Слайд 1ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Дәріс №12
Гербицидтер
Лектор: Сапахова Зағипа Бейсеновна
PhD, қауымдастырылған профессор
Слайд 2Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттердің тізімі
1.
Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нуржанов Ә.С., Қалмақбаев Т.Ж.,
Өсімдікті химиялық қорғау Алматы, 2013. – 215 б.
2. Ашықбаев Н.Ж., Есеркепов У. Өсімдік қорғау.-Астана.:Фолиант, 2010. – 150 б.
3. Тулеева Ә.Қ., Әжбенов В.К., Сүлейменова З. Ш., т.б. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері және олардан қорғау шаралары. Оқу құралы. Астана, 2007. – 153 б.
4. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң (улы химикаттардың), 2013 – 2023 жылдарға арналған тiзiмi. 2013. – 214 б.
5. Груздев Г.С., Зинченко В.А., Калинин В.А., Словцов Р.И. Химическая защита растений. – М.: Агропромиздат, 1987. – 414 с.
6. 3. Протасов М.И., Миренков Ю.А., Соскевич П.А. Химическая защита растений. – Минск, Триолта, 2006. – 336 с.
Қосымша әдебиеттердің тізімі
7. Агибаев А.Ж., Тулеева А.К., Сулейменова З.Ш. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау. Алматы, 2010. – 172 б.
8. Афанасьева А.И., Груздев Г.С., Дмитриев Л.Б., Зинченко В.А., Калинин В.А., Словцов Р.И. Практикум по химической защите растений. – М.: 1983. – 272 с.
9. Голышин Н.М. Фунгициды в сельском хозяйстве. – М.: Колос, 1982. – 184 с.
10. Захаренко В.А., Ченкин А.Ф. Справочник по применению гербицидов. – М.: Агропромиздат, 1990. – 240 с.
11. Инструкция по технике безопасности при хранении, транспортировке и применении пестицидов в сельском хозяйстве М., «Агропромиздат», 1985, 40 с.
Слайд 3Дәрісте қарастырылатын сұрақтар:
Слайд 6Гербицидтер өсімдіктерге әсері және қолдану әдісіне байланысты
Түйістік (контактные)
Жүйелік (системные)
өсімдік
тіндерін тікелей уландырады, өсімдік тез солып, қурайды
өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары
арқылы бүкіл өн бойына тарап уландырады, бұл гербицидтер тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады
Гербицидтердің жіктелуі
Өсімдік ішіне ену қабілетіне қарай:
- Жапырақты әсері;
- Тамырлы немесе топырақты әсері;
- Комбинирлі әсері.
Слайд 7Біріншісі өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және
тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін (астық егістігінде
2,4-Д, 2М-4Х, лонтрел; майбұршақ - пивот; қант қызылшасы – бетанал, дуал)..
Екіншісі мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады (астық егістігінде 2,4-Д, 2М-4Х, лонтрел; майбұршақ - пивот; қант қызылшасы – бетанал, дуал).
Слайд 8Қандай да бір арам шөптердің спектрін алдын-алу бойынша:
- Дақылдарға қарсы (граминицидтер);
- Жалпақ
жапырақтыларға қарсы.
Арам шөптерге қарсы қолданылатын гербицидтер шөптердің түрлі өмір сүру
процесстеріне әсер етеді. Сондықтан әсер ету механизміне байланысты:
- Фотосинтез ингибиторы;
- Майлар синтезінің ингибиторы;
- Пигмент синтезінің ингибиторы;
- Амин қышқыл синтезінің ингибиторы;
Мембрананы бұзатын ингибиторлар.
Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі. Гербицидтерді ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ, концентратты эмульсия түрінде дайындайды. Гербицидтер – орташа улы заттар, дененің ашық жерлеріне, ауызға, көзге, мұрынға тимеу үшін қолғап, көзілдірік, т.б. пайдалану керек.
Слайд 9Гербицидтердің талғап әсер ету қасиетіне ықпал жасайтын факторларды физикалық және
биологиялық деп бөледі.
Физикалық факторлар - гербицидті бүрку мәнін, оның өсімдікпен
түйісуін және өсімдік үстінде тоқтап қалуына ықпал жасайды. Ал препараттың әсер ету қасиеті оның мөлшеріне, препараттық формасына, өсімдікте немесе топырақта шоғырлануы препарат және жұмыс сұйығы мөлшерінен, өсімдіктің даму сатысына байланысты.
Биологиялық талғампаздық – өсімдіктің морфологиялық, физиологиялық және метоболизімдік әр алуандығына байланысты.
-Морфологиялық факторға – жапырақ пен өсімдік көлемі, өсу бұрышы, жапырақ үсті қасиеті, өсу нүктелерінің орналасуы, тамыр жүйесі.
-Физиологиялық – гербицидті сіңдіру және өсімдік бойымен жылжу жылдамдығы, конъюнгаттар пайда болуына байланысты улылығын жоғалту, адсорбция мен токсикантар бөлу. Мысалы астық тұқымдас дақылдардың 2,4-Д гербицидіне шыдамдылығы, препарат ұлпа мембраналарындағы белоктармен конъюгант құрып, өсімдік бойымен тарамау қабілеті.
-Метоболизімдік факторлар – гербицид пен өсімдіктің өмірлік маңызды процестерімен қарым-қатынас жасау. Кейбір өсімдіктерде гербицидтердің детоксикациялық жылдамдығы өте жоғары, сондықтан дәрі өсімдік ағзасын улап үлгірмейді. Мысалы сульфонилмочевина өнімдерінің талғампаздығы осы қасиетке негізделген. Бидай ағзасында 1 тәулікте гербицидтің 90%, ал сезімтал өсімдіктерде бар жоғы 3-10 % метаболизмге ұшырайды.
Слайд 11 Хлорфеноксиуксусты қышқыл туындасы - бұл класқа астық дақылдарына шабындық
пен жайылымдарда қосжарнақты арамшөптерге қарсы қолданылатын тұздар мен эфирлер 204-Д,
МЦПА (диметиламинная+калиевая+натриевая соли) (2М-4Х) жатады. 2,4-Д мен МЦПА тұздары біржылдық арамшөптерді, ал биологиялық жоғары тиімділігі бар 2,4-Д эфирлер кей көжылдық қосжарнақты арамшөптерді жояды.
Арилоксифеноксипропионды қышқыл туындылары - бұларға зеллек-супер, пума-супер, тарга-супер, фуроре-супер, фюзилад-супер, фюзилад форте, шогун, ирбис препараттары жатады. Бұл топ препараттары феноксиуксусты және феноксипропионды қышқылдарға қарағанда біржылдық және көпжылдық астық арамшөптеріне тиімділігі жоғары. Қосжарнақты өсімдік арамшөптері мен мәдени өсімдіктер аталған гербицид түріне төзімді.
Пиколинді қышқыл туындылары - бұларға лонтрел-300, биклон, лонтрел гранд, Клео пре параттары жатады. Бұл препараттарды біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға, сонымен қатар 2,4-Д ға төзімді күрделігүлділер мен қарақұмық тұқымдастарына қарсы қолданады. Препараттар астық пен жүгері егісінде 2,4-Д мен қызылша егістінде бетанaл, фюзилад, зеллек және клетодим плюс, микспен бірге қолданылады.
Слайд 12 Циклогександиондар: клетодим негізінде центурион, селект және клетодим плюс, микс препараттары
қолданылады. Олар біржылдық және көпжылдық арамшөптерге (күрмек тары, түкті және
арамшөпті, қылтанақты өскіндерді, жатаған бидайық, құмайға) қарсы тиімділігі жоғары.
Сульфонилмочевиндер туындысы: бұл класс гербицидтері 1970 жылдары соңында «Дюпон» (АҚШ) фирмасы жасап шығарған, биологиялық жоғары белсенділікке ие және біржылдық қосжарнақты және кей астық тұқымдас арамшөптерге, ал жоғарылатылған мөлшерде көпжылдық түрлерін де жояды.
Хлорсульфурон негізінде ленок препараты шығарылуда. Метсульфурон метил негізінде ларен, гренч, магнум препараттары қолданылады. Метсульфуронметил көптеген біржылдық және кей қосжарнақты көпжылдық арамшөптерге қарсы тиімді. Алайда олардың қалдық көлемі сезімтал дақылдарға (тары, балжүгері, зығыр, күнбағыс, қызылша) әсер етуі мүмкін.
Бірқатар гербицидтер, мысалы 2,4- дихлорфеноксисірке қышқылының аз ғана мөлшері өсімдіктің өсуіне кедергі келтіреді.
Пестицидтердің көпшілігі гербицидтер болып табылатындықтан оларды инсектицидтермен салыстырғанда жылықандылар мен құстарға және балықтарға улылығы аз (А.П. Карпенко А.П., 1981).
Слайд 13 Имидазолинді гербицидтер
Имидазолиндер - синтезделген жаңа препараттар. Оның құрылымында имидазолинді сақина,
көмірқышқылдар мен сілті негіздері бар.
Бұл топ күшті гербицидтік әсерімен,
аз жұмсалу мөлшерімен ерекшелінеді. Суда тез ериді, сүтқоректілер мен балықтарға аздап улы. Олар өсімдіктің тамыры мен жапырағына тез енетіндіктен, препаратты егіске дейін немесе өскін шыққанда бүркеді. Имидазолинді гербицидтер: имазапир, имазетапир, имазокс препараттары әдебиеттер мәліметі бойынша, топырақта 160 күнге дейін сақталған.
Қазіргі таңда ауылшаруашылығында имидазолинді гербицидтің мына түрлері көп қолданылады:
Слайд 14 Пивот, 10% в.к.(ә. е. з. имазетапир, 100 г/л) БАСФ Агрокемикал
Продактс Б.В., Голландия, П-4. Хими-ялық фор-сы: (RS)-5-этил-2-(4-изопропил-4-метил-5-оксо-2-ими-дазолин-2-ил) никотин қышқылы. Брутто
формуласы: С15Н19N3О3. Препарат біржылдық және көпжылдық арамшөптерге қарсы 0,5-1,0 л/га қолданылады.
Арсенал, 25% в.к. ә. е. з. имазапир (БПСФ). Хими-ялық фор-сы: 2-(4-изопропил-4-метил-5-оксоими-дазолинил-2) никотин қышқылы мен изопропил-аминнің тұздары. Брутто фор-сы: С13H15N3O3·С3H9N. Препарат бал араларына аздап улы. Гербицид біржылдық және көпжылдық арамшөптерге қарсы 0,25 — 1,5 кг/га қолданылады.
Слайд 15Кейбір гербицидтердің туындылары
Слайд 16 Бірақ, гербицидтер топырақта ұз ақ уақыт сақталып, сыртқы орта нысандарын
ластауы мүмкін. Әсіресе, топырақта пиклорам мен сим-триазиндер, 2М-4Х және хлорфенок-сиқышқылды
гербицидтердің қалдықтары 4 айға дейін сақталады.
Гербицидтер әсер ету қасиеттеріне байланысты тағы да топыраққа, дақылды себу алдында, сепкеннен кейін дақыл өскіні шыққанша және вегетация кезінде қолданғыш болып бөлінеді.
Ураган форте 500, в.р.(калий тұзы түріндегі глифосат, 500 г/л) Сингента. Жаңадан өсіп шыққан арамшөптерге қарсы 1,2-5,0 кг/га қолданылады.
Дуал голд 960, к.э.(С-метолахлор, 960 г/л) Сингента, біржылдық астық тұқымдас арамшөп терге қарсы себу алдында немесе өсімдік шықаннан кейін де қолданылады. Жұмсалу мөлшері - 1,6-2,6 кг/га.
Слайд 17 Көп қолданылатын гербицидтер қатарына парак ватдихлорид, диносеб, пентахлорфенол және Na
пентахлор фенолят, аметрин, эндотал кіреді.
Қазіргі таңда көп қолданылатын гербицидтерге
келесі препараттар жатады:
Раундап 36% в.р.(глифосат, 360 г/л), Монсанто, США,П-4. Химиялық формуласы: глифосат - (фосфонометил) глицин. Брутто-формуласы: С3Н8NO5P. Астық тұқымдастар мен жеміс-жидектердің арамшөптеріне
Октиген, 40% к.э. (хлорсульфурон +ауаға аз ұшатын эфирлер 2.4-Д) НИТИГ, Россия астық тұқымдастардың арамшөптеріне қарсы қолданылады.. Жұмсалу мөлшері - 0,6-0,9 кг/га.
Пирамин ТУРБО, 52% к.с.(хлоридазон, 520 г/л) БАСФ СЕ, Германия . Химиялық форму-ласы: 1-фенил-4-амино-5-хлорпиридазон-6. Брутто формуласы: С10Н8CIN3O. Препарат қант қызылшасының арамшөптеріне қарсы қолданы-лады. Жылықандыларға улы. Жұмсалу мөлшері - 3,0-5,0 кг/га.
2,4-Д ЭКСТРА, 72% в.р. (диметиламинді тұз 2,4-Д, Вилловоод Лтд., Китай), Вилловоод Лтд., Германия. Химиялық формуласы: 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы. Брутто формуласы: С10Н13CI2 NO3. Бал аралары мен пайдалы жәндіктерге улылығы аз. Препарат ойраншөп-ке, егіс қышасына және басқа да арамшөптер-ге қарсы қоладнылады. Гербицид мақта, күн-бағыс, қант қызылшасының дақылдарына өте улы. Астық дақылдарында препарат 1-5 ай аралығында ыдырайды. Жұмсалу мөлшері - 1,5-2,0 л/га.
Слайд 18Гербицидтердің түрлері
Пирамин-турбо - гербицид. Химиялық формуласы: 1-фенил-4-амино-5-хлорпиридазон-6. Әсер етуші заты-хлоридазон.
Брутто формуласы: С10Н8CIN3O. Препарат қант қызылшасының арамшөптеріне қарсы қолданылады. Жылықандыларға
улы. Жұмсалу мөлшері - 3,0-5,0 кг/га.
2,4-Д аминді тұздар - гербицид. Әсер етуші заты - диметиламинді тұздар. Химиялық формуласы: 2,4-дихлорфен-окси сірке қышқылы. Брутто формуласы: С10Н13CI2 NO3. Бал аралары мен пайдалы жәндіктерге улылығы аз. Препарат ойраншөпке, егіс қышасына және басқа да арамшөптерге қарсы қолданылады. Сонымен қатар гербицид мақта, күнбағыс, қант қызылшасының дақылдарына өте улы. Осы дақылдарда препарат 1-5 ай аралығында ыдырайды. Жұмсалу мөлшері - 1,5-2,0 л/га.
Дезормон - гербицид. Әсер етуші заты - 2,4-Д диметиламинді тұздары. Препаратты астық тұқымдастар егістігін түптеу кезінде және арамшөптердің 1-2 жапырағы шыққан кезде қолданады. Жұмсалу мөлшері - 0,6-1,5 л/га.
Диален-супер - гербицид, 35,7%-ы 2,4-Д мен 12,4%-ы дикамбаның қоспасы. Әсер етуші заты - диметиламинді тұздар. Препарат бір жылдық арамшөптерге қарсы бүркіледі. Жұмсалу мөлшері - 0,5-1,25 л/га.
Хармони - гербицид. Әсер етуші заты – тифенсуль-фуронметил. Химиялық формуласы: Метил эфирінің 3-[[[[(4-метокси-6-метил-1,3,5-триазин-2-ил)амино]карбонил]амиино] сульфонил)-2-тиофенкарбонды қышқылы. Брутто формуласы: С12Н13О6S2. Препарат бидай дақылдары мен техникалық дақылдардың арамшөптеріне қарсы, өсімдікте 2-3 жапырақ шыққаннан кейін қолданылады.
Слайд 191. Агритокс. Арам шөптермен күресетін селективті жүйелі гербицид. Картоп, горох және
басқа дәнді дақылдарда қолданылады.
2. Алистер Гранд. Бір жылдық және кейбір
көпжылдық арам шөптермен бидай, тритикале егістерінде қолданылады. Күзде себіледі.
3. БиоПауэр. Сульфонилмочевина негізінде қолданылатын преперат.
4. Майстер. Бір жылдық және көп жылдық өсімдіктермен күресетін универсалды гербицид. Жүгері егістерінде қолданылады.
5. Эстет. Қос жарнақты арам шөптерді жоятын селективті жүйелі гербицид. Бидай, арпа және жүгері егістерінде қолданылады.
Слайд 20Гербицидтер
Жанасқандағы әсері-арамшөптерді, жанасу кезінде жояды.
Жүйелік әсері-өсімдіктердің таралу жүйесі арқылы таралып,
әсерін
тигізеді.
Топырақтық әсері. Өсімдіктердің тамырларына және өсіп келе жатқан
тұқымына әсер етеді.
Таңдамалы
әсері. Белгілі бір өсімдік түрін ғана зақымдайды.
Жаппай, тұтас әсері. Барлық өсімдік түрлерін жояды.
Слайд 21РЕГЛАМЕНТ ПРИМЕНЕНИЯ
Культура
Норма применения
Способ, время обработки, особенности применения
Пшеница яровая, ячмень яровой 100–150
г/га Опрыскивание посевов в фазе 2–3 листьев — начала кущения культуры
весной и ранние фазы роста сорняков (2 — 4 листа)
100–200 г/га Опрыскивание посевов в фазе кущения культуры и ранние фазы роста сорняков (2 — 4 листа)
150–200 г/га Опрыскивание посевов в фазе выхода в трубку (1 — 2 междоузлия) культуры и ранние фазы роста сорняков в случае необходимости, если погодные условия не позволили провести обработку раньше этого срока.
Пшеница озимая, ячмень озимый 150–200 г/га Опрыскивание посевов осенью в фазе кущения культуры и ранние фазы роста сорняков (2 — 4 листа)
100–200 г/га Опрыскивание посевов весной в фазе кущения культуры и ранние фазы роста сорняков (2 — 4 листа)
150–200 г/га Опрыскивание посевов весной в фазе выхода в трубку (1 — 2 междоузлия) в случае необходимости, если погодные условия не позволили провести обработку раньше этого срока.
Гербицидтерді қолдану жолдары мен мерзімдері
Слайд 22Біріктірілген гербицидтер
Өсімдік қорғауда әртүрлі химиялық заттарды
біріктіріп пайдалану ауылшаруашылығында кеңінен қолданылады.Пестицидтердің қоспасын төмендегі бағыттарға пайдаланады:
А).
Зиянды организмдердің әр түріне байланысты, пестицидтердің әсері спектрін кеңейту.
Б). Препараттардың зиянды организмге қатысты улағыштығын жоғарылату.
В). Пестицидтердің қорғау қабілетінің ұзақтығын көбейту.
Г). Қорғалатын өсімдікке деген препараттың улылығын төмендету (азайту).
Д). Химиялық өңдеудің кері әсері болмауы үшін.
Е). Пестицидтерді қолдануда жоғары экономикалық тиімділікті алуда.
Пестицидтерді біріктіріп пайдалану, көбіне олардың әсер ету диапазонын кеңейтуде кеңінен қолданылады.Біріктірілген гербицидтер банвел және логран кең спектр қабілетіне байланысты мәдени дәнді-дақылдар егістігінде луварам мен эстеролға шыдамды арамшөптерге қарсы қолданылады. Өсімдік қорғау тәжірибесінде әртүрлі зиянды органи-змдермен күрес мезгілі бірдей болуы жиі кездеседі. Сондықтан, пестицидтердің бірнеше түрін біріктіре отырып өңдеуді жүргізеді. Жәндіктер мен кенелерді жою үшін акарицидтерді фосфорорганикалық инсектицид қоспаларын пайдаланады. Бақшаны қорғау шаралары кешенінде жеміс жеміріне қарсы инсектицидтер және аурулармен күресетін фунгицидтер бірікті-рілген өңдеу қарастырылды. Жаздық, дәнді-дақыл егістігінде және жүгері алқабында арамшөптер мен швед шыбынымен залалдануын төмендету үшін инсектицидтер мен гербицидтердің (2,4-Д туынды) бірлесіп қолданылуы мүмкін.
Пестицидтер компоненттері біреуінің төзімділігінің жоғарылауы, олардың бірлесіп әсер ету қорытындысына байланысты. Компоненттердің біріккен әсері аддитивті, синергизмді және антогонизмді ерекшеліктері болады. Өсімдік қорғауда химиялық заттардың тиімділігін жоғарылатуда синергизмдік ерекшелігі пайда болуының маңызы зор. =
Слайд 23Біріктірілген гербицидтер
Синергизмдік тиімділік пестицидтерде мына жағдайлар негізінде пайда болады:
1) біріккен компоненттердің біреуі зиянды организмнің ішіне улы
затты тез ендіру қасиетіне ие болғанда;
2) егер бір зат зиянды организмнің немесе топырақтың ішіндегі белсенді компоненттің уды тез жою күшіне кедергі келтірген жағдайда;
Фосфорорганикалық біріккен қоспасы жәндіктің ағзасына түскенде, олардың бірі алиэстераза белсенділігін қатты жаншып, келесі заттың құртылуына кедергі келтіреді. Сонымен, алиэстераздар ингибиторы жоғары синергиялық тиімділігі карбофос пен сумитион қоспаларында табылды.
3) механикалық әсер етуіне байланысты ажыратылатын қоспалардың улылығы организмнің әртүрлі кезеңдерінде оның өміріне аса қажетті физиологиялық реакцияларын ингибирлейді. Сонымен, жақсы нәтижелер фосфорорганикалық инсектицидтер біріккен түрінде және пиретроидтық топтарда кездескен.
Пестицидтерді біріктіріп қолдануда осы жағдайлар да өсімдікті зиянды организмдерден қорғау кезеңінің ұзартылуын жоғарылатады. Мыс, карбофостың неоронмен қоспасы қиярды торлы кенеден 30-40 күн ішінде қорғайды. Карбофос-тұрақтылығы төмен препарат, 7-10 күн аралығында үлкен кенелер мен олардың құрттарын тиімді жояды, ал неорон өсімдікте кене-лерді болдырмайды. Купрозон - мыс хлортотығы мен цинеб препараттарына қарағанда өсімдікті аз күйдіреді.
Дихлорацетамид (эродиканның құрама бөлігі), белсенділігі аз бола тұра жүгерінің арамшөптерге қарсы күрес тиімділігін төмендетпестен, тиокарбамат тобындағы гербицидтермен залалданудан қорғайды.
Спецификалық акарицидтердің фосфорорганикалық қосындыларының қоспасы, кенелердің спецификалық төзімділігінің пайда болуын тоқтатады. Сонымен пестицидтерді кешенді қолдану ауылшаруашылық дақылдарды өңдеуде шығын мөлшерін едәуір қысқартып, арзан өнім алуға мүмкіндік береді. Бірақ, кейде пестицидтерді бірлестіріп қолдану теріс нәтижелер беруі мүмкін. Препараттардың улылығының төмендеуі, улылығы жоқ өнім пайда болғандағы химиялық реакциялар натижесінде пайда болады. Мысалы, фосфорорганикалық қосындылар сілтілік ортада тез ыдырайды, оларды бордос сұйықтығымен, әкпен және күкіртті-әк суымен араластыруға болмайды. Ондай кезде бұл инсектицидтердің қорғау кезеңі бір мезгілде қысқартылады.
Аурулармен күрес кезінде фталимидті инсектицидті эмульсиялы концентрат қоспасымен бірге қолданған жағдайда өсімдіктің қатты күюі байқалады. Пестицидтер төзімділігінің төмендеуі антогонизм жағдайында өтеді. Бұл жағдайлар пестицид қоспаларын механикалық жолдың тек бір түрін пайдаланғанда, бірақ әртүрлі улылықта болуы мүмкін.
Пестицид қоспаларын дұрыс қолдану - олардың әсерін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады, химиялық өңдеу кезіндегі еңбек өнімділігін және өсімдікті зиянкестерден, аурулардан, арамшөптерден қорғаудағы химиялық жеке кемшіліктерін жояды.
Слайд 24НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!