Разделы презентаций


Адамның жасы мен жынысына байланысты терінің ерекшеліктері

Содержание

Жоспар: Тері Терінің қабаттары Морфологиялық ерекшеліктері Физиологиялық ерекшеліктері Тері асты май қабатының ерекшеліктері Қорытынды Әдибиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Гистология кафедрасы
Орындаған: Еркінбек Айнагүл 3008ЖМ Тексерген: Көшербаев Сұлтан

Асанбаевич
Адамның жасы мен жынысына байланысты терінің ерекшеліктері

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІГистология кафедрасыОрындаған: Еркінбек Айнагүл 3008ЖМ Тексерген: Көшербаев Сұлтан Асанбаевич Адамның жасы мен жынысына байланысты

Слайд 2Жоспар:
Тері
Терінің қабаттары
Морфологиялық ерекшеліктері
Физиологиялық ерекшеліктері
Тері асты

май қабатының ерекшеліктері
Қорытынды
Әдибиеттер

Жоспар: Тері Терінің қабаттары Морфологиялық ерекшеліктері Физиологиялық ерекшеліктері Тері асты май қабатының ерекшеліктері Қорытынды Әдибиеттер

Слайд 3Тері
Тері – сыртқы жабын мүшесі, әртүрлі ең қажетті қызметтерді атқарады

және күрделі қызметімен ерекшеленеді. Ересек адамдарда терінің сыртқы көлемі орта

есеппен 1,6-2 кв. м. тең. Қоңыр пигмент меланинің және қанның тері астынан көрініп тұру себебінен терінің өзіндік түсі бар. Терінің жоғарғы қабатында сызықшалар арқылы бөлініп жатқан үшбұрыш, ромб тәрізді алаңдар бар. Бұл сызықтар алақанда, саусақтарда, табанда анық және әрбір адамда өздеріне тән өзгеше.
Адам терісінің үстін (тек қана алақан мен табаннан, саусақтардың ішкі жағынан, қызыл еріннен, ерлердің жыныс мүшесінің кертігінен, әйелдердің жыныс мүшесінің кіші және үлкен ернеуінен басқа) түк басқан. Түктерді үш түрге бөледі:
Ұзын түктер-шаш, мұрт, сақал, қолтықасты және жыныс мүшелерінде;
Қатты тік қысқа түктер-қас, кірпік, құлақ ішіндегі түктер;
Ұлпа түктер- терінің басқа жерін жабады.

ТеріТері – сыртқы жабын мүшесі, әртүрлі ең қажетті қызметтерді атқарады және күрделі қызметімен ерекшеленеді. Ересек адамдарда терінің

Слайд 5 Тері үш бөлімнен тұрады:
Жоғарғы қабат - эпидермис;
Ортаңғы қабат -

дерма;
Төменгі қабат - гиподерма немесе теріасты шел май қабаты

Тері үш бөлімнен тұрады:Жоғарғы қабат - эпидермис;Ортаңғы қабат - дерма;Төменгі қабат - гиподерма немесе теріасты шел

Слайд 6Эпидермис- бес қатардан тұратын, эпителиальды клеткалар орналасқан тері бөлімі.
Ең терең

қабат- базальды қабат деп аталады. Ол дермамен шекаралас жатады. Бірқатар

призма тәрізді клеткалардан тұрады, хроматинге бай және дендрикалық клеткаларды көруге болады. Базальдық қабаттың клеткалары митоз арқылы бөлініп көбейеді, қалыпты жағдайда терінің түлеуі осыған байланысты. Ерекшелігі олардың протоплазмасында.
Келесі қабаты- тікенекті қабат базальды қабаттың үстінде жатады. Бұл қабат домалақ келген, хроматиндері аз, солғын боялады.

Эпидермис- бес қатардан тұратын, эпителиальды клеткалар орналасқан тері бөлімі.Ең терең қабат- базальды қабат деп аталады. Ол дермамен

Слайд 8Келесі қабаты- түйіршікті қабат. Ол 1-2, кей жерлерде 3-4клеткалардан тұрады.

Бұлар бір біріне өте жақын орналасады, ядролары әлдеқайда кіші және

хроматині аз. Ерекшелігі анилин бояуларымен жақмы боялатын, протоплазмадағы өзіне ғана тән кератогиалинді дәедердің болуы.
Келесі қабат- жылтырақ қабат. Бұл қалың эпителий бар жерде ғана анық көрінеді. Ол жалпақтау, шеттері анық көрінбейтін ядросыз клеткалардан тұрады. Негізгі бояулармен солғын боялады, сондықтан түссіз жалтырап көрінеді.
Мүйізді қабат, тығыз байланысып жатқан ядросыз пластинкалардан тұрады. Мүйізденген заттан кератиннен тұрады. Кератин күкіртке бай, суы аз альбумин тәрізді зат.




Келесі қабаты- түйіршікті қабат. Ол 1-2, кей жерлерде 3-4клеткалардан тұрады. Бұлар бір біріне өте жақын орналасады, ядролары

Слайд 9Дерма терінің дәнекер тканьді бөлімі. Екі қабатқа бөлінеді: Емізікті және

торлы. Дерма – талшықты субстанциялардан тұрады. Коллаген, аргирофильді талшықтар және

аморфтық тұлғасыз зат. Емізікті қабат – терінің осы бөлігінде көптеп эпителийдің ішіне кірген дерманың шошақ емізіктерінің болуы. Емізікті қабаттың жіңішке коллаген талшықтары торлы қабатта қалыңдап тұтасқан, бір бірімен бұралып тор жүйесін құрады. Терінің беріктігі негізінен торлы қабаттың құрылымына байланысты
Гиподерма – торлы қабаттың коллаген талшықтарының жуан будалары тікелей теріасты шел май қабатына ауысады. Олар кең ілмекті тор түзеді. Гиподерма борпылдақ, жұмсақ болғандықтан тері астында серпімді астар құрайды. Сондықтан механикалық зақымдануда жараланудан қорғап тұрады.
Дерма терінің дәнекер тканьді бөлімі. Екі қабатқа бөлінеді: Емізікті және торлы. Дерма – талшықты субстанциялардан тұрады. Коллаген,

Слайд 10Терінің морфологиялық ерекшеліктері :
Терінің негізгі қабатындағы  өң беретін пигмент меланиннің  жеткілік- сіздігінен және түйіршек, мүйізгек қабаттарының жұқалықтарынан 
нәрестенің терісі ашық қызғылттау  болып келеді.
2.

Эпидермиялық жасуша  құрылысы жағынан жұмсақтау, бостау  болып, олардың сулылығы үлкендердікіне  қарағанда көп болады.
3. Эпидермис пен дерманың  арасы тегіс емес, оларды бөліп  тұратын не-гізгі мембрана нашар 

дамыған, ауырған кезде эпидермис
  дермадан тез бөлінеді және күлдіреп шыға келеді.
4. Нәрестенің терісінің  РҺ 6,3-5,8 болуы бактерияға қарсы  тұру қабілетін төмендетеді, бірақ  бір айлық кезінде РҺ 3,8–ге  жетеді.
Сөйтіп терінің қорғаныс  қабілеттері арта береді.
Терінің морфологиялық ерекшеліктері :Терінің негізгі қабатындағы  өң беретін пигмент меланиннің  жеткілік- сіздігінен және түйіршек, мүйізгек қабаттарының жұқалықтарынан  нәрестенің терісі ашық қызғылттау  болып келеді.2. Эпидермиялық жасуша  құрылысы жағынан жұмсақтау, бостау  болып, олардың сулылығы үлкендердікіне  қарағанда көп болады.3. Эпидермис пен дерманың 

Слайд 115. Балаларда дерманың  жасушалық құрылысы, ал үлкендерде  талшықты құрылысы басым.
6 жаста  дерманың құрылысы үлкендердікіне  жақындайды.
Нәрестеде коллаген 

талшығы жұқа, ал эластикалық  талшығы нашар дамыған.
6. Жіңішке қан тамырларының  жақсы дамуына байланысты терінің  қан толымы жақсы.
7. Туған кезде нәрестенің  терлеу бездері жеткілікті дамығанымен  де, шығару түтіктері нашар жетілген.
8.

Туғанда баланың терісі  май жамылғандай болып тұрады.
9. Терлеуге бейім болады.
5. Балаларда дерманың  жасушалық құрылысы, ал үлкендерде  талшықты құрылысы басым. 6 жаста  дерманың құрылысы үлкендердікіне  жақындайды. Нәрестеде коллаген  талшығы жұқа, ал эластикалық  талшығы нашар дамыған.6. Жіңішке қан тамырларының  жақсы дамуына байланысты терінің  қан толымы жақсы.7. Туған кезде нәрестенің 

Слайд 12Терінің физиологиялық ерекшеліктері:
1. Терінің қорғаныс қызметі  төмен, сондықтан оңай жарақаттанады.
2. Тері қабынуға бейім  себебі, балалар терісінен микробтар  оңай өтеді.
3.

Бала терісінің дене  температурасын реттеу қызметі  жетілмеген, содан да ол тез  суықтайды, тез қызады.
4. Мүйізгек қабатының  жұқалығы, қан тамырларының жақсы  дамуы-терінің сору қызметін күшейтеді,

сондықтан теріге
 жағып емдейтін  дәрілерді пайдаланғанда оның 
зияндылығын және улылығын ұмытпаған  жөн.

5. Терінің қанмен толық  қамтамасыз етілуі, суының көптілігі, түлеуге бейімділігі әртүрлі  аурулардың теріден білінетін  белгілерінің өзгеше болуына  әсер етеді.
        Тері  бала организімінде көптеген  маңызды қызмет атқарады. Ең біріншісі  терінің бактериоцидтік қасиеті. Ол теріден шығатын лизоцимге  байланысты. Сондықтан тері баланы 
инфекциядан сақтайтын қорғаныс қызметін атқарады. Тері арқылы витастерин немесе баланың дене дамуы-на әсер ететін қасиет пайда болады. Сонымен қатар тері тыныс мүшесі бо-лып та саналады,
себебі денеде тері арқылы көмір қышқылы шығады.
Тері зат алмасуға да, үлкен адамның терісі сияқты жылуды реттеуге де қаты-сады. Бірақ балалар терісінің бұл қызметі толық жетілмеген.

Терінің физиологиялық ерекшеліктері:1. Терінің қорғаныс қызметі  төмен, сондықтан оңай жарақаттанады.2. Тері қабынуға бейім  себебі, балалар терісінен микробтар  оңай өтеді.3. Бала терісінің дене  температурасын реттеу қызметі  жетілмеген, содан да ол тез  суықтайды, тез қызады.4. Мүйізгек қабатының 

Слайд 13Тері асты май қабатының ерекшеліктері:
1.Балалардың тері асты май қабатының үлкендерге

қарағанда, май жасушалары майдалау, ядролары бар. Өсе келе май жасушалары

өсіп, ядролары кішірейеді.
2.Балалардың тері асты май қабатында қатты май қышқылдарының көптігі пальметин және стеарин май қабатының тығыз болуына әсер етеді.
3.Бір жасқа дейінгі балада тері асты май қабатының салыстырмалы салмақ үлесі үлкендерге қарағанда басымырақ, сондықтан бала толық, домалақ болып көрінеді.
4.Балаларда кеуде іш пердесінің майлары жоқ. Олар 5-7 жастан бастап пайда бола бастайды. Осыған байланысты әртүрлі жағдайды балалардың ішкі органдарының қозғалмалы болуы мүмкін. Көбінесе бүйрек орнынан қозғалады, төмен түседі.
Балаларда тері асты май қабатында қоңыр май тіні молырақ. Олардың жылу бөлніштік қасиетінің баланың алғашқы күндерінде маңызы зор. Өс-кен сайын қоңыр май тоқымасы азайып, жылу бөліну де кемиді. Тері асты май қабаты алдымен бетінде, сосын аяқтарында, кеудесінде, арқасында пайда болады, ал бала азғанда майды керісінше жоғалтады

Тері асты май қабатының ерекшеліктері:1.Балалардың тері асты май қабатының үлкендерге қарағанда, май жасушалары майдалау, ядролары бар. Өсе

Слайд 14Қорытынды.
     Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр

түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан,

жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.

Қорытынды.      Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы

Слайд 15Гистология, Эмбриология,Цитология /Ю.И.Афанасьев және Н.А.Юрина
Гистология: Учеб.пособие: С.Л.Кузнецова, проф. Ю.А.Челышева.
Гистология:

Атлас для практических занятий / Н. В. Бойчук
Гистология, эмбриология,

цитология, ЖОО арналған оқулық.- / Есимова Р.Ж., Нурсейтова К.Т. /М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014ж.- 800
Ғаламтор желісі

Пайдалынған әдебиеттер

Гистология, Эмбриология,Цитология /Ю.И.Афанасьев және Н.А.ЮринаГистология: Учеб.пособие: С.Л.Кузнецова, проф. Ю.А.Челышева. Гистология: Атлас для практических занятий / Н. В.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика