Разделы презентаций


12 -тақырып. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі

Содержание

1.Ақша-несие жүйесi. Ақша жүйесі – әрбір мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің негізгі компоненттеріне мыналар жатады:Тауар және қызмет бағасын білдіретін ұлттық ақша бірлігі.Қолма-қол айналымындағы заңды төлем құралы болып табылатын

Слайды и текст этой презентации

Слайд 112-тақырып. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
1.Ақша-несие жүйесi.
2.Ақша

сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторы.
3.Несиенiң мәнi және

формалары. Несие жүйесiнiң қызметтерi.
4.Ақша-несие саясаттың инструменттері.
5.Инфляция және инфляцияға қарсы саясат.
12-тақырып. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері1.Ақша-несие жүйесi. 2.Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторы.

Слайд 21.Ақша-несие жүйесi.
Ақша жүйесі – әрбір мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру

формасы. Ақша жүйесінің негізгі компоненттеріне мыналар жатады:
Тауар және қызмет бағасын

білдіретін ұлттық ақша бірлігі.
Қолма-қол айналымындағы заңды төлем құралы болып табылатын несиелік және қағаз ақшалар, айналым монеталар жүйесі.
Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни заңды түрде бекітілген айналымға ақша шығару тәртібі.
Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік ұйымдар.

1.Ақша-несие жүйесi.  Ақша жүйесі – әрбір мемлекеттің ақша айналымын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің негізгі компоненттеріне мыналар

Слайд 3Ақша айналымы жүйесін екі негізгі түрге бөледі: 1. Металдық ақша айналымының

жүйесі, бұл айналымдағы алтын және күміс ақшалар. Олар ақшаның барлық

қызметтерін орындайды, ал несиелік ақшаларды металдық ақшаға еш шектеусіз айырбастауға болады. 2. Алтынға айырбасталмайтын несиелік және қағаз ақша айналымының жүйесі (бұл жүйеде алтын өзі айналымнан шығарылған деп есептеледі).
Ақша айналымы жүйесін екі негізгі түрге бөледі: 1. Металдық ақша айналымының жүйесі, бұл айналымдағы алтын және күміс

Слайд 4 Металдық ақша айналымының жүйесі биметаллизм және монометаллизмге бөлінеді. Биметаллизмде ақша ретінде

екі метал – алтын және күміс қолданылады. Монометалдық жағдайда ақшаның

материалы ретінде тек бір ғана металл – алтын қолданылады. Монометализмнің үш түрі белгілі. Олар: 1. Алтын монеталық стандарт, алтын монеталардың айналымымен және шектеусіз қағаз және несиелік ақшаның алтын ақшаға айырбасталуымен сипатталады. 2. Алтын құймалы стандарт. Ол стандартты алтын қоспаның бағасына сәйкес келетін, ақша сомасын ұсынғанда ғана қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігін қарастырады. 3. Алтын девиздік стандарт, ол банкноттарды алтынға айырбастауға мүмкіндігі бар шетел валютасына айырбастау рұқсатының болуы.
Металдық ақша айналымының жүйесі биметаллизм және монометаллизмге бөлінеді. Биметаллизмде ақша ретінде екі метал – алтын және

Слайд 51929-33 ж. болған әлемдік экономикалық дағдарыс монеталлизмге шек қойды. Айырбасталмайтын

несиелік ақша жүйесі құрыла бастады. Оның ерекше белгілері: 1. Несиелік ақшаның

басымдылық жағдайы; 2. Алтынның демонетаризациясы, яғни оның айналымнан шығуы; 3. Банкноттарды алтынға айырбастаудан бас тарту және олардың алтындық маңызын жоққа шығару; 4. Мемлекетті және жеке меншік кәсіпкерлікті несиелендіру мақсатында ақша эмиссиясын көбейту; 5. Қолма-қолсыз айналымның маңызды кеңеюі; 6. Ақша айналымының мемлекеттік реттелуі.
1929-33 ж. болған әлемдік экономикалық дағдарыс монеталлизмге шек қойды. Айырбасталмайтын несиелік ақша жүйесі құрыла бастады. Оның ерекше

Слайд 6Ақша айналымын күшейту немесе тұрақтандыру мақсатында ақша жүйесін жетілдіру ақша

реформасы деп аталады. Ақша реформасының мақсатына байланысты, ол бірнеше түрге бөлінеді: 1)

жаңа ақша жүйесінің қалыптасуы; 2) ақша жүйесін біршама өзгерту, мысалы, эмиссия ретін, ақша бірлігінің атауын және т.б.; 3) ақша айналымын тұрақтандыру.
Ақша айналымын күшейту немесе тұрақтандыру мақсатында ақша жүйесін жетілдіру ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасының мақсатына байланысты,

Слайд 7Тұрақтандыру әдістері: 1) Ақшаны нулификациялау – құнсызданған қағаз ақшаның жарамсыздығын мемлекеттің

хабарлауы. 2) Деноминация – мемлекеттің ақша бірлігінің іріленуі және көрсеткен қатынастағы

ескі ақша бірлігінің жаңа ақша белгісіне айырбасталуы. 3) Девальвация – шетел валютасына немесе халықаралық ақша бірлігіне қатысты ұлттық валюта бағамының төмендеуі. 4) Ревальвация – шетел валютасына қарағанда ұлттық валюта бағамының көтерілуі.
Тұрақтандыру әдістері: 1) Ақшаны нулификациялау – құнсызданған қағаз ақшаның жарамсыздығын мемлекеттің хабарлауы. 2) Деноминация – мемлекеттің ақша

Слайд 812.2.Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторы
Ақша ұсынысы. Ақша

массасы – бұл жеке адамдар, кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар және мемлекет

иелік ететін, әрі халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма-қолсыз сатып алушылық және төлем құралының жинақтығы.
Ақша массасы құрылымында оның белсенді (актив) және пассивті бөлімі ерекшеленеді. Белсенді бөлімі - шаруашылық айналымына нақты қызмет көрсететін ақша құралдары. Пассивті бөліміне есеп айырысу құралы ретінде қызмет ете алатын шоттардағы қалдық ақша, жинақталған ақша жатады.

12.2.Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторыАқша ұсынысы. Ақша массасы – бұл жеке адамдар, кәсіпорындар, бірлестіктер,

Слайд 9Ақша ұсынысы - айналымдағы ақша массасы, яғни қазіргі уақыттағы мемлекетте

айналымдағы төлем құралының жиынтығы. Ақша ұсынысын сипаттауға әр түрлі жалпылама көрсеткіштер,

немесе ақша агрегаттары, қолданылады: - М1 - қолма-қол ақша және банктегі «талап етілгенге дейінгі» шоттардағы ақша; - М2 - бұл + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақтау шоттардағы ақша, әрі мамандандырылған қаржы институттарындағы депозиттер. - М3 - бұл + ірі мерзімді салымдар. L - бұл + 18 айлық өтеу мерзімі бар құнды қағаздар.
Ақша ұсынысы - айналымдағы ақша массасы, яғни қазіргі уақыттағы мемлекетте айналымдағы төлем құралының жиынтығы. Ақша ұсынысын сипаттауға

Слайд 10Агрегат М1 шынайы ақша деп аталады. Бұл ақша массасының ең

өтімділік бөлімі. Басқа агрегаттарды квази (жалған) ақша немесе жартылай ақша

деп атайды. Банктік мультипликатор, немесе ақша ұсынысының мультипликаторы, банктердің жаңа ақша шығару арқылы ақша массасын қаншалықты үлкейткендігін бағалауға мүмкіндік береді. Оның формуласы: м = (1 / r) x100, мұнда r - процент түріндегі міндетті резервтік норма, немесе м =M / R  мұнда М - депозиттік өсім, R - резервтік өсім.
Агрегат М1 шынайы ақша деп аталады. Бұл ақша массасының ең өтімділік бөлімі. Басқа агрегаттарды квази (жалған) ақша

Слайд 11Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныс оның екі қызметінен шығады : айналым

құралы және жинақтау құралы. Бірінші жағдайда сату-сатып алу мәмілелерін жасау

үшін ақшаға сұраныс (транзакациялық сұраныс), ал екінші жағдайда ақшаға түрлі қаржылық активтерді (облигация және акция) алу құралы ретіндегі сұраныс. Мәмілелер жасау үшін қажетті ақшаға сұраныс қоғамның жалпы ақшалай табысымен анықталады және атаулы ЖҰӨ-ге тура пропорционал түрде өзгереді. Әр-түрлі қаржылық активтерді алу үшін ақшаға сұраныс дивидендтер немесе пайыз түріндегі табыс алуға ұмтылумен анықталады, және пайыз ставкасының деңгейіне кері пропорционал түрде өзгереді. Бұл тәуелділік ақшаға сұраныс қисығында көрініс табады
Ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныс оның екі қызметінен шығады : айналым құралы және жинақтау құралы. Бірінші жағдайда сату-сатып

Слайд 12Пайыз ставкасы
Ақшаға сұраныс

Пайыз ставкасыАқшаға сұраныс

Слайд 13Ақшаға сұраныстың келесі тұжырымдамалары белгілі: Ақшаға сұраныс және сандық теория.

Сандық теорияның қазіргі трактовкасы ақша айналымының

жылдамдығы түсінігіне және табыстың қозғалысында негізделген. Ақша саны мен баға деңгейі арасындағы тәуелділік кембридждік теңдеумен көрсетіледі М=к Р Y,  мұндағы М – ақшаның номиналдық саны;к – номиналдық табыс пен қалаулы ақша қалдықтары арасындағы пропорция; Р – бағаның абсолюттік деңгейі; Y – нақты табыс. Егер к мен Y – тұрақты, өзгермейтін шамалар болса, ақшаның номиналды санының өзгеруі бағаның абсолютті деңгейінің өзгеруіне әкеліп соқтырады деп қорытынды жасауға болады.
Ақшаға сұраныстың келесі тұжырымдамалары белгілі: Ақшаға сұраныс және сандық теория.       Сандық

Слайд 14Айырбастау теңдеуі, немесе Фишер теңдеуі, келесідей анықталады:  

MV = PY,   мұндағы V- ақша айналымының жылдамдығы. Теңдеудің екі жағын да V-ға бөліп, келесі формуланы аламыз:   M = PY / V
Айырбастау теңдеуі, немесе Фишер теңдеуі, келесідей анықталады:  

Слайд 15Бұл теңдеу ақшаға сұраныстың мөлшері келесі факторларға тәуелділігін көрсетеді: 1) бағаның

абсолюттік деңгейінен; 2) өндірістің нақты көлемінің деңгейінен (оның өсуі нақты табыстын

өсуіне әкеледі); 3) ақшаның айналымының жылдамдығынан.
Бұл теңдеу ақшаға сұраныстың мөлшері келесі факторларға тәуелділігін көрсетеді: 1) бағаның абсолюттік деңгейінен; 2) өндірістің нақты көлемінің

Слайд 162. Кейнсиандық модельдегі ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың кейнсиандық теориясы өтемпаздық

(ликвидность) артықшылығының теориясы деп аталады. Кейнс адамдардың өз байлықтарының жартысын

ақша нысанында сақтауға үш себеп бар екендігін атады: 1. Ақшаны төлем құралы ретінде қолдануы (ақшаны сақтаудың транзациялық мотиві); 2. Алып-сатарлық мотив - ақшаны сақтау мотиві. Ол қарыз процеті нормасының өсуін күту кезеңінде активтерді облигация нысанында сақтауға шақыратын капиталдарды жоғалпау үшін ақшаны сақтау мотивін білдіреді; 3. Болашақта өз ресурстарының бір бөлігін қолма-қол ақша нысанында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін (сақтық мотиві).
2. Кейнсиандық модельдегі ақшаға сұраныс.  Ақшаға сұраныстың кейнсиандық теориясы өтемпаздық (ликвидность) артықшылығының теориясы деп аталады. Кейнс

