Слайд 111-тақырып. Экономикалық реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
1.Қаржы жүйесiнiң мәнi мен құрылымы.
2.Экономикалық
саясаттың қаржылық механизмі.
3.Мемлекеттiк бюджет: ұғымы және құрылымы. Мемлекеттік шығындар
және жиынтық сұраныс. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
4.Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы.
5. Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері.
6.Iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарыз. Мемлекеттiк қарыздың елдiң экономикалық дамуына ықпалы.
Слайд 21.Қаржы жүйесiнiң мәнi мен құрылымы.
Қаржы – елдегі орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша құралдарының қорын тұрғызудағы және қолданудағы барлық экономикалық қатынастар
жиынтығы. Қаржылар – ақша құралдарын бөлу мен пайдалануға байланысты құндық ағындардың жиынтығы болып табылады. Араларында ақша ағындарының ұдайы қозғалыстары болып тұратын негізгі субъектілерге мемлекет, оның институттары, фирмалар және тұрғындар жатады.
Слайд 3Қаржы жүйесі – бұл барлық өзара байланыстағы қаржылық құрылымдық элементтердің
жиынтығы. Қаржы жүйесіне мыналар кіреді:
а) барлық деңгейдегі бюджеттер жиынтығы (мемлекет,
әкімшілік бірліктер, жергілікті басқару ұйымдары);
б) бюджеттен тыс қорлар (әлеуметтік, мүліктік, жеке сақтандыру);
в) мемлекеттің валюталық резерві;
г) кәсіпорындар мен мекемелердің ақша қорлары.
Слайд 4Қаржы жүйесін мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің, тұрғындардың қаржысының өзара байланысы ретінде
қарауға болады.
Қаржы жүйесінің қызмет істеуі екі кезеңнен тұрады:
1. Табыстарды
алу мен шығындаудың жоспарларын құрастыру.
2. Ақша ағындарының қозғалысын ұйымдастыру.
Слайд 511.2.Экономикалық саясаттың қаржылық механизмі.
Егер қаржы жүйесі мемлекет деңгейіндегі мақсаттарға
жетуге бағытталған болса, онда бұл мемлекеттік қаржы саясатын білдіреді. Ал
ол келесі екі аспектіден тұрады:
а) фискалдық саясат – экономиканы табыстар мен шығыстар арқылы реттеу;
б) бюджеттік саясат – бюджеттік процесстерді реттеу (бюджеттік тепе-теңдікке жету).
Слайд 6Фискалды саясат – бұл мемлекеттік шығындар мен табыстарды өзгерту арқылы
экономиканы реттеу жүйесі.
Ол екі түрге бөлінеді: дикрециондық фискалды саясат
және автоматты.
Дикрециондық саясат – экономикалық конъюнктураны тегістеу мақсатында мемлекетпен салықтарды және шығындарды өзгерту (мысалы, салық ставкасын, жәрдемақы мөлшерін). Бұл белсенді фискалды саясат.
Слайд 7Автоматты фискалды саясат автоматты түрде кіріктендірілген тұрақтандырушылар (табысқа салынатын салықтың
прогрессивті ставкасы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы және т.б.) көмегімен жүргізіледі. Бұл
пассивті фискалды саясат: мемлекеттік шығындары мен салықтардың деңгейіндегі қажетті өзгерістер автомат түрінде жасалады.
Слайд 8
11.3.Мемлекеттiк бюджет: ұғымы және құрылымы. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс.
Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің барлық ақша құралдарын
(табыстарды) және оларды бөлуді (шығындарды) бейнелейтін мемлекет қызметінің қаржылық бағдарламасы.
Бюджет шығындары құрылымы бойынша:
- мемлекетті басқаруға,
- әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға,
- мемлекеттің шаруашылық әрекеттері мен
- сыртқы экономикалық қызметтеріне,
-қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті бекітуіне жұмасалатын шығындар болып бөлінеді.
Слайд 9Экономикалық әдебиетте мемлекеттік шығындарды әр түрлі жіктелімдеу ұсынылады. А. Пигу
оларды трансформациялық және трансферттік түрлеріне бөледі. Бірінші жағдайда тауар мен
еңбекте көрсетілген қызметтер мемлекеттік қаржының ағымына қарсы ағады (мемлекеттік инвестициялар, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік тұтыну, жалақыны бюджеттен төлеу). Трансферттік шығындар қарсы келетін қызметті болжамайды және тікелей құралдарды беру болып шығады (трансферт: субсидиялар, үй шаруашылығына жәрдемақы, әлеуметтік қамтамасыздандыру).
Слайд 10Мемлекеттік шығындардың басқа жіктелеуі институционалдық бағытпен байланысты: негізі ретінде оларды
министрліктер, агенттіктер арасында бөлу жатады. Осындай жүйелеу құралдарды жұмсауды бақылауын
жеңілдетеді, бірақ та олар қаншама тиімді пайдаланғанын көрсетпейді.
Функционалды принциптің негізінде шығындар мақсатты міндеті бойынша топталады (қорғаныс, білім беру, өнеркәсіп және т.б.). Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылығы туралы пікірге мүмкіндік береді.
Слайд 11Мемлекеттің шаруашылық әрекеттерге шығындары таза ұлттық өнімді мультипликациялық өсіруге әкеледі.
Мемлекеттік шығындар мультипликаторы таза ұлттық өнім өзгерісінің үкімет шығындары өзгерісінің
қатынасына тең.
Мемлекеттік бюджет кірістері – орталық және жергілікті билік ұйымдары алатын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан және мақсаттық қорлардан тұрады.
Слайд 12Экономикалық әдебиетте мемлекеттік шығындардың келесі жіктелеуі беріледі:
- салықтық және салықтық
емес;
- қарапайым (тұрақты) және төтенше (уақытша, кезеңдік);
- жеке сектордан және
мемлекеттік сектордан.
Өз кезегінде, мемлекеттік сектордан алынатын табыстар ұлттық мемлекеттен және шетелден (көмек, репарациялар) түскен қаржыларға бөлінеді. Жеке сектордан түсетін мемлекеттік табыстар мемлекеттің рынок түріндегі табыстарды болжайды.
Слайд 13Қаржы жүйесінің құрылуының екі принципі белгілі:
а) демократиялық орталықтандыру;
б) фискалдық федерализм.
Демократиялық
орталықтандыру кезінде жергілікті органдар ақша қаражаттарын өз бетімен жұмсай алмайды.
Ал фискалдық федерализмде орталық және жергілікті қаржылар қатаң шектелген. Жергілікті билік қаржы шығындарының бағытын өзі дербес анықтайды.
Слайд 14
11.4.Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы.
Салықтар
– бұл жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мемлекет пен жергілікті
бюджетке міндетті төлемдері.
Салық жүйесі – қаржылық құралдарды жинау әдістері мен нысандарының жиынтығы.
Слайд 15Салық салудың принциптері:
1. Салық салудың жүйесі келесідей құрылуы қажетті: мемлекеттің
оны ұстауға шығыны, соңдай ақ сол төлем төлеу тәртібімен байланысты
салық төлеушінің шығыны максималды төмен болу керек;
2. Салық ауырпалығы салық төлеушінің экономикалық белсенділігін төмендетпеуі тиісті;
3. Салық алу процессі конъюнктура мен жұмыс бастылығы саясатын жүзеге асыруға ең жоғары дәрежеде көмектесуі үшін ұйымдастырылуы тиісті.
Слайд 164. салық салу процессі үлкен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету бағытында
табыстарды бөлуге әсер етуі тиісті;
5. Салық құрамдастырымы әрбір салықтың өзінің
нақты мақсаты болатын біртұтас жүйені құрауы тиісті;
6. Жеке адамның «салық төлеуге қабілетін» анықтау кезінде азаматтың жеке өміріне қатысты ең аз деректерді көрсетуін талап ету қажетті.
Слайд 17Салықтардың түрлерін келесі бес қасиеттері бойынша жіктеледі:
1. Салықтарды салу объектісі
бойынша:
а) табыс салығы;
б) мүлікке салынатын салық;
в) нақты қызметтің және
тауардың тұтынушының шығындарына салынатын салық.
2. Алу тәсілдері бойынша тікелей (табысы төлеушіден немесе мүлік иесінен тікелей алынатын салық) және жанама (нақты тауарлардың бағасына қосылады және осы тауарларды тұтынушыларынан оларды сатқанда алынады – акциздер және кедендік баж) салықтар болады.
Слайд 183. Мөлшерін анықтау сипатына қарай салық негізгі үш жүйеге бөлінеді.
а)
пропорционалды салықтар – табыс, шығын сомасына немесе мүлік құнына байланысты
емес және өзгермейтін пайыз ставкасымен;
б) прогрессивті салықтар – ставкасы табыстың артуына байланысты өсіп отырады;
в) регрессивті салықтар - ставкасы табыстың артуына байланысты төмендеп отырады.
4. Cалық сомалары түсетін бюджет деңгейі бойынша – жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
5. Пайдалану тәртібіне қарай жалпы салықтар (мемлекеттің біртұтас қорына жиналатын) және мақсатты, немесе арнаулы, нақты міндеті бар, салықтар бөлінеді.
Слайд 19Мемлекеттік бюджеттегі салықтың таза қорының өсіп артуы мемлекеттік кәсіпорындарды және
жеке бизнесті мемлекеттік инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл таза ұлттық өнімнің
мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор таза ұлттық өнім өзгерісінің салықтық түсімдердің өзгерісіне қатынасымен анықталады.
Алайда, мемлекет фирма табысына салық ставкасын тым жоғарлатса, фирмалардың капитал салуға стимулы төмендейді. Бұл жағдайды Лаффер қисығы графигі бейнелейді
Слайд 21Басында салық ставкасы өскенде бюджетке түсетін түсімдер де артады. Бірақ
салық ставкасының тым өсуі кәсіпорынның дамуын тежейді, ал егер салық
ставкасы жүз пайыз болса, кәсіпкер өзінің кәсіпорындарын қандай-да бір ынталандырулардың болмауына байланысты жауып тастауы мүмкін, соның нәтижесінде бюджетке түсетін түсімдер де мүлде тоқталады.
Слайд 22
11.5.Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері.
Бюджеттік үрдіс мемлекеттік кірістер мен
шығыстардың теңдік жағдайын болжайды. Мемлекет шығыстары кірістерден асып кетуі бюджет
тапшылығын тудырады. Ол мына себептерге байланысты:
а) өмірдің әр түрлі салаларында мемлекет рөлінің жоғарылауы;
б) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кететін шығындардың жоғарылауы;
в) мемлекеттік аппарат мүшелерінің санының жоғарылауы;
г) шаруашылық конъюктураның тербелісі, өндірістің құлдырауы мен өсуі.
Слайд 23Мемлекеттік бюджет тапшылығын жою тәсілдері:
1) ақшаның қосымша эмиссиясы;
2)
салықты көбейту;
3) мемлекеттік қарыз, мемлекеттік несие;
4) шығындарды азайту.
Слайд 24
11.6.Iшкi және сыртқы мемлекеттiк қарыз. Мемлекеттiк қарыздың елдiң экономикалық дамуына
ықпалы
Мемлекет мемлекеттік қарыздарды шығарып, оларды орналастыру нәтижесінде халықтың, банктердің, сақтандыру
және өндірістік компанияларының уақытша бос ақшалай жабдықтарын тартады. Нәтижесінде бірте-бірте өтелетін мемлекеттің ішкі қарызы қалыптасады. Халықаралық несиені тарту нәтижесінде мемлекеттің сыртқы қарызы пайда болады.
Слайд 25Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардабын келесі төрт сәтке бөлуге болады:
1.
Сыртқы қарызды өтеу қажеттілігі мемлекет тұрғындары үшін тұтыну мүмкіншіліктерінің қысқаруына
әкеліп соқтырады.
2. Әрі қарай өсуін шектейтін жеке капиталдың қысылуына әкеледі.
3. Мемлекеттің өсіп жатқан қарызын төлеу үшін салықтарды көбейту экономика белсенділігін арттыруға қарсы ынталандыру санатында көрінеді.
4. Мемлекеттік қарыз табыстардың теңсіздігің күшейтуге әкеледі.