Разделы презентаций


" М?ш??р -Ж?сіп – адамзатты? ?лы ?алымы"

Содержание

Бұлттай жауатұғын менің өзім, Көкірегім – қан, жаспенен толған көзім Жаңбырдың рахымет тамшысындай, Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1АТАСУ КЕНТІ,
№ 132 ОРТА МЕКТЕБІ
I САНАТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ

МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ЗАМАНОВА САПУРА ДИХАНБАЙҚЫЗЫ

АТАСУ КЕНТІ, № 132 ОРТА МЕКТЕБІ I САНАТТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ЗАМАНОВА САПУРА ДИХАНБАЙҚЫЗЫ

Слайд 2 Бұлттай жауатұғын менің өзім, Көкірегім – қан, жаспенен толған көзім Жаңбырдың рахымет

тамшысындай, Ғаламға дастан қылып айтқан сөзім.

М.Ж.Көпеев.
Бұлттай жауатұғын менің өзім, Көкірегім – қан, жаспенен толған көзім Жаңбырдың рахымет тамшысындай,  Ғаламға

Слайд 3 Сабақтың тақырыбы: « Алаштың ардақтысы, дара тұлғалы Мәшһүр

-Жүсіп – адамзаттың ұлы ғалымы»

Сабақтың тақырыбы:    « Алаштың ардақтысы, дара

Слайд 4 Сабақтың мақсаты:

Атақты ақын,оқымысты,әулие,қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы , айтыскер,

шежіреші, мысалшы, публицист Мәшһүр-Жүсіптің көп қырлы талант екендігін таныту.


Сабақтың мақсаты: 	Атақты ақын,оқымысты,әулие,қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы , айтыскер, шежіреші, мысалшы, публицист Мәшһүр-Жүсіптің көп қырлы

Слайд 5Сабақ кезеңдері:
Қ. Бітібаеваның жаңа білімді
меңгерту технологиясы
Жаңа тақырып бойынша берілетін

алдын-ала тапсырмалар жүйесі
( Мәшһүр-Жүсіп өмірі,шығарма
шылығы)
Жоба қорғау
“Біз үшінМәшһүр-Жүсіп
кім?”
Қосымша материалдармен
жұмыс
(мақалалары)
Алған білімдерін
қорытындылау
“Мәшһүр

шығармаларының
құндылығы неде?”

Тапсырмалар негізінде
сұхбат-әңгіме,пікірлесу

Мұғалім түсінігі
(кесенесі,мұражайы т.б.
мәліметтер жайында)














Сабақ кезеңдері:Қ. Бітібаеваның жаңа білімді меңгерту технологиясыЖаңа тақырып бойынша берілетін алдын-ала тапсырмалар жүйесі( Мәшһүр-Жүсіп өмірі,шығармашылығы)Жоба қорғау“Біз үшінМәшһүр-Жүсіп

Слайд 6Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің өмір дерегіне және шығармашылығына байланысты оқушы

түсініктері

Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің өмір дерегіне және шығармашылығына байланысты оқушы түсініктері

Слайд 7 Мәшһүр-Жүсіптің өмірдерегі
М.Ж.Көпеев 1858 жылы Баянауылдың Қызылтау , Найзатас деген

жерде дүниеге келген. Әкесі Көпей Мәшһүрді 5 жасынан бастап оқуға

берген. Алғашқы ұстазы Бұхарадан білім алып келген Қамареттин хазірет.
М.Ж.Көпеев араб,парсы, шағатай, түрік тілдерін жақсы меңгерген. “Ер Тарғын”, “Төрт жігіттің өлеңі”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”т.б. қиссаларды жатқа айтқан.
Жас баланың өнеріне қызыққан Мұса Шорманұлы “Өз заманында Мәшһүр болатын бала екен” деген.
Ақындығы 15 жастан басталады және осы жастан бастап бала оқытып ұстаздық еткен.
1887 жылдары ол Бұқар,Ташкент,Түркістан қалаларына барып , Орта Азияның әлемге әйгілі Шайық Сағдидың, Әбілғазы Бахадурдің , Фердауси, Науаи еңбектерін оқып танысады, сонымен қатар кітаптарын еліне алып қайтады.
Түркістан, Сырдария өңірін көп аралаған. Абайдың ағартушылық жолын ұстанған.
Мәшһүр-Жүсіптің өмірдерегіМ.Ж.Көпеев 1858 жылы Баянауылдың Қызылтау , Найзатас деген жерде дүниеге келген. Әкесі Көпей Мәшһүрді 5

Слайд 8Шыққан тегі

Шыққан тегі

Слайд 929 жаста Бұхар бардым

29 жаста Бұхар бардым

Слайд 10Ұлы ұстаздар ізімен

Ұлы ұстаздар ізімен

Слайд 11Ең алғашқы бала өнерін бағалаушы

Ең алғашқы бала өнерін бағалаушы

Слайд 12Менің пікірім
Сонымен, адамзаттың дара тұлғасы атанған Мәшһүр атамыз - қаршадайынан

оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар адам.

Өмірінің өзі бізге үлгі боларлық жыр – дастан.
Менің пікірімСонымен, адамзаттың дара тұлғасы атанған Мәшһүр атамыз - қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние

Слайд 13Әулие атамыздың араласқан адамдары
Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға Абаймен
Артына

ғибрат алар із қалдырған Шәкәрім қажымен
Көкшенің ақсұңқары Ақанмен
Қазақтың түйе балуаны

Қажымұқанмен
Бөгенбай батырдың немересі Саққұлақ шешенмен
Майлықожа Сұлтанқожаұлымен т.б.

Әулие атамыздың араласқан адамдары Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға АбайменАртына ғибрат алар із қалдырған Шәкәрім қажыменКөкшенің ақсұңқары

Слайд 14 Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға Абаймен
М.Жүсіп Абайды “Ақындардың ақыны”

деген.
Ал Абай болса , “Шәкәрім мен М.Жүсіп құрдас. Екеуі

де дін жолында жүрген жандар. Мен де ақынмын, Мәшһүр де ақын. Дегенмен, ол ақын болғанмен, құдайға жақын. Сондықтан да Мәшһүр - адамзаттың әулиесі” деген.

Қазақтың маңдайына біткен  дара тұлға Абаймен М.Жүсіп Абайды “Ақындардың ақыны” деген. Ал Абай болса

Слайд 15

Шәкәрімге бір дастарханның басында кездескенде:

“Аумалы-төкпелі заман келе жатыр, біреуіміздің ажалымыз Алладан, біреуіміздің ажалымыз

адамнан болар!”-дегенде Шәкәрім: “Пешенемізге жазылғанды көрерміз” десе керек. Шынында да Шәкәрім көп ұзамай ОГП-ның “жан алғыштарының” қолынан қаза табады.












Мәшһүр және Шәкәрім

Шәкәрімге бір дастарханның басында кездескенде:   “Аумалы-төкпелі заман келе жатыр, біреуіміздің ажалымыз Алладан,

Слайд 16Мәшһүр және Ақан сері

Ақан серіні
Мәшһүр –Жүсіп: “Адамзаттың сұңқары,

қызыл тілдің ділмәрі” ,- деп бағалап кеткен.

Мәшһүр және Ақан сері  Ақан серініМәшһүр –Жүсіп: “Адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі” ,- деп бағалап

Слайд 17 Атақты күш иесі - Қажымұқан
“Мен ол кісінің

алдына барып, өзім тізерлеп тұрып жеңілер едім” деген сөздері бар.

“Әулиеге тіл тигізбеңдер!” ,- деп айтып жүрген. Әр кездескен сайын әулиеден бата сұрайды екен.
Атақты күш иесі - Қажымұқан  		“Мен ол кісінің алдына барып, өзім тізерлеп тұрып жеңілер едім”

Слайд 18Менің пікірім

Қорытындылай келе, Мәшһүр-Жүсіп кімнің шығармасын оқыса да, қандай адамдармен

араласса да сол жайында өзіндік пікір айтып, қорытынды жасап отырған.