Слайд 17Ақша рыногы – бұл ақшаның «бағасы» мен пайыз ставкасының деңгейін

ақшаға сұраныс пен ұсыныс анықтайтын нарық. Әрі бұл ақшаға сұраныс

пен ұсыныстың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін институттар желісі. Егер ақша ұсынысын бақылайтын орталық банк оның номиналды пайыз ставкасының өзерістерімен байланыссыз тұрақты деңгейде ұстауға ұмтылса, ақша ұсынысының қисығы вертикальды түрде болады
Ақша рыногы – бұл ақшаның «бағасы» мен пайыз ставкасының деңгейін ақшаға сұраныс пен ұсыныс анықтайтын нарық. Әрі

Слайд 18Пайыздың номиналды ставкасы
Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
Dm
Sm

Пайыздың номиналды ставкасыАқшаға сұраныс пен ұсынысDmSm

Слайд 1912.3.Несиенiң мәнi және формалары. Несие жүйесiнiң қызметтерi
Несие – белгілі

бір мерзімге пайыздық төлем түріндегі қайтарым жағдайындағы қарызға берілетін ақша

капиталының қозғалысы.
Несие түрлері:
1. Коммерциялық несие – шаруашылық субъекттерінің өз ара бір біріне қарыз төлемін кейінге қалдыру жолымен тауарлық нысанда беріледі.
2. Банктік несие – несие-қаржылық мекемелердің (банктердің, қорлардың, ассоциациялардың) кез-келген шаруашылық субъектісіне ақшалай несие беруі.
3. Тұтынушылық несие жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді тұтынушылық тауарлар алғанда нақты мерзімге беріледі.

12.3.Несиенiң мәнi және формалары. Несие жүйесiнiң қызметтерi  Несие – белгілі бір мерзімге пайыздық төлем түріндегі қайтарым

Слайд 204. Ипотекалық несие - қозғалмайтын мүлікті кепілдікке ала отырып, ұзақ

мерзімді қарыз түрінде беріледі. 5. Мемлекеттік несие – мемлекет қарыз

алушы, ал тұрғындар мен жеке бизнес – ақша құралдарды қарызға беруші ретінде шығатын несие қатынастар жүйесін бейнелейді. 6. Халықаралық несие - халықаралық экономикалық қатынастардағы қарыз капиталының қозғалысын бейнелейді. Несие алушы және несие беруші ретінде банктер, жеке фирмалар, мемлекеттер, халықаралық және аймақтық ұйымдар шығады.
4. Ипотекалық несие - қозғалмайтын мүлікті кепілдікке ала отырып, ұзақ мерзімді қарыз түрінде беріледі.  5. Мемлекеттік

Слайд 21Несие жүйесі экономиканың дамуын реттеу мақсатында мемлекетпен белсенді қолданатын валюталық-қаржылық

мекемелер кешенін білдіреді. Қазіргі несие жүйесінің негізгі бөліктері: а) орталық банк; б)

коммерциялық банктер; в) арнайы несие-қаржылық институттар: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, несие-жинақтау ассоциациялар және т.б.
Несие жүйесі экономиканың дамуын реттеу мақсатында мемлекетпен белсенді қолданатын валюталық-қаржылық мекемелер кешенін білдіреді. Қазіргі несие жүйесінің негізгі

Слайд 22Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың: - бос ақша құралдарын тарту

және жинақтау операцияларын жүргізетін, - төлемдерге дел-далдық жасайтын, - ақша,

бағалы қағаздар эмиссиясын жасайтын, - қайтарымды, төлемдік және мерзімді шарт арқылы несие беретін несие-қаржылық мекеме. Банктер екі түрлі болады: орталық және коммерциялық.
Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың: - бос ақша құралдарын тарту және жинақтау операцияларын жүргізетін,  -

Слайд 23Орталық банктер басқа банктерге, қаржы-несиелік мекемелерге және үкіметке (1) қызмет

көрсетеді. Сонымен бірге олар (2) ақша айналымын және барлық несие

жүйесін реттейді және бақылайды, басқа банктердің (3) ақша құралдарын және елдің ресми алтын-валюталық резервтерін өз шоттарында сақтайды, (4) ақша эмиссиясын жасайды. Коммерциялық банктер әр түрлі клиенттермен істес болады – шағын жинақ салымшылардан бастап ірі фирмаларға дейін – және универсалды (көп операциялы) немесе мамандалған, аймақтық немесе салалық болады.
Орталық банктер басқа банктерге, қаржы-несиелік мекемелерге және үкіметке (1) қызмет көрсетеді. Сонымен бірге олар (2) ақша айналымын

Слайд 24Банк қызметінің түрлері: 1. Салымдарды қабылдау және сақтау. 2. Несиелеу. 3. Есеп айырысуға

қызмет ету – бұл кәсіпкерлер, тұрғындар және мемлекет арасындағы тауар

жеткізілімі, жалақы, салықтар бойынша төлемдегі делдалдық. 4. Вексельдерді есепке алу (дисконтирование) – банк, есептік пайызды (дисконтты) өз пайдасына ұстап, жабу мерзімі болмаған вексельдерді сатып алады (төлем уақыты келгеннен кейін банк оларды вексель берушілерге төлеуге ұсынады). 5. Ақпараттық-кеңестік қызмет. 6. Сауда-комиссиялық қызметтер – алтынмен сауданы, құнды қағаздармен операцияларды, қарыздарды орналастыруды, лизингпен, факторингпен байланысты қызметтерді, валюта айырбастауды және т.б. қамтиды. 7. Сенімділік операциялар (немесе трастылық) – Сенімхат бойынша біреудің меншігін (жер, құнды қағаздар және т.б.) басқару.
Банк қызметінің түрлері: 1. Салымдарды қабылдау және сақтау. 2. Несиелеу. 3. Есеп айырысуға қызмет ету – бұл

Слайд 25Банктер пассивті және белсенді операцияларды жүргізеді. Пассивті операциялар көмегімен банк

ресурстарды жинайды. Белсенді операциялар көмегімен оларды орналастырады. Банк ресурстары өзінің

жеке меншіктік және сырттан алынған қаражаттар арқылы қалыптасады. Жеке меншіктік қаражаттарға – акционерлік және резервтік капитал және таратылмаған пайда жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігі салымдар (депозиттер) түрінде, сондай-ақ, контокоррентті және корреспондентті есеп-шоттары түрінде тартылады.
Банктер пассивті және белсенді операцияларды жүргізеді. Пассивті операциялар көмегімен банк ресурстарды жинайды. Белсенді операциялар көмегімен оларды орналастырады.

Слайд 26Мамандандырылған несие-қаржылық мекемелердің қызметтері: - ивестициялық банктер эмиссиялық-ұйымдастыру қызметімен айналасады, яғни

құнды қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын өткізеді; - жинақтау мекемелері тұрғындардың

бос ақшаларын жинап, көбінесе коммерциялық және тұрғын үй құрылысына ақша капиталын салады; - сақтандыру компаниялары өмірді, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырумен айналысады, тұрғындардың ақшалай жинағын экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін жинайды; - зейнеткерлік қорлар экономиканың сақтандыру қорын қалыптастырады, жиналған ақша резервтерін жеке компаниялардын акцияларына және облигацияларына және мемлекеттік құнды қағаздарға салады, сонымен экономика мен мемлекетті қаржыландырады.
Мамандандырылған несие-қаржылық мекемелердің қызметтері: - ивестициялық банктер эмиссиялық-ұйымдастыру қызметімен айналасады, яғни құнды қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын

Слайд 27Несие операцияларын бірнеше белгілерімен жіктелімдеуге болады. Несие беру уақытына байланысты

қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді және онкольды қарыздарға бөлінеді.

Соңғысы клиент талапымен жабылады. Қамтамасыздануына қарай қарыздар қамтамасыздалмаған және қамтамасыздалған болып бөлінеді. Соңғысы вексельді, тауарлы, бағалы қағазды болады. Несие қарыздарды жабу сипатына қарай бір мерзімді өтелетін және бөліп өтелетін болады. Көлеміне байланысты несие ұсақ, орташа және ірі болып бөлінеді.
Несие операцияларын бірнеше белгілерімен жіктелімдеуге болады.  Несие беру уақытына байланысты қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді

Слайд 2812.4.Ақша-несие саясаттың инструменттері
Ақша-несие саясаты – акша айналымына әсер ету арқылы

жиынтық сұранысты реттеу мақсатында орталық банкпен қабылданатын өзара байланысты шаралар

кешені.
Ақша-несие саясатының кұралдары:
1. Несиелік салымдар өсуін шектеу. Орталык банк коммерциялық банктердің несие салымдарының өсуін шектейді. Оның жолы - белгілі бір уақыт ішінде несиелік операциялардан өтетін ақша сомасының өсуіне пайыздық норманы тіркеу.

12.4.Ақша-несие саясаттың инструменттері Ақша-несие саясаты – акша айналымына әсер ету арқылы жиынтық сұранысты реттеу мақсатында орталық банкпен

Слайд 292. Есептік (дисконттық) саясат және ломбардтық саясат. Оларды қолдануда орталық

банк басқа барлық банктерге негізгі несие беруші болып саналады. Ол

несиені банктерге олардың вексельдерін қайта есептеу (дисконттық саясат) бойынша немесе олардың бағалы қағаздарын кепілдікке алу бойынша (ломбардтық саясат) береді. Орталық банк анықтаған осындай несиенің ставкасы ресми есептік ставка (дисконттық немесе ломбардтық) деп аталады. Есептік ставканы өзгерте отырып, орталық банк жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа ықпал етеді.
2. Есептік (дисконттық) саясат және ломбардтық саясат. Оларды қолдануда орталық банк басқа барлық банктерге негізгі несие беруші

Слайд 303. Ашық нарықтағы операциялар – мемлекеттің несие жүйесіне резервтерді құю

немесе қайта алу мақсатындағы ашық рынокта қазыналық бағалы қағаздарды

орталық банкпен сату немесе сатып алу. 4. Минималды резервтер саясаты. Минималды резервтер - коммерциялық банктердің орталық банктердегі шотта ұстауға тиісті нақты ақшалай сомасы. Орталык банк міндетті резервтің шамасын көтере отырып, коммерциялық банктердің белсенділігін төмендетеді, немесе төмен түсіре отырып оны ынталандырады. 5. Еркін келісім. Ол белгілі бір ақпаратты алу үшін белгілі бір шеңберге өзінің қызметін еркін қоятын орталық банк пен коммерциялық банк арасындағы келісім.
3. Ашық нарықтағы операциялар – мемлекеттің несие жүйесіне резервтерді құю немесе қайта алу мақсатындағы ашық рынокта қазыналық

Слайд 3112.5.Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
Инфляция – ақша айналымының заңының бұзылу.

Ол қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісінің диспропорциясынан және ақшаның құнсыздауына және

ақша массасының айналымдағы нақты қажеттіліктен артық болуына әкелетін экономикалық саясаттың жетіспеушілігінен туындайды.

12.5.Инфляция және инфляцияға қарсы саясат Инфляция – ақша айналымының заңының бұзылу. Ол қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісінің диспропорциясынан

Слайд 32Инфляция себептері әртүрлі. Оларға мыналар жатады: - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны

жабу мақсатында қағаз ақша шығарылады; - мемлекеттің биік деңгейіндегі өндірістік емес

шығындары; - тауар тапшылығы; - тауар және қызмет бағасын қисынсыз жоғарылатуына мүмкіндік беретін бөлек тауар өндірушілердің монополиялық жағдайы; - өндірістің төмендеуі және т.б.
Инфляция себептері әртүрлі. Оларға мыналар жатады: - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны жабу мақсатында қағаз ақша шығарылады; -

Слайд 33Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының концепциялары инфляцияның әртүрлі себептерін қарастырады. Сұраныс инфляциясы

жиынтық сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол жиынтық сұраныстың әр жылдық

даму қарқынының өнім шығару қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды. Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығындарының өсу салдарынан пайда болған баға өсуіне тәуелді (жалақы, шикізат, матариалдардың және т.б).
Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының концепциялары инфляцияның әртүрлі себептерін қарастырады. Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол

Слайд 34Бағаның орташа жылдық қарқынының өсуіне байланысты баға инфляцияның келесі түрлері

бөлінеді: - бірқалыпты немесе жылжымалы инфляция – әдетте ол жылына 10%-дан

артылмайды; - шоқырақ инфляция – жылына 200%-ға дейін; - гиперинфляция – жылына 200%-дан жоғары.
Бағаның орташа жылдық қарқынының өсуіне байланысты баға инфляцияның келесі түрлері бөлінеді: - бірқалыпты немесе жылжымалы инфляция –

Слайд 35Көріну нысандары бойынша инфляцияның ашық және жабық (басыңқы) түрін бөледі.

Ашық инфляция бағаның жалпы деңгейінің өсуінде анық көрінеді. Жабық инфляция

мемлекеттік бағалар тұрақты болатын және «ресми» өспейтін орталықтандырылған экономикасына тән. Сонымен қатар күтілген инфляцияны күтілмеген инфляциядан айыра білу қажет. Күтілген инфляцияны белгілі бір уақыт аралығына болжауға болады, немесе ол үкімет тарапынан «жоспарланады». Күтілмеген инфляцияға кенет бағаның секірісі тән, бұл ақша айналымы мен салық салу жүйесіне қолайсыз әсерін тигізеді.
Көріну нысандары бойынша инфляцияның ашық және жабық (басыңқы) түрін бөледі. Ашық инфляция бағаның жалпы деңгейінің өсуінде анық

Слайд 36Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсуіне байланысты балансталған және балансталмаған

инфляцияны бөледі. Балансталған инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы біреуі басқасына

қатысты үнемі пропорцияда ауысып отырады. Балансталмаған инфляцияда әртүрлі тауарлардың баға қарқыны әртүрлі болады.
Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсуіне байланысты балансталған және балансталмаған инфляцияны бөледі. Балансталған инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың

Слайд 37Антиинфляциялық саясат – ақша айналымын реттеу, ақша көлемін қысу және тауар

бағасының тез көтерілуін тоқтату мақсатында қабылданған мемлекеттің бағытын таңдап және

оларды орындалу шаралары. Нарық экономикасы дамыған елдердің антиинфляциялық саясатының негізгі объектісі шығындар инфляциясы болып табылады. Сондықтан осындай саясат бағаларды және табыстарды шектеу және тоқтату, іскерлік белсенділікті несиені қымбаттату жолымен тежеу арқылы жүргізіледі.
Антиинфляциялық саясат – ақша айналымын реттеу, ақша көлемін қысу және тауар бағасының тез көтерілуін тоқтату мақсатында қабылданған

Слайд 38Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші

әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді

бюджет саясаты жүргізіледі - сұранысқа ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады.
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады.  Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс

Слайд 39Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранысты кеңейтуге бағытталады. Егер сұраныс жеткіліксіз

болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады,

салықтар темендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраныс тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранысты кеңейтуге бағытталады. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады

Слайд 40Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға

ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама

түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады.  Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл

Слайд 41Басқаша айтқанда, мемлекет сұранысты шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі

қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты

қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады; инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Басқаша айтқанда, мемлекет сұранысты шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін

Слайд 42Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа

мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема

түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез- келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тарысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет. Бұл шаралар

Слайд 43Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын

реттеу іс-шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталык банк несиесімен каржыландыру инфляцияны

асқындырады. Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінін, өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мумкіндік береді. Төртіншіден сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталык банк

Слайд 44Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта

мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді;

қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.
Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл  мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп,

Слайд 45Күнделікті сұранысты қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады.

Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор

соқтау нормасы артады, ал тұтыну шығыңдары қысқарады. Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мумкін. Мамандардың еселтеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен қалыптасады.
Күнделікті сұранысты қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады.  Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика