Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Клиникаға кіріспе кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: “Жанұямен танысқанда алған пікірлерді
талдау”
Орындаған: Бекеев С.Н.
104 топ Ж.М.Ф
Қабылдаған: Даулетова С.Т.
Қарағанды 2010
Слайд 2Жоспары
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Жанұя мен неке туралы түсінік
Науқасты қарау жанұясымен танысу
Науқастың психологиялық
климаты
Мейірбикештің науқаспен қарым қатынасы
Науқасқа және туыстарына диагнозды және болжамды жеткізу
Қорытынды
Слайд 3Кіріспе
Дәрігер- науқас байланысты өз табиғатында екі жақты ақпарат
алмасуды көрсетеді. Дәрігердің көзқарасы бойынша, осы алмасу нәтижесі болып, науқас
ауыруының алдын алу немесе диагноз қою және емдеу жоспарын анықтау болады. Науқас көз қарасы бойынша, ауру симптомдары дәрігерге айтылуы қажет. Дәрігер науқастың шағымдарын көңіл қойып тыңдау қажет. Науқас дәрігердің алдына келгеннен кейін 18 секунд ішінде науқаста дәрігер туралы ой қалыптасады. Бұндай пікірдің қалыптасуына дәрігердің науқасты қалай қарсы алғаны себеп болады. Яғни ол ақпарат алу мақсатында қойылған ретті және ретсіз, нақтылайтын және анықтайтын сұрақтармен қажетті ақпаратты алу болып табылады. Бұл алмасу вербальді емес каммуникация мысалы, үн қатпау, көз қарас, сүйкену маңызды рөл атқарады.
Слайд 4Жанұя мен неке туралы түсінік
Отбасы және неке туралы
заңға байланысты қазіргі кезде жастар арасында неке құру үшін қажетті
жағдай екі жыныстың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі.бізде жиналған деректерге қарағанда, қазіргіт жастардың арасындағы неке құру жасы негізінен 18-25 болып отыр. Қыз балалар 25 жасқа дейін тұрмыс құруды армандаса, ал ер балалар оқу бітіріп, армия қатарында борышын өтеп қайтқан соң үй болуды қалайды. Бұл қазіргі өмір талабына байланысты заңдылық.
Слайд 5Науқасты қарау жанұясымен танысу
Жақсыда жаттық жоқ демекші әрбір
дәрігер науқаспен және жанұясымен жатсынбай танысуы керек. Дәрігердің науқастың жанұясымен
тіл табысуының маңызы: егер науұас ауыр халде немесе науқасқа айтылмайтын ауыруы болған жағдайда және т.б Дәрігердің науқастың жанұясымен әңгімесі өз міндетті шеңберінен шықпауы керек. Туыстарының пікірлері науқасқа әсер етеді. Оның ауыруханаға келуден алдын не істегеніү бұрын немен ауырғаны, жүріс тұрысы, қалай тамақтанғаны туралы мәліметтер алу керек. Медқызметкерлер науқастың дертін, жағдайын жасырмай, түсінікті түрде хабарлауы тиіс. Ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын немесе хабарламауын сұраған дұрыс.
Слайд 6Науқастың психологиялық климаты
Науқастармен психологиялық қатынас құруда туыстары
дәрігерге- науқас және оның жағдайы жайында толық және нақты ақпарат
жинауға көмектесіп, емдеу- диагностикалық үрдістің адекваттылығына, жазылуға сенім артуына әсерін тигізеді. Науқастардың кейбіреулері , өз жағдайының ауырлығын сезініп, ештеңе болмағандай дәрілерін қабылдап, дәрігердің нұсқауларын орындайды. Олар қалған өмірінің уақытын туыстарымен және достарымен өткізуге немесе бастаған істерін аяқтауға,өзін психологиялық дайындауға тырысады. Кейде науқастар жағдайының жақсармайтынын біліп, туыстарынан қашқақтап, дәрілерді қабылдамай жалғыздықта қалады.Мүндай науқаспен қатынасуда, оны жалғыз тастамай, көңілін аулап, жан дүниесінің жағдайын жеңілдетуге шаралар жасауымыз керек. Өлім аузындағы науқаспен қатынасты үзбей, туыстар жағынан психологиялық қолдау қызметтерін атқаруы керек.
Слайд 8Мейірбикештің науқаспен қарым қатынасы
Мұнтаздай таза әрі кіші пейілді
мейірбикеге науқастар үлкен ықылас көрсетеді. Медициналық мамандықтың көп те, күрделі
ерекшелігінің ішінде науқаспен қарым қатынас және тілектестіктің маңызы зор. Емдеудің нәтижелігіне жол табуына оның сенімінен шығуына байланысты. Белгілі совет хирургонпологы Н.Н Петров: мейірбикештерді өз ісіне және жүрегінде деген сырқатқа өшпейтін махаббат оты бар әйелдердің ішінен таңдап алу керек деп пайымдаған.
Медициналық этика- медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмның көрінісі.
Слайд 9Мейірбике өз іс-әрекетінде емделушілермен қатынасудағы жалпы психологиялық принцптері:
Қазіргі денсаулық сақтау
жүйесіндегі принцптерді нақты бұлжытпай орындауы
Мейірбикенің шыншылдығы, абыройлығы, кәсіби борышын бұлжытпай
орындауы
Құпияны сақтай білуі
Науқастың психологиялық ерекшелігін білу
Емдік диагносткалық процедуралар және емделушілерді күту әдістерін анықтау және терең кәсіби білім мен жетілдірілген практикалық дағдылар
Барлық жүргізілген емдік диагностикалық процестің кезеңдерінде емдеушіге жетекшілік көзбен қарау
Слайд 10Науқасқа және туыстарына диагнозды және болжамды жеткізу
Науқасқа диагнозын
айтқанда туыстарының эмоцианальді қолдауы қажет: ол өзі ойлаған ауырудың аса
қорқынышты емес екендігін, көмек бере алатындығымызды естігісі келеді. Диагнозды айтқанда қорқыныш шақыратын терминді қолданбай, түсінікті және қарапайым тілмен сөйлеуіміз қажет. Белгілі ағылшын хирургы Клэннанның жазбасында:” Қорқынышты диагнозды айтудан аулақ болыңыз” деген. Науқасқа диагнозын айтарда адамшылық алғашқы орында тұру керек. Коронарлы артериялдық тромбозы дегеннің орнына- жүрек ұстамасы, гипертония дегеннен- қысымның жоғарлауы т.б
Слайд 11Қорытынды
Дәрігер науқасты тек дәрілік препораттармен ғана емес, сонымен
қатар рухани да емдеуі тиіс. Науқастың сырқатының әрқилылығына қарамастан дәрігер
олардың әрқайсысымен байланыс орната білуі тиіс. Ал науқас дәрігер жұмысының қиындығын түсіне білуі керек.