балта Исаұлы деген азамат та 6 жылға бас бостандығынан айырылыпты. – Алматы қаласындағы Сейфуллин мен Райымбек даң­ғылдарының қиылысын­дағы түрмеде шаруашылық жұмыстарына қалдырылдым. Міндетім – күн сайын еден жуу, камерада отырған адамдарға түрме быламығын тасу, – деп еске алыпты ол жазасын өтеп шыққаннан кейін. – Түрменің астыңғы қабатындағы бір кісілік жеке камераларда ату жазасына кесілгендер үкім жоғары жақтан бекітілгенше немесе жазаның басқа түріне ауыстырыл­ғанша отырады екен. Мен Қайрат бауырым­ды осы қорқынышты камералардың бірінен көрдім. Оқиға былай болған. 1988 жылдың наурыз айының басында түрме әкімшілігі Балта Исаұлын астыңғы қабаттағы бір адам­дық камерада отырғандарға тамақ тасуға, сол қабаттың ұзын дәлізінің еденін жууға ауыстырады. “Жасы келіп қалған адам ғой, камерада отырғандармен байланыс жасай қоймас”, деп ойлаған болса керек. Бір күні Қайраттың камерасындағы темір есіктің кішкентай ғана тесігінен түрменің быламық көжесін ұсына берген Балта ағасының қо­лына есіл ер қарауыл солдаттарға байқат­пай шиыршықталған қағазды қыстырып жіберіпті. – Аға! – деп қалған дауысын естиді ол Қайраттың. Бірақ, қарауыл солдат алақандай тесікті жедел жауып тастап, оның әрі қарай сөйлеуіне мүмкіндік бермепті. – Қайраттың алақаныма қыстырып жіберген қағазын қапысын тауып, ешкімге сездірместен түрме асханасының ыдыс-аяқ жуатын кішкене қуысына алып
Қайрат Рысқұлбеков! 1986 жылғы Желтоқсан қаһарманы ол. Арыстан жүректі арыс әуелі ату жазасына кесілді. Кейін шет мемлекеттердің

Слайд 24келдім. Ашып қарасам, жазушы Ілияс Есенбер­линнің “Қаһар” кітабының соңғы парағын

жыр­тып алып, соған жазған екен. Қайрат бұл хатын түрмеде отырған

қазақтың қыз-келіншектеріне арнапты. Өйткені, дәл сол күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні еді. Түрмеде желтоқсан оқиғасына байла­нысты айыпталған қазақтың көптеген қыз­дары мен келіншектері де қамауда жатқан болатын. Бірақ, олар басқа корпус ғима­ратында еді. Онда да шаруашылық жұмыс­тарына қалдырылған сотталған әйелдер бар. Сол себепті бұл ғимаратқа бөгде еркек адам­ның жақындауы, біреудің сәлем-сауқатын беріп жіберуі әсте мүмкін емес болатын. Мен де сол себептен Қайраттың осы сәлем хатын түрмедегі қазақтың қыз-келін­шектеріне жеткізіп бере алмадым. Бірақ оны бойтұмарымдай аман сақтап, бостандыққа өзіммен бірге ала шықтым, – деп еске алады кейін Балта Исаұлы. Бұл ағамыз үлкен азаматтық жасаған! Қайраттың сәлем хатын кезінде түрмедегі қыз-келіншектерге жеткізіп бере алмағанымен, оны көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге жеткізгені үлкен ерлік емес пе? Желтоқсанның сол бір даңқты күндерінде алаңға атойлап шыққан жастардың жар­тысынан астамы қазақтың қыз-келіншектері болғанын бүгінде зерттеушілер айтып жүр. Әрине, Қай­рат­тың бұл құттық­тау хаты тар қа­паста тарыққан сол қаракөз қыз-келіншектерге дер кезінде жетсе, олардың құлазыған көңіл-күйлері бір сәтке болса да көтеріліп қалатындары анық еді. Бірақ, онда бұл хат бүгінгі күнге жетер ме еді, жетпес пе еді? Жеткен күннің өзінде осы хатты оқыған қыз-келіншектердің қайсыбіреулері: – Сол қиын-қыстау шақта ату жазасына кесілген қазақтың бір жігітінен көңілімізді көтерген хат алып едік, – деп орталарында анда-санда ғана бір еске алар. Ал Қайрат боз­дақтың сол хатын тайға басқан таңбадай етіп, жарқырата алдымызға тартқан Балта Исаұлына бүгінгі және келешек ұрпақ қарыздар. Енді елім деп еңіреп өткен есіл ердің түрмеден жолдаған сәлем хатына назар аударалық. Онда кітап парағының таза жағына маржандай жазуларымен қиғаштай жазып, Қайрат бауырымыз былай депті: Құрметті қаракөз қарындастар мен жылы жүзді жеңгейлер! Шын жүрек, ақ көңіліммен алғашқы көк­темнің күлімдеген мерекесі 8 март – Ха­лықаралық әйелдер күнімен құттық­таймын!
келдім. Ашып қарасам, жазушы Ілияс Есенбер­линнің “Қаһар” кітабының соңғы парағын жыр­тып алып, соған жазған екен. Қайрат бұл

