Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина
Университеті
Фтизиатрия кафедрасы
Тақырыбы: Туберкулиндиагностика. Туберкулиндік сынамаларды орындау әдістері мен
техникасы.
Орындаған:Даулетова Қ. Д.
4-024 топ ЖМФ
Тексерген: Тәбріз Н.С.
Қарағанды 2013 ж
Слайд 2
Жоспары
Туберкулинді диагностикаға түсінік
Туберкулинді диагностиканы патогенетикалық бағалау
Пирке сынамасы
Манту сынамасы
Кох сынамасы
Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3Туберкулинді диагностика
Туберкулинді диагностика дегеніміз – туберкулинді қолднана
отырып микобактериялық туберкулёзге ағзаның арнайы сенсибилизациялығын диагностикалық тестер арқылы анықтау.
Туберкулин толық емес антиген, яғни гаптен болып табылады. Ол ауруды тудырмайды, бірақ арнайы жауаптық реакцияны шақырады.Туберкулиннің химиялық құрамы – туберкулопротеиндер, полисахаридтер, майлар, нуклеин қышқылдары, стабилизаторлар, антисептиктер.
Р. Кох ашқан, оны кейінен Кохтың ескі
туберкулині деп те атаған. Қазіргі кезде ескі туберкулин синтетикалық жасанды ортада дайындалады. Ескі туберкулин 100% ертінді күйінде, ампулада шығарылады.
1975 жылдан бастап қоректік ортаның белокты заттарынан тазартылған туберкулин (тазартылған белокты дериват – Purified Protein Derivative, орыс танкскрипциясында - ППД) қолданылады. Оны 1939 жылы Ленинградтың Вакцина және сарысу ғылыми зерттеу институтында М. А. Линникова дайындаған, сондықтан туберкулинді ППД-Л деп атайды. Ол туберкулиндік бірлігімен (ТБ) өлшенеді.
ППД-Л-дің 1 ТБ мөлшері 0,00006 мг құрғақ туберкулинге тең.
Слайд 6Патогенетикалық бағалау
ТМБ жұққан немесе БЦЖ вакцинасы егілген адамдарда
жіберілген туберкулинге аллергиялық баяу дамитын жоғарғы сезімталдық реакциясы пайда болады.
Денеге енген жерде туберкулин ТМБ-ға қарсы антиденемен толтырылған лимфоциттермен, моноциттермен, макрофагтармен өзара әрекеттеседі. Антиген-атидене реакциясында мононуклеарлар бұзылып, одан биологиялық белсенді заттар, ферменттер тінге түседі. Туберкулин енгізілген жерде айқындығы әртүрлі дәрежедегі қабыну реакциясы пайда болады (жергілікті реакция). Олар қызару, инфильтрат, пустула (латынша pustula-іріңді ) түрінде көрінеді.
Слайд 7
Кейде туберкулез жұққан адамдарда, баяу дамитын жоғарғы сезімталдықтың
жүйелі реакциясы пайда болады: дене қызуының көтерілуі, буындардың ауруы, моноциттердің
азаюы және гемограмманың басқа көрсеткіштерінің ауытқуы, белок мөлшерінің өзгеруі, ең бастысы-қанның сарысуында глобулиндердің өзгеріске ұшырауы сияқты (жалпы реакция) белгілерді көрсетеді. Спецификалық қабыну ошағының айналасында экссудативті-пролиферативті реакция пайда болуы мүмкін (ошақты реакция).
Слайд 8Организмнің туберкулинге жауабы
Организмнің туберкулинге жауабы (реакциясы) туберкулез инфекциясы
мөлшеріне, ағзаның оған сезімталдығына және қарсыласу күшіне, туберкулиннің мөлшеріне байланысты
болады.
Организмнің туберкулинге жауабы бөлінеді:
Әлсіз (гипоергияллық)
Қалыпты (нормергиялық)
Айқын (Гиперергиялық)
Реакция болмауы (анергия)
Слайд 10Туберкулин сынамасы
Тері астылық Кох сынамасы (1890 ж.)
Терілік Пирке сынамасы (1907
ж.)
Тері ішілік Манту сынамасы (1909 ж. )
2
ТБ мен ППУ-Л Манту сынамасын тұрғындарды туберкулезге қарсы жаппай тексергенде қолданады. Клиникалық диагностика мақсатымен терілік Пирке сынамасы және теріасты Кох сынамасы туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансерлерде және ауруханаларда қолданылады.
Слайд 11Терілік Пирке сынамасы
3 жасқа дейінгі балаларда реакцияның оң болуы инфицирленудің
ғана емес активті туберкулездің де белгісі болып табылады.
3 жастан
асқан балалар мен жасөспірімдерде реакцияның оң болуы бірінші рет болып тұрса ғана маңызға ие болады және біріншілік инфицирленуді көрсететін “вираж” ретінде қарастырылады.
Ересектерде реакцияның оң болуы инфицирленудің өмірдің кез келген кезеңінде болуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Слайд 12Туберкулезбен ауыратындарда Пирке сынамасын өткізу туберкулинге сезімталдылықтың дәрежесін анықтау, яғни
ағзаның аллергиялық реактивтілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда сынаманы 100%-қ
АТК-мен ғана емес, сонымен қатар 25%, 5% және 1%-қ ерітіндіні де қолдану ұсынылады, яғни градуирленген Пирке сынамасын өткізеді. Гиперергиялық жағдайда реакцияның күрт оң болуы 100%-қ туберкулинге ғана емес, басқа да аз пайыздық ерітінділеріне де болады.
Пирке сынамасын 100% туберкулиннен басқа градуирленген сынамасын өткізетін болса, онда ерітінді тамшыларын білекке аса концентрленгенін шынтаққа қарай, ал аз концентрленгенін білезікке қарай тамызу керек. Білезікке ең жақын болып туберкулинсіз ерітінді тамшысын тамызады, бұл арнайы тексеру (контроль) үшін қажет. Тамшылардың арасы 2-3 см болу қажет. Скарификацияны арнайы тексеру тамшысынан бастайды.
Слайд 14Манту сынамасына көрсеткіштер:
Туберкулезді ерте, дер кезінде анықтау үшін және туберкулезбен
ауру қауіпі жоғары балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулезді ерте табу
үшін;
БЦЖ-мен ревакцинация жасауға жататын адамдар тобын іріктеу үшін;
Тұрғындар арасында ТМБ жұққанын анықтау үшін;
Слайд 15Манту сынамасына қарсы көрсеткіштер:
Жедел және созылмалы жұқпалық аурулардың өршу
кезеңі, жазылу кезеңімен қоса есептегенде (барлық клиникалық белгілер жойылғаннан соң
кем дегенде 2 ай)
Тері аурулары
Аллергиялық жағдай (Жедел, жеделдеу фазасындағы, ревматизм, демікпе, терідегі айқын көріністері бар идиосинкразия);
Эпилепсия
Балалардың жұқпалы ауруының шығуына байланысты карантин жарияланған балалар ұжымында сынама жүргізуге болмайды
Слайд 16Манту сынамасын:
Балалар 12 айға толғаннан бастап бұрынғы қойылған сынамалардың
нәтижелеріне қарамастан 2 ТБ мен Манту сынамасы әр жыл сайын
жасалады.
Манту сынамасын жасау керектігін дәрігер анықтайды. Оны арнайы даярлықтан өткен, туберкулин диагностикасын жүгізуге рұқсат қағазы бар мейірбике немесе фельдшер жүргізеді.
Слайд 17Манту сынамасын орындау техникасы:
Манту сынамасын жүргізуге 1 грамдық туберкулин шприцтері
қолданылады.
Тексерілетін әрбір адам үшін бір мәртелік шприц немесе
стерилденген жеке шприц, жеке ине пайдаланылады.
Туберкулин ампуласын 70% - дық спиртке малынған дәкемен сүртеді, ампуланың мойнын арнаулы егеумен егеп, қиып сындырады.
Шприцке 0,1 мл (2 ТБ) ертіндіні қалдырып, артығын шприцтен шығарады. Өйткені ағзаға жіберілетін препараттың мөлшері 0,1 мл (2 ТБ) болу керек.
Слайд 19Манту сынамасын орындау:
Білектің ішкі жағының білезік тұсынан сәл жоғары
орта тұсының 1/3 бөлігінің терісін 70%-тік этил спиртімен сүртіп, мақтамен
құрғатады.
Иненің кесілген жағын жоғары қаратып терінің бет қабатына инені қуалай ендіріп 0,1 мл туберкулин ертіндісін, яғни бір дозасын жібереді. Сынаманы дұрыс жасағанда, теріде ақшылдау түсті, диаметрі 7-8 мм папула пайда болады.
Слайд 20Манту сынамасын бағалау
Манту сынамасына реакцияны 72 сағаттан кейін анықтайды.
Инфильтратты (папуланы) мөлдір сызғышпен білектің өсіне (ұзындығын) көлденең бағытта өлшейді.
Организмнің
сынамаға реакциясын мынадай межелер арқылы бағалайды:
Теріс- инфильтрат және қызару жоқ болғанда;
Күмәнді - инфильтраттың көлемі 2-4 мм немесе тек кез келген көлемдегі қызару (гиперемия)
Оң- инфильтраттың диаметрі ең кем дегенде 5 мм-ден бастап, одан ары қарай;
Айқын- инфильтраттың диаметрі балалар мен жасөспірімдерде 17 мм және одан да жоғары және ересектерде 21мм және одан да жоғары, сондай-ақ инфильтраттың көлеміне қарамастан везикула мен лимфангиттің, аймақтық лимфадениттің пайда болуы
Слайд 21Кох сынамасы
Мақсаты: туберкулез белсенділігін анықтауда, туберкулездің дифференциялды диагнозын жүргізуде қолданады.
ТБМ жұққан науқастарда өкпедегі, бүйректегі, көздегі және басқа мүшелердегі диагнозы
белгісіз болған жағдайда ППД –Л 2 ТБ мен Манту сынамасы арқылы немесе туберкулинге сезімталдық таныту деңгейі бойынша туберкулин аллергиясының айқындығын анықтайды. Содан соң туберкулиннің дозасын (20ТБ) жүйелі дәйектілікпен үлкейте отырып, оны тері астына (иық тұсына немесе жауырынның астына) жібереді.
Слайд 22Кох сынамасының нәтижесі
Жергілікті реакцияда: белсенді туберкулезі бар науқастарда туберкулин
тері астына жіберілгеннен кейін 48-78 сағатта диаметрі 10-20 мм инфильтрат
түрінде пайда болады.
Жалпы реакцияда: науқастың жалпы жағдайның нашарлауы, дене қызуының көтерілуі, қан құрамының (геммограманың) көрсеткішінің өзгеруі, яғни туберкулинді енгізгеннен 30мин -1 сағ. соң эозинофил төмендейді (Ф.А Михайлов сынамасы), 24-48 сағ. Кейін ЭТЖ 5мм/ сағ. жоғарлайды, таяқшалы нейтрофильдер 6% көп жоғарлайды, лимфоциттер 10% және тромбоциттер 20%-ға төмендейді (Бабров сынамасы), қан сарысуында белок құрамының өзгеруі: туберкулинді енгізгеннен 24-48 сағ. соң альбумин – глобулин коэффицентінің төмендеу байқалады (Рабухин-Иоффе белокты-туберкулинді сынамасы)
Слайд 23Кох сынамасының нәтижесі
Ошақты реакцияда: өкпеде сырылдардың пайда болуы немесе
олардың көбеюі, рентгенограммада ошақтар айналасында перифокальді қабынудың пайда болуы, қақырықта
ТМБ-ның анықталуы, ал бүйрек туберкулезінде – зәрде лейкоциттер және ТМБ анықталады, көз туберкулезнде – ошақ айналасында қызару үлкейеді.
Слайд 24Ескерту
Кох сынамасы өте сақтықпен жүргізуді талап етеді, өйткені
белгілі шектегі дозадан артық жіберілген туберкулин туберкулез процсін өршіту мүмкін.
Слайд 25Қолданылған әдебиеттер:
М.И Перельман
“Фтизиатрия национальное руковоство» Москва 2007
Интернет
желісі w.w.w. google.ru
В.А. Корякин , М.И. Перельман
“Фтизиатрия”
Москва 2004
www.labstend.ru
Туберкулез,1981. Шебанов Ф.В.
Фтизиатрия, 2012. Т.Ә.Момынов.