Разделы презентаций


Абылай хан атындағы Қ азақ Халықаралық Қ атынас және Ә лем тілдері Университеті

І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а) “Ұзақ мерзімді тұрақты даму” концепциясындағы биоәртүрлілікті сақтау б) Ақсу-Жабағылы қорығындағы биоәртүліліктердің жойылуы с) Сирек кездесетін түрлерді қорғау ІІІ. Қорытынды IV.Қолданылған әдебиеттер V.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Тақырыбы: “Ұзақ мерзімді тұрақты даму

” концепциясындағы биоәртүрлілікті сақтап қалу және Ақсу-Жабағылы қорығындағы сирек кездесетін

түрлер

Тапсырма: Ақсу – Жабағылы қорығындағы сирек кездесетін түрлерге жүргізілген сараптаманы сипаттау

Орындаған: ПФИЯ,107- топ,
Есіркеп Сая
Қабылдаған: Кенжебаева Ш.К.

Алматы 2013ж

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынас және Әлем тілдері Университеті Педогогика және психология кафедрасы

Тақырыбы:  “Ұзақ мерзімді тұрақты даму ” концепциясындағы биоәртүрлілікті сақтап қалу және Ақсу-Жабағылы

Слайд 2 І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) “Ұзақ мерзімді тұрақты

даму” концепциясындағы биоәртүрлілікті сақтау
б) Ақсу-Жабағылы қорығындағы биоәртүліліктердің жойылуы

с) Сирек кездесетін түрлерді қорғау
ІІІ. Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
V. Глоссарий

Жоспар:

І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім  а) “Ұзақ мерзімді тұрақты даму” концепциясындағы биоәртүрлілікті сақтау  б) Ақсу-Жабағылы

Слайд 3 Қазіргі кезең

адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу

қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – “тұрақты даму” деп атайды.
“Тұрақты даму” бұл қазіргі қарастырылып отырған экономикалық шешімдердің ұзақ мерзімді экологиялық зардаптарын есептеу. Планетадағы табиғатты қорғау бүкіл дүние жүзіндегі адамзаттың бірігуін талап етті. 1987 жылы БҰҰ –ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы “Біздің жалпы болашағымыз” атты еңбегінде “Қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге аяқ басуға шақырды. Алғаш рет “тұрақты даму” концепциясы ұсынылды.


«Тұрақты даму» концепциясы

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау

Слайд 4

Қалпына келетін табиғи

ресурстар (жер, орман т.б.) оның саны, биомасса жинақтау қабілеті азаймай ұдайы өндірісті қанағаттандыру

Қалпына келмейтін табиғи ресурстар (мыс, темір жалпы пайдалы қазбалар) қорын мүмкіндігінше аз өндіре отырып келешекте таусылмайтын ресурстар түрлерімен алмастыру: мұнайды, газды, көмірді альтернативті энергия қорымен күнмен, желмен т.б.

Қалдықтарды мүмкіндігінше азайтып, оның орнына аз қалдық беретін ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияны кіргізу.

Келешекте, қоршаған орта ластануы, қазіргі заман талаптарының деңгейінен артпауы тиіс, қоғамдық және экономикалық ластанудың минимальды мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

“Ұзақ мерзімді тұрақты даму критерилері” және биоәртүрлілікті сақтап қалу


Слайд 5 “Ұзақ мерзімді тұрақты

даму” критерилері толық орындалатын болса биоәртүрліліктерді сақтап қалу көп қиындық

туғызбаған болар еді.
Табиғат адамзат үшін аса зәру таза ауа, су, құнарлы жер, сол аумақта өмір сүретін халық үшін және оның болашақ ұрпағының мәңгі тіршілік көзі болып саналады. Елімізде 2006 жылдың 7 шілдесінде қабылданған “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңына байланысты республикалық мәні бар мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар мен қорықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеке бір тобына жатады. Табиғи саябақтар мен қорықтар ғылыми зерттеу, экономикалық білім мен тәрбие беру және туризмді дамытуға арналған ЕҚТА мекемесі болып табылады.Табиғи саябақтар мен қорықтарда барлық табиғат байлықтары мен табиғат нысандары толық қорғалады.Сонымен қатар, табиғи саябақтар мен қорықтар еліміздегі биоәртүрлілікті сақтап қалуға да ерекше көңіл бөледі.
Ұлттық табиғи саябақтар мен қорықтар негізінен экономикалық, эстетикалық және тарихи – мәдени құндылықтары бар табиғат байлықтары мен нысандарын қорғау, қалпына келтіру биологиялық алуантүрліліктерді сақтап қалу, экологиялық білім мен тәрбие беру және туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
“Ұзақ мерзімді тұрақты даму” критерилері толық орындалатын болса биоәртүрліліктерді сақтап

Слайд 6 Биосфера қазынасы

сарқылмайтын дүние емес. Оны адам игілігіне ұзақ мерзім пайдалану үшін,

өсіп-өнуі үшін адам қамқорлығы керек.Бұл міндетті ойдағыдай шешуде табиғи лаборотория –қорықтарының рөлі өте зор. Қорықтар - биосфера эталоны. Соның бірі Ақсу-Жабағылы қорығы .  Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань ) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Ол 1926 жылы құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағалы қорығы  ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді.

Ақсу – Жабағылы қорығы

Биосфера қазынасы сарқылмайтын дүние емес. Оны адам игілігіне ұзақ

Слайд 7. Мұнда өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде

бұтаның 62 түрі, ағаштың 17 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстандағы

өсімдіктер дүниесі құрамының төрттен бір бөлігін құрайды.

Ақсу – Жабағылы қорығы өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдектердің бай қазынасы . Қорық аумағында құстың 267 (гималай ұлары,кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық т.б.), сүтқоректілердің 52 (арқар , таутеке, елік, марал, барыс, Тянь –Шань қоңыр аюы,борсық, сусар, т.б.), бауырмен жорғалаушылардың 11 (алай жалаңкөзі,сары бауыр кесіртке, қара шұбар жылан және сұржылан), қосмекенділердің 2 (жасылқұрбақа мен көлбақа) және балықтың 5 түрі мекендейді екен. Шыбын –шіркей, құрт – құмырсқаның 2124 түрлері бар.

Өкінішке орай, жоғарыда аталғандардың ішінде сирек кездесетін және жойылып кетуі мүмкін өсімдіктердің 39 түрі, 49 аңдар ( Тянь – Шань қоңыр аюы және т.б.) мен құстардың түрлері, сусар жәндіктерінің 12 түрі, бадана құрттың бір түрі Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген.
.   Мұнда өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 17 түрі кездеседі.

Слайд 8 Тянь – Шань қоңыр аюы

Ақсу – Жабағылыны мекендейтін Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген жануарлардың

бірі – Тянь –Шань қоңыр аюы. Шамамен оның бойының ұзындығы 2м, ал салмағы 250 кг, қара – қоңыр түсті болып келеді.Мінезі де басқаша болып келеді,Алтай аюларымен салыстырғанда,олардың адамға шабуылы жиі естіліп тұрады, себебі Алтайда аю ауланып тұратындықтан шығар. Көру қабілеттері төмен болады.Қазан – қарашадан – наурыз – сәуірге дейін ұйқыда болады.
Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген, яғни бұл аюға да жойылу қаупі төніп тұр деген сөз.
Тянь – Шань қоңыр аюы      Ақсу – Жабағылыны мекендейтін Қазақстанның қызыл

Слайд 10

Ақсу – Жабағылы қорығында өте сирек кездесетін, жер

бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдектердің бай қазынасы .Қорық аумағында құстың 267, сүтқоректілердің 52, бауырмен жорғалаушылардың 11, қосмекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді екен. Шыбын – шіркей, құрт – құмырсқаның 2124 түрлері бар.
Бірақ адамдардың табиғат байлықтарына салғырт қарауының нәтижесінде қазіргі кезде Ақсу – Жабағылы қорығы айналасында өрт пен қоқымдардан ластану көбейіп жатыр.Өрт – бұл тілсіз жау, бір рет келсе алдындағының барлығын жайпап ештеңе де қалдырмайды.Неше жыл көгеріп,жайқалып тұрған ағаштар мен өсімдіктеріздің күлі көкке ұшып жоқ болады. Отты жағып толық сөндірместен, ол қайта ұштанып ,бүкіл орманды орайтын күшті дауылға айналады.Әрбір болған өрттен кейін қаншама жануарлар мен өсімдіктеріміздің жоғалып, кейбірінің мүлде жоқ болып кетіп жатқандарын біріміз білсек, біріміз білмейміз.
Қазір әсіресе қорық аймағында жыл санап су ресурстарының қоры азайып , жер асты, жер үсті суларының жойылып кетуі, қоршаған ортаның ластануы, ауа, топырақ құрамының құнарсыздануы,су көздерінің бекітіліп қалуы және т.б. Сондықтан, ең алдымен ауа, топырақ құрамының ластануы, су көздерін тазалауға ерекше көңіл бөлу қажет.

Ақсу – Жабағылы қорығында өте

Слайд 11Отқа оранған орман

Отқа оранған орман

Слайд 12 Енді тағы да өрттен

кейінгі өршіп тұрған қауіптің бірі заңсыз аң ауланушылық болып отыр,яғни

броконьерлік. Ақсу – Жабағылыдағы аңдарға ғана емес бүкіл Қазақстанның аңдарына төнген қауіп.Егер аяусыз, тоқтаусыз қырылып жатқан аң –құстар саны азаймаса биоәртүрліліктеріміз мүлде жоқ болып кетуі ғажап емес. Ақсу – Жабағылы қорығын мекен ететін, сирек кездесетін,көп ауланатын сүтқоректінің бірі - марал . Бірақ қанша қорғауда болса да броконьерлердің құрсауынан құтыла алмай қалып жататын жағдайлар да кездесіп тұрады.Оны мына суреттерден көріп,байқауға болады.
Енді тағы да өрттен кейінгі өршіп тұрған қауіптің бірі заңсыз аң

Слайд 13Күн санап азайып,жойылуға жақындап жатқан қайран жануарлар

Күн санап азайып,жойылуға жақындап жатқан қайран жануарлар

Слайд 14 Қорытындылай келе айтатын болсақ, адамның

үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса ,жеріміздегі бағалы түрлердің биосферадан

мүлде жоғалып кетуі мұмкін екендігін естен шығармауымыз қажет.Бұл өмірде ештеңе өздігінен болмайды, яғни адам әрекеті барлығына ықпал жасайды деген сөз.Тауға немесе басқа да табиғат орталарына демалуға барғанымызда отты жағып сөндірместен, артымызда қалған қоқыстарды жинамастан, адамзаттың табиғатқа деген салғырт көзқарасынан тек қана табиғақа зиян келтіріп қана қоймай оның жойылуына да өзіміз көмектесіп жатқандаймыз.Сондықтан да біз табиғатты қорғау үшін әр түрлі жиындар мен іс – шаралар өткізуіміздің нәтижесінде “Тұрақты даму мен Ұзақ мерзімді тұрақты даму” концепциялары ұсынылды.Және сонымен қатар елімізде табиғи парктер мен ішіне сан мыңдаған сирек кездесетін және жойылып кетуге таяу тұрған өсімдіктер мен жан – жануарларды сыйғызып отырған қорықтардың барлығы да тек Қазақстандағы ғана емес бүкіл жер бетіндегі биоәртүрліліктерді, яғни табиғат сыйлаған байлықтарымызды қорғап, сақтап болашақ ұрпаққа жеткізу үшін, жер бетіндегі тіршілік жалғасу үшін жасалынып жатқан дүниелер болып табылады.

Қорытынды

Қорытындылай келе айтатын болсақ, адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса ,жеріміздегі

Слайд 151. “Алматыкітап” – 2005ж “Қазақстанның жануарлар әлемі”
2. “Атамекен KZ” газет

2010ж
3. “Экология негіздері” Ж.Ж.Жатқанбаев, “Алматы” 2004ж
4. “Экология” Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозматаева “Алматы”

2002ж

Қолданылған әдебиеттер:

1. “Алматыкітап” – 2005ж “Қазақстанның жануарлар әлемі”2. “Атамекен KZ” газет 2010ж3. “Экология негіздері” Ж.Ж.Жатқанбаев, “Алматы” 2004ж4. “Экология”

Слайд 16Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика