Слайд 1Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Фтизиатрия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Туберкулез патоморфологиясы. Туберкулез патоморфологиясының қазіргі
кездегі ерекшеліктері.
Орындаған: Сеитова Б.Д.
4-004 топ студенті
Тексерген: Серикбаева Н.М.
Қарағанды 2014
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Туберкулездік қабыну
Бірінші ретті өкпе туберкулезінің патоморфологиясы
Екінші ретті өкпе туберкулезінің патоморфологиясы
Слайд 3Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау –
адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –
микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Слайд 4Туберкулездік қабыну
Туберкулездік қабыну - деп альтерация, экссудация, пролиферация сатыларынан тұратын
және туберкулездік гранулеманың (туберкулездік төмпешік)түзілуіне алып келетін қабынуды айтады. Гранулема
атауы латынның «дән» деген сөзінен шыққан. Гранулема қалыптасуына гематогенді(лимфоциттер, моноциттер, полиморфядролы лейкоциттер) және гистиогенді (гистиоциттер, макрофаг фибробластылар, ретикулярлы клеткалар, қантамырлар эндотелийі, плазматикалық және мес жасушалары) жасушалар қатысады.
Слайд 5Туберкулездік гранулеманың өзіне тән құрылысы болады. Орталық бөлігінде эпителиоидты жасушалармен
қоршалған казеозды некроз ошағы орналасады. Эпителиоидты жасушалар сыртында сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер
қабатымен қоршалған. Эпителиоидты жасушалар мен сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер арасында саны 1-3 дейн Пирогов - Лангханс алып жасушалары орналасады.
Слайд 7Ақыры. Эпителиоидты жасушалар фибробластыларға айналады, аргирофилді жасушалар коллагенозданады, төмпешік тыртықтанады.
Кейінрек некроз ошақтары сорылып, фиброздалуға және сүйектенуге ұшырауы мүмкін.
Слайд 8Біріншілік өкпе туберкулезінің патоморфологиясы
Біріншілік өкпе туберкулезі ТМБ - мен бірінші
рет қатынасқан кезде дамиды. Ауа арқылы ТМБ өкпенің перифериялық бөлімдеріне
түсіп, көбейіп біріншілік өкпелік ошақтың түзілуіне алып келеді. Сонымен қатар ТМБ жартысы лимфага түсіп жақын жатқан лимфа түйіндеріне тасымалданады.
Слайд 9Біріншілік өкпелік ошақта ірімшікті некрозға жылдам ауысатын альвеолит дамиды. Ошақ
ортасында казеоз, перифериясында бейспецификалық қабыну элементтері түзіледі. Жергілікті лимфа түйіндерінде
де казеозды некрозға ауысатын қабынулық элементтер дамиды.
Слайд 10 Біріншілік өкпе туберкулезінің ағымында 4 фазаны ажыратады:
Пневмониялық фаза
Сорылу фазасы
Тығыздалу
фазасы
Гон ошағының қалыптасуы
Слайд 11Пневмониялық фаза
Бұл фазада үлкендігі 2-5 см- дей бронхолобулярлы пневмония ошағы(өкпелік
ошақ) анықталалды. Бір уақытта үлкейген түбірмаңылық лимфа түйіндері және лимфангит
анықталады.
Өкпедегі, лимфа түйіндеріндегі және лимфа тамырларындағы қабынулық өзгерістер біріншілік туберкулездік комплексті құрайды.
Слайд 12Сорылу фазасы
Екінші фазада перифокальді қабыну ошагы азаяды, казеозды ошақ жақсы
анықталады, лимфа тйіндерінде және лимфа тамырларында қабынулық өзгерістер азаяды.
Слайд 13Тығыздалу фазасы
Үшінші фазада біріншілік ошақ жаксы боялған, перифериясында ұсақ түйіршіктер
түріндегі кальцинация бастаулары көрінеді, бронхопульмональді түйіндер жанында да кальцинация белгілері
байқалады.
Слайд 14Гон ошағының қалыптасуы
Бұл фазада бронхолобулярлы пневмония ошағындағы кальцинация жинақталған, пішіні
дөңгелек, контуры тегіс, үлкендігі 3-5 мм ден аспайды. Мұндай түзілісті
Гон ошағы деп атайды.
Слайд 15Біріншілік туберкулездік комплекстің ақыры келесідей болуы мүмкін:
1. инкапсуляциямен, сүйектенумен жазылуы
2.
Генерализдену түріндегі ары қарай дамуы, немесе ателектаз, пневмосклероз сияқты бейспецификалық
асқынулар.
Слайд 16Екінші ретті өкпе туберкулезінің патоморфологиясы
Екіншілік туберкулез – деп біріншілік туберкулез
ошағы бар организмде немесе бұрын емделген организмде дамитын туберкулезді айтады.
Пайда
болуы және дамуы ек жолмен:
1. эндогенді суперинфекция – біріншілік өкпелік ошақтардың реактивациясы
2. Экзогенді суперинфекция – қайталап туберкулезбен инфицирлену
Слайд 17Патоморфологиялық көріністерінің көп түрлі болуы тыныс алу мүшелерінің туберкулезінің классификациясына
негіз болды:
Ошақты туберкулез
Инфильтративті туберкулез
Казеозды пневмония
Туберкулема
Кавернозды туберкулез
Фиброзды - кавернозды туберкулез
Циррозды туберкулез
Туберкулезді
плеврит
Бронхылар, кеңірдек, жоғарғы тыныс алу жолдарының туберкулезі
Өкпенің кәсіби шаң ауруларымен комбинирленген туберкулез
Слайд 18Ошақты туберкулез
Бірінші және екінші ретті сегментарлы бронхтардың апикалды тармақтарында ары
қарайғы бронхтардың казеозды некрозымен көрінетін эндо – және перибронхит. Бұл
процесске альвеолалардың қосылуы казеозды ацинозды немесе бөліктік бронхопневмонияның дамуына алып келеді. Ошақты туберкулездің негізгі таралу жолы бронхогенді, жаңа бронхпневмония ошақтарының пайда болуымен жүреді. Лимфа түйіндері зақымдалмайды. Ақыры инкапсуляция, сүйектену, фиброз.
Слайд 19Инфильтративті туберкулез
Инкапсулирленген ошақтардың обострение пайда болады.
Өкпенің инфильтративті туберкулезі перифокалді қабыну
аймағы бар бір немесе бірнеше ұсақ ірімшікті некроз ошақтарының болуымен
сипатталады. Экссудат серозды, серозды – фибринозды болады. Қабынулық үрдістер, экссудат, казеозды некроз болады.
Слайд 20Туберкулема
Туберкулема - деп жанындағы тіндерден фиброзды капсула арқылы бөлінген тығыз
казеозды фокустардың пайда болуымен көрінетін екіншілік туберкулездің клинико - анатомиялық
көрінісі. Туберкулема солитарлы(гомогенді), көп қабатты, конгломератты болуы мүмкін.
Слайд 21Фиброзды – кавернозды туберкулез
Фиброзно-кавернозды өкпе туберкулезі – өкпе туберкулезінің басқа
түрлерінің асқынысы ретінде дамитын кавернамен және оның қабырғасындағы фиброзды компонентпен
сипатталады. Каверна қабырғасы 3 қабаттан тұрады: ішкі – некроз қабаты, оның сыртында туберкулездік грануляциялық тін, ең сыртқы қабаты бейспецификалық грануляциялық тін.
Слайд 22Бронхылар, кеңірдек, жоғарғы тыныс алу жолдарының туберкулезі
Бронхылар, кеңірдек, жоғарғы тыныс
алу жолдарының туберкулезі
Кезіндегі патоморфологиялық өзгерістерге Пирогов – Лангханс алып жасушалары
бар эпителиоидты төмпешіктер болуымен және дәнекер тіні пролиферациясымен сипатталады. Төмпешіктер беткей және тікелей эпителий астында орналасады.
Слайд 23Қолданылған әдебиеттер
Фтизиопульмонология / В.Ю.Мишин, Ю.Г.Григорьев, А.В.Митронин, С.П.Завражнов. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.
- 504 с.
Туберкулез / В.А.Кошечкин, З.А.Иванова. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. -
304 с.
Фтизиатрия: научное руководство / под. ред. М.И. Перельмана. М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007 - 512с.