Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Тақырыбы: Қызбалалардың жыныс мүшелерінің
жарақаты
Орындаған: Қонқбаева Л.Н.
Слайд 2Қызбалалардың жыныс мүшелерінің жарақаты 2 жас пен 11 жас аралығында
жиі кездеседі, көбіне қатты үшкір заттың үстіне кұлаудың әсерәнен, сирек
зорлау әсерінен, ятрогенді, транспортты жарақат кездеседі.
Жарақат ауырлығына байланысты әртүрлі болады: кішкене сырылудан бастап жанындағы мүшелерді зақымдауға дейн, іш қуысына дейн өтеді. Жиі сыртқы жыныс мүшелерінің жарақаттанулары кездеседі ( кіші жыныс еріндерінің, клитордың,қынап қабырғасының жыртылуы, сыртқы гениталийдің гематомасы).
Артқы спайканың жыртылуы терімен тұйықталуы мүмкін немесе тік ішектің шырышты қабатын және сыртқы сфинктырды зақымдап, аралықтың бұлшық етін зақымдауы мүмкін.
Кіші еріндердің жыртылуы клитор мен зәр шығару өзегін де зақымдау мүмкін.
Жыныс мүшелерінің зақымдалуы уретраның, қуықтың,жанбас астауы сүйектерінің сынуымен қатар жүруі мүмкін.
Слайд 3Жыныс мүшелерінің зақымдануы қан кетумен байқалады, егер шырышты қабаттың бүтіндігі
сақталса әртүрлі көлемдегі гематомалар байқалады. Гематомалар ұлгаймауы мүмкін, егер кан
тамырлар зақымданса ұлгайады. Үлкен гематомалар жыныс мүшелерінен бөксеге, жанбасқа, іштің алдыңғы қабырғасына таралады.
Зәр- жыныс жүйесінің зақымдануы өміріне үлкен қауып алып келмейді. Алайда зәр мен нәжістің генитальды саңылаулардан шығуы,зәрді өздігіне шығара алмауы ауыр физикалық қиналуға, менструация мен репродуктивті жүйенің бұзылысына,психологиялық күйзелісіне алып келеді. Қынаптың облитерациясы гематокольпостың түзілуіне алып келеді, жедел оперативті араласуды қажет етеді. Инфекция қосылған жағдайда радикальды операция әсерінен репродуктивті функцияны жоғалтумен аяқталады.
Слайд 4клиникасы
Жарақаттану аймағына байланысты клиникасы әртүрлі болады (қынап, уретра,қуық), патологияның анатомиялық-
құрылымдық формасы(стриктура, свищи), және де қосалқы аурулары.
Уретраның құрылымының бұзылысы
және жыныс-зәр свищтарымен науқастар зәрдің қынаптан ағуына және өздігінен зәр шығарудың болмауына шағымданады.
Пубертантты жастағы қыз балаларда қынаптың облитерациясы кезінде қайталамалы, үдеймелі іштің төменгі бөлімінің ауырсынуына шағымданады. Ол гематокольпос немесе гематометраның түзілуімен байланысты.
Уақыт өте келе зәр жыныс жүйесінің свищі бар науқастарда қынаптың шырышты қабатының зәрмен раздражениясынан ауыр формалы кольпит дамиды, свищ аймағында тас түзіледі.
Слайд 5Диагностикасы
Анамнез
Сыртқы жыныс мүшелерін қарау
Пальпация
Перкуссия
Вагиноскопия- қынап қабырғасы мен күмбездерін бағалауға мүмкіндік
береді.
Қуық катетеризациясы- зәр шығару өзегі мен қуықтың зақымдануы бар жоғын
анықтайды.
Ректо-абдоминальды қарау тік ішектің бұтіндігін, сүйек жағдайын бағалауға, гематоманың бар жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
Рентгенологиялық зерттеу- сүйектердің сынығына күман туса, жарақаттың іш қуысына өткенде тағайындалады.
Слайд 6Зорлау кезіндегі жарақат кезінде гинекологиялық зерттеуді мүқият сипаттайды, зақымдану ошағы
мен ауырлығын бағалайды. Вульва мен қынаптан гонококка, сперматазойдқа жұғынды алады.
Қыздың киімі мен іш киімін зерттеу органдарынатапсырады.
Слайд 7Урогенитальды зақымдану кезінде УДЗ кқп мәлімет береді. Алайда қынаптың зақымдану
аймағы мен ауырлығын гематокольпостың көмегинсіз анықтау қиынға соғады.
Кіші жанбас
астауының магнитті-резонансты томографиясы
Вагино-, цистоуретрография
Слайд 8Емі
Алғашқы этапта ара бетін біріншілік өңдеу жүргізіледі. Жәрдем көлемі зақымдану
аймағына байланысты. Жараның беткей қабатын антисептиктермен өңдейді.
Ұлғаюшы гематома кезінде,
гематома аймағына суық басып, ыдырату терапиясын тағайындайды. Қуыс түзген үлкен гематомаларды тесіп,ұйындыларды алып, қанап жатқан қантамырға тігіс салып, дренаж қалдыру қажет.
Қынапқа, аралыққа, тік ішекке, қуыққа, уретраға алғашқы тігіс саламыз.
Урогенитальдызақымдану кезінде – қынаптың реконструкциясы жасалады. Жыныс мүшелерінің реконструкциясынан кейн қынапқа вазелинді маймен немесе хлоргексидин ерітіндісімен 3-5 күнге тампон қояды. Бір уақыттаантисептиктермен қынаптың санациясын жасайды. 6-7 күні тігіс аймағын фолликулинді маймен өңдейді.
Слайд 9Көп қан кеткен жағдайда қан элементтерін немесе қан алмастырушы заттарды
құю қажет.
Эффективтілігі және прогноз.
Тексеру және оперативті емнің нәтижесінде 91,2%науқаста менструациясы мен репродуктивті жүйесі қалпына келген.