Разделы презентаций


А.Байтұрсынов еңбегіндегі сөзжасамдық ұғымдар

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1А.Байтұрсынов еңбегіндегі сөзжасамдық ұғымдар.

А.Байтұрсынов еңбегіндегі сөзжасамдық ұғымдар.

Слайд 2Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы

туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі

– қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме­тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми­нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды.
Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі

Слайд 3«Әдебиет танытқыштағы» ғалым қа­ла­­мынан туындаған біртұтас жүйе құрай­тын терминдер оның

әдебиеттану ғылы­мы­ның ғылыми терминологиясын қа­лыптастырғанын көрсетеді.
А.Байтұрсынұлы тіл білімі, әде­биеттану ғылымдарының

ғылыми терминология­сын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің де негізін қалаушы ретінде бұл салаға қатысты көптеген терминдерді жасаған. Олардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жалқылау әдісі, жалпылау әдіс, жалқылау-жалпылау әдіс сияқты терминдерді жатқызуға болады. Бұлармен қоса Мұхтар Әуезов 1923 жылы ғалымның «Мәдениет тарихы» атты кітап жазып бітіргенін айтқан болатын.
«Әдебиет танытқыштағы» ғалым қа­ла­­мынан туындаған біртұтас жүйе құрай­тын терминдер оның әдебиеттану ғылы­мы­ның ғылыми терминологиясын қа­лыптастырғанын көрсетеді.А.Байтұрсынұлы тіл

Слайд 4А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» (қазақша әліппе)

өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші,

жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті.
Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе – А.Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахаң қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсуде.
А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты

Слайд 6Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым

олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын) берген. Ол

дегеніміз – ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы, «Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады» 
«Әдебиет танытқыштағы» ғалым қа­ла­­мынан туындаған біртұтас жүйе құрай­тын терминдер оның әдебиеттану ғылы­мы­ның ғылыми терминологиясын қа­лыптастырғанын көрсетеді.
Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми

Слайд 7Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпатын – А.

Б.) анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, бас­ты белгісін, іргелес

өзге ұғымдардан айыр­масын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың – шумақтан, шумақтың – тармақтан, тармақтың – бунақтан, ал бунақтың – буын­нан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымның микрожүйесінің өзіндік табиғатын танытқан.
Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпатын – А. Б.) анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін,

Слайд 8Ғалымның термин шығармашылы­ғын­дағы қызметінің бір ғана ғылым са­ла­­сымен шектелмейтіндігі оның

жалпы қазақ терминологиясын қалып­тасты­ру­дағы орнының айрықша екендігін көр­сетеді. Алайда А.Байтұрсынұлының

қазақ терминологиясының қалып­тасуына қосқан үлесі бұлармен ғана бітпейді. Оның Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың бірі ғана емес, солардың ішіндегі аса ірісі, бірегейі екен­дігін дәлелдейтін деректер ғалым мұра­сына тереңірек үңілген сайын табыла береді. Ендігі бір айрықша атап айтуды қажет ететін мәселе – ғалымның терминжасамның тәсілдері мен жолдарын анықтап бергендігі. Яғни төртіншіден, А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтап, оларды өзінің терминжасам тәжірибесінде кеңінен пайдаланған ғалым.
Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуын қазақ тілі грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыс­та қарастырған жөн. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді. А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пай­даланудың жарқын үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді.
Ғалымның термин шығармашылы­ғын­дағы қызметінің бір ғана ғылым са­ла­­сымен шектелмейтіндігі оның жалпы қазақ терминологиясын қалып­тасты­ру­дағы орнының айрықша екендігін

Слайд 9Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше, әдіс,

т.б. осылар сияқты терминдері се­мантикалық тәсілмен, жақша, сызықша, көсемше, есімше,

дәйекші, буыншы, ­бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, то­лықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс, әліп­теме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа, ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген тер­миндері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған.
Бұл аталған терминдердің кейбіреулері орыс тіліндегі терминдердің негізінде калькалану арқылы (дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, қос сөз, т.б.) жасалғандығы аңғарылып тұр. Бұдан ғалымның калька тәсілін де ұтымды пайдаланғанын көруге болады.
Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше, әдіс, т.б. осылар сияқты терминдері се­мантикалық тәсілмен, жақша,

Слайд 11Сөзімді қортындылай келе Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне енгізген термин сөздері,

сөзжасамдық ұғымдары өзгерістер енгізді. Бұл енгізген өзгерістер, сөзжасамдық ұғымдар осы

күнге дейін қолданыста жүр. Бұл Аханның қазақ үшін қалдыырған елеулі жаңалықтарының бірі болды.
Сөзімді қортындылай келе Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне енгізген термин сөздері, сөзжасамдық ұғымдары өзгерістер енгізді. Бұл енгізген өзгерістер,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика