рагындағы түріне қарағанда сирек кездеседі (ара қатынастары 1:5-ден 1,16-ға дейін)
екен. Ал егер жалпы әйелдер жыныс мүшелеріндегі қатерлі ісіктердің жиілігіне келетін болсақ, онда ол тұрақты түрде үшінші орынды алады - 10—12% (жатыр мойыншасы және жатыр қосалқы мүшелерінен кейін).
Жатыр денесінің рак ауруымен көбінесе қарт әйелдер ауырады — 50—60 жастың арасындағылар. Бұл көрсеткіш жатыр мойыншасындағы ракта едәуір төмен, яғни кейінгі дерт етеккірі тоқталар кездегі уақытта байқалса, онда алдыңғы ауру тек етеккірі тоқталып, егде тартқан әжелерімізді жиі жарақаттайды. Ағзаның бала табу қызметіне сай дертке шалдығу себептерін қарастырсақ, онда жатыр денесіндегі ракта тұрмысқа шықпаған (16—20%), немесе екіқабатты болып көрмеген (бедеулік 25— 30%), бала таппаған (20—25%) және қыздығы сақталған (26— 29%) әйелдер жиі байқалады. Орташа есеппен әрбір жатыр денесіндегі рак ауруымен сырқаттанған адамда 1—3 екіқабаттылық кездессе, ал жатыр мойыншасындағы ракта аталмыш көрсеткіш 5—6-ға жетеді.
Дерттің пайда болу себептері. Көптеген біздің отандас және шетелдік ғалымдар сырқатты жыныс (эстрогендер) және мишық (гонадотропиндер) гормондарымен байланыстырады.
КІРІСПЕ