Разделы презентаций


Қ АЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Содержание

№15 тақырып ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ ДӘРІС ДОСПАРЫ: ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒАЖАЛПЫ СИПАТТАМА.2. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. 3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ.4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ.ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ


ПӘН: ФИЛОСОФИЯ



№15 тақырып
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ




Орындаған: ЖГДФ ассоц.

профессоры
Ақбаева Л.Н.



Алматы

2015
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫПӘН: ФИЛОСОФИЯ№15 тақырып ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯОрындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры

Слайд 2 №15 тақырып ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ ДӘРІС ДОСПАРЫ:
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒА
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
2.

ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.
3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ.
4.

ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ.
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР.
5. ҚОҒАМНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
6. ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІЛІК. М. ВЕБЕР, Г. МОСКА, Р. ДАРЕНДОРФ, В. ПАРЕТО,
П.СОРОКИННЫҢ СТРАТИФИКАЦИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ.
 

СӨЖ БЕН СОӨЖ-ГЕ ТАПСЫРМА (ТҮПНҰСҚАЛАР).
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ

№15 тақырып  ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ ДӘРІС ДОСПАРЫ:  ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒАЖАЛПЫ СИПАТТАМА.2. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ МЕН

Слайд 3
Философия тарихында қоғам өмірінің дамуының барысы жайында бірқатар пікірлер

айтылды. Тарихтың атасы деп саналатын ертедегі грек ғалымы Геродот (б.з.

д. 485-425 жж.) пен Фукидид (460-400 жж.) «алғашқы» тарихнама оқиғаны тарихи үдерістің клеткасы, басты ұясы ретіндегі көзқарасын санаға сіңірді.


Платон қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысының үлгісін қалдырды («Мемлекет» және «Заңдар» деген диалогтарында). Антикалық дәстүрдің әлемдік тарихнамаға қалдырғаны – «Топос» (грекше «tороs» – «орын») және «Хронос» (грекше «chrоnоs» – «уақыт» деген сөз) ұғымдары, яғни уақыт ағымында өткен оқиғаларды қарастыру.



Тарих – құдай өмірінің көрінісі деді, ал оның авторы – Құдай. Екінші жағынан, ортағасырлық тарихнама жаңа әлем жасайтын жалпы әлемдік маңызды оқиға, тарихи «рубикон» түсінігі ендірілді.
Мысалы, Христостың дүниеге келуі, өмірбаяны, өлуі және тірілуі, Алланың Пайғамбар арқылы қасиетті «Құранды» адамдарға жіберуі, «ақырет», «қиямет-қайым» және т.б.




ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Антикалық философтар (Демокрит, Платон, Аристотель, Лукреций Кар )
қоғамдық өмірдің табиғатын түсіндіруге тырысты.

Ортағасырлық ойшылдар (Августин Аврелий, Фома Аквинский) қоғам тарихын
теологиялық тұрғысынан түсіндірді.

Қайта Өрлеу дәуірінен бастап қоғамның діни түсінігінің орнына табиғи түсініктері
пайда болды.

Философия тарихында қоғам өмірінің дамуының барысы жайында бірқатар пікірлер айтылды. Тарихтың атасы деп саналатын ертедегі

Слайд 4


XVIII ғасырда француз ағартушылары адамның көзқарасы

мен мінез-құлқын – қоғамдық ортаның әсерінің нәтижесі деп түсіндірді. Ж.-Ж.Руссо

– қоғамдық теңсіздік пен мемлекеттің шығуының себебі жеке меншікте екенін дәлелдеп тұжырымдады. Оның саяси арманы – қоғамдық шарт жасаудың негізінде іске асатын тікелей демократия болды.
Ф.Вольтердің философияда алғаш рет «тарих философиясы» ұғымын айналымға енгізген. Вольтердің пікірінше, «тарих философиясы», ең алдымен, жалпыәлемдік тарихты құру ұмтылысы (мысалы, алуан түрлі оқиғаларды қамтитын көп томды «Тарих» кітабын жазу). Екіншіден, ғалым-тарихшылар ойларын сыни тұрғыда пайымдау. Үшіншіден, заңдар мәселесін, тарихи үдеріс логикасын оның дамуында және әсіресе оның болашағында ашу.
Г.Гегель қоғамның тарихи заңдылық бойынша өмір сүретінін, ол заңдылық қажеттілік пен кездейсоқтықтың диалектикасынан көрінетінін атап көрсетті. Оның пікірінше, тарих дүниежүзілік рухтың өзіндік дамуының нәтижесі болып табылады.






ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Жаңа дәуір мен Ағартушылық дәуірінде әлеуметтік философияның ішкі ядросын
құрайтын философиялық-тарихи білімдер негізі қаланды.


Г.Гегель «Тарих философиясы бойынша лекциялар» еңбегінде ол тарихи таным
дамуының үш кезеңін бөліп көрсетеді: 1) Антикалық дәуірінде Геродот пен Фукидидтен
басталып, кейінгі Орта ғасырлар мен Қайта Өрлеу дәуіріне дейін жалғасқан «бастапқы
тарихнама». 2) Жаңа дәуір мен Ағартушылық дәуіріндегі «сыншыл тарихнама».
3) «Философиялық тарих».

