Назарбаев – «халықтың дәстүрлі рухани байлығының түпнұсқасын ұрпаққа үйрету бүгінгі
заманның міндеті» деп атап өткендей, қазіргі мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпаққа ұлтымыздың ғасырлар бойы ой елегінен өткен салт-дәстүрін, ұлттық руханият мұрасын, қолөнерін, халықтық педагогика негіздеріне сүйене отырып, еңбек - ерік пен мінезді тәрбиелеудің тамаша құралы демекпін. Еңбек - қуаныш пен шаттықтың көзі дегендей - бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс екені бәрімізге мәлім.Сондықтан қазіргі күрделі заманда арқа сүйер жалғыз ғана құдірет жастарды тәрбиелеудің пәрменді кұралы халық педагогикасы болмақ. Қолөнер туындыларының жасалу жолдарының әдіс-тәсілдерін меңгертіп, рухани дәстүрімізді одан әрмен жалғастыру бүгінгі таңдағы халқымыздың алдындағы тұрған бірден-бір міндеті болмақ.
Кіріспе