Разделы презентаций


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Молекулярлық биология және

Содержание

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Табиғи орта және адамзат ауруларыСемей ядролық полигонының қоршаған ортаға тигізген зардаптарыМедициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеуБайырғы ластануларЭкологиялық ластану және апат аймақтарыҚорытындыПайдаланылған

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Қазақстандағы қоршаған

ортаның ластануынан генетикалық зардаптар
Қарағанды 2010 ж
Орындаған:
10-топ ЖМФ
Тексерген:
СӨЖ

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасыҚазақстандағы қоршаған ортаның ластануынан генетикалық зардаптарҚарағанды 2010 жОрындаған:10-топ

Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Табиғи орта және адамзат аурулары
Семей

ядролық полигонының қоршаған ортаға тигізген зардаптары
Медициналық генетика және кейбір тұқым

қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Байырғы ластанулар
Экологиялық ластану және апат аймақтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар Кіріспе  Негізгі бөлім Табиғи орта және адамзат ауруларыСемей ядролық полигонының қоршаған ортаға тигізген зардаптарыМедициналық генетика

Слайд 3Кіріспе
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік

және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы кездері көп көңіл

бөлінуде. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың "генетикалық залалсыздығы” мұқият тексеріледі. Сайып келгенде, мұның барлығы адамда тұқым қуалайтын кемістіктердің мөлшерін азайту мақсатында жасалады.
Тағы бір ескертетін нәрсе, алкогольді ішімдіктерді ішу мен темекі тарту, әсіресе, есірткіні қабылдау болашақ ұрпақ үшін өте қауіпті. Себебі, олар гендер мен хромосомаларды улап, өзгертеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын аурулар мен кемістіктер пайда болады.
Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу және енгiзу қажет.

КіріспеҚоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы

Слайд 4 Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және

денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне

атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.
Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

Табиғи орта және адамзат аурулары

 Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған

Слайд 5Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат

үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.
Адамдарда кездесетін кейбір генетикалық аурулардың

таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды.




Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.Адамдарда кездесетін

Слайд 6КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін

арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.

Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.


Семей ядролық полигонының қоршаған ортаға тигізген зардаптары

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей

Слайд 71949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы

әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға

дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Семей ядролық полигонының қоршаған ортаға тигізген зардаптары

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың

Слайд 8Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз

қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді. Бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге

келіп жатқан сәбилердің шамамен 7—8%-ы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады. Сондықтан сол ауруларды жан-жақты зерттеу, олардан алдын ала сақтандыру және емдеу жалпы адам генетикасының, соның ішінде, медициналық генетиканың негізгі проблемасы болып табылады. Генетиканың бұл саласы бойынша зерттелетін келесі маңызды бір мәселе — адамда тұқым қуалайтын өзгерісті қандай факторлардың тудыратынын және адамзатты көптеген ауыр зардаптардан құтқару үшін оларға шара қолданудың жолдарын зерттеу.

Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу

Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді. Бүкіл дүниежүзілік

Слайд 9Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр

металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің

туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.
Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген,

Слайд 10Тұрғындардың денсаулығы олар тұратын аумақтың экологиялық жағдайының интегралды көрсеткiшi болып

табылады.
Соңғы он жыл бойы Солтүстiк Қазақстан облысында онкоауру патологиясынан ауру

мен өлiм-жiтiмнiң жоғары деңгейi байқалуда.
Қазiргi кезде, «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберiнде М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiмен тұрғындардың жоғары ауруы себебiн анықтау үшiн, с.i. тұрақты өсу үрдiсi бар онкопаталогиялық, (республикалық және Шығыс Қазақстан облысының көрсеткiштерiмен салыстырғанда) Солтүстiк Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын және аумағын зерттеу жүргiзiлуде.
Анализ СҚО науқастық сан бойынша дем алу органдарының ауруы алда келетiнiн көрсетедi: 100 мың тұрғынға 16 181 жағдай. Оның себептерi әр түрлi болуы мүмкiн. Тұрғындардың дем алу органдары ауруының жоғары деңгейiнiң негiзгi факторы атмосфералық ауаның сапасы болуы мүмкiн.

Тұрғындардың денсаулығы олар тұратын аумақтың экологиялық жағдайының интегралды көрсеткiшi болып табылады.Соңғы он жыл бойы Солтүстiк Қазақстан облысында

Слайд 11Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және

гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кенiштер (оның iшiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық

қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады.
Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделуде.

Ластану көздері

Ластанудың

Слайд 12Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған

және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi зиян келтiрiлген

Арал және Семей өңiрлерi экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне нақтылы қатер болып табылады.
Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.
Арал өңiрi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi мекен) әсiресе әйелдер және балалар арасында асқазан-iшек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетiнеуi мен туа бiткен патологияның жоғары деңгейi байқалуда.

Экологиялық ластану және апат аймақтары

Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына

Слайд 13Елдiң iшкi қауiпсiздiгiне қатердi жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың

тұруының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайын кешендi талдау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу,

оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуiне баға беру, экологиялық талаптарды әзiрлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерiнiң салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейiн Халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзiрленуi қажет.

Елдiң iшкi қауiпсiздiгiне қатердi жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайын кешендi талдау

Слайд 14Қорытынды
Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне

бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің,

асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды.
Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

ҚорытындыАдамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке,

Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер
Мушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских

вузов, Москва: Наука, 2003,544 с.
Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика.

Шымкент.2008, 424 б
Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей МУ, 2003. –216 бет.

Пайдаланылған әдебиеттерМушкамбаров Н.Н.Кузнецов С.Н.Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,544 с.Әбилаев С.А. Молекулалық

Слайд 16Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет !!!

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет !!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика