Слайд 1Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы:
“Қазақтың ұлттық
ою-өрнектері
Өткізген: технология пәнінің мұғалімі С.К.Кажденова.
5-сынып
2015-2016 оқу жылы
Слайд 3Сабақтың әдісі
сөйлеу
көрнекілік
ізденіс
зерттеу
Оқуды басқару әдісі
көрнекілік
өзіндік жұмыс
Еңбек тапсырмалары
логикалық
Слайд 7І. Ұйымдастыру бөлімі
Қыздарды үш топқа бөлеміз:
Слайд 8Психологиялық дайындық
Графикалық диктант
Слайд 9Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты.
Слайд 11Ою-өрнектер әлемі
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік,
тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған
кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже,жүкаяк. асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған. Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады.
Слайд 12Ою-өрнек тарихынан
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері
әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың
алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, үйсін,өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
Слайд 13Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлері
Слайд 14“Ою ойғанның ойы ұшқыр” балалар шығармашылығы
Слайд 16Сематикалық карта
Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді?
Жауабы:Космогенді, геометриялық, өсімдік тектес, жануарлар тектес
оюлар.
Қошқар мүйіз оюының мазмұны неде?
Жауабы: Молшылық пен берекеде.
Құс атаулы оюларды
атайықшы?
Жауабы: Құсқанат, құсмойын, құстұмсық
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды?
Жауабы: Бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу, т.б күрделеніп орындалады
Симметрия дегеніміз не?
Жауабы:Бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін симметрия дейді
“Өнерді таудың бұлағынан, ешкінің құлағынан, апамның киізінен, қошқардың мүйізінен “деп кімнің айтқаны екен?
Жауабы: Сурет өнерінің атасы-Әбілхан Қастеев
Слайд 17Қорытынды:
1.Оқушылардың білімі мен машықтық жұмысын бағалау.
2. Үйге тапсырма беру.
Аққу оюуын матаға жапсырмалап, тігіп келу.
3.Жұмыс орнын жинау.