Слайд 25Қамқоршы қайын және ағаларың, Жәрдем берер жағаларың. Қыздар үшін тар қапасқа, Келіп түскен

тұлпарларың. Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы. 13.03.1986 ж. ст.60, 65, 173-1 срок – ату жазасы 08.03.1988 ж. Бывший

ст-т ААСИ г.А-Ата. Сын Моюнкума Джамб. обл. Осылай деген де, астына әдемілеп тұрып қо­лын қойған. Міне, Қайрат ердің қапас түр­ме­ден қазақ қыздарына жолдаған сәлем хаты осы! Ол осы хатын асығып жазғаны көзге бір­ден-ақ байқалып тұр. Көңіліндегі аппақ тілегін тар қапастың ішінде аласұрып, кітаптан жыр­тып алынған ақ парақ бетіне түсіріп отырған сәтінде сөздердің ретін сәл шатастырып алған. 60, 65, 173-1 дегендері – Қайрат батырдың мойнына кеңестік соттың іліп қойған кодекс баптары. “Срок – ату жазасы” дегеніне қарағанда, бұл кезде соттың үкімі шығарылып та қойған сияқты. Алайда, аталған жаза 20 жылға бас еркінен айыруға айырбасталғанынан ол әлі хабарсыз екен. Әлде сол уақытқа  дейін мұны Қайратқа жасырып айтпай келген бе? “Бывший ст-т ААСИ” дегені – өзі­нің темір торға түс­кенге дейін Алматы сәулет-құрылыс институтының сту­денті болғанын айт­қаны.  “Сын Моюн­кума” деп жазғаны – кіндік қаны тамған туған жері Жамбыл облысының Мойын­құм ауданының пер­зенті екендігін айт­қандағысы ғой. Неткен биік рух! Қандай қайтпас қай­сарлық! Өзі ату жазасына кесілген, үкімнің қашан орындаларын әр сәт сайын беймаза көңілмен күтіп жүр­ген боздақ
Қамқоршы қайын және ағаларың, Жәрдем берер жағаларың. Қыздар үшін тар қапасқа, Келіп түскен тұлпарларың. Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы.

Слайд 26Қайрат тар қапаста тұншы­ғып отырса да тас қа­бырғаның ішінде жа­бырқап

жатқан “қа­ра­көз қарындастары мен жылы жүзді жеңгейлерін” ойлап, бір-екі ауыз

жылы сөзімен болса да солардың көңілін көтеруді ойлапты-ау сабаз! Ойлап қара­ңыз­шы, сол кезде Қай­рат боздақ небәрі 22 жаста ғана екен. Сөздің шындығы керек, ердің ерінің ғана қолынан келетін тірлік қой бұл деге­ніңіз. Неге дейсіз ғой? Өзі жалғыз кісілік камерада отырған болатын. Өзі ату жазасына кесілген! Сол үкімнің қашан орындаларын күтіп, есіктің әрбір сықырынан секем алып отырған еді ғой сабазың. Артында қалың елі, әлпештеп өсірген әкесі мен шешесі, аяулы бауырлары қалып бара жатқан болатын. Сөйтіп отырып, қаракөз қарындастарына қанатымен су сепкен қарлығаш құс секілді бір ауыз жылы сөзімен дем беруді ойлаған батыр боздақ-ай! Неткен қайтпас қайсар едің! Жүрегің неткен үлкен еді! Сен жалғыз ғана Мойынқұмның ұлы емес, барша қазақтың ардақты батыр перзентісің, Қайрат бауырым! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – сенің тойың! Өлген жоқсың, ер Қайрат! Өзіңнің қыран рухың туған еліңнің көгінде қалықтап жүр. Ол халқыңмен бірге мәңгі жасай береді! …Қайрат батырдың тар қапаста жатып, қазақтың қанаттары қайырылған қаракөз қыз-келіншектеріне жолдаған сәлем хатын жазушы Ілияс Есенберлиннің “Қаһар” романының соңғы парағына жазуының өзінде ғажап бір символикалық сыр бар сияқты көрінеді маған. Қазақ халқының даңқты хандары мен біртуар батырларының, аузымен құс тістеген кемеңгер билерінің ерлік шежіресі іспетті осы тамаша тарихи романның соңғы парағына түрмеде жазылған үшбу хат  айбынды бабалар жолын жалғаған Қайрат Рысқұлбеков сияқты бүгінгі қазақ жастарының да ерлік эпопеясының басы десек, асыра айтқандық болмас…

Қайрат тар қапаста тұншы­ғып отырса да тас қа­бырғаның ішінде жа­бырқап жатқан “қа­ра­көз қарындастары мен жылы жүзді жеңгейлерін”

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика