Разделы презентаций


" Астана медицина университеті " АҚ " Балалар ауруы пропедевтикасы " кафедрасы

Содержание

Жоспары:I КіріспеII Негізгі бөлімЖүйке-жүйесінің дамуыНәрестелердегі жүйке-жүйесінің ерекшеліктеріЖүйке-психикалық жүйесіне әсер ететін рефлекстерБалалардың жүйке психикасын бағалауIII ҚорытындыIV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 "Астана медицина университеті"АҚ "Балалар ауруы

пропедевтикасы"кафедрасы

Балалардың жүйке-психикалық дамуын бағалау



Орындаған:Серик Н.
Топ:304 ЖМ
Қабылдаған: Р..


Астана 2017ж.


Слайд 2Жоспары:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Жүйке-жүйесінің дамуы
Нәрестелердегі жүйке-жүйесінің ерекшеліктері
Жүйке-психикалық жүйесіне әсер ететін

рефлекстер
Балалардың жүйке психикасын бағалау
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жоспары:I КіріспеII Негізгі бөлімЖүйке-жүйесінің дамуыНәрестелердегі жүйке-жүйесінің ерекшеліктеріЖүйке-психикалық жүйесіне әсер ететін рефлекстерБалалардың жүйке психикасын бағалауIII ҚорытындыIV Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3Жүйке жүйесi бiр жақтан физиологиялық және зат алмасушылық процесстерiнің үйлесуін,

екiншiден –ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесi бiр жақтан физиологиялық және зат алмасушылық процесстерiнің үйлесуін, екiншiден –ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етеді.

Слайд 4Жүйке жүйесi жатыр iшiлiк кезеңiнiң 1-i жұмасында пайда болады. Туғаннан

кейін бас мидың қалыптасуына байланысты күрделi процессi аяқталмайды. Жаңа туған

баланың бас миының айырмашылығы - ол шартты түрiнде iрi, iрi салалары және қатпарлары жақсы дамыған, бiрақта олардың тереңдiгi мен биiктiгi шамалы. Ұсақ қатпарлары туғаннан кейiн қана пайда болады. Жаңа туған бала миының сұр заты ақ затынан нашар бөлiнген. Барлық жүйке жасушалары бiр бiрiне жақын, үстiрт, олар мидың ақ затында да орналасқан.
Жүйке жүйесi жатыр iшiлiк кезеңiнiң 1-i жұмасында пайда болады. Туғаннан кейін бас мидың қалыптасуына байланысты күрделi процессi

Слайд 5Жаңа туған бала миының салмағы дене салмағынан шартты түрде көбірек.

Ми салмағын дене салмағымен салыстырғанда – дене салмағының бір килограмына

1/8 – 1/9-і болады, бір жасар балада 1/11-1/12, 5 жасар балада 1/13-1/14, ересек адамда 1/40. Тоғыз айда бас мидың салмағы екi есе, үш жаста - үш есе көбейедi.
Жаңа туған бала миының салмағы дене салмағынан шартты түрде көбірек. Ми салмағын дене салмағымен салыстырғанда – дене

Слайд 6Баланың бас миы қан тамырларға, әсіресе капиллярларға өте бай, капиллярлар

туғаннан кейiн де дами бередi. Осыған байланысты балалар бас миының

қанмен қамтамасыз етуі ересектермен салыстырғанда, жоғарылау. Жүйке жүйесiне көп мөлшерде оттегi де керек. Сондықтан, мидың оттегіге қажеттілігі бұлшық еттерге қарағанда жиырма есе көп. Бала ауырса, баланың миында көп мөлшерде улы заттар жиналып, зат алмасуды бұзады. Осы себептен жас балаларда инфекциялық аурулардың токсикалық түрлерi жиі кездеседі. Гематоэнцефалды кедергiнiң өткiзгiштiгi де осы жағдайды шиеленістіреді.
Баланың бас миы қан тамырларға, әсіресе капиллярларға өте бай, капиллярлар туғаннан кейiн де дами бередi. Осыған байланысты

Слайд 7Баланың жұлыны туар кезде бас миіның дамуымен салыстырғанда, жақсы дамыған.

Мойынның және белдің жуан жерлерi тек үш жастан кейiн пайда

болады. Жұлын салмағы он айда екi есе көбейедi, үш-бес жас аралығында үш есе көбейедi. Жұлын ұзындығы 7-10 жасқа таман екi есе өседі, он жастан кейiн мидың өсуi баяуланады да, жұлынның төменгi шегi жоғарылайды. Мидың ликворы мөлдiр. Ол бұлдыр болса - бала iрiңдi менингитпен ауырғаны, ал қан аралас болса - мидың затына қан құйылған туралы ойлануға болады.
Баланың жұлыны туар кезде бас миіның дамуымен салыстырғанда, жақсы дамыған. Мойынның және белдің жуан жерлерi тек үш

Слайд 8Нәрестелік кезең
Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. Біршама

тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын

сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам болып өсетің дүниеге шығады. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін).Өмірге бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта, баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі пікірлермен ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептеді. Фрейд бойынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді.

Нәрестелік кезеңБаланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол кенеттен

Слайд 9Шартты рефлекс
Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларының жиынтығында сыртқы

тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе дамымайды. Бұл –

баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара – бара жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы дүниемен өзара әсер теу қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысыныан басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.
Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, үлкендердің осы қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.
Сонымен, бала хайуанаттар төліне қарағанда, әлдеқайда туа біткен мінез-құлық формаларымен аз қаруланған. Балада адамға тән мінез-құлық формалары әлі де қалыптаспауы тиіс.

Шартты рефлексЗерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларының жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе

Слайд 10Әуелi шартты рефлекстердің пайда болуы өте қиын, бiрақта екінші-үшінші өмiр

айынан кейін олар тездеу пайда болады. Бала алты айға толғаннан

кейін шартты рефлекстер барлық сезім мүшелерінің дамуына байланысты пайда бола бастайды (есту, көру, дәм айыру, иіс тану, түйсіну сияқты рефлекстер).

Әуелi шартты рефлекстердің пайда болуы өте қиын, бiрақта екінші-үшінші өмiр айынан кейін олар тездеу пайда болады. Бала

Слайд 11Шартсыз рефлекс
Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер

қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші іс-әрекеттер жоқ. Шартсыз

рефлекстер баланың дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері:
қорғаныс рефлекстері – олар тітіркендіргіштен қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған. (көзін жыпылдату, түшкіру, жөтелу).
бағдарлау рефлексі – басқа тітіркендіргіштерге жанасу реакциясынан көреміз. (қатты тітіркендіргішке басын бұру).
тамақтану рефлексі – бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, ауызын ашады. (ему, сору, жұту).
- қимыл – қозғалыс рефлексі – баланың алақанына бірдеңе тиіп кетсе жармасу реакциясын тудырады. (жармасу, жүзу, еңбектеу).

Шартсыз рефлексБаланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші

Слайд 12Бала туғанда үш түрлі шартсыз рефлекстермен туады, олар: - тұрақты, өмiр

бойы болатын автоматизмдер; - туғаннан кейiн жойылатын; өтпелi (транзиторлы) рефлекстер, - туғаннан

кейiн пайда болмай, өсе келе дамитын рефлекстер. Бiрiншi топ рефлекстерiне жататын рефлекстер: мүйiзгек рефлексi, конъюнктивтiк рефлексi, жұтыну рефлексi, орбикулопальпебралді рефлекс, аяқ-қолдың сiңiрлiк рефлексi. Осы шартсыз рефлекстердің негізінде қоршаған орта әсеріне байланысты шартты рефлекстер пайда бола бастайды.
Бала туғанда үш түрлі шартсыз рефлекстермен туады, олар:
- тұрақты, өмiр бойы болатын автоматизмдер;
- туғаннан кейiн жойылатын; өтпелi

Слайд 13Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі рефлекстер жатады: Б а у

э р р е ф л е к с і

– баланы ішіне жатқызып, бүктетілген аяқтарының табандарына алақанды жолатса, бала еңбектегендей қозғалыс жасайды; М о р о (құлаштау) р е ф л е к с і - бала басынан 15-20 см қашықтықта үстөл үстін соқса, бала әуелі қолдарын екі жаққа жаяды да, сосын оларды бұрынғы қалпына келтіреді; Ж е л к е б ұ л ш ы қ е т т е р і н і ң р и г и д т ы ғ ы – арқасында жатқанбала желкесіне қолды салып, бала иегімен кеудесіне жетсін деген мақсатпен басын алға бүккізу, жауабы оң болса – желкесінде ауырсыну сезім пайда болады;
Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі рефлекстер жатады:

Б а у э р р е ф л е

Слайд 14Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап

алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады.

Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, мен түйсіну балалада жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті.

Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты

Слайд 15Танымдық өрісінің дамуы
Туғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса

аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта да қабілеті көрінсе,

ал 3-4 апта да көру тұрақтылыққа ие болады.

Танымдық өрісінің дамуыТуғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта

Слайд 16Ерте сәбилік шақ
Онтогенездегі тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан

әртүрлі «қашықтықтан» өтеді. Баланың бойында алғашқы 3 жылда пайда болатын

сапалық өзгерістердің елеулі екендігі соншалық,кейбір психологтар адамның тұған күнінен бастап кәмілеттік жасқа дейінгі аралықта дамудың орта мөлшері туралы ойлағанда, оны 3 жас деп есептеп жүр. 3 жаста бала өзін -өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен қарым –қатынас жасай алады.

Ерте сәбилік шақОнтогенездегі тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі «қашықтықтан» өтеді. Баланың бойында алғашқы 3

Слайд 17Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады.

Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.


Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.
Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:
7 жасқа келгенде 1250 г болады
8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады
15 жасқа келгенде 1350 г болады
21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.
Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды.

Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да

Слайд 18Сәби дамуының басты белгілері
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами

бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың

ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы
Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.

Сәби дамуының басты белгілеріСәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш

Слайд 193 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз

реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің

біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.
Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.
Наразылық – бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.
Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.
Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін,

Слайд 20Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда )

кейінірек неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің

жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі.
Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта сурет селуды игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше түріне – бейнелеу іс-әрекетіне ауысады. Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бірінен бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады.
Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын көреміз. Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық сызықтардың бірін «апаайым», екіншісін «ағайым»,үшінісін «шар» деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі графикалық бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді.

Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық

Слайд 21Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды:

ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байланыс орнату қабілетін дамыту; баланың ересек

адамның көмегі қажет толық тәуелділіктен бірте-бірте дербестікке көшуі. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы әлеуметтік әрекеттері физиологиялық қажеттіліктерімен байланысты (тамақ, сусын, температура жайлылығы, қозғалыс, еш жерінің ауырмауы, жатыс-тұрысының жайлылығы). Бастапқыда ересекпен эмоционалдық қарым-қатынасының арқасында баланың тілдесуге деген қажеттілігі туындайды, физиологиялық эмоционалдық әрекеттер бірте-бірте әлеуметтік маңызды әрекеттерге айналады (мысалы, сәби ересек адам қолына алғанда, оның жылы терісімен әрекеттеседі).
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланысты екі негізгі үдерісті қамтиды: ересектермен және құрдастарымен әртүрлі байланыс орнату қабілетін

Слайд 22 Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке тоқтата

алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ, аузы мен көзінің қимыл-қозғалысын

қысқа уақытқа тоқтата алады. Екі айлық сәби қозғалыстағы адамның бет-жүзін бақылай алады, әрі ересек адамның жылы даусына күлімсіреу түрінде алғашқы жауабы пайда болады. Үш айлық сәбидің әртүрлі ұнамды тысқары әрекеттерге әркелкі жағымды эмоционалдық сезімдерінің құрамдас бөліктері жиі-жиі пайда бола бастайды, олардың барлығы «жандану кешеніне» бірігеді, яғни, баланың қимыл-әрекеттері үдей түседі, жиі күлімсірейді, әуенді дыбыстар шығарады. Бұл жаста баланы кез-келген адам күлімсірете алады. Шешуші мәнге қозғалыстағы адам жүзінің сұлбасы ие.
Бір айлық сәби көзін адамның бет-жүзіне бірер сәтке тоқтата алады, тек аяқ-қолының ғана емес, сондай-ақ, аузы

Слайд 232,4 және 5 айлық баланың жиі қайталанатын жайттар арасында өзара

байланыс бар екені туралы түсінігі қалыптасады, танымдық сезімдері дамиды. 6

айлық балалар таныс және бейтаныс адамдарға әртүрлі қарайды. Бала сыртқы келбеттегі, дауыс ырғағындағы, дауыстағы жеке өзгешеліктерді түсіне алады. БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ- ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 2 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУБұл жаста негізгі сезім түрлерінің түгелдей бір жүйесін көруге болады: қуаныш, реніш, таныс және бейтаныс адамдарға қатысты сезімдер, өкпе. 12 айлық балалар әртүрлі әрекеттерді игеру нәтижесінде туындайтын сан-алуан әлеуметтік сезімдерге ие болады, сонымен қатар, ересектермен қарым-қатынас мазмұны да өзгереді –көбінесе бірлесіп, әртүрлі заттармен әрекеттер жасауға бағытталған. Бала бірте-бірте мақсатты «әлеуметтік ойынға» еніп, бастаманы өз қолына алады. Оны белсенділігі мен білімқұмарлығы, дербестікке ұмтылысы сезімдерінің қалыптасуына ықпал етеді.
2,4 және 5 айлық баланың жиі қайталанатын жайттар арасында өзара байланыс бар екені туралы түсінігі қалыптасады, танымдық

Слайд 25Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы, Алматы, 2012


2. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.


3. Түсіпқалиев Б.Т. Балалар ауруларының пропедевтикасы. Алматы 2009

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы, Алматы, 2012 2. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика