Слайд 32-кезең:
Үй құрастыру
2 – кезең
“Үй саламыз”
1-жағдаят.
(анаға)
Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?
(балаға)
Бүгін сабаққа кеш қалып келдің. Қоңырау соғылғанына 5 минуттай уақыт болыпты. Не істейсің?
2-жағдаят
(анаға)
Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз
«Мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты.
Не істер едіңіз?
(балаға)
Кеше кешке дейін ойнадың. Сабақ дайындауға шамаң келмей кешке ұйықтап қалдың.Сабақ таңғы 8-15-те басталады. Азанда асығыс шыға салдың. Мектепке келіп сөмкеңді ашсаң, кітап пен дәптер орнына ойыншықтар тұр. Не істер едің?
3-жағдаят
(анаға)
Мектептен келген баласы мамасына: «Мама сізге бір
қызық нәрсе айтайынба? Бүгін мектепте... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы»- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
(балаға)
Мектепке келер алдында асығып көйлегіңді теріс киіп
алыпсың. Сырт киіміңді шешіп, сыныптың алдына
келген кезде көйлегіңнің теріс екенін байқадың.
Не істейсің?