Менің пікірімҚорытындылай келе, Мәшһүр-Жүсіп кімнің шығармасын оқыса да, қандай адамдармен араласса да сол жайында өзіндік пікір айтып,

Слайд 19 Дара тұлғалы адам

Дара тұлғалы адам

Слайд 20 Шығармалары

Шығармалары

Слайд 21Шығармаларындағы көтерілген негізгі мәселелер

Шығармаларындағы көтерілген негізгі мәселелер

Слайд 22Менің пікірім
“Асыл сөздің алдаспаны” Мәшһүр өлеңдерін жаттап, көңілге тоқу, тереңнен

түсіне білу – баршамыздың парызымыз.

Менің пікірім“Асыл сөздің алдаспаны” Мәшһүр өлеңдерін жаттап, көңілге тоқу, тереңнен түсіне білу – баршамыздың парызымыз.

Слайд 23“Ілмек сұрақ”
Өзін жерлеуге байланысты Мәшһүр-Жүсіптің қандай ескертпесін білесіңдер?
Басыңыздағы үкіңіз

не, неге тағасыз,себебі не?- деп сұраушыларға ақынның берген жауабы...
Мәшһүр-Жүсіптің көптеген

жыл көмусіз жатқаны рас па?
Ақындық қасиеті қалай қонған, ол жайында ақын не деп толғайды?


“Ілмек сұрақ” Өзін жерлеуге байланысты Мәшһүр-Жүсіптің қандай ескертпесін білесіңдер? Басыңыздағы үкіңіз не, неге тағасыз,себебі не?- деп сұраушыларға

Слайд 24 “Ілмек сұрақ”
Мәшһүр-Жүсіптің басындағы үкіні кім таққан?
Мәшһүр-Жүсіп түс көріп, түсінде көген

алмай, өлең алып оянған, жаратылысынан дарынды, өнерпаз ақындар қатарына жатады.

Түсінде ақындық өнерді қабылдап оянғанын жыр еткен тағы қандай ақындарды білеміз?
Өзінің қанша жыл өмір сүретіндігі жайлы не деп айтқан?
Қашан,қай айда қайтыс болған?






“Ілмек сұрақ” Мәшһүр-Жүсіптің басындағы үкіні кім таққан?Мәшһүр-Жүсіп түс көріп, түсінде көген алмай, өлең алып оянған, жаратылысынан

Слайд 25Мұғалім түсініктемесі
Кесенесі, мұражайы туралы Мәшһүр Жүсіпке байланысты әр түрлі деректер

Мұғалім түсініктемесіКесенесі, мұражайы туралы Мәшһүр Жүсіпке байланысты әр түрлі деректер

Слайд 26Мәшһүр-Жүсіптің кесенесі

Мәшһүр-Жүсіптің кесенесі

Слайд 27Алғашқы кесенесі

Алғашқы кесенесі

Слайд 292006 жылы бой көтерген жаңа кесене

2006 жылы бой көтерген жаңа кесене

Слайд 31 Мәшһүрден қалған жыр-дастандар

Мәшһүрден қалған жыр-дастандар

Слайд 36

Мешіт

Мешіт

Слайд 37Ақын мұражайы

Ақын мұражайы

Слайд 38Мұражайдағы ақынның пайдаланған заттары

Мұражайдағы ақынның пайдаланған заттары

Слайд 55Ақынды бейнелеген мүсін

Ақынды бейнелеген мүсін

Слайд 57Қосымша материалдармен жұмыс(мақалалары)

Ғылым – білім туралы
Қазақ мақалдары туралы


Қосымша материалдармен жұмыс(мақалалары)Ғылым – білім туралыҚазақ мақалдары туралы

Слайд 58 Назар аударыңыз:
Мақалаларындағы негізгі көтерілген мәселелерге
Ақынның өзіндік ой қорытындысына (талдауына)


Назар аударыңыз: Мақалаларындағы негізгі көтерілген мәселелерге Ақынның өзіндік ой қорытындысына (талдауына)

Слайд 59Тапсырма
Ғылым – білімге байланысты мақаласы бойынша:
Мақаладағы негізгі мәселелерді анықта
Осы көтерілген

мәселелер адам өмірінде қаншалықты роль атқарады?
Өзіндік көзқарастарыңыз...

ТапсырмаҒылым – білімге байланысты мақаласы бойынша:Мақаладағы негізгі мәселелерді анықтаОсы көтерілген мәселелер адам өмірінде қаншалықты роль атқарады?Өзіндік көзқарастарыңыз...

Слайд 60Мәшһүр – Жүсіп ғылым –білім туралы

Ғылым-білім немен болады?
Әуелі жаратушы Құдай

тағаланы танумен болады.
Ал құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса

, сонда тәңірісін таниды.
Ғылым үйрен. Маңдайында көзі бар, басында құлағы бар, аузында тілі бар жан ғылымға тырысу керек.
Ғылым аспандағы күн сықылды, жарығы мол, әркімнің терезесіне қарай сәулесі түседі.
Ғылым-ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дария, әркімнің ыдысына қарай құйылады.
Түндігі жабық, терезесі жоқ үйге сәуле түспейді, суы да түбі бүтін ыдысқа тоқтайды, тақыр жерден сыр етіп өте шығады, түбі тесік ыдыстан сау етіп жерге төгіледі. Ғылым да әдепті, ибалы, жақсы мінезді адамға орнығатын болады.
Адам өзін төрде ұстағанша , сөзін төрде қылуы керек дейді.Ол төрден оған не пайда?
Күншіл болудан алыс жүріп үйрен.
Дүние махаббатына қызықпа. Дүниеге махаббатын кеткен адамның көзі соқыр, құлағы саңырау болады. Қазақта: « Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе»,- деген. Соқырдың қолына түссең , қолыңдағы бар нәрсемен басыңа бір-ақ салады. Саңыраудың астына түссең, «өлдім!»-дегеніңді естімейді, өлсең үстіңнен тұрмайды.
Тәкаппар болма, кекшіл болма.Адамның жақсысы кекшіл болмау. Сонда ғылым-білімнің пайдасы-мінезді түзету.
Жақсылық та , жамандық та адамның өз бойынан табылады, оны даладан іздеме. Өз денеңде жеті есік бар. Денеңдегі жеті есікті бекітсең, тозақтың жеті есігі жабулы болады. Олар: көз, құлақ,ауыз, қарын, ұят жері, қол, аяқ..
Тәкаппарлықты жоқ қылу, күншілдікті жоқ қылу, өрлікті жоқ
қылу,кекшілдік, кінә сақтауды сақтауды жоқ қылу.Осы жетуінен өзіңді аршып, таза ұстасаң, тозақтың жеті есігі сен дегенде тарс жабылады.
Оқыған адамның көзінің алды жарық дүние де , қара танымаған кісіге бар нәрсе бұлдырап тұрады. Білімі таяз адам дірілдеп , қалтырап әркімге бір жалтағыш келеді. Білікті кісі құйған қорғасындай салмақты болады,сондықтан терең де парасатты білім әрбір адамға аудай қажет. Ғылым пенденің ішін анау-мынау лас қылықтан тазартатын түңлік сияқты. Түңлік арқылы үйге күндіз Күннің, түнде айдың сәулесі түсіп тұратын болса, сапалы білім де адам жанын баспалдақтай биіктете береді. Сондықтан да: «Әркім өз жанын тірілтуді керек қылса , ғұмырын ғылым-білімге сарп қылсын. Сонда пенденің жаны тіріліп, сыйлы болады . Ғылым-білімге ғұмырын сарп қылмаған пенденің жаны өлік жан есепті. Өзі өліп жатқан өлікті кім керек қылады» деп қорытындылайды.
Мәшһүр – Жүсіп ғылым –білім туралыҒылым-білім немен болады?Әуелі жаратушы Құдай тағаланы танумен болады. Ал құдайды қайтсе таниды?

Слайд 61Бұл мақалада ақынның негізгі көтерген мәселелері мыналар:


Ғылым-білімді игерудің жолдары;
Ғылым-білімнің пайдасы;
Ғылым-білімнің

адам өміріндегі атқаратын рөлі;
Ғылым-білімді игерудегі мінез мәселесі.
Яғни айтар болсақ тәкаппарлық

, күншілдік, кекшілдік жайы.
Бұл мақаланы оқып талдау барысында біздер М.Ж. Көпеевтің ғылым-білім жайлы ойларымен таныстық .
Ақын көтерген мәселелердің адам өміріндегі атқаратын рөліне келер болсақ оның мәні зор. Айталық ғылым мәселесі. Қазіргі заманда оқымаған адам далада қалады.
2. Күншіл,кекшіл болу адамның өсіп өркендеуіне кедергісін тигізеді.
3. Мақаланы оқып талдау барысында біздер мынадай қорытындыға келдік:
1.Мінезді түзету керектігі;
2.Тәкаппар болмау;
3.Кекшіл болмау;
4.Жамандық жасамау;
5. Ғылым-білімге ұмтылу;
6.Күншілдікті жоқ қылу керек деген көзқарасқа тоқтадық.
Қорытындылай келе айта кетсек осы мақаладан ақынның өзіне тән ерекшелігін де аңғардық.
Ақын не нәрсені айтса да алланы тілге тиек етеді екен.
Мақала біз үшін үлгі-өнегеге толы.
Бұл мақалада ақынның негізгі көтерген мәселелері мыналар:Ғылым-білімді игерудің жолдары;Ғылым-білімнің пайдасы;Ғылым-білімнің адам өміріндегі атқаратын рөлі;Ғылым-білімді игерудегі мінез мәселесі.Яғни

Слайд 62Тапсырма
Қазақ мақалдары туралы мақаласы бойынша:


ТапсырмаҚазақ мақалдары туралы мақаласы бойынша:

Слайд 63
Қазақ мақалдары туралы –

1.Қазақ: «Неке суы- мекке суы»,- дейді. Сол

ауызға алынған сөз бекер болмайды. Ауызға алынған сөз , періштенің

құлағына шалынады. Неке суының қасиеті адамның ішіне кеткен қылшық, қыл-қыбыр сол сумен жидіп, шіріп жоқ болып кетсе керек. Ол адамның ішіне кеткен қыл-қыбыр бір жерге жиыла-жиыла көбейіп, оған екі түрлі жаман иіс тудырады дейді. Бірі- қоңырсыған жаман майдың иісі, сасыған, бүксіген, бықсыған-жаман иістер. Егер кіретұғын жаман иіс болмағанда, түтін болмағанда, шаң-тозаң болмағанда,адамдар көп жасар еді- делінген Хадис Шәрифте деп дәлел келтірген. Бұл мақалды осылайша талдайды.
2.Қазақ сөзі: «Есеп: есеп білмеген –есек» Бұған дәлел-бұл Құранда: «Өткен өмір , жасаған жасың не жұмыспен өткендігін, соның есебін өз басыңнан өзің алуын керек. Бүгін бір сөзді өзіңе-өзің тауып айта алмай тұрсаң, алдағы уақытта Құдай алдында қалай тауып айтамын деп ойлайсың?!
Не нәрсе болсын , есебін біліп іс қылу керек. Дәнеменің есебін білмегенде бұрынғылар есек орнында санаған деп талдап көрсетеді.
Ал мен бұл мақалдан өмірді қалай өткізу керек екендігіні аңғардым. Ақын көтерген мәселе өмірді текке , мағынасыз, бос өткізбеу керектігі жөніндегі мәселені. Мен не нәрсе болсын ойлап істеу керек деген қорытындыға келдім және осыны өзіме келешек өмірімде үлгі тұтамын.
.
Қазақ мақалдары туралы –1.Қазақ: «Неке суы- мекке суы»,- дейді. Сол ауызға алынған сөз бекер болмайды. Ауызға алынған

Слайд 643. Қазақ сөзі: «Тайдың жорғасы-түйе болады, жігіттің жорғасы - еліне

ие болады». Бұған дәлел: Көркем мінебен әркімнің мінезі артық болса,

дәрежеде де артық болады дейді. Мұнда ақын әрбір адам жақсы мінез-құлықтарға ұмтылу керектігін ұғындырып отыр. Ақын көтерген мәселе –үлгілі болу мәселесі. Мен ақынның көзқарасына қосылам және әрбір адамның мінезі жібектей жақсы болса екен деймін.
4. Қазақ сөзі: «Құдайдан қорықпағаннан қорық»,- дейді. Құдайдан кім қорықпайды? Надан қорықпайды.Сондықтан надан адамдардан сақтанып жүру керектігін ескертіп отыр. Бұндағы ақынның көтерген мәселесі - мінез-құлық мәселесі. Бұл мақалында надандықтан бойды аулақ ұстау керектігін ұғындырып отыр.
Менің көзқарасым бойынша надандық жаман қылық , әрбір адам надан болмауға тырысу керек.
5. Қазақ сөзі: «Егер білім үйретсең жаманға, атыңды ерттеп, даярлап қойып, сонан соң үйрет» Бұны былайша талдайды. Неге десең, сенен үйреніп алған білімімен тура өзіңе дүрсе қоя береді. Сол шақта қашып құтылуыңа керек!-дейді. Менің ойымша мұнда ақын жаман қашанда жаман дегенді ұғындырып отыр.
6. Қазақ сөзі: «Ерте тұрғанның ырысы артық” Хадис Шарифте : Таң уақытында ұйқыда жатпақ ,келейін деп тұрған ризықты келтірмейді. «Ұйықтаған ұйқы алады, ұйықтамаған жылқы алады-деп келтіреді. Мұнда ақынның көтерген мәселесі –талап мәселесі. Ақын ырыс,құт, береке еңбекпен келетіндігін айтқан . Шынында да менің ойымша еңбектенген адам мұратына жетеді.
7. Қазақ мақалы: «Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды» Бұған дәлел: Алла тағала ізгілікті болған, ақ жүрек, халал ниетте болған пенделеріне өзі бас көз болады, ондай құлын өзі бағып, өзі қағушы болады деген сөз деп Құраннан дәлел келтірген екен. Мұнда да мінез мәселесін қозғаған. өзің ақ болсан – құдай да сені қолдайды деп айтып отыр. Қорытындылай келсем әрбір адамға жасаған жақсылығын өзіңнің алдыңнан жақсылық болып қайтады демекепін. Мен осындай көзқарасқа келдім
3. Қазақ сөзі: «Тайдың жорғасы-түйе болады, жігіттің жорғасы - еліне ие болады». Бұған дәлел: Көркем мінебен әркімнің

Слайд 65Жоба қорғау
Сабақ үрдісінде алған білімдеріңізді жинақтап, қорытындылай келгенде сіздер үшін

М. Жүсіп кім ?

Жоба қорғауСабақ үрдісінде алған білімдеріңізді жинақтап, қорытындылай келгенде сіздер үшін М. Жүсіп кім ?

Слайд 66Қорытынды

Ақын шығармаларының құндылығы неде ?

ҚорытындыАқын шығармаларының құндылығы неде ?

Слайд 67Үйге тапсырма
М. Жүсіп және Абай
Шығармашылық тапсырма:
М. Жүсіптің дін жайындағы шығармаларына

талдау жасау.

Үйге тапсырмаМ. Жүсіп және АбайШығармашылық тапсырма:	М. Жүсіптің дін жайындағы шығармаларына талдау жасау.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика