Слайд 1Қ.А Яасауи атындағы қазақ-түрік халқаралық университет
СӨЖ
Тақырыбы: Науқастарды күткенде комуникативті дағдыларды
дамыту және оның жанұясымен танысыб тіл табысу.
Тексерген:
Орындаған:
Тобы:
Түркістан 2015
Слайд 2Жоспары:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Науқастарды күткенде комуникативті дағдыларды дамыту
Жанұясымен танысыб тіл табысу.
Қорытынды:
Қолданылған әдебиетер:
Слайд 3Коммуникация - басқа адамдармен байлалысу, қарым-қатынас орнату.
Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына
байланысты басқа субъектілермсн (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен,
т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Слайд 4Қатынасуда субъектІлер (адамдар) сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне
мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі
ретінде сөзді қолдануы. Вербалъды емес коммуникация — қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұхбаттаса келе, бірін-бірі түсініп, танысады.
Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әркайсысы субъектретінде саналады. Коммуникатор - ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) - ақпаратты кабылдаушы адам. Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі — олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады.
Слайд 5Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-максатын, басқа адамға түсіндіріп,
білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардын әлеуметтік
жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.
Қатынасу процесінде, адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырган тәжірибені тұжырымдайды, қолданады.
Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) – дәрігердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т.б,) вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы карым-қатынас жасау қабілеті.
Слайд 6Қатынасу аркылы адамдар бір-біріне коммуникативтік тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Адамдардың
бір-бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалы коммуникативтік кедергілер байқалуы
мүмкін. Оның себептері - қатынасқан адамдардың, бір-бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін-бірі түсінбеуі және мамандық, саяси, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды) психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Слайд 7 Шиеленіс (конфликт) – адамдар арасындағы қарым –
қатынас барысында туындайтын түсініспеушілік дегенді білдіреді.
Слайд 10Шиеленістің классификациясы
Л. Коузер классификациясы бойынша:
Слайд 11Реалистік шиеленіс – бір немесе екі жақтыңда қажетті жұмыс орындалуына
қанағатсыздығы немесе әділетсіз шешілген деп бағалауына байланысты туындайтын шиеленіс.
Реалистік емес
шиеленіс – ашық түрде жиналған кері эмоция мен реніш. Бұл жағдайда шиеленіс белгілі бір нәтижеге жету үшін емес өзінің қажеттілігін өтеу үшін туындайды.
науқас арасында шиеленіс болмауы үшін дәрігердің кәсіптік – психологиялық білімі
жоғары болуы керек. Дәрігердің кәсіптік психологиялық мәдениеті екі блоктан тұрады. Бірінші блок – теориялық немесе теориялы концептуальды, екінші блок – тәжрибелік немесе психологиялық қызмет болып табылады.
Слайд 14 Психологиялық мәдениеттің бірінші блогы теориялық қызметтің
нәтижелерін көрсетсе, екінші блогы психологиялық қызмет көрсетуге байланысты. Психологиялық қызмет
кәсіптік бақылау құндылықтарымен, мақсатымен, психологиялық мәдениетімен байланысты ішкі инстанциялардың құрылуымен жүреді. Бұл дәрігер маманының қоршаған ортадағы мінезімен ерекшеліктерін анықтап, дәрігердің кәсіптік қызметіндегі өзін ұстауын қамтамасыз етеді.
Слайд 16Шиеленіс критериі
Екі жақтың бір біріне тәуелділігі. Екі жақта бір біріне
тәуелді, себебі бір жақтың әрекеті, екінші жақтың әрекетіне әкеледі.
Жағдайда шиеленіс
деп тану. Бір немесе екі жақта істелінген әрекетті әдейі жасалынған деп танып, өздерінің мақсаттарына жетуге кедергі ретінде қарастырады.
Әрі қарай өзін өзі ұстау тактикасын қарастыру. Бұдан екі жақ келісімге келедінемесе күрес күшейіп шиеленіс күшейе түседі.
Слайд 17 Медицина қызметіндегі ең қажет мотиватор болып,
қызметіне бағдар беріп, қажеттіліктерін және қызығушылықтарын анықтайтын құндылық жүйесі болып
табылады. Дәрігер өз жұмысы барысында науқастар мен шиеленісті туындатпау керек.
Слайд 18Науқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы
оның отбасына жеткізу керек. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы
ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек. Дәрігер сөйлесер алдында ешкім кедергі жасамайтындай бөлме таңдауы керек және сөйлесер барысында телефонды сөндіріп қойған жөн. Науқастың отбасы мүшелері қайғылы ақпаратты естіген кезде қызушылық мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан дәрігер өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бөлменің есігін ашық қалдырған жөн және бөлмеде дәрігердің әріптестерінің болғаны жөн. Әңгімелесу барысында науқастың отбасы мүшелерін аты-жөнімен атаған дұрыс болады.Ақпаратты жеткізген кезде медициналық терминдерді сирек қолданып, қарапайым сөздерді қолдннуға тырысу керек. Өйткені науқастың отбасы мүшелеріне медициналық терминдер түсініксіз болуы мүмкін. Бар ақпаратты жасырмай шындықты айту керек.
Слайд 19 Қайғылы ақпаратты жеткізіп отырған адамның көзіне қарап сөйлеу керек және
тек қана бір адаммен сөйлеспей жанында отырған басқа да адамдармен
қарым-қатынаста болу керек. Дәрігер әңгімені отырып жүргізу керек. Дәрігер қарым-қатынаста отырған адамның вербальді емес тактикасына көңіл бөліп, оны өз үлесіне пайдалануына болады. Сөйлесу барысында науқастың отбасына қолдау көрсетіп иығынан ұстауға болады. Егер науқастың туысқандарынан агрессия пайда болатын болса оны дәрігер байыппен қабылдауға тырысу керек. Кейбір кезде науқастың отбасы мүшелері жағдайды мүлдем түсінбейтіндей жағдайда болады. Ол кезде дәрігер әңгімені бірден үзіп, кейінге қалдыру керек. Қайғылы ақпаратты жеткізгеннен кейін дәрігер бірден науқастың отбасы мүшелерін жалғыз тастап кетпеуі керек. Жанында біраз отырып қолдау көрсетуі тиіс. Туысқандарының жанында отырған кезде міндетті түрде сөйлеудің қажеті жоқ. Жанында отырғанның да өзі жеткілікті. Науқастың отбасы мүшелеріне сіз қолдау көрсете аласыз, бірақ оны өз жүрегінізге жақын қабылдамауға тырысыңыз. Егер науқастың отбасы мүшелері жылап отырса, оған жеңілдеуіне мүмкіндік беріңіз, оны мұқият тыңдап сөзін бөлмеңіз. Дәрігер өзінің қобалжып тұрғанын көрсетпеуге тырысу керек. Өйткені ол науқастың отбасына кері әсер етуі мүмкін.
Слайд 20Қорытынды:
Сонымен, дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай адамдармен, әріптестерімен, мейірбикелермен, санитаркалармен, науқас және оның
жақын туыстарымен тығыз қарым-қатынас кұрады. Науқас адамның ауруын анықтауға, тиімді ем шараларын
тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас кұра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады.
Слайд 21Қолданылған әдебиетер:
Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л., Цаюкова Н.А.
Google,kz
Буданов А. В.
Педагогика личной профессиональной безопасности сотрудников ОВД. - М., 1992
Маркова А.
К. Психология профессионализма.- М., 1996.
Зеер Э. Ф. Психология профессий. - Екатеринбург, 1997
Столяренко А. М.. Прикладная юридическая психология. - М.,2001