XVIII ғасырда француз ағартушылары адамның көзқарасы мен мінез-құлқын – қоғамдық ортаның әсерінің нәтижесі

Слайд 5




Бұл жаңа әділетті қоғамда барлық адамдар үшін міндетті өндірістік

еңбек енгізілуі, әркімнің қабілетіне қарай еңбек етіп, еңбегіне қарай ақы

алуы тиіс деген социалистік принциптер енгізілуі қажет деп тұжырымдады. Олар тарихи заңдылыққа негізделген қоғамдық прогресті мойындады. Бірақ бұл қоғамдық прогрестің қозғаушысы – ғылыми білімнің, адамгершілік пен діни сенімнің дамуы деп санады.




Әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы.



ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Утопист-социалистер А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн қоғамдық құбылыстарды
түсіндіруде материалистік ой-пікірлерге негізделген тарихи принципті басшылыққа
алды. Капиталистік қоғам қанауға, теңсіздікке негізделген әділетсіз қоғам екенін сынай
отырып, ескі қоғамның орнына жаңа қоғам – социализмніңкелуі тиіс екенін дәлелдеді.

Әлеуметтік философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары Н.Бердяев,
И. Ильин, П.Флоренский, С.Булгаков, С.Франк болды. С.Франктың (1877-1950 жж.)
айтуынша, әлеуметтік философия – «қоғамдық болмыстың
жалпы мәңгі негіздерін» зерттеумен айналысатын философиялық таным.

К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамды тарихи материализм тұрғысынан қарастырды.
Қоғам ауысымының себебі – еңбек құрал-жабдықтары мен меншік қатынастарының
ауысымы. Олар қоғамға диалектикалық-материалистік философия тұрғысындағы
анықтама берді: қоғам жеке адамдардың бір-бірімен әлеуметтік
байланыстардағы қатынастарының жиынтығы.

Бұл жаңа әділетті қоғамда барлық адамдар үшін міндетті өндірістік еңбек енгізілуі, әркімнің қабілетіне қарай еңбек

Слайд 6
К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамды тарихи материализм тұрғысынан қоғамның тарихи дамуының

мынадай жалпы мәселелерін шешеді: қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы,

материалдық өндірістің адамдардың өміріндегі шешуші рөлі, қоғамдық идеялардың және оларға сәйкес мекемелердің тууы мен рөлі.



Қоғамдық сананы, қоғамдық болмыс билейді. Бұл қатынастар қоғам өмірінің негізін құрайды. Қоғамдық болмыс категориясын тұжырымдап, қоғамды – материя қозғалысының ең жоғарғы, әлеуметтік формасы деп көрсетті.
Барлық қоғамдық қатынастардың ішінен экономикалық, өндірістік қатынастарды шешуші қатынастар ретінде бөліп алу К.Маркс пен Ф.Энгельске тарихи материализмнің аса маңызды ұғымы – қоғамдық-экономикалық формация ұғымын тұжырымдауға мүмкіндік берді.





ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Олар қоғамдық болмыстың алғашқылығын, ал қоғамдық сананың екіншілігін,
одан тәуелділігін тұжырымдады.



Қоғамдық-экономикалық формация – материалдық игіліктер өндірісінің белгілі бір
тарихи тәсіліне негізделген қоғамдық (экономикалық, идеологиялық, отбасы-тұрмыстық
т.б.) құбылыстар мен үдерістердің жиынтығы. Олай болса, қоғамның дамуы дегеніміз
бір қоғамдық-экономикалық формацияның одан гөрі жетілген екінші формациямен заңды
турде ауысуы. Мысалы, алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық
немесе капиталистік, социалистік (коммунистік) формациялар.


К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамды тарихи материализм тұрғысынан қоғамның тарихи дамуының мынадай жалпы мәселелерін шешеді: қоғамдық болмыс

Слайд 7 1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Гомер
Гесиод (8 в д.н.)
Орфей

(8-7 в д.н.)

Сократ (470-399 д.н.э.)
Платон (428-348 д.н.э.)
Аристотель
(384-322 д.н.э.)

Макиавелли Н.

(1469-1527)
Мор Т. (1477-1535)

Монтескье Ш.
(1689-1755)
Кетле Л. (1796-1874)

Конт О. (1798-1857)
Спенсер Г. (1820-1903)
Маркс К. (1818-1883)

Вебер М. (1864-1920)
Дюркгейм (1858-1917)
Лестер У. (1841-1913)
Тард Г. (1843-1904)
Парето В. (1848-1923)
Сорокин П. (1889-1968)
Ковалевский М. (1851-1916)
Мид Г. (1863-1931)

Парсонс Т. (1902)
Мертон Р.К.(1910)
Дарендорф Ф.Р. (1929)
Лазерсфельд П.Ф. (1901)

Діни-
мифологиялық
кезең

Философиялық кезең

Рационалдық (ғылыми)
кезең

1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ГомерГесиод (8 в д.н.)Орфей (8-7 в д.н.)Сократ (470-399 д.н.э.)Платон

Слайд 8





Әлеуметтанудың ғылым ретінде тууы ХІХ ғасырдың ортасындағы француз

позитивист-философы ОГЮСТ КОНТ (1798-1857 жж.) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш

рет «әлеуметтану» терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропаның (Г.Спенсер, К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер т.б) көптеген философ-әлеуметтанушылары айтарлықтай үлес қосқан.
Әлеуметтік философияның зерттеу объектілері көпқырлы. Олар – əлеуметтік қатынастар жəне олардың жүйеленуі, əлеуметтік айғақ (факт) (Э.Дюркгейм), əлеуметтік тəртіп (М.Вебер), тұлға, əлеуметтік құрылғылар, əлеуметтік институттар (марксизм), әлеуметтанымдық макро-микро қатынастары т.с.с.



Орта деңгей теориялары үш типке бөлінеді: 1) әлеуметтік өмірдің субъектілері бойынша; 2) әлеуметтік өмірдің салалары бойынша; 3) әлеуметтану салаларының пәнаралық сипаты бойынша.




.

2. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Әлеуметтік философия тарихтағы қоғамдық болмыстың онтологиялық негіздерін
зерттеумен айналысатын философиялық білім бөлігі. Сонымен бірге ол әлеуметтік және
жеке адам болмысы мәселелерімен шұғылданады. Әлеуметтік философиядан
тармақталып шыққан қоғам туралы ілім – әлеуметтану деп аталады. Ол (латынша
«social» – қоғам, гректің «logos» – ілім деген сөздері) тұтас алғанда қоғамның, қоғамдық
қатынастардың, қоғамдық бірліктің өзара өмір сүруі және дамуы туралы ілім.

Әлеуметтанудың құрылымы үш деңгейден тұрады:
теориялық әлеуметтану немесе іргелі зерттеулер деңгейі; 2) орта деңгей теориялары
немесе қосалқы зерттеулер; 3)эмпирикалық әлеуметтанымдық зерттеулер деңгейі

Әлеуметтанудың ғылым ретінде тууы ХІХ ғасырдың ортасындағы француз позитивист-философы ОГЮСТ КОНТ (1798-1857 жж.) есімімен байланысты,

Слайд 9














Макроәлеуметтану (грекше makros – үлкен деген сөз) ірі

əлеуметтік топтар мен жүйлерді, күрделі әлеуметтік үдерістерді зерделеп талдайды. Микроәлеуметтану

(грекше mikros – кіші деген сөз) кіші әлеуметтік жүйелердегі құбылыстар мен үдерістерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты.




2. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әлеуметтік өмірдің субъектілері бойынша әлеуметтану мынадай түрлерге бөлінеді:
тұлға; 2) отбасы; 3) ұжым; 4) кәсіптік топтар; 5) страталар мен таптар; 6) жастар
(ювиноәлеуметтану); 7) қарттар (геронтоәлеуметтану); 8) ересек адамдар (акмеәлеуметтану);
9) әйелдер (феминоәлеуметтану); 10) гендер; 11) ұлттар немесе этноәлеуметтану;
12) электорат; 13) саяси партиялар; 14) коммуникация мен ақпарат; 15) қала мен ауыл;
16) қоғам элитасы; 17) шағын топ т.б. әлеуметтанулары.

Әлеуметтік өмірдің салалары бойынша әлеуметтану мынадай түрлерге бөлінеді:
10) еңбек; 2) басқару; 3) бос уақыт; 4) ауыл шаруашылық; 5) әскери; 6) ғылым; 7) білім беру;
8) педагогикалық; 9) құқық; 10) дін; 11) мода; 12) спорт; 13) өнер; 14) мораль; 15) әдебиет;
16) медицина; 17) жарнама; 18) кино; 19) девианттық мінез-құлық; 20) әлеуметтік жұмыс;
21) өмір сүру тәсілі; 22) индустриалдық т.б. әлеуметтанулары.

Орта деңгей теориялары әлеуметтік өмірдің субъектілері бойынша
макро- жəне микроәлеуметтану болып екіге бөлінеді.


Әлеуметтік философия бірқатар қызметтер атқарады.

Макроәлеуметтану (грекше makros – үлкен деген сөз) ірі əлеуметтік топтар мен жүйлерді, күрделі әлеуметтік үдерістерді зерделеп

Слайд 10


Танымдық қызмет әлеуметтік философияны ғылыми білімнің бір саласы ретінде

санап, оны арнаулы, объективтік, дәлелді, арнаулы тілі мен әдістері бар

білім ретінде қарастырады.
Әдіснамалық қызмет. Әлеуметтік философия мұны пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып, әлеуметтік құбылыстарды тануда әдіснамалық бағдарлар беріп отырады.
Эвристикалық қызмет танымдық мәдениеттің элементі ретінде коғамдык өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырады, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.
Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдап, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішіне белгілі дәрежеде тәрбиелеуші қызметі де кіреді: әлеуметтік философия, біріншіден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетін тәрбиелейді; екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір құндылық бағдарларын тәрбиелейді, қалыптастырады.
Болжамдық қызмет әлеуметтанымдық білімнің, әлеуметтік практиканың әр түрлі салаларында қолданылуын жобалайды.
Сонымен әлеуметтік философияның қызметтері адамының бағалау іс-әрекетінің жүзеге асырылуын немесе адамның тұлға ретінде қоғамда бейімделуін көздейді.






2. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ МЕН ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ең алдымен, әлеуметтік философия дүниетанымдық қызмет атқарады, өйткені ол
«әлеуметтік әлемді» бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде «оны жаратады».

Танымдық қызмет әлеуметтік философияны ғылыми білімнің бір саласы ретінде санап, оны арнаулы, объективтік, дәлелді, арнаулы тілі

Слайд 11 3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ
XX ғасырдағы батыс әлеуметтануының барлық

теориялары екі бағытта көрініс тапты. Бірінші бағыт теориялық әлеуметтану деп,

ал екіншісі – эмпирикалық әлеуметтану деп аталады. Бірінші бағыт өкілдері қоғамды тұтас алып, зерттесе, екінші бағыт – қоғам өмірінің жеке-дара жергілікті салаларын қарастырды.




Конт əлеуметтануды «əлеуметтік статика» жəне «əлеуметтік динамика» деп бөлді. Біріншісі қоғамды, оның барлық элементтерін тұрақты және тепе-тең теңдік жағдайында зерттейді. Екіншісі қоғамдық дамуды, бір дәрежеден екінші дәрежеге өту жағдайында зерттейді. О.Конт әлеуметтанымдық зерттеудің негізгі заңын бақылау және эксперимент ретінде тұжырымдайды. О.Конт ғалымдар ұсынысын нақтылы тәжірбиелік тексеруден өткізу қажет деген тезисті көтерді. Сондықтан да О.Конт философиясы «позитивизм» деген атау алды.
О.Конттың пайымдауынша, қоғам туралы ғылым жаратылыстану ғылымдардан қалыспауы тиіс. Сол себепті қоғамды зерттеу барысында әлеуметтануда физика іспеттес математикалық əдістерді пайдалану керек деп, әлеуметтануда натурализм бағытын қалыптастырды.
О.Конттың ілімдерін ағылшын ғалымы Герберт Спенсер (1820-1903) жалғастырды. Спенсердің әлеуметтанымдық теориясы Ч.Дарвиннен қабылдаған екі принципке негізделді: қоғамды организм деп түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы. Шын мәнісінде, қоғам жануарларға тән өмір сүру тәсілін көшіріп алады. Олай болса, «оған тән нәрсе – биологиялық заңдылық» деген қорытынды айтады.


Теориялық әлеуметтанудың негізін қалаушы – француз ғалымы О.КОНТ болды.
Ол алғашқы болып «әлеуметтану» терминін өзінің «Позитивтік философия курсы»
(1830-42 жж.) атты еңбегінде ғылымға енгізді. О.Конт қоғам туралы позитивті тәжірибелі
ғылым жасауды қажетсініп, алғашқыда әлеуметтануды «әлеуметтік физика» деп атады.

3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ  XX ғасырдағы батыс әлеуметтануының барлық теориялары екі бағытта көрініс тапты.

Слайд 12 3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917

жж.) өзінің еңбектерінде («О разделении общественного труда», «Правила социологического метода»,

«Самоубийство») жаңа әлеуметтанымдық «социологизм» деген теорияны қалыптастырды. Оған сәйкес ғылыми әлеуметтану нақты фактілерге жүгінуі керек деп есептеді.



Э.Дюркгеймнің негізгі әдістемелік принципі – əлеуметтік фактілерді заттарға жақындастыру («əлеуметтік фактілер – заттар тəріздес»). Яғни әлеуметтанушының негізгі мақсаты – əлеуметтік фактілердің арасындағы байланысын зерттеу.
Э.Дюркгеймның шығармашылығының негізгі маңызы –  әлеуметтануға жүйелік анықтамасын беруінде. Оның негізгі сипаттары: а) қоғамды құрылымдық-функционалдық организм деп түсіну; ә) қоғамдық тәртіпті оның қажетті жағдайы деп қорғау; б) әлеуметтік тәрбие институтын қоғамның  өмір сүруі үшін қажетті, маңызды механизмі деп түсінуі.




Э.Дюркгейм «аномия” ұғымын әлеуметтануға енгізді. Оған сәйкес аномялық қоғамда
тәртіп нормалары ескіреді де, оларға адамдар бағынбай хаос жағдайында өмір сүреді.
Бұндай жағдай оларды өзін-өзі өлтіруге соқтырады.
Ғалым өзін-өзі өлтіруді теориялық түрде дәлелдеп, оның үш түрін көрсетеді:
аномиялық, эгоистік, альтруистік («Самоубийство» ).

Əлеуметтік факт, Э.Дюркгеймнің пайымдауынша, ол – жеке тұлғаларға тікелей əсер
ететін əлеуметтік құбылыс. Əлеуметтік фактілерге Э.Дюркгейм құқық пен тəртіп
нормаларын, тарихи қалыптасқан ойлау мен əрекет формаларын, əлеуметтік қозғалысты,
тіпті моданы (сəн өнерін) да жатқызады.

3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ  Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917 жж.) өзінің еңбектерінде («О разделении

Слайд 13 3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ



М.Вебердің пікірінше, қоғам өміріне

тек қана экономикалық қарым-қатынас қана емес, сонымен қатар идея мен

құндылықтар да зор əсерін тигізеді. Сондықтан болар, М.Вебердің ең ірі еңбектері діни әлеуметтануға арналған. Оның еңбектерінде Үнді, Қытай мемлекеттерінде қалыптасқан ежелгі дін, сонымен қатар иудаизм діні қарастырылады. Батыс пен Шығыстың ең ірі діни жүйелерін салыстыра отырып, М.Вебер капитализмнің өркендеуіне христиан дінінің тікелей əсері бар деген тұжырымға келеді.
Оның «Протестанттық этика мен капитализм рухы» деген еңбегінде діни сенім капиталистік экономиканың дамуының ынталандыру негізі деді. Себебі ол еңбексүйгіштікті, үнемділікті, есепшілдікті, шыдамдылықты, жігерлілікті қалыптастырады деп түсіндірмекші болды. Бұл еңбектегі негізгі әлеуметтанымдық тұжырымдамалары қазіргі күнге дейін өзінің ғылыми жағынан орасан зор табыс болып саналады.
Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократияны зерттеу болды. Бюрократия – кең көлемдегі ұйым, онда қызметкерлер рангыларға бөлінеді дейді. Бюрократияның басты сипаты – рационалдылық және компетенция болып табылады.



ХХ ғасырдың ірі әлеуметтанушыларының бірі болып М.Вебер есептеледі (1864-1920 жж.).
М.Вебер қоғамды әлеуметтік әрекет теориясы, яғни қоғам дамуының
алғышарты – адамдардың көзқарастары мен ұғымдары деп түсіндірді.


М.Вебердің әлеуметтанымдық ілімнің негізі – идеалдық тип туралы ілім. Идеалдық типті
қоғамды басқару жүйесіне сәйкестендіріп, оның үш түрін көрсетеді – харизматикалық
(басшының ерекше қасиеттеріне негізделген, мысалы, Гитлер, Наполеон т.б.), дәстүрлі
(монархия) және рационалды (заңдарға негізделген).

3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ  М.Вебердің пікірінше, қоғам өміріне тек қана экономикалық қарым-қатынас қана емес,

Слайд 14 3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ




Оның көзқарасы бойынша, капитализмнің орнына

тапсыз социалистік қоғам орнауы керек, таптың жойылуына байланысты қоғамда барлық

теңсіздік жойылуы керек. К.Маркс «негізгі таптар буржуазия және пролетариат болып бөлінеді» деп есептеді. Буржуазияның ішінде меншік иелері болады, олар әлеуметтік иерархиядағы жағдайына байланысты өндірістің (фабриканың, жердің) маңызды құралдарының иелері арқылы ерекшеленеді. Маркс люмпенпролетариат деп аталатын, қоғамнан «шетке шыққан» адамдардың болатынын көрсетті.
Оның әлеуметтік құрылым теориясында, пролетариаттың өзін пайдаланушыларға қарсы революциялық көтерілісін «басатындарға», яғни орта таптың орны мен рөліне көңіл бөлінеді. Оның пікірінше, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жеке меншік тұрғысында қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастар əсер етеді. Олар əлеуметтік қарама-қайшылықтардың пайда болуына əкеліп соқтырады, ал бұл қарама-қайшылықтарды жөнге келтіру дүниежүзілік тарихтың құрамы болып табылады.

Маркс капитализмнің дамуына қарай буржуазияның байитынын, пролетариаттың кедейлене түсуін дәлеледеді. Олардың арасындағы шиеленіс күшейе түседі де, жұмысшылар революция жасап, өз диктатурасын орнатады. Әділетсіз қоғамдық құрылыс ретінде каптализм құрып, бүкіл әлемдік деңгейде социализмге өту басталады деді.

К.Маркс қоғамды зерттеп, экономикалық әлеуметтану проблемаларын қарастырды.
К.Маркстың қоғам туралы ғылымға қосқан ең үлкен үлесі – оның тарихты материалистік
тұрғыдан түсіндіруі («барлық тарих – таптар тартысы»), экономикалық және әлеуметтік
детерминизм. Капитализмді зерттей отырып, Маркс тапқа анықтама берді

Маркстың құнды еңбегі – қосымша құн теориясын жасауында.

3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ  Оның көзқарасы бойынша, капитализмнің орнына тапсыз социалистік қоғам орнауы керек,

Слайд 15 3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ




Бұл жүйе өндірістегі «адами факторларды»,

еңбекке материалдық және моральдық ынталандыруды, басқару өнерінің ерекшеліктерін анықтады. Тейлор

бірінші болып рестрикционизм (ағылшынша restriction – шек қою деген сөз) құбылысын ғылымғы енгізді. Оның мәні – қалай болса, солай жұмыс істеу. Сонымен қатар Тейлор хронометраж әдісін, нұсқау карточкаларын, әлеуметтік ақпаратты жинауды, жаңаша басқару құрылымын енгізді.
Американдық еңбек әлеуметтануына Элтон Мэйо зор үлес қосты. Ол 1927-1932 жылдары әйгілі Хоторн қаласы шеңберінде эксперимент жүргізді. Мұның мақсаты – еңбек ұжымдарында өріс алған формальды емес құбылысты ашу. Бұл құбылыстың мәні – әркімнің ұнатуына қарай ұжымның шағын топтарға бөлінуі.
Абрахам Маслоу 1943-жылы қажеттіліктердің иерархиялық теориясын қалыптастырды. Ол қажеттіліктерді базистік және туынды деп, екі түрге бөлді. Базистік қажеттіліктерге тамақ ішуді, ұрпақ қалдыруды, киім киюді, баспананың болуын, қауіпсіздікті, туынды қажеттіліктерге әділеттілікті, аман-есендікті, тәртіп сақтауды жатқызды.
АҚШ-ғы әлеуметтанымдық зерттеулердің әдістемесінде бихевиоризм (ағылшынша behaviour – мінез-құлық деген сөз) кең өріс алды. Оның негізін салушы Э. Торндайк, Д. Уотсон, Б.Скиннер еді. Осыған сәйкес әлеуметтанудың зерттейтін пәні – адамның мінез-құлқы еді.

ХIХ ғасырдың соңында АҚШ-та қолданбалы эмпирикалық әлеуметтану дамыды.
Әсіресе еңбек әлеуметтануы мен басқару әлеуметтанулары өріс алды.

Американ ғалымы Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж.) дүниежүзінде бірінші болып
еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (научная организация труда) жүйесін ашты.

3. БАТЫС ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ТАРИХИ СИПАТТАМАСЫ  Бұл жүйе өндірістегі «адами факторларды», еңбекке материалдық және моральдық ынталандыруды,

Слайд 16 4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ

ТЕОРИЯЛАР


«Қоғам» деген ұғымға əртүрлі анықтама беріледі. Э. Дюркгеймнің пікірінше,

қоғам – жеке тұлғаға үстем болатын рухани ақиқат. К.Маркс қоғам деп, адамдар арасында тарихи тұрғыда дамитын қарым-қатынас деп қарастырады, М.Вебер бойынша, ол – адамдардың өзара әрекеті, ал Т.Парсонс бойынша – адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, ұлттық шығу тегінің бір болуы дегенді білдіреді.
Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамасыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.
Әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік.

Қоғамның дамуы адамның санасынан тәуелсіз, объективтік заңдар бойынша жүріп жататын өрлемелі табиғи-тарихи процесс.



Қоғам – бұл қоғамдық байланыстардың, қатынастардың және
қоғамдық институттардың жиынтығы.

Қоғам өмірінін табиғи жағдайлары.

Қоғамның дамуы мен өмір сүруінің табиғи қажетті алғышарты – географиялық орта
(климат, ландшафт, пайдалы қазбалар, флора, фауна, құнарлы топырақ).

4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР  «Қоғам» деген ұғымға əртүрлі

Слайд 17 4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ

ТЕОРИЯЛАР
Әлеуметтік философиясындағы «Географиялық детерминизм» теориясына сәйкес адамдардың психикасының ерекшелігі,

қоғам өмірінің бүкіл құрылысы географиялық ортаның әсеріне тікелей байланысты дейді, кейіннен геосаясатқа айналды.
Ш.Монтескье (1689-1755 жж.) әлеуметтік философияда «Географиялық детерминизм» теориясын қалыптастыруы нәтижесінде географиялық бағыттың негізін салып, онда саяси құрылысқа климаттың, топырақтың, жер қыртысының атқаратын рөлін көрсетті.

Географиялық орта қоғам дамуына екі түрлі әсер етуі мүмкін. Қолайлы табиғат жағдайлары (пайдалы кен байлықтарының, орманның, өзен суының, қоңыржай климаттың болуы т.б.) қоғамның дамуына игі әсерін тигізеді, өйткені олар өндірістің дамуына қолайлы. Ал қолайсыз табиғи жағдайлар қоғамдық дамуға теріс әсер етеді. Мәселен, кен байлықтарының болмауы өнеркәсіптің дамуына, аса құрғақ климат ауыл шаруашылығына кедергі болады.



Ноосфера адамзаттың пайда болуына байланысты туды – қуатты, дамыған техника мен технологияны пайдалана отырып, адам жер табиғаты мен жердің айналасындағы кеңістікке зор әсерін тигізеді.


Географиялық орта – адамның өндірістік іс-әрекетінің қажетті шарты.

Қоғам мен табиғат өзара табиғи түрде байланысты. Осының нәтижесінде ноосфера
(гректің noos – «ақыл» және «сфера» деген сөздерінен) деп аталатын
табиғатты «адамдандыру», яғни адамның табиғатты игеру үдерісі пайда болды.

4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР  Әлеуметтік философиясындағы «Географиялық детерминизм»

Слайд 18 4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ

ТЕОРИЯЛАР
«Биосфера – деп жазды В.Вернадский – жаңа эволюциялық күйге

– ноосфераға айналды және айналуда, ғылыми ой әлеуметтік адамзатты өңдеуде» (Вернадский В.И. “Размышление натуралиста: научная мысль как грюнетное явление”).



Сондықтан тұрғын халықтың көптігі не аздығы және тығыздығы не сиректігі елдің дамуын тездетуі немесе баяулатуы мүмкін. Басқа жағдайлары бірдей болып, адам күші көп болса және халықтың өсу қарқыны жоғары болса, бүл елдің тез дамуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз.

Әлеуметтік философияда халықтың қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалайтын теориялар бар. Олардың ішінде ең әйгілісі – XVIII ғасырдың аяғында өмір сүрген ағылшын монахы әрі экономисі Т.Мальтус (1766-1834 жж.) теориясы болды.



Сондықтан, қоғам дамуына халықтың өсуі кедергі күш, өйткені азық-түліктің өсуіне қарағанда халық әлдеқайда тез өседі, сондықтан қоғам адамның бәрін асырай алмайды, олай болса, кедейліктен, аштықтан, жұмыссыздықтан құтылудың «жолы» – еңбекші халықтың некеден, көп бала табудан бас тартуы керек деп жариялады.

Қоғам өмірінің екінші қажетті табиғи жағдайы – тұрғын халық немесе
демографиялық үдерістер.

Қоғамның дамуы туралы теориялар.

Т.Мальтус халықтың өсуі геометриялық прогрессияда, ал тіршілік құралдары –
тек арифметикалық прогрессияға сәйкес өседі деген қорытынды жасады.

4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР  «Биосфера – деп жазды

Слайд 19 4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ

ТЕОРИЯЛАР
Осы мақсатпен ол халықтың санын азайтуға немесе «табиғи» түрде

реттелуге себепші болатын қоғамдық құбылыстарды – дүниежүзілік соғыстарды, жұқпалы аурулардың эпидемиясын т.б. қоғамдағы азық-түлік өндірісінің дәрежесі мен халықтың өсу дәрежесін үйлестіретін пайдалы құбылыстар деп санады.



Детерминистік тұрғыдан қарастыру марксизмде анық байқалады. Марксизмде жүйелер суммативті, органикалық жəне тұтас болып бөлінеді. Бұл ілім бойынша қоғам тұтас жүйе ретінде төмендегідей төрт саладан тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысын өзін жеке-жеке жүйе ретінде қарастыруға болады. Қоғамдық жүйеде жаңа қызметтерді қалыпастыру еңбек бөлінісі негізінде іске асады.
Функционализм идеясы – көбінесе англо-американ әлеуметтанушыларына тиесілі. Функционализмнің негізгі ережелерін ағылшын әлеуметтанушысы Г.Спенсер өзінің үш томдық «Әлеуметтану негіздері» еңбегінде баяндаса, оны американдық әлеуметтанушылар А.Радклиф-Браун, Т.Парсонс дамыта түсті. Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылды.



Қоғамды жүйелілік деңгейде қарастыруда детерминистік және функционалдық
теориялар маңызды рөл атқарады.

4. ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ. ҚОҒАМ ӨМІРІНІН ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЛАРЫ. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР  Осы мақсатпен ол халықтың

Слайд 20 5. ҚОҒАМНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Қоғамның əлеуметтік құрылымы деген

ұғымды негізінен мынадай мағыналарда пайдаланады.


Мұндай көзқарастағы

əлеуметтік құрылым əлеуметтік құрылғылардың арасында болатын барлық қатынастарға мінездеме береді. Ал қысқаша мағынада, «қоғамның əлеуметтік құрылымы» ұғымы көбінесе əлеуметтік-таптық жəне əлеуметтік-топтық құрылғыларға қатысты қолданылады. Бұл мағынада əлеуметтік құрылым – өзара байланыста жəне өзара қатынаста болатын əлеуметтік топтардың жиынтығы.




Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен өзара  байланысты болып, қоғамда ерекше орын алады. Сондықтан әлеуметтанудың міндеті – қоғам құрылымын анықтау, оның ең маңызды элементтеріне ғылыми сұрыптама жасау, олардың өзара байланыстары мен өзара әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде, әлеуметтік құрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтайды. Өйткені қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзара байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа интегралды, жүйелік жеке заңдар бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.

Қоғамның құрамдас элементтеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер,
нормалар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қатынастар, әлеуметтік институттар
мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен
құндылықтар жатады.

Жалпы мағынада əлеуметтік құрылым – бұл қоғамның құрылымы,
оның барлық негізгі элементтерінің арасында болатын байланыс жүйесі.

5. ҚОҒАМНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК  Қоғамның əлеуметтік құрылымы деген ұғымды негізінен мынадай  мағыналарда

Слайд 21 5. ҚОҒАМНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК




Әлеуметтік жүйе – тұтастықты құрастыратын

негіз болып табылады, оның негізгі элементтеріне адамдар, олардың арасындағы байланыстар,

әрекеттер мен қатынастар жатады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттер және қатынастар тұрақты сипат алады, тарихи үрдіс барысында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан әлеуметтік жүйе қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның, адамдардың әрекет ету саласының жемісі болып табылады.
Əлеуметтік байланыс – бұл фактілер жиынтығы, белгілі бір қоғамда болатын адамдардың ұйымдасқан еңбегі.
Əлеуметтік қарым-қатынастар – жеке адамдар мен əлеуметтік топтар арасындағы белгілі дəрежеде жəне өз бетінше болатын байланыс. Әлеуметтік қатынастар – жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақты және өз алдына жеке байланыс. Демек, қоғам көптеп саналатын индивидтерден, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстардан, өзара қимыл-әрекеттерден және қатынастардан құралады.
Әлеуметтік үрдіс – кез-келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі. Әлеуметтік үрдіс мынадай белгілермен сипатталады: әлеуметтік үрдістің құрамды бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі, объектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі.


Қоғамның жүйелілігін көрсететін ұғымдар мен негізгі принциптер бар.
Оларды жете түсіну үшін ең алдымен әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс,
әлеуметтік қарым-қатынастар, әлеуметтік үрдіс ұғымдарын сараптап, білу қажет.

5. ҚОҒАМНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Әлеуметтік жүйе – тұтастықты құрастыратын негіз болып табылады, оның негізгі

Слайд 22 6. Әлеуметтік  стратификация мен әлеуметтік мобильділік. М.Вебер, Г.Моска, Р.Дарендорф, В.Парето, П.Сорокинның

стратификациялық теориялары


Таптық құрылымның тұжырымдамасын Макс Вебер дамытты, ол

«тап» санатын айқындау кезінде меншіктің рөлін және капитализмдегі теңсіздікті мойындады. Вебер ресурстарды бөлу жөніндегі дауды шешілмейтін нәрсе деп санады.
М.Вебер теңсіздіктің бірінші компоненті – байлық, екіншісі - құрмет пен қадірге, беделге ие болу. Ол мәртебелік топтар ұғымын енгізді. Стратификациясының үшінші факторы - саяси сипаты бар билік. Тіпті басқа адамдар мен топтар тарапынан қарсылыққа қарамастан, адамның немесе топтың жоспарын іске асыруға, іс-әрекет жасауға немесе белгілі бір саясат жүргізуге қабілеттілігі түсіндіріледі. Вебер қоғамдағы билік жүйесін қалыптастырудағы жалпы мүдделері біріктірілген саяси партиялар мен топтардың маңызды екенін ескерді.




Біріншісі, әдеттегідей көп емес, барлық саяси функцияларды жүзеге асырады, билікті монополизациялайды және оған тиесілі артықшылықтарды пайдаланады, сонымен қатар екінші ретінде, саны көп, бірінші топ азды-көпті заңды түрде қоғамды басқарады және реттейді, оған саяси организмнің өмір сүруіне қажетті материалдық қолдау құралдары көмектеседі.

Әлеуметтік стратификация – әлеуметтік философияның маңызды тақырыбы.
Ол қоғамдағы теңсіздікті баяндайды.

Г.Москаның, Р.Дарендорфтың, В.Паретоның тұжырымдамаларында таптың санаттары
билікке қатысты айқындалады. Олар билігі бар (басқарушылар тобы) және билігі жоқ
(басқарылатын топ) деп бөлуді ұсынды.

6. Әлеуметтік  стратификация мен әлеуметтік мобильділік. М.Вебер,  Г.Моска, Р.Дарендорф, В.Парето, П.Сорокинның стратификациялық теориялары

Слайд 23 6. Әлеуметтік  стратификация мен әлеуметтік мобильділік. М. Вебер, Г. Моска, Р.

Дарендорф, В. Парето, П. Сорокинның стратификациялық теориялары



Осы теорияға сәйкес,

әлеуметтік стратификация деп әлеуметтік жіктелуді, барлық қоғамның әр түрлі топтарға – страттар мен кластарға («жоғары», «ортаңғы», «төменгі») бөлінуін, олардың өзара кіріс деңгейі, қызмет түрлері, саяси көзқарастары, білім деңгейі, мәдени және діни бағдарлары, тұрмыстық жағдайлары бойынша айырмашылығының болуын айтамыз. П.Сорокин стратификацияның бірнеше негізгі белгілерін ажыратты: экономикалық (кедей-бай), кәсіби (беделді-беделсіз), саяси (іс-қимылының билік жасайтын-бағынышты). Осы белгілер өзара тікелей әрекет жасайды.



Сорокин әлеуметтік мобильділіктің көлденең және тік болып бөлінетіндігі туралы айтады. Көлденең жылжу – адамның әлеуметтік стратификацияның сол деңгейінде қала тұра, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуін білдіреді.
Тік жылжу – бұл адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне иерархиялық тәртіппен, мысалы, қоғамның төменгі тобынан аса жоғары немесе керісінше – жоғары топтан төменгісіне өтуі. Адамдардың кірістері айырмашылығында, өмір сүру деңгейінде, халықтың бай және кедей топтарының болуымен көрінетін экономикалық теңсіздік тік жылжудың обьективті жағы ретінде көрінеді.

Қоғамның біртекті еместігі, оның әр түрлі топтарға обьективті бөлінуі П.Сорокиннің
«Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік» – адамдардың бір
әлеуметтік топтан басқа топқа ауысуын білдіретін теориясында өз көрінісін тапты.

Адам кәсібін, қызмет түрін, экономикалық жағдайын, саяси көзқарасын өзгерте отырып,
бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтеді. Бұл үдеріс әлеуметтік мобильділік деп аталады.

6. Әлеуметтік  стратификация мен әлеуметтік мобильділік. М. Вебер,  Г. Моска, Р. Дарендорф, В. Парето, П. Сорокинның

Слайд 24 ПИТИРИ́М СОРО́КИН (1889-1986)
 

ПИТИРИ́М СОРО́КИН (1889-1986)  

Слайд 25СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
Әлеуметтік философия туралы түпнұсқаларға жазбаша

және ауызша анализ жасаңыз.

1 – мәтін
Цзы-гун

мемлекетті басқару туралы сұрады. Ұстаз жауап берді: «Мемлекетте жеткілікті тамақ болуы керек, жеткілікті қару-жарақ болуы керек және халық билеушіге сенетін болуы керек» (Конфуций. «Лунь юй»).
«Адамдар! Мейірімді адал, әділ заңға бағыныңдар, мейірімділік алғашқы заңның мәні» деп жазды. Қоғам өмірінде адамгершілік қағидалары қандай орын алады? Заңның болғаны неге тиімді?» (Пифагор).
«Әлеуметтік теңдік – нағыз шынайы идея. Бірақ біздің бақытсыз ғаламда өмір сүріп жатқан адамдар екі тапқа бөлінбеуі мүмкін емес. Байлар үстемдік етеді, кедейлер бағынады». Сіз бұл сөзге келісесіз бе? Шындығында әлуметтік теңдік идеясы құры елес пе? Әлеуметті теңдік үстемдік ететін қоғамды құру мүмкін бе?»
(Ф.М. Вольтер).



СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар) Әлеуметтік философия туралы түпнұсқаларға жазбаша және ауызша анализ жасаңыз. 1 – мәтін

Слайд 26 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу

құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
2. Абдирайымова Г.С.

Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.-224 б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.-284 б.
4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192 б.
5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы. Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238 б.
8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы: Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2010.-240 б.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі:	1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика